Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №2

Жоспар:

  1. Діннің әлеуметтік, танымдық, психологиялық негіздері.
  2. Діннің әлеуметтік негіздері.
  3. Діннің танымдық, негіздері.
  4. Діннің психологиялық негіздері.

Сабақтың мақсаты: Дін қоғамда атқаратын қызметтері мен ролін айқындау, дін классификациясының принциптерін түсіндіру және олардың әлеуметтік-психологиялық негіздерін түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Діни сана, әр тарихи кезеңде,түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады.Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы-діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс сакрализация (латын тілінде sakra-қасиетті) деп аталады.

Екіншісі-діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады;діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді;қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ,діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.

Үшіншісі-діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды,діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады,діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды,діни және азаматтық өкіметбиліктері біржола ажыратылады.Бұл үрдіс секуляризация үрдісі(латынша saecularis-зайырлы)деп аталады.

Діни қызмет:ілімдік және ғұрыптық болады.Діни қызмет дегеніміз-діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.

Діни насихат,дінді уағыздау,діни оқу орындарында білім беру де- осы қызмет саласының міндеттері.Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру,құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б діни қимыл-әрекеттердің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады.

Діни бірлестіктің мынадай түрлері бар:діни мекеме (мешіт,шіркеу,діни оқу орны т.б),діни секта және деноминация.Бұлардың ішінде шіркеу,мешіт т.б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады.Олардың орталықтандырылған(бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменне жоғарыға дейіні басқару жүйесі бар.

Секта (латынның –ойлау тәсілі,ілім,бағыт деген мағынадағы сөзінен шыққан)әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым,әлеуметтік, дүние-танымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады,тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Секталарға тән нәрсе- өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

Деноминация (латынның denomen-атын өзгерту сөзінен)не басқа діни бірлестіктерден бөліп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер мыналар: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім;кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім; оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенделік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.

 

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Конспект лекций. Транспортные узлы классифицируются по следующим признакам: числу видов транспорта, обслуживающих узел; по характеру эксплуатационной работы; по | Лекция №3
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1032; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.