Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 15. Сабақтың мақсаты:Еліміздегі ар-ождан бостандығы және оның заңмен реттелуі

Жоспар:

1.ҚР діни ұйымдар.

2.ҚР-ғы діни жағдай.

Сабақтың мақсаты: Еліміздегі ар-ождан бостандығы және оның заңмен реттелуі, діни жағдай және дінаралық келісім мәселелерін қарастыру.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Меннониттер. Бұл діни ағымның негізін салушы католик священнигі Менно Симонс. Ол анобаптистерге өтіп, қианат жасамау принциптеріне негізделген өз қауымын құрды. Кейінірек менненизм принциптері Біздің ортақ христиан дінінің бас статияларының деклорациясы деген құжатта (1632) нақтыланды.

Менониттергетән нәрсе – адамдарды кәмелет жасқа жеткен соң шоқындыру. Шіркеу иерархиясы мойындалмайды. Сондықтан әр қауым өзін-өзін басқарады. Бірақ барлық қауымдардың жұмысын үйлестіру үшін АҚШ-та Менониттердің дүниежүзілік конференциясы құрылған.

Менонизмге басты екі бағыт бар:шіркеулік және ағайындық. Соңғысы боптистермен жақындасып, солардың құлшылық жыйындарына қатысатын болды. Бертін келе боптистер құрамына түгелдей еніп кетті.

Бүгін де ағайын менониттердің үлкен қоғамы (250 адам)Қарағандыда орналасқан.Оның Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері бар. Олар шет елден қаржыланады. Бұл өз баспаханасын ұстауға,діни журнал,түрлі діни әдебиеттер шығаруға мүмкіндік береді.

Сонғы кездері неміс ұлтының өз отанына қоныс аударуына байланысты менониттер қатары сейіліп келеді.Шіркеу менониттері түгелдей дерлік тарады.

Қазақстанға ең кейін келген – баптистер. „Баптист” грекше „шомылдырамын” сөзінен шыққан. Олар республикада ХХ ғасырда пайда болды. Бірақ олардың діни ілімінің жүздеген жылдық тарихы бар. Тұңғыш баптист қауымдары Голландия мен Англияда 17 ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Қазір ол АҚШ-да христиан конфессиялары мен деноминациялары ішінде жетекші орында. Баптемизм Европаға ХІХ ғасырда тарай бастады. Баптистер өз іліміне лютерандық пен кальвинизмнен көп нәрселерді көшіріп алды. Олар христиандықтың жеті қағидасының төртеуін ғана мойындайды. Солардың өзін догмат есебінде емес, қарапайым салт есебінде ұстанады. Баптистер қауымдарын пресвитерлер мен кеңестер басқарады. 1905 жылдан баптистердің дүниежүзілік кеңесі жұмыс істейді. Одақ тарқағанға дейін евангиле христиан баптистерінің одақтық кеңестері болды. Қазір ол Ресей баптистері одағы болып өзгертілді. Қазақстанда баптистердің шіркеулер одағы құрылған. Оның діни орталығы Сайран қаласында. Жеті аймақтық орталығы бар.

Қазақстанда қазір 120-дан астам евангелие христиан баптистері тіркелген. Мұның сыртында тіркелмеген қауымдастықтар да бар.

1995 жылы Алматыда евангелие христиан баптистері шіркеулері кеңесінің діни ағарту орталығы құрылды. Сол сияқты 1992 жылдан бері Словян евангелиеленген қоғамының Інжіл миссиясы сырттай оқытатын Інжіл мектебін ашты. Ол бастауыш діни білім берді. Діни әдебиеттерді тарататын „Свет на Востоке”, „Эммануил”, «Каждый дом для бога» деген сияқты миссилары бар.

Баптемизмнен бастау алатын қауымдардың бірі- пятидесятниктер. Ол 20 ғасырда АҚШ-та құрылды. Олардың діни ілімінің негізі – Жаңа өсиеттерде айтылғандай, Қасиетті Рух Ғайсаның тірілгенінен 50 күн өткен соң, оның шәкірттеріне қонғаны сияқты әрбір дінге сенушіге қонуы мүмкін. Қауымның аты да осыдан алынған. Ал қасиетті Рух дарыған адам пайғамбарлыққа, түрлі кереметтер жасауға, беймәлім түрлі тілдерде сөйлеуге қабілетті болады. Бұған жету үшін құлшылық мәжілістері алдында әркім өздерін есалаңның сәл алдындағы жағдайға дейін жеткізіп, қатаң ауыз бекіту керек. Сондықтан құлшылық мистикалық жағдайда өткізіледі. Осыдан бұл ағымдағылар түрлі андарға. т.б. мистикаларға сенеді.

 

Әдебиеттер:

  1. Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы. 2003
  2. Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы. 2002
  3. Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4. Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы. 2006

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №14. 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар | Концепция управления персоналом. Предмет, цель и содержание курса управления персоналом
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 561; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.