Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

II модуль 11 страница




Мектеп есігінің ашық күндері тоқсанның соңына қарай өткізіледі. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады. Оны өткізу бағдарламасы:

Акт залында ата-аналарға арналған концерт 30 минут шамасында, I XI сынып оқушыларының белсенді мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып және үздік оқитын жеке оқушылардың аты-жөні аталады.

Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жасаған сувенирлерін тапсырады.

Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар жасаған көрмені аралап, ондағы оқушылардың қолмен жасаған дүниелерді көреді.

Спорттық жарыс ұйымдастырылып, ата-аналардың марапаттау сыйлықтары тапсырылады.

Ата-аналар оқушылармен көркем фильмдер көреді.

Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақырыптары әртүрлі болуы мүмкін.

Сынып ата-аналарының жиналыстары — ата-аналармен жүргі-зілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс нақты мәселені шешуге бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы қиындықтарды жою немесе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме?» Қаралатын мәселе ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.

Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу: отбасымен танысу, оларға педагогикалық тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық консультация жүргізу. Консультация барысында мынаны ескеру керек: ата-аналардың бала тәрбиесіне ынталы болуын қолдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, нақты сұрақтарға ұсыныстар беру.

 

СОӨЖ тақырыбы: Отбасында мәдени құндылықтарды дамытудың негiздері

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Қазіргі отбасының ерекшеліктері қандай?

2. Отбасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі мақсаты не?

3. Отбасы тәрбиесінің формалары мен құралдары қандай?

4. Отбасындағы тәрбие мәселесін жақсарту үшін ата-аналармен және оқушылармен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Қазіргі қазақ отбасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

2. Отбасына арналған журналдармен танысып, онда қандай отбасы мәселелері көтерілгенін жинақтап айтыңыз.

3. Мықты отбасын құру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Реферат тақырыптары

1. Қазіргі қазақ отбасының демографиялық дамуы.

2. Қазақ отбасындағы дәстүрлі тәрбие.

3. Отбасының құқы жайлы нормативті құжаттардың мәні.

4. Қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесі мәселелерінің бағыттары.

Әдебиеттер тізімі

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы. «Дарын», 2004.

2. Гликман И. З. Теория и методика воспитания. – М. «Владос Пресс», 2002.

3. Қалиев С., Майгаранова Ш., Иманбаева С. Т., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы. «РБК», 1999.

  1. Сластенин В. А., Исаев И. Ф., Шиянов Е. Н. Педагогика. – М., Асадема.

Сыныптың тәрбиелік жүйесі

п. ғ. к., доцент С. Ғ. Тәжібаева

Дәрістің мақсаты: сыныптың тәрбиелік жүйесі ұғымының мәні мен құрылымы.

Дәрістің міндеттері:

  • тәрбие жүйесінің дамыту құрылымы мен кезеңдері;
  • тәрбие жүйесінің тиімділігін бағалау;

· тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру;

· сынып жетекшісінің құқықтары;

· сынып жетекшісінің міндеттері;

· сынып жетекшісінің атқаратын жұмыстарының түрлері.

Жоспар:

  1. Тәрбие жүйесін дамыту құрылымы мен кезеңдері.
  2. Мектептің тәрбие жүйесінің тиімділігін бағалау.
  3. Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі.
  4. Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері.
  5. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.

Негізгі ұғымдар: сынып жетекшісі, тәрбие жұмысының әдістемесі, тәрбие үрдісі, тәрбие үрдісінің мақсаты, тәрбиелік (педагогикалық) жағдаят, тәрбие жүйесі, тәрбие жүйесінің мазмұны, тәрбие жүйесін ұйымдастыру, тәрбие үрдісін ұйымдастыру, тәрбие жұмыстары, тәрбиелеу әдістері, тәсіл, тұжырымдама.

Көрнекіліктер: №1 №3 слайдтар

Оқыту технологиясы: бағдарламалап оқыту технологиясы, пікірталас, ой-толғау.

 

Тәрбие жүйесін дамыту құрылымы мен кезеңдері

Тәрбие жүйесі туралы түсінік. Тәрбиені білім беру құрылымының бөлігі ретінде қарастыру оның рөлін төмендетеді және рухани өмірдің әлеуметтік практикасының нақты көрінісіне сәйкес келмейді. Педагог тәрбие саласына баса назар аударғанда ғана оқыту, білім беру міндеттері тиімді шешіледі. Соған байланысты қазіргі мектеп тәрбиелеу мен оқыту өзінің педагогикалық жүйесінің маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе ретінде қарастырылады.

Мектептің педагогикалық жүйесі — өскелең ұрпақты мәдениетті меңгерген шығармашылықты, белсенді тұлға ретінде қоғам өміріне бейімдеу негізгі мақсаты болып табылатын мақсатқа бағытталған, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Педагогикалық қарым-қатынас педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара ықпал ету құралы ретінде мектептің педагогикалық жүйесінің байланыстырушы компоненті. Педагогикалық жүйенің құрылымындағы қарым-қатынастың мұндай рөлі оның тиімділігі бірлесе әрекет ету барысында ересек адамдар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасқа (ынтымақтастықты және ізгілікті қатынас, жалпы қамқорлық, сеніммен қарау, әрбір адамға көңіл бөлу) тәуелді екендігіне қатысты. Бұл жағдайда мектеп нақты бір тәрбие орталығына айналады.

Тәрбие жүйесі тәрбие компоненттерінің (субъектілер, мақсаттар, мазмұны және іс-әрекет тәсілдері, қатынастар) өзара әсерлесуі нәтижесінде қызмет ететін және ұжым өмірінің бейнесі, оның психологиялық климаты сияқты интегративті сипатқа ие болатын біртұтас әлеуметтік организм (Л. И. Новикова).

№ 1 слайд. Тәрбие жүйесін құрудың мақсаттылығы:

  • тәрбиелік әрекет субъектілерінің күшін интеграциялау, педагогикалық процестің компоненттерінің (мақсатты, мазмұндық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық-нәтижелілік) өзара байланысын бекітумен;
  • табиғи және әлеуметтік ортаны игеру және оларды тәрбиелеу ортасына тарту арқылы мүмкіндіктер ауқымын кеңейтумен;
  • тәрбиені жүзеге асыратын мазмұнның, әдістердің сабақтастығы және диалектикалығы қойылған міндеттер-дің орындалуын қамтамасыз ететіндіктен педагогикалық ұжымның уақытын және күшін үнемдеумен;
  • оқушыға, мұғалімге, ата-аналарға ұжымдағы іскерлік және тұлғаралық қатынастарда шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге, өсуге, қайталанбас даралық, ізгілік танытуға мүмкіндік беретіндей олардың тұлға ретінде өздерін көрсетуі және танытуы үшін жағдай жасаумен байланысты.

Мектептің тәрбие жүйесінің даму кезеңдері.

Мектептің тәрбие жүйесінің дамуы төрт кезеңді қамтитындығын тәжірибе көрсетіп отыр.

№ 2 слайд. Мектептің тәрбие жүйесінің даму кезеңдері

  1. Тәрбие жүйесінің қалыптасуы. Бұл кезеңнің маңызды құраушысы ретінде болжау сатысын бөліп көрсетуге болады. Осы сатыда болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасы жасалып, оның құрылымы, элемент-терінің арасындағы байланыстар модельденген.
  2. Жүйені жасау.Бұл кезеңде мектеп ұжымы, өзін-өзі басқару, бірігіп басқару органдары дами түседі, іс-әрекеттердің жетекші түрлері, жүйе қызметінің шешуші бағыттары анықталады, барынша тиімді педагогикалық технологиялар өңделеді.
  3. Жүйені рәсімдеуді аяқтау.Бұл кезеңде мектеп ұжымыбалалар мен үлкендердің бірдей мақсатты, бірдей мазмұндағы іс-әрекеттерінің шығармашылықпен қарым-қатынас жасаудағы ынтымақтастығы дамиды.

Тәрбие жүйесін құру. Мұнда негізгі іс-әрекет түрлеріне наразылық тууы мүмкін, мектеп өмірінде қалыптасқан тәртіп бұзылуы мүмкін және т.б.

Мектептің тәрбие жүйесінің тиімділігін бағалау

Мектептің қазыналық “мекемеден” тәрбие жүйесі жағдайына ауысуы, тәрбие жүйесінің бір даму кезеңінен екінші бір жоғары кезеңіне өтуі педагогтардың жетекшілік етуі мен мектеп ұжымының мақсатты бағытталған жұмысының нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін. Бұл жұмыстың табыстылығы бәрінен бұрын мектептің тәрбие жүйесінің тиімділігін зерделеу мен бағалауды қамтитын басқару жұмыстарының сипатына тәуелді. Мектептің тәрбие жүйесі және дамыту технологиясы жетекші идеяны айқындау, негізгі мақсат пен міндеттерді тұжырымдау, олардың негізінде теориялық тұжырымдама жасау, жүйе құраушыларды және олардың өзара байланысу механизмдерін нақтылау, сәйкес инновациялық педагогикалық технологиялардың теориялық тұжырымдамаларын және жорамалда-нып отырған құрылым аумағында оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау, ол үшін жағдайды жобалау және оны практикада қолдану, ортаны өнімді игеру сияқты элементтерден тұрады.

Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі

Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі сынып.

Сынып жетекшісі оқушылардың сыныптағы іс-әрекеттерін ұйымдастырушы, оқушыларға тәрбиелік тұрғыда ықпал етуді үйлестіруші болып табылады. Мұғалім — тапсырылған сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы.

Сынып жетекшілері институты ертеректе оқу орындарының пайда болуымен қатар қалыптасты. Ресейде 1917 жылы бұл педагогтар сынып жетекшісі деп аталды. Олардың құқығы мен міндеттері кез келген мектептің іс-әрекеті ішіндегі негізгі құжат болып табылатын оқу орындарының жарғысымен анықталады.

Сынып жетекшісі қызметі мектепке 1934 жылы енгізілген. Белгілі бір сыныптағы тәрбие жұмысы үшін ерекше жауапкершілік жүктелетін мұғалім сынып жетекшісі болып тағайындалады. Сынып жетекшісінің қызметтік мәртебесін көп жағдайда оның жұмысының міндеттері, мазмұны және формалары анықтайды. Сондықтан сынып тәрбиешісі әрбір оқушымен мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуі, балаларды дамытудың жеке бағдарламасын, жеке жұмыстар жүргізу негізгі жұмыстардың бірі болып саналады.

Сынып жетекшісінің тәрбие беру міндеттері, оның жұмысының мазмұны мен формасы біркелкі болуы мүмкін емес. Балалар ұжымында сынып жетекшісінің бағыты жылжымалы сипатта болады. Сынып жетекшісі оқыту жұмыстарында мұғалім ретінде балалар әрекетін ұйымдастырушы және оның жетекшісі; сабақтан тыс уақытта педагог балаларға жолдас ретінде, жұмыстарының уақытша жетекшісі, тең мүшесі ретінде қатыса алады.

Ауыл мектебінің сынып жетекшісі қызметінің өзіндік маңызды ерекшеліктері бар. Жеке ерекшеліктердің, өмірдегі тұрмыстық жағдайдың, отбасындағы қарым-қатынастың мәні әрбір балаға және оның отбасына жеке тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысы ауыл мектептеріндегі балалардың мәдени деңгейін көтеруге, нарық қатынасы жағдайында оларды өмірге дайындауға, ауыл балаларындағы қарым-қатынас жасау жеткіліксіздігін жоюға, оларды өз жерінің қожайыны ретінде тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

Сынып жетекшісі іс-әрекетінің мазмұны оқушылардың белгілі бір тобындағы педагогикалық үрдістің жетекшісі ретіндегі оның қызметімен анықталады. Р. Х. Шакуров жасаған басқару тұжырымдамасына сәйкес үш деңгейлі функцияны бөліп көрсету орынды.

Бірінші деңгейге мақсаты топқа енгізілетін педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық функциялары жатқызылады.

Бұл функциялар оқушыларды әлеуметтік тұрғыда дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, балалардың өзекті жеке тұлғалық проблемаларын шешуге, оларды өз беттерінше өмір сүруге даярлау бағытына көмек көрсетуге бағдарланған. Балаларды тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау мақсатына жету үшін сынып жетекшісі оқушылардың құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасауына қатысты жеке мәселелерді шешіп алуы тиіс (ұжымды құру, оның ұйымшылдығы,белсенділігі, өзін-өзі басқарудың дамуы). Бұл міндеттерді ұйымдастырушылық деп аталатын екінші деңгейлі әлеуметтік-психологиялық қызметі анықтады.

Ұйымдастырушылық қызметтің басты міндеті аймақтың, микроортаның, мектептің және оқушылардың өздерінің өмірлерін жетілдірумен байланысты балалар бастамаларын танымдық, еңбек, эстетикалық, сондай-ақ бос уақыттарда еркін қарым-қатынас жасау іс-әрекеттеріне өздерін-өздері ұйымдастыруына көмек көрсету.

Сынып жетекшісі қызметінің үшінші деңгейін тәрбиелеу іс-әрекетін басқару субъектісінің іс-әрекетінің логикасынан шығатын талаптар бейнелейді. Бұл диагностикалық, мақсат қою, жоспарлау, бақылау және түзету қызметтері қамтылатын басқару қызметі.

Диагностикалық қызметін атқаруда сынып жетекшісі оқушылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейінен өзгеруін үнемі бақылайды. Бұл қызметті атқаруда сынып жетекшісі бірінші өзінің іс-әрекетінің нәтижелілігін анықтау, екіншісі — диагностика жеке тұлғаны зерделеу құралынан баланың жеке қасиеттерін дамыту құралына айналдыруға болатын екі түрлі мақсат қоюы мүмкін.

Мақсат қою қызметін оқушыларды тәрбиелеу іс-әрекетінің мақсатын бірігіп анықтау деп қарастыруға болады. Тәрбиелеу процесінің мақсаттары баланың жеке тұлғасын дамыту процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сынып жетекшісінің іс-әрекетіндегі бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты — тәрбие жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Бақылау қызметі — бір жағынан оңды нәтижелерді айқындау, екінші жағынан тәрбиелеу үрдісінде көрініс беретін кемшіліктердің себептерін анықтау әрекетінің мазмұнын анықтайды.

№ 3 слайд. Сынып жетекшісінің міндеттері:

· жалпы мектептік ұжым шеңберінде оқушылардың тұлғалық әлеуетін дамыту үшін сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

· күрделі бір проблема бойынша көмек көрсету (жеке өзінің көрсеткені орынды, кейде психологты да тартуға болады);

· бала тәрбиесінде ата-аналармен байланыс жасау және оларға көмек көрсету (психолог және әлеуметтік педагог арқылы жеке өзі);

· сынып жетекшісі өзінің міндеттерін сауатты, табысты және тиімді орындауы үшін балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы білуі, тәрбие жұмыстарының жаңа тенденциялары, тәсілдері және формалары туралы ақпараттарды алуы, тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеруі қажет.

Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері

Өзінің қызметіне сәйкес сынып жетекшісі оқушылармен атқарылатын жұмыстардың формаларын іріктейді. Оларды әрқилылығына қарай әртүрлі негіздемелер бойынша жіктеуге болады:

· іс-әрекет бойынша оқу, еңбек, спорт және т. б.;

· педагогтың ықпал ету тәсілі бойынша тікелей және жанама;

· өткізу мерзімі бойынша қысқа уақытты (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақ мерзімді (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін), дәстүрлі (үнемі қайталанып отыратын);

· дайындау мерзімі бойынша алдын ала дайындықсыз оқушылармен өткізілетін жұмыс формалары, даярлық жұмыстары, оқушылардың дайындығы ескерілетін жұмыс формалары;

· ұйымдастыру субъектілері бойынша балаларды ұйым-дастыруға педагогтар, ата-аналар және басқа ересек адамдар қатысады; балалар іс-әрекеті ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; ынта және оны жүзеге асыру тарапынан болады;

· нәтиже бойынша формалары, нәтижелері ақпараттық алмасу, жалпы шешімді қабылдау, қоғамдық маңызды өнім болуы мүмкін;

· қатысушылар саны бойынша жеке (тәрбиеші тәр-биеленуші), топтық (тәрбиеші балалар тобы), көпшілік (тәрбиеші бірнеше топтар, сыныптар).

Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжымның жетекшісі педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерімен, ең алдымен сол сыныппен жұмыс істейтін педагогтармен тығыз байланыста қызмет етеді. Пән мұғалімдерімен өзара әрекеттесе отырып, сынып жетекшісі оқушылармен және ұжыммен атқарылатын педагогикалық жұмыстардың ұйымдастырушысы және үйлестірушісі рөлін атқарады. Ол балаға және оның отбасына педагогикалық көмек көрсету бағдарламасын талдауға сынып ұжымын, пән мұғалімдерін қатыстыра отырып, балаларды зерделеу барысында алынған нәтижелермен таныстырады. Сынып жетекшісі пән мұғалімдерін сыныпта сабақтан тыс уақытта атқарылатын жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруға тартып, білім мен білікті бекітуге, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарының деңгейін анықтауға мүмкіндік жасайды; мұғалімдерді ата-аналармен жиналыс өткізуге қатыстырады. Сынып жетекшісі ұжыммен, оқушылардың жеке тобымен жұмыс істеуде туатын дәстүрлі проблемаларды айқындауы тиіс.

Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен атқаратын жұмыстарының негізгі формасы қажетіне қарай туындайтын және кездесетін қиындықтар мен келіспеушіліктердің алдын алатын жеке әңгімелесу болып табылады. Қандай да болмасын бір проблеманы бірігіп ойластыруға және оны шешудің жолдарын іздестіруге қатысты әңгімелер өткізу маңызды.

Сынып жетекшісі өзінің әріптестерінің оқушылармен жүргізген жұмыстарының стилін, негізгі әдістері мен тәсілдерін зерделейді, оқушылармен, ата-аналармен мұғалімдердің атқаратын жұмыс-тарының жетістіктерін, табыстарын, проблемаларын, тиімді тәсілдерін айқындайды; педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасуды ұйымдас-тырады, мұғалімдерді балаларға педагогикалық көмек жасауға ынталандырады, ата-аналармен ынтымақтастықта қарым-қатынас жасайды. Осылайша, сынып жетекшісі тікелей тәрбие жұмысын ұйымдастырады және оқушылардың барлығында, сонымен бірге олардың әрқайсысында болатын проблемаларды шешуді қамтамасыз етеді.

Түйін

Мұғалім (тәрбиеші, сынып жетекшісі, ата-ана) қазақ баласының келбетін қалыптастыруда мектептің тәрбие жұмысында оқушыларға төмендегідей қасиеттерді қалыптастыруы керек:

  • өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу;
  • әлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қоя білуі керек;
  • заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілігі болуы қажет, азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек;
  • өмірде бар жағынан жоғары әлеуметтік белсенді болуы керек, жаңаны іздеуге, өмірлік және кәсіптік мәселелердің стан-дартты емес шешімдерін табуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болуы;
  • жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа ұлтты, басқа діндегі, басқаша ойлайтын адамға шыдамсыздық пен жаугершілік көрсетпейтін қабілеттері болуы керек;
  • өз денсаулығын қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау;
  • әлемдік және ұлттық мәдениет байлықтарын бағалай білуі.

Бұл жалпыадамзаттық құндылыққа негіз болар деген оймен қазақ баласының келбетін тәрбиелеу мектептің оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Тәрбие жүйесіне анықтама беріңіз.

2. Тәрбие жүйесінің құрылымы қандай?

3. Тәрбие жүйесін дамытудың қозғаушы күшінің мәні неде?

4. Тәрбие жүйесін дамытудың негізгі кезеңдерінің мазмұнын ашыңыз.

5. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің қандай критерийлері бар?

6. Негізгі шетелдік және қазақстандық тәрбие жүйелеріне сипаттама беріңіз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

  1. Сынып жетекшісінің міндеттері мен құқықтары.
  2. Сынып жетекшісінің еңбек тәртібіне және оқушыға кәсіптік бағдар беру.
  3. Тәрбие үрдісінің қозғаушы күштері. Тәрбиенің компоненттері. “Қиын балалармен” жұмыс жасаудағы сынып жетекшісінің ерекшеліктері.
  4. Сынып жетекшісінің оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу әдістері.

Реферат тақырыптары:

  1. Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу.
  2. Қазіргі педагогикалық құндылықтар жүйесінде жастардың қозғалысы.
  3. Сыныптан тыс тәрбиелеудегі ақпараттық технологиялар.
  4. Асырап алған балаларды отбасында тәрбиелеу.
  5. Отбасы мен мектептің байланысы.
  6. Қиын ата-ана мен олардың тәрбиесі.

Әдебиеттер тізімі

  1. С. Ғ. Тәжібаева. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. – Алматы, “Ғылым” баспасы, 2003.
  2. С. Ғ. Тәжібаева. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы, “Ғылым” баспасы, 2004.
  3. С. Ғ. Тәжібаева, Қалиева Г. И. Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. – Алматы, ҚазҰПУ, 2005.
  4. С.Ғ. Тәжібаева. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. Алматы: “Қазақстан мектебі, № 3”, 2007.
  5. С.Ғ. Тәжібаева. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы., ҚазМемҚызПИ, 2008.

III модуль. ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 3023; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.