Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №3

Жоспар:

  1. Діннің алғашқы формалары және тарихи типтері.
  2. Фетишизм, анимизм, тотемизм, магия.
  3. Алғашқы діни сенімдердің әлемдік діндердегі орны.

Сабақтың мақсаты: Діннің көне түрлері олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі көріністерін қарастыру.

Сабақтың міндеті: Діннің пайда болуы мен оның қоғамдағы даму кезеңдерін қарастыру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Болмыстың қай кезеңі болмасын, адамдар қандай да бір құдіретке сенуге ұмтылған. Діни немесе басқа да нанымдар адамдар сана-сезімін байлаған.

1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер./8/
Олардың ішінде:

Фетишизм – табиғи заттарға табыну.

Магия – белгілі бір сиқырлықтың барысында болжау қабілетінің көмегімен табиғи заттар мен құбылыстарға қоғамдық өмірдің барысында, кейінірек өз мүмкіншілігімен адамдарға әсер ете білу.

Шаманизм – кейбір адамдардың аруақтармен қатынас жасау мүмкіндігіне сену арқылы, сол аруақтар арқылы адамдардың ауруын емдеу, жақсы аңшылықты қамтамасыз ету, қай жұмысы болса да алға бастыру, жауын жауғызу сияқты әрекеттер жасау.

Табиғатқа табыну – әртүрлі жануарлар мен өсімдіктердің аспан денелерінің (ай, күн, жұлдыз) құдіретті күші болып сыйынған адамға жәрдемі тиеді деген сенімге келу.

Ата-бабалар аруағына сену – қайтыс болған ата-бабаларының аруағына сыйыну, оларға ұрпақтарын жебеп жүреді немесе оларға жәбір көрсетеді деп сену.

Диханшылыққа, малшылыққа табыну – егіншілік пен мал өсіруді жеке сала ретінде қарап, оған табынады. Бұл жерде малға, дән егелеріне табынады.

Анимизм – айналадағы көзге көрінбейтін заттардың тіршілік ететініне, табиғаттан тыс елестердің - жандар мен аруақтардың әрекет өмірлеріне сену.

Міне, осы құбылыстарды алғашқы қоғамдық құрылыстың кезінде діни сенімдер деп олар әр қилы және әртүрлі мәнде болады деп түсіндіреді. Солай бола тұра, оларға ортақ нәрсе – айналадағы нақты дүниенің үстінен бір күштің үстемдік етуін жоққа шығара алған жоқ.

Ежелгі адамның сенімінің сырын ашу үшін ғалымдарға аз еңбек ету керек болмады. Белгілі бір тарихи кезеңде құрмет тұтатын мүліктің үстінен алдамшы әрекет жасау, қатаң, нақты тәртіппен жүргізілген сияқты тылсым күш табиғаттан бөлінген жоқ. Бірте-бірте адамның санасында өзінше бөлектенген жеке күшке айналды.

Мысалы: ұстаным, жол, заңдылық, бой ұстану, Алла мен құл арасындағы байланысты тәртіптейтін жүйе, дүниенің мағынасын ашатын тылсым күш деген көптеген мағыналары бар. Адам қоғамда өмір сүретін болмыс болғандықтан, әркімнің жеке және қоғамдық өмірін, қарым-қатынасын реттеуші де дін болып табылады. Дін қоғамда өзіндік бір бағытта тіршілік етпейді. Ол қоғамның тіршілік әрекетімен: яғни саясатпен, экономикамен мәдениетпен, құқықпен, және тағы басқа қоғам құрылысымен тығыз байланыста. Діннің қоғамға ықпалы табынушылық кеңселер. діндарлар қауымдастығы және басқа да ұйымдар арқылы жүзеге асады. Cондықтан да, алғашқы діни сенімдердің әлемдік діндердегі орны ерекше.

 

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996

Лекция №4. Көне Египет діні.

Жоспар:

1. Көне Египет мифология.

2. Дінінің ерекшелігі.

Сабақтың мақсатыі: Египет дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері және Египет тарихы мен мәдениетіндегі маңызын қарастыру

Сабақтың міндеті: Көне Египет діндерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды және сәулет,бейнелеу өнерлерінің,әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Түпнұсқалардан қолда бары б.д.дейінгі 2600-2300 жылдарындағы Көне патшалық дәуірінің «Пирамидалар мәтіні» мен б.д. дейінгі ХХІ-ХVІІІ ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің «Саркофагтар мәтіндері» сияқты жекелеген жазулар. Жаңа патшалық дәуірі «Өлілер кітабы», «О дүниеде не бары туралы кітап» деген, тағы басқа бірқатар діни шығармалардан көрініс табады.

Көне Египеттің құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет патшалықтарының құрылуы барысында қалыптасты, Көне Египетте ертерек дәуірлерде Жер – Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культі басым болды. Олар баршаға тіршілік сыйлаушы деп аталды. Одан біртініректе жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер – Ана мен Хапи культінің мерейі жоғары болды. Египпеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары құдайлармен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.

Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра –Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңдестрілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп Амон – Ра Күн құдайы пайда болды.

Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір қаңида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болы делінсе, екінші бірінде су болып, одан керемет лотос гүлі бөлініп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады. Тағы бір Хаостан көтеріліп шыққан аралға келіп ғажайып құс жұмыртқа салып, одан Ра шығады. Жаратылу туралы ең күрделі миф Гелиополис қаласында туған. Біртін келе күн құдайы Рамен біріктірілген Атумен құдайы Хаостан пайда болып, өзін - өзі ұрықтандырып, екі құдіретті – ауа құдайы Шу мен дымқылдық құдайы Тефнутті дүниеге келтіреді. Олардан жер құдайы Нут туады.

Мифтердің ішінде Мемфис қаласының қорғаушысы Птах атты құдайдың әлемді жаратуы туралы миф ерекше маңызды. Бұл құдай барлық дүниені,бүкіл дүниені оймен және сөзбен жаратқан. Ол аттарын тізіп айта отырып, алғашқы сегіз құдайды жаратады. Осымен бірге Амон – Ра Египет дінінде «барлық әкелерді, барлық құдайлардың әкесі, көкті көтеріп, жерді орнтушы, бірден – бір ұл құдай» болып қала береді. «Амон» сөзі «құпия», «тылсым» деген мағынаны білдіреді. Яғни оның бүкіл брлмысы көзге көрінбейтін, ғайып, тылсым. Ол Египеттің барлық қалаларында бас құдай болып танылды. өзге құдайлардың бәрі жиыла келе осы бір Амон – Раның болмысын сипаттаушы болып танылды. Амон – Ра бір уақытта Осирис те, Птах та, басқа құдайлар кейпінде де бола алады деп саналды. Мәселен, кештің құдайы Атум, таңды сәулендендіруші Хепри болса, осылардың екеуі де, сонымен бірге Күннің де құдайы жиынтығында Амон – Ра деп танылды. Ол тотемдік рәміз қаршыға және алып мысық кейпінде де бейнеленді. Антропозооморфтық бейнесінде қаршыға басты, күн тәрізді тәж киген адам түрінде саналды. Амон – Ра әлемнің баршасына иелік жасап, күндіз алтын қайықпен нілді жүзіп жүреді, түнге қарай жер асты дүниесін кезеді деп есептелді. Ол - әлемге өзінің үш көмекшісі – данышпандыұ әйел құдайы Сиа, құдіретті сөз құдайы Ху және әлемдегі тәртіп пен әділет сақшысы, өзінің құдай дағуасындағы қызы Маат арқылы патшалық етті.

 

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006

Лекция № 5. Көне Грециядағы дін.

Жоспар:

1. Көне Грек діні.

2.Көне Рим діні

Сабақтың мақсаты: Көне Грек-Рим дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері және Грек Рим тарихы, мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру.

Сабақтың міндеті: Көне Грек-Рим дінінің тарихы мен еркешеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Көне Грек мифологиясы. Дінтану – көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар – хтон (грек тіл.-жер) немесе Олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертінгі немесе героикалық кезең. Бірінші, хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы – асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері – медуза, химера, гидра т.б.

Классикалық немесе Олимп кезеңі патриархқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің пада болуымен ерекшеленеді. Бұл тұтатай мифологияның жаңа арнаға өтуіне жол ашты. Табиғат құбылыстарымен шендестірілген құбыжық құдайлар орнына адамға қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Жаңа құдайлар әлемнің, қоғамның және адамның тұтастығы үшін күрескерлер болып суреттелді. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған Олимп тауына топтастырылды. Осы орталықты айнала қоршаған космос кеңістігі ұғымы қалыптасты. Бұдан шет жатқан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние жоқ болмыс Хаос деген түсінік орнықты.

Олимп кезінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне – Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасйды. Ұлы Ана-Жер бейнесі енді Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайлардың бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдан мен жер асты дүниесінің құдайы Айд Зевстің ағалары болып келеді.

Бертінгі немесе героикалық кезеңде әлеуметтік қатынастарда қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер арасындағы бәсекелестіктерге байланысты бұқараның құдайларға сенімдері шайқала бастады. Халықта құдайлар қаншама күшті болмасын, Зевстің өзі де, оның сүййікті ұлы Геракл де қанша ерлік жасамасын, олардың бәрі – құдайлар да, адамдар да ақыр-соңында тағдырға тәуелді деген түсінік орныға бастағаны аңғарылады.Осыған қарай грек пантеонының жартылай құдай, жартылай адам қаһармандары да халыққа қаталдық танытады. Жасаған күнәлары үшін немесе айтқан кеңестерін орындамағаны үшін қатаң жазалайды. Мәселен, Троя соғысына қатысты адамдар, соның ішінде жеңілгендері де,жеңгенднрі де қатаң жазаланады.

Көне гректердің құдайлар пантеоны. Көне грек мифологиясы мен діннен Гомердің «Илиада» және «Одиссея» және Гесоидтың Теогония» поэмаларында (б.д.д. VIIІ ғ.) мол мағлұмат беріледі.

Гесиод өзінің поэмасында әлемнің жаратылуы және құдайлардың пайда болуы туралы әңгімелейді. Ол бастапқыда Хаос, Гея-Жер, Тартар және Эрос сияқты құдіретті күштер болды, әлемнің жаратылуында Гея-Жердің орны ерекше, ол Уран-Аспанды дүниеге келтіреді, осындан соң ол Уранмен және Тартармен қосылып, түрлі құбыжықтарға өмір береді деп жазады. Гомер бойынша Зевс аспанға, Посейдон теңізге, Аид жер асты әлеміне иелік етеді. Олимп тауы барлық құдайлардың ортақ «үйі» болады, сонымен бірге Зевс барлық Олимп құдайлардың үлкені. әлем ортасынан жермен бөлінген жұмыртқа тәрізді болды, оның жоғарысында аспан, төменінде Тартарға дейін терңге кететін төменгі аспан болды, жер үстінде Олимп тауы тұрады, осы әлемнің жаратылуын Зевс аяқтады деп жазды Гомар. Зевстің бірнеше заңды әйелдері болған. Олар: Метида – ең ақылды әйел құдай Афинаның анасы; Фемида - әділет құдайы (одан әділет және тағдыр құдайлары туған); Гера – Олимптегі бас әйел-құдай,соғыс құдайы Арес пен кәсіпшілік құдайы Гефестің анасы, заңды некенің, қалалар мен қаһармандардың жебеушісі. Көне грек мифологиясы бойынша Зевс көптеген құдайлардың, нимфалар мен музалардың әкесі саналады. Мәселен, сауық құдайлары харит, өнерді қолдаушы тоғыз муза, Персефона, Артемида, Афродита, Аполлон, Гермес – бәрі Зевстен туған.

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006

Лекция № 6. Көне Қытайдағы Діндер.

Жоспар:

1.Көне Қытайдағы діндер

2. Дао діні.

3. Конфуций діні

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Қытай, Конфуций, Дао діндерінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері, мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру.

Сабақтың міндеті: Ежелгі Қытай діндерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Дао діні Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа фолософиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда-Конфуций) болды. Конфуций б.э.д. 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:

-«Өзгерістер кітабы». Бұл кітап құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер тпотастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы мүмкін.

-«Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді;

-«Діни өлеңдер кітабы». Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген;

-«Салтанатты рәсімдер кітабы»;

-«Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

«Да-Сюэ» (Ұлы ілім), «Чжун-юн» (Тепе-теңдік туралы), «Лун-юй» (Әңгімелер мен ойлар) және Кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталған еңбек – екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше,Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып-білуге адамның ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәпіштеп жазып шыққан. Мұнда дінге, көне мифтердегі айтылған құдайларға сенгендіктен емес, тарих жіне халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген.

Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдірет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Кофуцийдің түсігінігінде ғұрыптпр мен салттарды сақтамайтын адам - өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес, мақұлық. Яғни, конфуйийліктегі құлшылық объектісі – көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Философтың өмірі – осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті – Тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған. Сонымен бірге,әлдекім Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса,бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі Аспан – табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеті жоқ деп тура қайырып тастайтын.

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №2 | Лекция № 7
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1852; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.