Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Костюмді кию ережесі

Лекция №10

Жалғандықты білдіретін ымдар мен қимылдар

Лекция жоспары:

1. Вербальді емес қарым-қатынастың ұлтаралық ерекшеліктері.

2. Этикеттің функциялары.

3. Ымдар мен қимылдар.

Әдебиеттер:

1.Кузин Ф.А культура делового общения М. Тандем 2006

2.Баева О.С Ораторская искусство и деловое общение- М. Просвещение 2003

3.Бороздина Г.В Психология делового общения. М. Просвещение 2005

Іскерлік этикет – бизнес сферасында және іскерлік қарым-қатынастағы бекітілген мінез-құлық ережесі.

Этикетті бекітілген ереже ретінде қарастырсақ,оның ыңғайсыз жағдайларды болдырмауға және өзін дұрыс ұстауға көмектесетінін білеміз. Сондықтан іскер адамның этикетінің функциясы мен мағынасы оның қоғамда өзін ұстауы мен дұрыс қарым-қатынас орнатуына себепші болады.

Этиканың тағы бір функциясы – ыңғайлылық жағдайын береді,яғни іскерлік пен мақсаттылық. Этика ұсақ-түйектен бастап,ортақ қабылданған ережелерге дейін күнделікті өмір жүйесін көрсетеді.

Этика – бұл иммджді қалыптастырудың бірден-бір негізгі құралы. Этика сақталмаған фирма көп нәрсені жоғалтады. Ал этика бар жерде жоғары өнімділік пен жоғары жетістіктер де болады. Сондықтан әлемнің барлық бизнесмендері білетін негізгі жорамалды естен шығармау керек: жақсы манера – табысты болады. Этика орнаған фирмада жұмыс істеу де өте жағымды. Этика бүкіл әлемде әдеттегі қызмет нормасы болып қалыптасты. Себебі, этика – іскерлік қарым-қатынасқа көмектесетін жағымды психологиялық климат болып табылады.

Бизнесмендердің бүгінгі таңда кең таралған және біршама танылған киімі – костюм. Костюм – іскер адамның визиттік картасы. Бәрінен бұрын адамның қалай киінгеніне қарайды. Жаңа адаммен танысқандағы алғашқы әсер біздің есімізде ұзақ уақытқа қалады. Сондықтан өзіміздің сыртқы келбетімізді ескермеу – үлкен қателік.

Мысалы,киімдегі ұқыптылық пен жинақылық оның жұмысындағы ұйымдастырушылықпен үйлеседі. Салғырттық - ұмытшақтықтың,жауапсыздықтың белгісі.

1 ереже

Ешқашан костюм мен спорттық аяқ-киімді бірге кимеңіз. Бұл киімдер бір-бірімен мүлде үйлеспейді.

2 ереже

Үстіңізге костюм киіп,қолыңызға спорттық сумкеа ұстамаңыз. Мүмкіндігінше қағаздар мен керек заттарды дипломатта,портфельде немесе папкада ұстаңыз. Ал егер сумка қажет болған жағдайда,ол бірыңғай түстен болғаны дұрыс.

3ереже

Егер костюм кисеңіз,міндетті түрде галстук тағыңыз. Іскерлік костюмді галстуксыз кимейді.

4 ереже

Костюммен киілетін жейденің жеңі ұзын болуы керек. Жейденің манжеттері костюмнен 1.5 – 2 см көрініп тұрса,бұл элегантты болып саналады. Көкірек қалтасы жоқ жейде ыңғайлы болады.

5 ереже

Галстуктың ұштары салбырап,көрініп тұрмауы керек.

6 ереже

Жұмыс уақытында өз киіміңізбен ерекшеленіп тұрмаңыз.Күнделікті қарым-қатынаста бірыңғай түсті костюм жақсы.

- Өте ашық костюмдерді кимеңіз. Кең тараған түстер – қара көк пен қара сұр.

- Түрлі-түсті және қою түсті жейделерді кимеңіз.

- Ашық түсті және көп узорлы галстуктерді тақпаңыз.

- Қара түсті нәски киіңіз.

7 ереже

Егер туфли мен жейдені қандай түстен киеріңізді білмесеңіз,ең дұрысы – қара туфли мен ақ жейде.

8 ереже

Галстуктың ені костюм лацканының еніне сай болу керек.

9 ереже

Галстуктың түсі костюмнен ашығырақ,ал жейдеден қанығырақ болу керек.

10 ереже

Узорлардың үйлесімділігін сақтаңыз,яғни костюмнің екі элементі де узорлы болмауы керек.

Бірнеше қарапайым кеңестер

1. Ашық костюмдерді күндіз,ал қара түстерді кешке киіңіз;

2. Ресми жағдайда костюм түймеленген болуы керек. Кешкі ас кезінде немесе театрда отырғанда костюмнің түймелерін толық ағытуға болады. Тұрған кезде костюмнің жоғарғы түймесін қадап алу керек.

3. Костюміңізді әрдайым ұқыпты ұстаңыз,бұл аяқ-киімге,нәскиге де қатысты.

4. Костюм ыңғайлы болуы керек.

5. Сәнді әрдайым ұстанбаңыз. Себебі сән барлық уақытта қолайлы бола бермейді.

6. Өзіңізбен әрдайым беторамал ұстап жүріңіз. Біріншісі – шалбарыңыздың қалтасында болса,екіншісі – костюміңіздің ішкі қалтасында болғаны дұрыс.

7. Ресми кештер мен үлкен мерекелерге арналған галстук – бабочканы қара,қою түсті костюмдермен тағады. Кешкілік костюмдерге натуралды немесе жасанды жібектен жасалған галстукты таққан жөн.

Ымдар мен қимылдар

Өзін-өзі ұстау манерасы –бұл ұқыпты киім,әңгімеде сыпайы сөйлеу сияқты қоршаған адамдарға құрмет көрсетудің бір түрі.

Мінез-құлық манерасында әдеттегі дағдылардың ролі үлкен.Жақсы әдеттегі дағдылар адамның абыройын асқақтатады,ал нашар әдеттер керісінше.

Кейде адамдар өздерін шынайы ұстамайды және соның салдарынан көп нәрседен ұтылады. Шынайы болу – іскер адамның негізгі шарты.

Ымдар мен қимылдар имидждің бір бөлігі. Ымдар арқылы адамның көңіл-күйін,сөйлесуге құштарлығын білуге болады.

Қимылдар өрескел және тез болмауы керек. Әңгіме барысында көзді ұзақ төмен салып отыруға болмайды.

Егер сіз жасы үлкен адамдардың ортасында отырсаңыз,өзіңізді өте жинақы,әдепті ұстаңыз.

Жүрісіңіз салбыраңқы болмауы тиіс. Қолыңызды сермеп,кең қадам жасаудың да қажеті жоқ. Ең дұрысы – тік тұлға,есептелінген қадам.

Орындықта теңселіп отыруға болмайды. Орындыққа отырғанда және тұрғанда қатты дыбыс шығармау керек.

Әңгімелескенде орындыққа сүйенбей,шалқаймай тіке отыру керек. Әйелдерге қолайлы отырыс:тізелер бірге,тізелер айқасқан.

Әңгіме барысында басты қолға сүйеу әдепсіз. Бұл шаршауды немесе жабырқауды білдіреді.

Әңгімелесушінің ыңғайына қарай басты қисайту –бұл оның әңгімені ықыласпен тыңдап отырғанын білдіреді.

Уақытты ұзартатындай іс-әрекеттерді істеудің қажеті жоқ (шылым шегу,көзілдірік әйнектерін сүрту). Бұл жауаптан қашқан сияқты көрінуі мүмкін.

Әйел машинаға отырған кезде бірінші орындыққа отыруы керек,ал сосын аяқтарын кіргізу керек. Ал түскенде керісінше аяқтарын бірінші шығарады.

Ресторанда өзін дұрыс ұстау ережелері

Столдағы қарым-қатынас ережесі.

Ресторанда өзін дұрыс ұстаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы,егер аяқ астынан ер кісі ресторанға жолдасымен(қыз) келсе,еркек бос орынды іздестіреді. Ал егер бәрі алдын-ала ойластырылып қойса,еркек ресторанға ертерек келіп,гардеробқа шешініп,даяшыдан алдын-ала тапсырыс берген столдың қайда екенін білуі керек.болады. Мұның бәрі шақырылған бикеш келгенше істелініп қоюы керек. Бұдан соң бикешті күтіп алып,оған шешінуге көмектеседі. Кейін бикешті залға ертіп апарасыз. Әдетте залға кірместен бұрын келушілер айнаға қарап алады. Айна алдында шашты,киімді туралап алады,бұл әйелге де,еркекке де қатысты. Киім және шаш кемістіктерін дәретханада туралап алады.

Залға бірінші еркек кіреді,ал әйел оның соңынан. Ал әйел бірінші болып кіріп қойса,еркек столға беттеген жолда тезірек қимылдап,әйелге жайлы орын табуға көмектесу керек. Әдетте ыңғайлы орындар – қабырға жаны (залға қараған бетте) және залдың ортасында (кіре беріс есікке қарсы бетте).

Еркек әйел отырған соң барып жайғасады.

Егер өздері бірінші болып шақырмаса,таныс адамдардың столына отырудың қажеті жоқ. Шақырған жағдайда ризашылығыңызды білдіріп,басқа орынға отырыңыз.

Егер танымайтын адамдармен бірге отырсаңыз,олармен танысу міндетті емес. Тек сәлемдесіп, «Асыңыз дәмді болсын!» деп айтсаңыз жеткілікті.

Мәзірді еркек әйелге ұсынуы тиіс немесе оқып берсе де болады. Егер ресторанға компаниямен келсеңіз,мәзірді бір адам оқиды, тапсырысты әркім жеке береді.

Даяшыны қатты айғайлап шақыруға болмайды,дөрекі қимылдар жасамау керек. Егер даяшы қажет болған жағдайда,оны күтіп,ымдап шақыру қажет.

Столда отырғанда тарануға,ысқыруға,ән айтуға болиайды. Қолыңызға түскен затпен ойнауға болмайды.

Көрші столда отырған адаммен сөйлесу өте әдепсіз көрінеді. Ал егерде бір нәрсені талқылау қажеттілігі туындаса,сол столға бірер минутқа ауысу керек. Егер столыңыздың жанынан таныс адамдар өтсе,орныңыздан тұрмай-ақ,сәлемдесу керек. Ал әңгіме өрбіп кетсе,орныңыздан тұрғаныңыз жөн.

Ресторанда мәзірден басқа ештеңе оқымау керек.

Егер сіз жолдасыңызбен (қызбен) келсеңіз,стол үлкен болса,онда әйелді өзіңіздің оң жағыңызға отырғызыңыз. Ал егер стол кішкентай болса,қарсы бетке отырғызыңыз.

Үлкен компанияда ортақ қызығушылықтарға,жасқа қарап отырған жөн (егер бұл банкет болмаса).

Егер сіз жалғыз келсеңіз,оң жағыңызда отырған әйелге көңіл бөлгеніңіз жөн. Ал биге қалуыңыз бойынша шақыра аласыз. Би кезінде темекі шегуге болмайды. Сөйлесуге болады,бірақ міндетті емес.

Рестораннан кетуді әдетте кездесу инициаторы ұсыну керек.

Есеп айрысу бәрі тамақтанып болған соң жүзеге асады.

Есеп айрысу кезінде мынадай ережелер сақталады:

- егер ресторанға қонақтарды бір адам шақырса,әдетте сол барлық шығынды төлейді.

- еркек өзі шақырған әйелге төлейді,бірақ та әйел өз-өзіне төлей алады.

-егер ресторанға бару шешімі компанияда туса,онда есеп айрысу алдын-ала шешілуі керек.

Есеп айрысып болған соң осы тақырыпқа әңгіме қозғау, үлкен әдепсіздік болып саналады.

Қажетті сома стол шетіндегі тәрелке үстіне қойылады. Ақшаны берген кезде өзіңізге назар аудатпаңыз – бұл әдепсіз көрінеді. Еркек әйелдің киінуіне көмектесу керек. Ешқашан еркек әйелге сол қолын ұсынбау керек.Мүмкіндігінше ер кісі әйелді үйіне шығарып салу керек.

Столдағы әңгіме

Стол үстінде байсалды,бәріне қызықты әңгіме айтқан жөн. Стол үстінде тәбетті ашатын әңгіме айтқан орынды.

Стол басында отырып,тағамдар мен сусындардың бағасы туралы әңгіме қозғауға болмайды.

Столда отырып,қасыңызда отырған адамның құлағына сыбырлап сөйлеу әдепсіз болып саналады. Тек қасыңызда отырған адаммен ғана емес,басқаларымен де сөйлесіп отырған жөн. Кез-келген әңгімені тамаққа кедергі болмайтындай,орынды айту керек.

Егер әңгіме барысында түшкіргіңіз келсе,даусыңыз қатты шықпасын және жаныңызда отырған адамнан кешірім сұраңыз. Ал отырған адамдардың біреуі түшкірсе,барлығының назарын аударып, «Сау болыңыз!» деп айтудың қажеті жоқ.

Қасыңызда отырған адаммен сөйлескенде,иықты бұрудың қажеті жоқ,басты бұрсаңызда жеткілікті.

Өз ойыңызды немесе тост айтуға ең қолайлы уақыт – бұл тамақтар арасындағы үзіліс. Ойыңыз ұзақ және мәнсіз болмауы керек. Ал сөз алғысы келген адам орнынан тұрып,отырғандардың назарын аудару үшін,жай ғана өз рюмкасын соғып,өз сөзін айтады.

Ойын айтар алдында,өз бокалын толтыруын өтінсе болады.

Біреу тілек айтып тұрған кезде,қасында отырған адаммен сөйлесіп отыру мәдениетсіздікке жатады. Тыныш отырып тыңдау керек.

Тамақ жеу мәдениеті

Барлық нәрсе дұрыс отырудан басталады. Столға тік,біраз еркін,ыңғайлы,шынтақты корпусқа қойып отыру керек. Тамақтар арасындағы үзілісте немесе бәрі тамақ жеп болған соң,біраз артқа жайғасып отырса болады.

Сізге ыңғайлы болса да,шылым шеккен кезде шынтақпен столға сүйкеніп отыруға болмайды.

Көйлегіңізді немесе костюміңізді ластамау үшін,майлықты бүктеулі күйінде алдыңызға қойсаңыз болады. Тамақтанып болған соң майлықпен аузыңызды және қолдарыңызды сүртуіңізге болады.

Тамақты суыту үшін оны үрлеудің қажеті жоқ,жай ғана оның суығанын күту керек.

Тамақтанғанда асханалық приборларды дұрыс қолдану керек,пышақты оң қолда,ал шанышқыны сол қолда ұстау керек.

Бірден тамақтың бірнеше бөліктерін кесіп қоюға болмайды – ет суып,дәмсіз болып қалады.

Егер су ішу үшін немесе нан алу үшін тамақ жеуді уақытша тоқтату керек болса,пышақ пен шанышқыны қалай ұстап тұрсаңыз,сол күйінде тарелкаға қойыңыз:пышақ-оң жаққа,шанышқы-сол жаққа. Ал тамақтанып болған соң пышақ пен шанышқыны тарелкаға қою керек.

Барлық жұмсақ тағамдарды (ет,балық,омар т.б) жегенде пышақты қолдану керек. Құстарды,тауықты жегенде пышақ пен шанышқыны қолдану керек. Кейбір тамақтарды қолмен жеуге болады(спаржа,цыплята табак).

Кішкентай ыдыстағы салатты үлкен тарелкаға салмай жеу керек. Үлкен ыдыстағы салатты арнайы шанышқымен немесе қасықпен салады.

Бутербродты кейде пышақпен немесе шанышқымен жейді.

Жемістерді бітеу күйінде жеуге болмайды,жемістерді бөліктерге бөліп жеген дұрыс.

Өзіңіздің шыдамсыздығыңызды танытып,тамақты бірінші әкелуін өтінуге болмайды.

Интеллигенттілік тек қана білімде ғана емес,сонымен қатар басқа да жағдайларды түсінуге қатысты болу керек. Ол мыңдаған ұсақ-түйектен басталады: стол басында өзін салмақты ұстау,басқа адамдарға көмектесу,табиғатты қорғау,қоршаған ортаны қорғау,жаман сөздерден,ойлардан аулақ болу.

Интеллигенттілік – бұл әлемге және адамдарға деген шыдамды қарым-қатынас.

Жақсы манералардың негізгі қызметі – адамдардың бір-біріне кедергі жасамауы. Басқа адамға кедергі жасамауды үйрену керек. Сондықтан әрбір тұлға өзіне жақсы мінез-құлықты,манераны,жоғары мәдениетті өз бойына сіңіре білу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Іскерлік этикет дегеніміз не?

2. Ымдар мен қимылдардың мінездемесі.

3. Интеллигенттілік.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция жоспары | Лекция №11
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-15; Просмотров: 1221; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.