Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бухгалтерлік есеп формалары

Есеп регистрлері

 

Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма- жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистрлері деп түсіндіріледі.Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі.Оларда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынды. Бухгалтерлік есеп тәржибиесінде сыртқы түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистрлері қолданылады. Бос парақтар (журнал – ордерлер,ведомостер), карточкалар (карточка сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы және т.б) пайдаланылады.

Есеп регистрлерінің қайсысын таңдау ұйымның есеп саясатында алдын- ала ескертіледі.

Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистрлері мынадай болып бөлінеді:

- Синтетикалық есеп

- Аналитикалық есеп

Синтетикалық және аналитикалық есепті үйлестіретін есеп регистрлері Синтетикалық есеп регистрлерін түзеуге есеп кестелерін жолма- жол сызудың шахматтық түрі негіз болып салынған. Мұндайда аналитикалық есеп жүргізілетін регистрлердің құрлымы мен мазмұны аналитикалық есеп обьектілеріне, есеп міндеттеріне, субьектінің шаруашылық іс- әрекетін оперативті бақылау мен басқаруға байланысты әр- түрлі болуы мүмкін.

Материалдық құндылықтарды қадағалау үшін кәсіпорында заттай және ақшалай көқрсетілетін әр түр жөніндегі күн сайынғы түсу мен жұмсалу туралы дәл мәліметтер болуы қажет. Жабдықтаушылармен өзара есептесу операциялары бойынша әрбір жекелеген жабдықтаушы немесе одан алынған материалдар партиясының әрбіріне есеп айырысулардың жағдайы жайлы нақты мәліметтер болуы тиіс. Сондықтьан тауарлы-материалдық қорлардың аналитикалық есебі регистрлері жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша аналитикалық есеп регистрлерінен айырықшаланады.

1. Мемориалдық –ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу – тіркеу журналында, сонынан Бас журналда жүргізіледі Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады.Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта- қайта

(мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады.Аналитикалық есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс - әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті жинау өте қиын.

451 шоты бойынша мемориалдық ордер

 

Операция мазмұны Дебет Кредит Сома, теңге
Есеп шоттан алынды   441 "Ағымдық шоттағы ақша "  
Пайдаланылмаған есептің сома қалдығы тапсырылды 333" Есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырсу "    
 

 

2. Есептің журнал – ордерлік формасы

Негізгі ерекшіліктері:

Шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық- позициялау тәсілі мен жазба жүргізілетін және жол- жол сызудың шахматтық формасы бар журнал ордерлер қолданылады,

Бір қатар журнал- ордлерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады,

Жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіреді,

Бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді,

Журнал –ордерлер дегеніміз – едәуір деректемелері бар бос парақтар..Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тобына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы құжаттардың негізінде күн сайын жинақталады.Ай соңында қорытыңды есептеліп,Бас кітапқа көшіріледі.Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.

Есеп –қисаптың журнал орделік формасын қолдану есептің көп еңбек сіңіру қажеттігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, оның бақылаушылық мәнін арттырып, есеп құруды жеңілдетуге жол ашады.

Алайда бұл форманың да кемшіліктер бар, бұлар мәліметтерді қолмен толтыруға бейімдел ген және есепті механикаландыруды қиындататын журнал ордерлерді түзеудің күрделілігі мен қолайсыз молдығы

3. Есепті автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті компьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді

Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбінесе есеп- қисап процесін автоматтандыруды, есеп мәліметтерінің өте дәлдігін, есептің ширақтығын, есеп қызметкелерінің еңбек өнімділігін арттыруды, оларды қарапайым, жай техникалық іс- қызмет аясын атқарудан босатуды және талдау мен шұғылдануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4.Есептің қарапайымдалған формасы – шағын кәсіпкерлік субьектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операцияларды есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналиткалық есеп регистрлері болып табылатын тиісті обьектілер (негізгі құралдар, тауарлы- материалдық қорлар және т б) есебінің регистрлер. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданылады. Бұл форманы жүргізу Шағын кәсіпкерлік субьектінің есебі мен есеп берудің 23 бух есеп стандарты мен және оған берілген әдістемелік ұсыныстар мен реттеледі

Бух есеп формаларын тандау құқы субьектілердің өздеріне берілген. Ұсынылатын формалар жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және ақпаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптерді мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.

3.3. Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі

Бух есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субьектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар- жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжат пен расталады.

Бух есептің бұл тәсілінің көмегімен субьектінің құралдары жайлы, олардың іс жүзінде бар- жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсаты мен салыстырылады және реттеледі.

Шаруашылық іс -әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауар лы материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық туындауы мүмкін:

· табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу);

· құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі),

. есептеу кезіндегі қателіктер – арифметикалық қателіктер, алғашқы

құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;

· ұрлық, қымқыру, кем өлшеу – мпатериалдық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай – ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.

Айырмашылықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтелік есеп мәліметтерін оқтын- оқтын салыстыру негізінде түгендеу жолымен аңықтауға болады.

Түгендеуді (инвентаризация) өткізу тәртібі мен мерзімдерін субьект басшысы № 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есеп стан дартына және оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі департаментінің 1998 жылы 6 наурыздағы Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеудің жүргізудің тәртібі туралы 47 бұйрығымен (өзгерістермен және толықтырулармен бекітіліп, түгендеу қорытыңдыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген. Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес анықтайды.

Мынадай түгендеулер болады:

1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерге қатысты. Әдетте түгендеу мынадай мерзімдерде өткізеді:

· негізгі құралдарға – кемінде жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес)

· ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдарды тағы басқа жылжымайтын обьектілерін -2-3 жылда бір рет,

· күрделі қаржы – жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес),

· аяқталмаған өндіріске – 1 қаңтарға қарай,

· күрделі жөндеудің, алдағы кезендерін шығындарын – тоқсанда (квартал) бір реттен кем емес,

· мұнай өнімдерін – айына бір реттен кем емес,

· банкпен есеп айырысуларды жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай,

· қаржылық органдар мен есептесулерді – тоқсан сайын,

· ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес,

· балансаралық есептер (еншілестерімен,тәуелділермен, заңды тұлғалар мен бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде,

· басқадай дебиторлар мен кредиторлар мен есеп айырысуларды жылына екі рет,

· баланстын басқа баптарын - келесі есептің жылдың 1 қантарына.

,

2. Жекеленген Қаражаттың бір түрін (кассадағы ақшалай қаражат) қамтиды. Жыл бойы материалдық – құндылықтарды сақтау мақсатымен жүйелі түрде жүргізіледі

3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі

4. Кенеттен – материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшының өкімі,тергеу органдарының талабы бойынша

5. Жоспардан тыс – стихиялық апаттан (өрттен және т.б.) кейін, сондай – ақ қаражатты ай сайын түгендеу.

.

Соны мен қатар, түгендеу шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтерлік есебі балансының шынайлығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл мақсат үшін құрамында субьект басшысы (комисс төрағасы) бас бухгалтер, құрлымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары бар тұрақты түгендеу комиссиясы

құрылады.Ол құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі алдын-ала жұмысты жүргізеді: түгендеу өткізуді ұйымдастырады және жұмысшы комиссия мүшелеріне нүсқау беруді іске асырады: түгендеу барысында тұрақты бақылау жүргізіледі, тауарлы – материалдық қорларға түгендеу жүргізудің дұрыстығына бақылау жасайтын тексерушілерді ұйымдастырады: қоймалық есеп жүргізу мен түгендеудің қорытындысын (артық шығу, кем шығу) тексеруі, қажет жағдайда қайтадан толық түгендеу өткізеді, жетіспеушілікке немесе құндылықты бүлдіруге жол берген адамдардан алынған түсініктемелерді, сонымен қатар басқа да бұрмалаушылықтарды қарайды және аңықталған жетіспеушілікті құндылықты бүлдіру салдарынан болған болған жоғалтуларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстар енгізеді.

Түгендеуді тікелей өткізу үшін субьекті басшысының бұйырығы мен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері (мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері) бар жұмысшы комиссиясы құрылады.

Комиссия құрамына түгендеу жүргізілетін құндлылықтарды, бағаларды және бастапқы есепті жақсы білетін тәржібиелі қызметкерлер кіреді. Жұмысшы түгендеу комиссиясының қызметкерлері түгендеудің уақытылы жүргізулін және тәртіпті сақтау үшін, тізімдеме (опись) құрудың толықтығы мен дәлдігі, оларды бухгалтерияға ұсыну үшін жауапкершілікті алады.

 

Түгендеуді материалды – жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық тексеруде тергеу органдарының талаптары бойынша және тағы басқа жағдайларда өткізіледі.

Түгендеу қорытындылары (артық шығу, кем шығу, қайта сұрыптау) түгендеу қорытындыларының салыстыру ведомісіне жазылады. Оларға тек есептік мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді.

Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде субьект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.

Артық шыққан негізгі құралдар, тауарлы – материлдық құндылықтар ақшалай қаражаттар кіріске алынуға тиісті. Құндылықтардың белгіленген шекте жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.

 

Тауарлы – материады құндылықтардың табиғи кему нормасынан артып, кем шығуын сондай- ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар есебіне жатқызады. Түгендеу кезінде айқындалған мүліктің шын мәнінде қолда барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:

· артық шығу – кіріс болып және негізі емес қызметтен түскен табыс ретінде кіріске алынуға тиіс,

· кем шығу – шығындар,

· нақты санының жетпеуі мен оның табиғи кему нормасы шегінде бүлінуі ҚР СК 92 бабының 2 тармағына сәйкес шығындарға жатқызылады

· мүлік санының жетпеуі мен оның нормадан тыс бүлінуі кінәлі адамдар есебіне жатқызылады Егер кінәлі адамдар айқындалмаса және сот өндіріп алуға қарсылық білдірсе, материалдық қорлардың жетпей қалуы мен бүлінуін субьект шығындарға жатқызады.

Табиғи кему нормалары азық- түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жоқ субьектілер олрды жоғалту ретінде қарастыруы керек, олар кінәлі адамдар табылмаса немесе сот олардан шығынды өндіріп алуға қарсылық білдірсе олар шығындар есебіне жатқызылады және субьектінің таза пайдасы есіне жабылса, мұндайда салық салу мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмайды.

 

3.4. Бухгалтерлік құжаттар

Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау. Құжаттардағы мәліметтерді бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субектінің іс - әрекетін онеративті басқару барысында кеңінен қолданылады. Құжаттар негізінде – материалдық және ақшалай қаражаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. түрақты бақылау жүргізеді. Құжаттарды – кәсіпорында арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланылады, өйткені олар атқарған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық поерацияларын рәсімдейтін құжаттар – баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма – жол сызықтары мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштердің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6 – 1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:

– Уақтылы жасау;

– Позицияның сенімділігі;

– Дұрыс рәсімдеу.

· Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталынады. Деректемелердің саны мен мазмұны операция сипатына және құжат міндетімен айқындалады.

 

3.5. Жаңылыс жазбаларды түзету

 

1. Корректуралық тәсіл қате шоттар корреспенденциясына қатысты болған жағдайда немесе тез жабылса және есеп жазбалары қорытындыларына әсер етпеген жағдайларда қолданылады. Жаңылыс жазба жазылғаны көріну үшін жіңішке сізыққа сызылады, жанына дұры жауабы қойылады. Түзету осы құжатты жасау үшін жауаты адамның қолымен расталады.

2. Қызыл сторно, түзетпе тәсілі – кері сандар тәсілі. Есеп жазбаларында корреспеденциялары қате көрсетілгенде қолданылады. Жаңылыс жазбалар сол корреспеденцияларында қайталанады, бірақ қызыл сиямен жазылады. Қорытынды есептеген түзетпе жазба есепке алынып, шегеріледі. Осылайша кате жазбалар жойылады. Содан соң шоттардың дұрыс корреспенденциясымен жаңа өткізгіш желі (провод) жасалады және кәдімгі сиямен (псатамен) жазылады.

3. Қосымша праводка тәсілі есеп регистрінде шоттардың дұрыс корреспенденциясы көрсетілсе, бірақ операция сомасы қате жазылып кеткен кезде қолданылады. Бұл жағдайда айырма сомасына сол шоттар корреспенденциясы бойынша қосымша проводка беріледі.

3.6. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс - әрекеті тура күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жұйесі. Негізгі қосылғыштар мыналар; алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы – шаруашылық қызметі шоттарының бас жоспары бухгалтерлік есеп формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Бухгалтерлік есептің негізгі принцптері мен есептің жалпы ережелері ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтіе құқықтық нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бас деңгейі болып нормаимвтік актілермен белгіленеді. Біхгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бас деңгейі болып:

1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заң.

2. Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.

3. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемелік ұсыныстар.

4. Шоттардың тиісті жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.

5. Субъектінің есеп саясаты

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6 – бабы 2 – тармағы және «Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс» 30 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты – «ұйымның талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай, ҚРның бухгалтерлік есеп пен есеп шоттардың үлгі жоспрары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп жасау үшін қабылданған принцптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика».

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің негізгі принцмперіне, орынды, сенімді және салыстырмалы сипаттамаларға сәйкес атқарылуы тиіс.

4.1. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі

Бухгалтерлік есеп – субъектілерді пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржылық ақпараттың сипаты мен көлеміне байланысты. Пайдаланушылар әр түрлі болу мүмкін. Мысалы, инвесторлар немесенесие берушілер, әлде бірлесе отырып іс – қызмет жүргізушілер. Әр қилы экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың 2 негізгі топтары бар:

· Ішкі;

· Сыртқы.

Сыртқы пайдаланушылар 2 катигорияға бөлінеді. Олар:

· Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;

· Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.

Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді.

· Кәзіргі және болуы ықтимал инвесторлар:

· Кәзіргі және болуы ықтимал кредиторлар:

· Сатып алушылар.

Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориялар мүдесіне кіретіндер

· Салық органдары;

· Реттеуші органдар;

· Статистикалық органдар;

· Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер,т.б.)

Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді пайдалану мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:

– Берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады.

– Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп белгісі кеметін қарыз берушілер.

– Тиесілі сома бола ма, төленеме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қазағушы жабдықтаушылар және сауда кредиторлары;

– Сатып алушылар. Оларға субъектің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе олардың осы субектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;

– Қызметкерлер.олар субект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субектінің еңбек ақымен және басқа жеңілдіктермен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпкратқа мүдделік танытады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Шоттарды жіктеу | Предмет и метод бухучета
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 6316; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.