Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 3 страница




4. Тәрбие процесінің заңдылықтары, принциптері мен факторларының өзара байланысын анықтау.

5. Тәрбие процесінің өту жағдайын талдау және бағалау.

Әдебиеттер

1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, “Нұрлы Әлем”, 2003.

2. Вульфов Б. З., Иванов Б. Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках). Уч. пособие – М., 1997 г.

3. Лихачев Б. Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие. -М., 1999.

4. Лихачев Б. Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995.

5. Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого), 1998.

6. Подласый И. П. Педагогика. Учебник. - Минск, 1998.

7. Харламов И. Б. Педагогика. Учебник.-Минск, 1998.

тәрбие процесінің мазмұны

п.ғ.к., доцент м/а А. М. Кенжан

Дәрістің мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның құндылық бағдарын айқындау және адамгершілік, рухани, экономикалық, құқықтық тәрбиесінің жеке адам қалыптастырудағы маңызымен таныстыру.

Дәрістің міндеттері:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке тұлғаның құндылық бағдарын айқындау.
  2. Адамгершілік тәрбиесінің мәнін ашу.
  3. Рухани-имандылық идеяларының дамуын көрсету. «Имандылық» ұғымын ғылыми тұрғыдан түсіндіру.
  4. Экономикалық, құқықтық тәрбие мазмұнымен таныстыру.

Жоспар:

1. Жалпыадамзаттық құндылықтар. Жеке тұлға және оның құндылық бағдары.

2. Адамгершілік тәрбиесі және оның мазмұны.

3. Рухани-имандылық тәрбиесінің қоғамдық мәні.

4. Білім берудегі экономикалық тәрбие.

5. Құқықтық білім және тәрбие.

Негізгі ұғымдар: адамгершілік, құндылық, бағдар, руханилық, имандылық, иман, ізгі қасиеттер, рухани жазба мұралар, экономика-лық тәрбие, құқықтық тәрбие.

Көрнекіліктер: №1- 9 слайдтар.

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту.

 

Жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке тұлғаның құндылық бағдарын айқындау

Жалпыадамзаттық құндылық бағыттары адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады және оның іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асыру барысында да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын ретінде сипатталады. Яғни, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.

Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дүниетанымымен байланыстыруға болады. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық деңгейі оның дүниетанымына тікелей байланысты. Дүниетаным ұғымының түбірі дүние. «Дүние» араб тілінен аударғанда «өмір», «тіршілік» деген мағына береді. Ал жалпы алғанда оны қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қабылдауға болады. Дүниетанымның екінші құрамы «таным» ұғымы. «Таным» философиялық ұғым, ол қоршаған орта-дағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді. «Дүниетаным философия және сол сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек ғарыш туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады (Г. Мейер). Философияның өзі де дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адам-ның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.

Көптеген ғалымдар (В. Т. Афанасьев, В. В. Журавлев, А. Н. Леонтьев, В. П. Тугаринов, Ә. Нысанбаев, Ж.Әбділдин, М. Орынбеков, Л. П. Буева т.б.) дүниетаным мәселесін әртүрлі аспектіде қарастырып, оны қоғамдық сананы саралау тұрғысынан зерттеу қажеттігін ескерткен. Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда «жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Яғни, ол сана ядросы ретінде сипат алады. Дүниетаным адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады және болмысты тану әдісі ретінде қабылданады. Дүниетаным ұғымына кеңірек тоқталар болсақ, ол дүниеге нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген се-німдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Ал ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы. Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, демек дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы топтастырылған. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің және күнделікті көзқарастарды меңгерудің нәтижесінде қалыптасады, сонымен қатар қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылым-дарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылайды және өзгеріске ұшыратады.

Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тікелей өмірлік тәжірибесінен бастау алады және соған негізделеді. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Жеке тұлғаның дүниетанымы, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер дүниетанымдық көзқарастардың кең көлеміне ие болуы және тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Ал қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде сипат алады. Сенім мен арман-мұрат жеке тұлға дүниетанымының тағы бір элементінің негізін құрайды, ол қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоциялық-жігерлі даярлық.

Жеке тұлғаның дүниетанымдық түрғыдан даму мәселесін жетілдіруді психология ғылымы айқындайды. Жалпыадамзаттық құндылықтардың тұлғаны қалыптастырудың негізі екендігі ғылымда дәлелденген.

№ 1 слайд. Жеке тұлғаның дүниетанымы

Жеке тұлғаның дүниетанымы — ақиқаттың жалпы көрінісінің жоғары деңгейімен сипаттайтын әлеуметтік мәдениет пен зияткерлік және эмоциялық-жігер сипаттарын топтастыратын феномен. Яғни жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білім мен оны пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттығы мен нәтижелілігіне деген сенім мен нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген даярлық сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.

Л. И. Божовичтің тұжырымдауынша, жеке тұлғаның дүниета-нымы біршама кешіктіріліп келетін құбылыс, ол адамдың жеткін-шек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі ретінде көрініс береді.

Ал Б. Г. Ананьевтің пайымдауынша, жеке тұлғаның өзіне деген қатынасының қалыптасуы, жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда, ең соңғысы болып табылады. Ал құндылық бағыттары жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы арақатынастың түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын, жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ өзіндік «Мен» деген сезімнің мәнін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлға дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен арақатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. Құндылық бағыттары адамгер-шілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтар мен оның себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, санының жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан, кұндылық бағыттар жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

№ 2 слайд. Құндылықтың пайда болуы

Құндылықтың пайда болуы адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде іске асырылады. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылысы, субъект пен объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады. Құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған ортамен арасындағы байланыстырушы буын ретінде рөл атқарады. Олай болса, адамға қатысты және оған пайда әкелетін, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуына және жеке тұлғаның толық жетілуіне әсер ететін себептердің бәрі құндылықтар болып табылады.

Психологтар «құндылық» ұғымының жеке адамдарға қатысты жеке мәнін сипаттауға тоқталады. Сонымен «құндылық» дегеніміз тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адамдарына шындық, мақсат және идеал ретінде пайдалы және қажетті құбылыстардың, қасиеттердің, табиғат пен қоғамдық құбылыстардың түйіні.

Құндылық тек өмірдегі бар нәрсе емес, оны жүзеге асыру, ол үшін күресу қажеттілігі. «Құндылық» ұғымын көптеген авторлар айқындалған қасиеттерді бөліп шығару арқылы сипаттайды. Маңыздылық, пайдалылық, сүйкімділік, абырой сияқты қасиеттердің айқындалатындығын түсіндіреді. Кейбір зерттеушілер құндылықты адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсіндірсе, тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның кандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады.

Д. Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыс-тардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада беку формалары ретінде қарастырса, тиісті жағдайларда жүзеге асыратын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.

Дүниетаным дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтарды өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауы, оның қоғам мен өз-өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы. Дүниетанымдағы құндылық бағдар сананың қайнар бұлағы, ол адамның мәдениетті, өркениетті қалыптасуынан және оны дамытуға талпынған іс-әрекетінен көрінеді.

Адамгершілік тәрбиесі және оның мазмұны

Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз олардың бо-йында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: «Адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез-білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі» деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпыадамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген анықтама беріледі.

Адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл тәрбие адамдардың адамгершілік нормалары мен ережелерді меңгеруіне, олардың бойында адамгершілік мінез-құлық, дағдылар мен әдеттерді, іскерліктерді сіңіруге бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрініс береді.

Негізінен алғанда адамгершілік тәрбиесін үш түрлі: функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырған жөн. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі болашақ ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу болса, теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады.

Философиялық сөздікте: адамгершілік адамдардың оқиғаларға баға беріп, өзінің мінез-құлық бағытын таңдауына, моральдық ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады деген тұжырым жасаған.

№3 слайд. Ұлы ғалымдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері

Кант «адамгершілік — адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі, бір жағынан, адамдармен іштей және жалпы түрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана тән қасиеттер жиынтығы» деп түсіндірсе, Сухомлинский еңбектерінде «адамның адамгершілік қасиетінің көрінісі мейірімді, қайырымды, кішіпейіл болу, адамдарға деген сүйіспеншілік, адамдарды сыйлау, адамдардың жан күйзелісін түсіне білу, сондай-ақ қуанышын бөлісе білу» т. б. деп атап көрсетеді.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, «адамның жаны мен тәнінің таза болу қағидасы адамгершілік тәрбиесінің нәрі іспеттес».

Я. А. Коменский «адамгершіліктің ең маңызды белгісі деп: дінді, гуманизм мәдениетінің ережесін жатқызды. Ол адамгершілік тәрбиесінің жүйесі ата-ана, мұғалімдер, достар деп санады».

Адамгершілік, мораль қоғамдық санада нақты тарихи қоғамдық қатынастан туындайды, ол адамдардың рухани азығы және де адамдар қарым-қатынасындағы белгілі қағида, нормалардың шындық әлеммен байланысы. Адамгершілік-қоғамдық ойға сүйене отырып, рухани дамуға, адамдардың сана-сезіміне әсер етеді, оларды қоғамда қалыптасқан адамгершілік заңдылығына тәрбиелейді. Нақты адамдық адамгершілікке жалпы қоғамдық мораль әсер етіп отырады. Адамгершілік қасиеттің негізгі элементтері ретінде ерік-жігер, талап, тілек, өмірдің адамдық мәнін түсіну көрініс береді. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие, ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапаларында, қарым-қатынастарында қалыптасады.

Рухани тәрбиенің қоғамдағы мәні

Рухани тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде. Бұл дәріс барысында студенттер ХIХ ғ. екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы рухани-имандылық идеялармен танысады. Рухани-имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған, оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады. Рухани-имандылық ұғымы халқымыздың халық болып қалыптасу кезінен бастау алады. Бұл ұғым көпшілік түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі. Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иман жүзді, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдаланылуда. Енді жеке-жеке талдап көрсек, иман жүзді деп бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, инабаттылық, ізеттілік т.б. қасиеттері бар адамдарды айтсақ, иманды, рухы биік адамдарға да осындай қасиеттерді бойына сіңірген және оны сеніммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады. Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек. Яғни бұдан «рухани-имандылық адам бо-йындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы» деген ой түйіндеуге болады. Біздің әрқашан да болашақ ұрпақты өзінің тарихын, халқын, жерін, бір сөзбен айтқанда, рухани құндылықтарын сүюге, қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуіміз қажет екені дәлелдеуді керек етпейтін қағида.

Рухани құндылықтарды бағалаудың бірден-бір көзі аталмыш имандылық идеялардың генезисіне тоқталар болсақ, алдымен, мұсылмандар заңдарының жинағы, тарихи деректердің бірі, жазба мұралар ретінде қарастыруға болады (Құран және Хадистер жинағы). Мұнда халыққа тәлім-тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты өнегелі сөздер жанақталған. Мысалы, Құранның Ғалақ 1-5 сүресінде: «Оқыңдар, ол Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу аса ардақты» деп келтірген. Сондай-ақ Құранда: «Біреудің намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» деп бұйрық беріліп, жаман іске қарсылық көрсеткен. Адам бойындағы ең жаман қасиет адамды қорлау, зәбірлеу, намысына, ар-ұятына дақ түсіру екенін бәріміз де мойындаймыз. Рухани-имандылық идеясының бастау алар бұлағы Хадистер жинағы. Мұнда әрбір жақсы-жаман қасиеттерге байланысты түсініктер енгізілген. Әсіресе, Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1. Құлқынның құлы боп, жолдан таюдан.

2. Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3. Ілім-білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден» 1, 6 деген сөздері қазіргі қоғамның бейнесін көрсетіп отырғандай. Оқу, білім, ғылым адам өмірінің, тіршілігінің мәні, мазмұны екенін Хадистерде анық берген.

№ 4 слайд. Мұхаммед Пайғамбар өсиеті

Мұхаммед Пайғамбар: «Бір сағат білім үйрену — бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу — үш ай непіл ораза тұтқаннан жақсы» (2, 7), — деп білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады.

Хадистердің тағы біріндегі: «Перзенттеріңізге ізет-құрмет жасай отырып, ақыл-әдеп үйрету керегін ұмытпаңыздар» (2, 12) — деген.

Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт Ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгнеки, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары рухани-имандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болады десек қателеспейміз. ХV ХIХ бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы,

Ж. Баласағұн, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын-жыраулар және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп, ұялатуда үлкен маңызы бар. Әсіресе, ХIХ ғ. екінші жартысында бұл ұғымдар Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында насихатталады. Жоғарыда аталған ортағасырлық ғұлама ойшылдар имандылық идеясының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады. Және бұл еңбектерді қарастыру барысында «олар Құран және Хадистердің мазмұнына қанық екен, тіпті еңбектерін Құран, Хадистерге сүйене отырып жазған» деген ой түйіндеуге болады. Профессор Ә.Дербісәлиевтің: «Баяғы заманнан күні кешеге дейін шығыстың ақын-жазушылары, шежірелері, тарихшылары Құраннан дәйектемелер алып, оны өз мақсатына пайдаланып келеді» (3, 231) деген пікірі бұл ойды дәлелдей түседі.

№ 5 слайд. Рухани-имандылыққа тәрбиелейтін шығармалар

Қорқыт Ата тағылымдары, нақылдары — тұнып тұрған тәлім-тәрбие. Оның «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, ақылды, көпшіл, қонақжай болуға шақырады.

Әл-Фарабидің де ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттарында («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», т. б.) шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздың рөлі зор екендігін, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ету үшін бұл қасиеттердің, алдымен ұстаздың өз бойында болуы керектігін айтады.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойын-дағы түрлі жақсы-жаман қасиеттер туралы Ж. Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелері, әртүрлі қоғамдық дәрежедегі жіктерді басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді. «Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі» деп бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен жауапкершілігін көрсетеді. Ал Ө. Тілеуқабылұлы: «Имандылық ой мен дененің таза-лығы», «Көңілінде жақсы, ұнамды ойлар болғанмен, ісінде жалғандық, жамандық болса, ол-һарам іс, адамның ойы мен ісінің бірлігін талап ете отырып, адам баласы рухани ішкі жан дүниесінің таза болуымен ғана иманды, иман жүзді бола алады» деп пайымдайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2806; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.