Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Алгоритмді жалпы сипаттау

Бұл кезеңде тапсырманың ұйымдастырылу-экономикалық маңызы және оның ақпараттық базасы негізінде қойылған мәселе зерттеледі, тапсырманы шешудің барлық мүмкін нұсқалары анықталады. Бұл алгоритм құрушыға тапсырма мақсатын түсініп, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алдымен, жалпылама алгоритм ауызша сипатталып, тапсырманы шешудің жалпы құрылымы қарастырылады.

Тапсырманың математикалық моделін құру

Бұл кезеңде тапсырманың берілгендері мен ізделінді шешімдері арасындағы математикалық қатынастар анықталады. АБЖ-нде тапсырманың математикалық моделін құру кезеңінде алдымен, типтік шешімдерді қарастырылу ұсынылады. Типтік шешімдер болмаған жағдайда ғана ерекше схемалар құру керек. Мұндай аналитикалық тәуелділіктерді тұрғызу кезінде төмендегі шарттарды орындау керек:

1) Тапсырманың барлық айнымалылары мен параметрлері үшін шартты белгілеулердің жиынтығын анықтау;

2) Айнымалыларды индекстеуге ерекше назар аудару;

3) Шамалар өлшемдерінің арасында, қажет жағдайда қосымша коэффициенттер мен масштабтау енгізе отырып, өзара арақатынас орнату;

4) Алынған шешімдердің жеке қасиеттерін айқындау. Мысалы: қолданылатын функция кейбір нүктелерде анықталмай, үзілетін жағдайда;

5) Тапсырманың асимпотикалық шешімдерін келтіре отырып, жуық шешімдер облысын анықтау керек.

Алгоритмнің жалпылама блок-схемасын құру

Бұл кезеңде алдыңғы кезеңдердің нәтижелеріне сүйене отырып, енгізілген ақпаратты шығаратын ақпараттарға түрлендіру алгоритмін жүзеге асыру логикасы (қисыны) өңделеді. Алгоритмнің жеке бөліктерін процедура ретінде қарастыруға ерекше назар аударуы керек. Ірілендірген схемалардың бірнеше түрін қарастырып, оларды салыстырмалы талдап, ең жақсысын таңдау қажет.

Алгоритмнің жеке блоктарының құрылымын талқылау

Бұл алгоритмнің тиімділігін анықтайтын ең жауапты кезең. Қисынды шарттардың әртүрлі үйлестірілуінің барлық мүмкін тармақталынуларын табу ең үлкен қиындақтар тудырады. Сондықтан, алдымен блоктың жалпы топологиясын құру ұсынылады. Сонан соң, алгоритмнің өзгерісінен тәуелсіз, барлық айнымалылардың мәні бар болатын барлық жолдар талданады.

Стандартты блоктарды пайдалану мүмкіндіктерін анықтау

Барлық процедуралар, мысалы: енгізу, бақылау, сұрыптау және т.с.с. арнайы программалық қамтамасыз ету құралдары арқылы жүзеге асады. Сондықтан, алгоритмнің сәйкес блоктары лайықты түрге келтірілуі керек.

Алгоритмнің жеке блоктарының тоғысуы

Алдыңғы кезеңде құрылған блоктар ақпараттық және функциональдық тұрғыдан өзара байланысты болуы керек. Сәйкес блоктың жұмыс кезеңі басталмас бұрын алдыңғы блоктармен қажетті барлық ақпараттар дайындалуы керек. Сонымен қатар, әрбір блок қажетті кезде басқаруды алуы және тапсыруы қажет.

Логикалық бақылау блоктарын құру

Логикалық бақылау блоктары негізгі ақпаратты қателіктерден және ақпараттарды дұрыс үйлестірмеуден қорғауды қамтамасыз етеді.

Алгоритм схемаларын тиімділеу

Тиімділеудің арнайы құралдары жоқ болғандықтан, тиімділікке бірнеше нұсқаларды салыстыру негізінде қол жеткіземіз.

Осы тұрғыдан алғанда, төмендегідей нұсқалар ұсынылады:

1) Бірнеше операторлар тобын алгоритмнің әртүрлі тармақтарында пайдалану үшін блоктарды біріктіру (декомпозиция);

2) Алгоритмнің әртүрлі тармақтарындағы бірдей бөліктерді қосымша логикалық шарттар көмегімен бір рет қана ұсыну;

3) Қайталануларды ықшамдау, мысалы, циклдан тыс жүзеге асатын операторларды циклдан шығарып тастау арқылы;

Ақпараттар өрісін анықтау және алгоритмді жүзеге асыру үшін қажетті машиналық қорды бағалау

Бұл әртүрлі функциональдық тапсырмалар арасында машиналық қорларды дұрыс тарату үшін қажет. Аталған кезеңдердің барлығы және оларды құжаттау орындалғаннан соң тапсырманың фунциональдық орындалуы аяқталды деп есептеп, программалауға өтуге болады. Программалау кезінде алгоритмге түзетулер енгізілуі мүмкін.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Комплексная форма уравнений Максвелла и теоремы Умова-Пойнтинга | Виды бирж
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 846; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.