Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Еркіндік коофиценті

Н – гипотеза №1

Х2 талдау

  Баласын университетке оқыту себебі Жынысы
әйел ер барлығы
  Қоғамда престижге ие мамандығы болу үшін 8,31 11,09  
  өте жақсы өмір сүру стандартына ие болу үшін   8,31   11,69  
  Парасаттың дәрежесі жоғары болу үшін 4,98 9,94  
  Өзі қалағаны үшін   7,06   9,94  
  Басқа себептер үшін   3,32   4,67  
  Барлығы:      

 

Ата-аналардың жынысы бойынша (мамасы, папасының) балаларының мамандық таңдауға белгілі бір әсері бар.

L =0,5 L =0,5 (қате) дәл. 0,95 дұрыс

ft (теориялық фрекансын есептеу үшін)

 

1А 20×32 ⁄ 77= 8,31

2А 20×32 ⁄ 77= 8,31

3А 12×32 ⁄ 77= 4,98

4А 17×32 ⁄ 77= 7,06

5А 8×32 ⁄ 77= 3,32

1В 20×45 ⁄ 77= 11,69

2В 20×45 ⁄ 77= 11,69

3В 12×45 ⁄ 77= 7,01

4В 17×45 ⁄ 77= 9,94

5В 8×45 ⁄ 77= 4,67

 

Болжамды дәлелдеу формуласы

Х 2

f0 – алғашқы мәліметтер

ft – фреканс теориясы бойынша мәліметтер

 

Х2=0.7

Sq =(r-1) × (c-1)= (5-1) ×(2-1)=4

Sq =4

r – тігінен бағана саны

c- көлденен бағана саны

t =9.48

x2=0.7

x2 < t гипотеза дәлелденді

Егер x2 < t болса дәлелденеді, ал егер x2 > t болса дәлелденбейді

 

 

Әдебиеттер:

1.Гречихин В.Г. Методика и техника проведения соц.исследования Москва. 1997

2.Әженов А. Социология (оқулық) Алматы, 2006

3.Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

 

 

Лекция 12.Қоғамның әлеуметтік түсініктемесі, құрылымы, типологиясы

Мақсаты: қоғамды жүйе ретінде қарастыру.Әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттардың байланысын анықтау.

Міндеттері: қоғамның құрылымын білу,әлеуметтік қоғамдастықтардың түрлерімен таныстыру.Маргиналдар түсініктемесін білу.

 

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы

2. Әлеуметтік қоғамдастықтар

3. Әлеуметтік қоғамдастықтар типтері

1.Қоғам дегеніміз -түрлі байланыстар арқылы бірігетін элементтер көптігінен құралатын күрделі жүйе.Бұл байланыстар әртүрлі қоғамдық құрылымдар құрайды:экономикалық саяси-әкімшілік және т.б. Әлеуметтану қоғамныңәлеуметтік құрылымын зерттейді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегеніміз-өзара байланысты және өзара әсер етуші әлеуметтік қоғамдастықтар мен әлеуметтік институттар жиынтығы және сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастар(ұлттар,класстар,территория т.б.).Қоғамның әлеуметтік құрылымының механизмі адамдар іс-қимылдарның жүйесінде жасырылған.Адам қоғадық жан ретінде басқа адамдардан бөлек өмір сүріп және әрекет жасай алмайды.Өмір сүру үшін адмдар белгілі бір қоғамдық қатынастарға араласады,топтарға бірігеді,кооперацияланады,функцияларды бөлістіреді.Топтардың пайда болу процесінде өзінше ұқсас белгілері бар адамдар жиынтығы құралады.Бұл процесс үшін әлеуметтік айырмашылықтарның терең қайнар көзі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісі өте маңызыды.Еңбек бөлінісі түрлі мақсатты әлеуметтік топтардың құрылуына әкеледі.

Әлеуметтік өзгерістер динамикасын зерттеу кезінде стратификация теориясының жақтаушылары вертикальды және горизантальды стратификация формуласын жиі қолданады,себебі адамның өз өмірінде бір әлеуметтік деңгейден екінші әлеуметтік деңгейге өтуіне болады(көтеріліп немесе түсіп),немесе бір деңгейде қала отырып, бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өтуіне болады.

Адамның вертикальды стратегиясындағы мүмкін өтулерін қарастырайық.Мұнда 7 деңгей бар:

1. мамандар мен әкімшілік жоғарғы табы

2. орта деңгейдің техникалық мамандықтары

3. коммерциялық тап

4. басшылық қызмет атқаратын техниктер мен жұмысшылар

5. ұсақ буржуазия

6. мамандандырылған жұмысшылар

7. мамандандырылмаған жұмысшылар

Мысалы:квалификациясы бар жұмысшының отбасынан шыққан адам,жеткілікті қаржыларды әкесінен алып ресторан сатып алады,яғни вертикальды стратификация бойынша ұқса буржуазия қабатына көтерілді. Уақыт өткеннен кейін ресторанды сатқаннан және пайдадан түскен табыстар арқылы фермерлік шаруашылықты алды,және осылайша ол қалалық буржуазия әлеуметтік тобынан ауылдық буржуазия әлеуметтік тобына өтті.Және де осы адам әлеуметтік өозғалыстарға деген мүмкіндігі болмауы да мүмкін еді және де сол топта (әкесі жатқан топ)қалатын еді.

2.Әлеуметтік қоғамдастықтар. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделі болып келеді.Осы қатынастардың көп түрлерінің арасында тұрақты әлеуметтік қоғамдастықтар, топтар арасындағы құралатын қатынастарды бөлейік.Әр адам әр түрлі әлеуметтік қоғамдастықтарға жатады,және де олардың әрқайсысы қоғамның әлеуметтік құрамында белгілі орын алады.

Әлеуметтік қоғамдастықтар дегеніміз деген не?

Әлеуметтік қоғамдастық деп белгілі бір бірыңғай,қоғам өмірімен сипатталған нақты өмір сүретін адамдар жиынтығы.

Әлеуметтік қоғамдастық бірнеше адамдардан немесе ондаған адамдардан құрыла алады,қысқа мерзімді болуы мүмкін(мысалы,автобустағы пассажирлер,театрдпғы көрермендер),немес ғасырлар бойы тұрақты болуы мүмкін(мысалы,топтар,ұлттар).

Бүгін ірі тұрақты әлеуметтік қоғамдастықтартуралы туралы әңгіме жүргізіледі:әлеуметтік-таптық(таптар,әлеуметтік топтар және қабаттар),әлеуметтік-демографиялық (жастар,әйелдер,кәрілер) әлеуметтік-этникалық (ұлттар,халықтар).

Әлеуметтік қоғамдастықтардың түрлерін әртүрлі көрсеткіштер бойынша классификациалауға болады.

Қоғамдастық ішіндегі байланыстардың дәрежесіне байланысты 3 негізгі деңгейді ажыратуға болады:ұжым,әлеуметтік топ,халық.

Ұжым дегеніміз-қоғамдастық мүшелері әрекеттерінің бір мақсаты бар және бір-бірімен үздіксіз тұрақты араласатын әлеуметтік қоғамдастық.Соңғы талап ұжым өлшемін бірнеше ондыққа дейін,болмаса 200-300 адаммен шектейді.Егер кәсіпорын ұжымы туралы әңгіме болса,мұнда ұжым туралы емес ұжымдар суммасы туралы әңгіме жүргізіледі (цехтардың ауысулардың,бөлімшелердің, және т.б. суммасы).Себебі кәсіпорында бірнеше мың жұмысшылар бар (мысалы,метталургиялық комбинат).

Адамдарды біріктіретін мақсаттарға байланысты ұжымдар:өндірістік,әскери,оқу,спорт,мәдени,тұрмыстық және т.б. болып бөлінеді.Ерекше,спецификалық ұжым ретінде отбасы болады-саны бойынша ең кішкентай,бірақ бүкіл қоғам өмірінде өте маңызды орын алатын қуыстардың бірі.

Әлеуметтік топтарға-адамдарды біріктіретін,қоғамдық жүйеде бірдей орын алатын және осыған байланысты ұқсас негіз құрайтын мүдделері бар қоғамдастықтарды және территориялық қоғамдастықтарды жатқызады.Қазіргі кездегі қоғамда негізгі әлеуметтік топтарға:ұлттарды,таптарды,профессиялық қоғамдастықтарды және территориялық қоғамдастықтарды жатқызады.Қоғамдық ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы айтқанда,ол-қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі деген сөз.

«Халық» түсінігі әлеуметтануда белгілі территорияда тұратын адамдарды біріктіреді. Қазіргі кездегі қоғамның негізгі әлеуметтік тобының типі ретінде қоғамда топ болып табылады.Тап материалды өндірістің белгілі бір даму деңгейінде пайда болды(қосымша өнім пайда болғаннан бастап,алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының нәтижесінде).Қоғамның таптық ашық анықтамасын Ленин өзінің статьясында берді:(статьяның аты-«Великийпочин»).Таптар деп қоғамдық өндірістің тарихи белгіленген жүйедегі өзінің орны бойынша ерекшеленетін құралдарына көзқарасы бойынша (көбінесе заңдарда),қоғамдық еңбекті ұйыдастырудағы рөлдері бойынша ерекшеленетін адамдардың үлкен тобы.Топтар дегеніміз-адамдар топтары,және мұнда бір топ екіншісінің еңбегін тартып ала алады.

Осы «Қоғамдық шаруашылықтағы орын»жүйе құрайтын фактор болып табылады және ол таптарды құрайтын фактор юолып табылады.

Таптармен қатар қоғамда әлеуметтік қабаттар (слои)бар.Қабаттардың үш түрін ажыратады:ішкі таптық,тап аралық және маргиналды қабаттар.Біріншіге:мысалы,ірі және ұсақ буржуазия,өнеркәсіп және ауыл-шаруашылықтық пролетариат,жұмысшы аристократия және т.б.кіреді.

Тап аралық әлеуметтік қабаттар,қоғамдық өндіріс жүйесінде белгілі орын алмай отырып,бірыңғай әлеуметтік-таптық құрылымды құрай отырып қоғамның таптық бөлінуін толықтырады.Ең белгілі тап аралық әлеуметтік қабат ретінде интеллигенция болып табылады.Оның тұрақты тұрысы қоғамдық өмірде рухани өндірістің рөлінің артуымен байланысты.

Интеллигенция деп-жоғары квалификацияланған,ақыл еңбегімен шұғылданатын адамдар,олардың ішінен интелектуалды элита құралады.

Интеллигенциядан басқа тап аралық қабаттарға қолөнершілік, қалалық мещанство(дворяндықтар). Тап аралық қабаттарға маргиналды қабаттар немесе маргиналдылар кіреді. Маргиналдылар деп- әлеуметтік мәртебесі анықталмаған, яғни белгілі бір қоғамдастыққа жатпайтын адамдар кіреді. Маргиналадарға сонымен қатар мүмкін деклассталған(детапталған) элементтер жатады: кедейлер, үйсіздер, қылмыскерлер.

Мысалы: әлемнің барлық жерлерінде белгілі тұрмыс жері жоқ адамдардың топтары бар, олар кездейсоқ ақылар арқылы өмір сүруде. Олардың көбісі туылғаннан басбайларысты сондай болды:

1.кедейлену

2.білім алудың объективті мүмкін болмауы

3. қызық және жақсы төленетін жұмысқа тұру үшін квалификациялар және т.б.

Сонымен қатар: қоғамдық құндылықтарды, өкіметті (власть) қабылдамау және т.б.

 

3. Әлеуметтік қоғамдастықтың тип і - әлеуметтік-салалық қоғамдастық: бұл қоғамдастық адамдарды әлеуметтік эканомикалық функциялары бойынша, олардың еңбек әрекеттерінің мазмұны мен әлеуметтік маңыздылығы бойынша біріктіреді. Алғашқы тарихи профессионалды еңбек бөлінісіболып саналы еңбектің күш еңбектен бөлінуі болды.

Белгілі профессионалды-салалық қоғамдастыққа жататын адамдар өмір сүруінің ұқсас белгілерімен,қажеттіліктерімен,әлеуметтік нормаларымен сипатталады.

Профессия жиі адамның сырт келбетіне және жүріс-тұрысына әсер етеді.(мысалы:мұғалім)

Кейбір профессиялар өте күшті әсерін тигізеді(адамның жүріс-тұрысына)және олар қоғамның басқа мүшелерінен қатты ерекшеленіп әлеуметтік-корпоративтік қоғамдастықтарды құрайды.Мысалы:офицерліктер(военный).

Әлеуметтік-корпаративтік қоғамдастық жабығырақ және оқшауланған (профессионалдық қоғамдастыққа қарағанда).Оның құрамына кіру үшін жай мәселе емес.Оған кіру үшін белгілі бір ерекше шарттар орындалуы қажет,жүріс-тұрысындабелгілі нормалар сақталу қажет және корпарацияның басқа мүшелері жағынан қолдау болу қажет.

Әлеуметтік-территориялық қоғамдастықтар адамдарды күнделікті өмірдің бірдей жағдайлары мен қарым-қатынастар белгісі бойынша біріктіреді.Тұрғындардың келесі түрелерін ажыратады:қалалық,ауылдық,үлкен агламерациялар (қосу,толтыру)тұрғындары,яғни тұрғындар тұрып жатқан пунктердің жиналуы.Территориялықтарға сонымен қатар аймақтық қоғамдастықтар кіреді-жабық территорияда тұрақты тұратын немесе біржерден шығатын («жерлестер») адамдар топтары.

Кейбір биологиялық белгілер (жынысы,жасы),әлеуметтік сипатта болғанда, әлеуметтік қоғамдастықтарды құрайды.Оларды әлеуметтік-демографиялық қоғамдастықтар деп атайды.Оларға:жастар, әйелдер, зейнеткерлер кіреді.

Әлеуметтік-этникалық қоғамдастықтар,немесе этностар ерекше қызығушылық туғызады.Этностар деп-адамдардың тарихи құрылған тұрақты жиынтықтары.Мұнда адамдардың жалпы қасиеттері мен мәдени және психологиялық ерекшеліктері бар.Әр этностың өз тілі бар,дәстүрлер мен салттардың белгілі жиынтығы бар.Этникалық қоғамдастықтың көрсеткіші болып табылатын қоғамдастық мүшелерінің өз біртұтастығын және басқа да ұқсас қоғамдастықтардан айырмашылығын білу-этникалық өзіндік сана болып табылады.

Этностар белгілі бірыңғай (біртұтас) территорияда пайда болып құралады, бірақ келешеті дамуында бұл қоғамдастықты (территориялық) этнос жоғалту мүмкін.Этносты ұлттан ажырата білу керек.Ұлт үшін бірыңғай территория жүйе құраушы фактор ретінде болып келеді.Мысалы:Қазақ ұлты Қазақстан Республикасында тұратын қазақтардан тұрады,ал қазақ этносы-Қытайда,Ресей Федерациясында,Моңғолияда,Иранда және т.б. тұратын қазақтарданқұралады,бірақ олар басқа елдерде тұрғанымен өз мәдени дәстүрлерін сақтайды.

Этникалық өзіндік сапаның маңызды компоненті болып табылады.Пайда болу қоғамдастығы деп бабалардың біріккен тарихи тәжірибесі.

Қоғамның әлеуметтік зерттеудің методологиялық мәселелері.Қоғамның құрылымы және оның қалыптасу процесі.Таптар,әлеуметтік страталар,қабаттар және топтар,қоғамның стратарларға бөлінуі белгілері.Әлеуметтік қабат және зерттеу ерекшеліктері Қазақстандық қоғамның өзгеруі жағдайындағы әлеуметтік топтардың типологиясы.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда әртүрлі концепциялар аз емес.Оларды топтастырғанда екі бағытты ажыратуға болады.Социологтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды,оның элементтерін,яғни құрастырушы заттарын,процестері нақты өмірде объективтік түрде бар деп түсіндірсе, ал екінші бір бағыттары таптарды,әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана сананың,адамның ойының нәтижесі деп түсіндіріледі.Бірінші бағыттағы социологтар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа,ал екінші бағыт тағылар символдың интеракционизм деген көзқарасты қолдайтындар тобына жатады.

Әлеуметтік құрылым деген ұғымды,өте кең мазмұнда пайдалануға болады.Қоғамның әлеуметтік құрылымы дегенде,кейде бір қоғамның барлық жақтарын қамтимыз. Мысалы,қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және т.б.жақтары,элементтері бар.Біз бұл мағынада қоғамды біртұтас құбылыс ретінде қарасақ,осы айтылған оның элементтерінің бөлшектерін құрылымды жасайтын,құрастырушылар деп түсінеміз

Әлеуметтік құрылым дегеніміз-әлеуметтік топтардан, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы,олардың байланыстары,ара қатынастары.Сонымен, әлеуметтік құрылым біріншіден,белгілі бір элементтерден,нақты топтардан тұрады,солардың қосындысы, жиынтығы. Екіншіден, айтылған топтар өзара қатынастарда түр лі байланыстарда болады. Осы қатынастар, байланыстар әлеуметтік құрылым әлеуметтануының негізгі проблемалары, мәселелері

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

5. Аитов Н., Бекенов К. Социология. А.,2002.

6. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. М., 1992

Лекция 13. Әлеуметтік институттар

 

Мақсаты: қоғамдағы әр саладағы әлеуметтік институттардың бір бірімен байланысын анықтау.

Міндеттері: әлеуметтік институттардың формаларын, түрлерін білу, олардың әлеуметтік өмірде қандай роль атқарады, эволюциялық даму кезеңдерінде қандай ерекшеліктері болады.

 

1. Әлеуметтік институттарға түсініктеме

2. Әлеуметтік институттардың түрлері

Өзінің әлеуметтік қажеттліктерін канағаттандыру үшін адамдар бірккен ic-қимылдарын icкe асыру керек. Бұндай ic-қимылдар белгілі ұйымдық формаларды талап етеді, яғни әлеуметтік институттардын, құрылуын талап етеді.

Қоғам_институционализациясы дегеніміз - тұракты формалардың құралуы, және бұл формаларда белгілі 6ip мақсатқа (мүддеге) жету үшін адамдардың ic-қимылдары icке асырылады.

Кез келген қоғам әлеуметтік институттар жүйесі ретінде болып келеді, және бұл жүйеде экономикалық, саяси, құқықтық; және басқа қоғамдық карым-қатынастардың күрделі жиынтығы көрсетіледі. Белгілі әлеуметтік институттардың көмегіменқоғамдық ағза (организм) өмір сүре алады, индивидтің мамандануы жүреді, әлеуметтік мінез - қылықтарының қабылдануы қамтамасыз етіледі.

Қоғамның эволюциялық даму кезеңдерінде әлеуметтік институттар өз тұрақтылыңымен, жиімділігімен ерекшеленеді. Егер әлеуметтік институттар ic -қимылдары тиімcis болса, егер түрлі әлеуметтік институттар қоғамдық мүрделерді ұйымдастыра алмаса, әлеуметтік байланыстарды жақсартып құра алмаса – бұның барлығы қоғамда дағдарыс жағдайы пайда болды деген сөз. Мұндай жағдайда сәйкес келетін әлеуметтік институтардың жұмыс icтeyінеe өзгерістер енгізу керек. Егер бұл объективті түрде мүмкін емес болса, немесе басқада субъективті себептерге байланысты іске асырылмаса қоғамның революциялық қайта құру (әлеуметтік революция) жүреді. Осы революция әлеуметтік институттар жүйесінің радикалды өзгеруімен байланысты.

Әлеуметтік институттардың ерекшеліктері, олардың табиғаты қоғамның терең қасиеттермен анықталады. Формальды және формальды емес әлеуметтік институттар бар. Формальды элеу-к институттаға әр түрлі мен емелер және олардың жиындықтары жатады, және де бұл институттар қатан ұйымдық құрылымда болу керек персонификацияланған басқаруға ие болу керек (юристік нормаларда бекітілген болу қажет - заңдар, ережілер және т.б.). Мысалы: мемлекет, мешіт, мектеп. Формальды емес әлеуметтік институттар - адамдардың әлеуметтік мінез-құлықтарының тқрақты формаларын анықтайтын әлеуметтік нормалардың жиытығы. Мысалы: мораль, білім,религия.

Формальды белгілерден басқа, әлеуметтік институттар өздерінің функционалды ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік институттардың келесі типтерін бөлуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік (тармағынада), ұдайы өндірістік (репродуктивтық), қызмет көрсетуші (қамтамасыз етуші). Ал енді осылардың әркайсының функцияларына тоқтала кетейік.

Экономикалық әлеуметтік институттар - қоғамның экономикалық базисының дұрыс жұмыс icтеyiн қамтамасыз етеді, қоғам емірінің экономикалық саласындағы өндірістік байланыстарды және оның басқа салалармен байланысын қамтамасыз етеді. Оларға мыналар жатады: өндіріс, меншік, айырбас, қаржылар, банктер және т.б.

Саяси әлеуметтік институттар адамдардың қоғамды басқару жөніндегі ic-қимылдарын реттейді. Қазіргі кездегі қоғамда аса маңызды саяси институттар болып мемлекет, құқық саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар және сот, әскер.

Өзіндік әлеуметтік институттар адамдар арасындағы байланыстардың іске асырылуына жағдай жасайды, және де олар бұл байланыстарды әлеуметтік жағынан ойлап қарастырады. Бұл институттар рухани салада әрекет жасайды. Ең алдымен ол - мораль және дін (религия), содан кейін бұқаралық коммуникациялар (баспасөз, радио, теледидар).

Адамдардың репродуктивті (кең мағынада алғада) яғни жаңа ұрпақта, өзінің мәдени ерекшеліктерінен 6ipre адам рухының ұдайы өндірісі. Ммінез-құлықтарын реттейтін институттарға: отбасы, білім, мектеп жатады.

Адамдардың индивидуалды қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік институттар адамдардың азык-түлік өнімдерімен және басқа да өзіндік тұтыну заттармен (сауда, қоғамдық тамактану) қамтамасыз етілуін, тұрмыс қызметтерін (коммуникалды шаруашылық) көрсетуді, мәдениет саласындағы (театр, муражай, көрмелер және т.б.) әрекеттерді реттейді.

Әлеуметтік институттардың ерекше түрі - «тоталды институттар».Тоталды институт адамның еркін болуын мүмкін етпейді және де ол адамды абсолютты тәуелді қылады. (түрме, діни секталар, үйымдасқан қылмыс «мафия», құпия жиын).

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

5. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.

Лекция 14. Әлеуметтік өмірдегі тұлға субъект және объект ретінде

 

Мақсаты: тұлғаға деген социологиялық жақындаудың ерекшеліктерін анықтау, тұлғаның құрылымын қарастыру, әлеуметтендірудің негізгі концепцияларымен таныстыру, әлеуметтендірудің агенттері мен этаптарын қарастыру.

Міндеттері: «индивид», «тұлға», «адам» түсініктерінің айырмашылығы неде, әлеуметтік роль түсініктемесі.

 

1. Социологияда тұлға объект ретінде

2. Тұлғаның биологиялық күрылымы

 

«Тұлға» түсінігіне адамдардың бір-бірінен түрлерімен ерекшеленуі емес, абстрактілік физикалық табиғатын емес, әлеуметтік сапасын жатқызамыз. Сондықтан әлеуметтік теорияда тұлғаны қарастырсақ, ол бірден біріктіру ретінде нақты айтсақ әлеуметтік мағыналы сапаның жүйесін, қоғам дамуындағы әр түрлі құрамды жеке мінездейді. Жеке тұлғаның қайталанбайтындығын, дербестігін мойындай отырып, әлеуметтік акцент әлеуметтік типтік жүріс-тұрысы мен қызметіне де оқытады. Тура жекелік емес әлеуметтік, қоғамдық мағыналық сапа көптеген адамдарда кездеседі. Әрине әр адамда жеке құнды бейімделушілік, жүріс-тұрыс мотиві, әлеуметтік құрылымы және қызығушылығы қалыптасады. Осылардың ішінен көп адамға тиісті тенденциялардың анықталған әрекетінен байқауға болады. Тұлғаның әлеуметтік анализ пунктінің көзі болып адам ерекшеліктерінің жекелігі емес, әлеуметтік функциялар жатады. Тұлғаның құрылымдық анализі әлеуметтану, әлеуметтанулық психология сияқты қиын мәселелерді қарастырады. Тұлғаны бүтінді биогендік, социогендік, психогендік қосылыстар ретінде қарастырады, бұларды биология, социология, психология оқытады. Тұлғаның биологиялық құрылымы әлеуметтанусыз іске аспайды, өйткені адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас бұзылады. Дені сау адамға қатысты барлық әлеуметтік функцияларды ауру адам орындай алмайды. Әлеуметтанумен тұлғаның құрылым психологиясы тығыз байланысты, өйткені бірігу эмоциялары, уайымдау жан қабілеттіліктері жатады.

Бұл жерде тек қана әр түрлі жетіспеушіліктер ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның қалыпты әрекеті өте маңызды. Бірақ субъектілік сапасы бойынша психикалық бірігулер тұлғаның әлеуметтік құрылымымен сәйкес келмейді. Өйткені жеке тұлғада ең бастысы – бұл әлеуметтік сапа.

Жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара карым қатынас әлеуметтанымдық сұрақтын ең негізгісі. Жеке тұлғаның қызметін не анықтайды? Жеке тұлға мен қоғам арасындағы қатынасты қалай анықтайды?

Бұл сұрақтарға Марксизм қарапайым түрде жауап берген әлеуметтік құндылық деп.

Жеке адам мен қоғамнын байланысы ен алдымен отбасы, оқу, еңбек коллективтері арқылы жүзеге асады. Адамзат тарихының бастамасы коллективтік ic-әрекет, бірлескен еңбек болғаны белгілі. Содан бері коллективтік ic-әрекет жеке адамдардын әлеуметтік қатынастарының қайнар көзі болып келеді.

Адам - белсенді, іс-әрекетшіл жан. Оның өзіне тон аса маңызды 6ip қасиеті - жасампаздык ic-әрекет. шығармашылық.

Адамзат қоғамы - тірі жан дүниесінін ұйымдасуынын ең жоғары деңгейі. Ол ұжымдардың ұжымы бола отырып, ең жоғары әлеуметтік бедел иeci болып табылады. Бастапқы ұжым - өте кішкентай қоғам десе де болады: адам мен қоғамның тікелей өзара әрекеттесуі дел осында болып жатады. Қоғам жеке тұлға үшін 6ip мезгілде әpi оның бүкіл әлеуметтік жағдайларынын жиынтығы және барлық бастапқы ұжымдардың, олай болса, жеке тұлғаның өзінің де дамуынын нәтижесі болып табылады.

Алайда жеке тұлға қоғам ішінде із-тұзсіз сініп, жоғалып кетпейді өзінін қайталанбас дара келбеттерін сақтай отырып, ол біртұтас қоғам өміріне өз үлесін қосады.

Адам факторынын тарихтағы pөлі барған сайын арта түсуде. Бұл әбден орынды. занды процесс, өйткені қоғамдық-тарихи практикада саналы іс-әрекеттін үлесі үздіксіз өсуде. Мүнын басты ce6e6i мынада адамнын іс-әрекетінін түрлері мен формалары барған сайын күрделіленіп қолданыу шеқарасы кенейе түcyi және сондай-ак адамның, табиғаттың және қоғамның дүниежүзілік өзара тәуелділігінің арта түсу жағдаларында адам өз ic-әрекетін кең көлемде саналы ұйымдастыру арқылы ғана әлеуметтік процеске кете алады.

Адамзат тарихы адамның еркіндігі мен бостандығыны қалыптасу және өсу npoцeci, яғни оның адамдық күш-қуатын барған сайын жетілдіру npoцeci. Адам шындық дүниенің, оның ішінде тарихтың да даму заңдарын терең білсе ғана кім керінгеннін ой-пікірінің жетегенде кетпей, 6ipeyдін күштеуіне көнбей, өз ой-пікірінің ақиқаттығына берік-сенімді болады, өз өмip жолын өзі таңдай біледі. Сонда ғана ол шың еркіндік пен бостандыққа жетеді. Бірақ адамның еркіндігі мен бостандығы ол өмip cүpiп отырған қоғамдық болмыс мумкіндіктерінен acа алмайды, жалпы алғанда соған сәйкес болады.

Өте кең қарастырылған типологияға, анықталған қоғамдық, әлеуметтік топтарға – жұмысшылар, студенттер, әскери қызметкерлер жатады.

Тұлғаның ұлттық типтерінің мінездемелері аз кездеспейді. Айталық, біз Н.А.Бердяевтан мынаны табамыз: «орыс адамның типінде әрқашан мынадай екі элемент түйіседі – ертедегі, табиғи тұтқа табынушылық, шексіз орыс жерінің апаттылығы және православиелік, Византиядан алынған аскетизм, арғы жақтағы әлемге ұмтылу». Қазіргі жағдайда мінездемені даусыз деп айту қиын, алайда оның да бар болуға құқығы бар.

Адам» түсінігі – бұл адамзат тобының шығу тегіне байланысты айтылады. «Адам» - бұл физиологиялық және рухани бірліктен, сонымен қатар социалды және табиғи бірліктерден тұратын тірі жүйе. Адамның мұндай жүйеде болуы, оның екі табиғи және қоғамдық дүниеде өмір әрекетіне өткізуіне байланысты. Осыған байланысты ол өзінде биологиялық және социологиялық бастамаларды біріктіреді.

Бір жағынан, адам – бұл жоғарғы даму сатысындағы материя, бұл тірі организм (ағза). Бұл дегеніміз түр ретінде ол жоғарғы даму сатысында тұрған жер бетіндегі тірі организмдердің табиғи байланысына енгізілген және тірі организмдер даму заңдарына бағынады. Екінші жағынан – адам социалды түр. Оның қоғамдағы және адамдар арасындағы қарым-қатынасында, социалды қызмет процесінде. Әр бір адамның социалды мәнінің дамуы, оның туылуынан басталады.

Адамныњ биологиялық және социологиялық жақтары бірігіп, біртұтастықты құрайды. Олар бір-бірінен бөлек, және дербес өмір сүре алмайды. Социология адамды социологиялық түр ретінде зерттейді.

«Адамдық индивид» түсінігі «адам» түсінігі сияқты биосоциалды, бірақ бір нәрсе емес. Бұл түсінік адамзат тегінің, социалды қоғам, тап, топтардың бөлек өкілі деп алынады. Социалды бүтінге сай мінездерін бойына жинақтай отырып, индивид жеке, өзіне тән қасиеттерге бөлінген. Социалды бүтінге сай индивид индивидуалдық қасиеттерді бүтін бір бөлшек ретінде мінездейді. «Индивид», «индивидуалды» терминдері бір мағынаны бермейді.

Индивидуальность (ерекшелік) – бұл белгілі бір адамның табиғи және социалды қасиеттерінің қайталанбайтын жиынтығы.

Жеке тұлға да индивид сияқты арнайы мінездемелермен белгіленеді. Бірақ бұл дегеніміз «индивид» және «жеке тұлға» түсініктері бір мағына береді деген сөз емес.

«Жеке тұлға» түсінігі не деген сұраққа ғылыми және оқыту әдебиеттерінде әр түрлі жауаптар берілгені кездейсоқ жағдай емес. Жеке тұлға антропология, психология, социология, философия ғылымдарымен зерттеледі.

«Жеке тұлға» түсінігіне ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген, көбіне «жеке тұлға» - социалды ма жоқ биосоциалды ма деген сұрақ қойылады. Көптеген ғалымдар жеке тұлға – бұл қоғамдық өнім дейді, яғни социалды құбылыс. Басқа ғалымдар «жеке тұлға» адамның биологиялық және социологиялық қасиеттерінің қайталанбас қосындысы, тек қоғамның емес, табиғаттың да өнімі дейді.

 

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Габдуллина К.Г. Социология. Тараз, 1999.

5. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

6. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.

Лекция 15. Мәдениет және қоғам.

Мақсаты: басқа пәндердегі мәдениеттің түсініктеріне қарағанда әлеуметтанудағы мәдениеттің айырмашылығын, ерекшеліктерін қарастыру, қоғамда мәдениеттің жеке адамға әсерін қарастыру.

Міндеттері: мәдениеттің түрлерін, негізгі элементтерін білу, жеке адамның мәдени деңгейін көтеруге нелер әсер ететінін түсіндіру.

 

1. Мәдениеттің мәні мен құрылымы

2.Мәдениеттің негізгі элементтері

 

1. «Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды.Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.

Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі де өзгерісті туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы бола алады.

Әлеуметтануды мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегірөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсіндіріледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.

Адам мәдениетінің көрінісі әлеуметтану тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады. Біріншісі – адамның қоршаған табиғатқа қатынасы.

Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының алуан түрлі аяларынан: өндірісте, демалыста, тұрмыста көрінетін үйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет – адамның басқа адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениеттің дәрежесі, ұжымдағы, күнделікті тұрмыстағы,отбасындағы өзара қатынастардың мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден, Мәдениет – адамның өзіне өзінің қатынасы. Индивидтің мәдени қызметі дегеніміз – бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылысын, тұрақты адамгершілік принциптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.

Мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға, бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамнығ өзара әрекеттің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.

 

2. Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады.Ол - адамзат тәжірибесін мақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.

Екіншіден, ұлттық мәдениеттің және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.б. көрініс табады. Сенім табиғи объектілерімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәліметтер мен ақпараттар енгізеді.

Үшіншіден, мәдениеттің құндылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып табылады. Құндылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық заттардың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесінде қалыптасады.

Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл – өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініңтерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы. Әдет-ғұрып адамдардың қызметі мен қатынастарын әлеуметтік реттеудің өткеннен қабылданған формасы, ал бұл белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік топта қайта туындайды және оның мүшелері үшін дағды болып табылады. Әдет-ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтқысыз еру де жатады. Әдет-ғұрып – мінез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелері.

Дәстүрлер ұрпақтан- ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топқа ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері.

Әлеуметтану үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.

 

Әдебиеттер:

1. Әбсатарова Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

2. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

3. Садырова Г. Социология. А.,2003.

4. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

5. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Леуметтік зерттеуге талдау жасау | Духовное единство человека и природы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1026; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.143 сек.