Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Туроператорлық бизнес көпшілікті туризмнің алыс қашықтықтарға жасалуы мен туристік өнімнің ерекшеленуі




Туроператорлық бизнес көпшілікті туризмнің алыс қашықтықтарға жасалуы мен туристік өнімнің ерекшеленуі салдарынан пайда болып, осының нәтижесінде туристік фирмалардың мамандандыру үрдісі дамыды: кейбірі өздерінің барлық күшін қызмет көрсету пакеттерін өндіруге жұмылдырып, жаңа аймақтарды ашу мен туризмнің жаңа түрлерін жасап шығару арқасында туроперейтингтің бағытын айқындаса, басқалары сатуға көбірек мән беріп, туристік агенттіктер ретінде дамыды.

Сонымен қатар, қонақ үйлер мен мейрамханалық қызмет көрсетулерге, ірі туристік және курорттық орталықтардағы қызметтерге деген ұсыныстар көлемінің ұлғаюы кезеңінде туристің тек орналасу мен тамақтандыру қызметтері қосылған турды сатып алғанда толыққанды демалуға деген мүмкіндікке ие болмайтынынан туроперейтингтің қажеттілігі туындайды. Туристердің қаржыларының көп бөлігін демалу мен көңіл көтеруге жұмсайтыны да белгілі.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Туроперейтинг курсы үшін бұл тақырыптың үлкен мәні бар, бірақ сонымен қатар барлық туристік бизнес пәндері үшін де.Мұнда туроперейтинг ғылымының маңызды сұрақтары қарастырылды.

Тақырыпты оқығаннан кейін студент туроперейтинг туралы, оның қандай түрлері мен бағалану категорияларына бөлінуі жайлы толық мағлұмат алулары керек.

Әдебиеттер:

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиеттер:

1.Тимохина Т.Л. Организация приема и обслуживания туристов, М., 2004

2.Соловьев Э.Я. Современный этикет,М., Издательство,«Ось-89», 2009

Дәріс 2.Туроператорлардың функциялары және міндеттері

Мәселелік дәріс

Дәрістің мақсаты: Туроператорлардың турагенттерден айырмашылығын анықтап, ерекшеліктерін көрсету, туроператорлардың негізгі атқаратын қызметтері жайлы түсіну және олардың жұмыс үлгісі.

Дәріс сұрақтары:

1.Туроператорлардың түрлері мен типтері және олардың турагенттермен арасындағы негізгі айырмашылықтар

2.Туроператорлардың функциялары

3.Туроператорлардың жұмыс үлгісі

4.Туроператорлардың кәсіби міндеттері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:Табыс жүйесі, бұқаралық нарықтың операторлары, қабылдау туроператорлары, жергілікті(ішкі) туроператорлар, рецептивті туроператор

 

Туроператорлар мен турагенттердің арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегідей болып келеді:

А. Табыс жүйесі бойынша.

Туроператор бірнеше туристік өнімді сатып алады. Оның табысы сатып алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырмадан құралады. Туроператор көбінесе жеке қызметтерге ие болады, кейіннен өзіндік баға белгілеу тетігі арқылы кешенді туристік өнім құралады.

Турагент бөлшек саудагер ретінде әрекет етеді де, оның табысы басқаның туристік өнімін делдалдық қызмет арқылы сатудан алынады. Турагент қызметті өндіруші не туроператордың туристік өнімін (жеке қызметтер, мысалы, әуе билеттері, қонақ үйлердегі нөмірлер) нақты бағасымен іске асырады.

Б. Туристік өнімнің тиесілігі бойынша.

Туроператор әрқашан да сату үшін туристік өнімнің қорына ие болады, ал турагент нақты өнімге (қызметке) тұтынушы сатып алуға қызығушылық білдіргенде ғана сұрау салады.

В. Заңдылық қағидалары бойынша. Туроператор үшін арнайы дайындалған жұмыскерлер санына міндетті ережелер турагентке қарағанда артық болып келеді (РФ Үкіметінің 11.02.2002 ж. №95 қаулысымен қабылданған «Туроператорлық қызметті лицензиялау ережелері» және «Турагенттік қызметті лицензиялау ережелері»).

Заңға байланысты штаттық құрамға міндетті ережелерге тоқталсақ:

туроператорға

· жұмыскерлердің 30%-дан кем емесі туризм саласы бойынша жоғары, орта маманданған не қосымша білімі бар немесе туризм саласында кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі бар;

· басшылықтың жоғары не орта маманданған білімі және туризм саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар болуы;

турагентке

· жұмыскерлердің 20%-дан кем емесі туризм саласы бойынша жоғары, орта маманданған не қосымша білімі бар немесе туризм саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар;

· басшылықтың жоғары не орта маманданған білімі және туризм саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар болуы.

 

Дегенмен күнделікті тәжірибеде туроператор мен турагент арасындағы нақты айырмашылықты олардың ұқсас міндеттерді орындай алуына байланысты тұжырымдау қиынға соғады. Туристік ұйым бір мезгілде турагент те, туроператор да бола алады. Мысалы, кәсіпорын туроператор ретінде маршруттар жасап, оларды туристер мен басқа да агенттіктерге сатады; дәл сол уақытта аталған туристік ұйым турагент ретінде басқа кәсіпорындардың турына ие болып, оларды туристерге сатады.

Туризм индустриясының қарқынды дамуы, туристік нарықтағы бәсекелестіктің пайда болуы мен күшеюі – барлығы да туроператор құрылымына әсер етіп, оның әрі қарай мамандануын алдын ала анықтады.

Туроператорлар бөлінеді:

қызмет түріне байланысты:

ü бұқаралық нарықтың операторлары. Олар белгіленген нақты орында кеңінен қолданылатын чартерлік әуе рейстеріндегі көп мөлшердегі турпакеттерді сатады, басты негіз – бұқаралық туризм орнында болады.

ü мамандандырылған операторлар. Бұл белгілі өнім немесе нарық сегментіне (белгілі елге, туризм түріне т.б.) мамандандырылған туроператорлар.

Өз кезегінде олар төмендегідей болуы мүмкін:

а) арнайы қызығушылық туроператорлары (мысалы, ғылыми туризм, тіл үйретуші, спорттық-шытырман туризм, Африкаға сафари ұйымдастыру т.б.);

б) арнайы белгіленген орын операторлары (мысалы, Испанияға, Египетке, Түркияға т.б.);

в) тұрақты клиенттер туроператорлары (жастарға немесе үшінші жастағы тұлғалар, отбасылы жұптар, іскерлер т.б.);

г) арнайы орналасу орны туроператорлары (мысалы, санаторий, демалыс орындары, турбазалар, кемпингтер т.б.);

д) нақты көлік түрін қолданатын туроператорлар (теплоход, автобус, пойыз т.б.).

қызмет орнына байланысты:

жергілікті (ішкі) туроператорлар. Олар тұрғылықты ел шегінде маршруттар бойынша тур-пакеттер құрады;

сыртқы туроператорлар шет мемлекеттерге тур-пакеттер бағыттайды;

қабылдау туроператорлары. Олар белгілі орында орналасады және басқа туроператорлар мен турагенттер қызметі арқылы келуші туристерге қызмет жасайды.

Сонымен бірге, туроператорларды ынталы және рецептивті деп бөлу қарастырылған.

Ынталы туроператорлар – бұлар туристерді шет елдерге немесе басқа аймақтарға қабылдаушы (рецептивті) операторлармен не болмаса тікелей туристік ұйыммен келісімге келу арқылы жіберуші операторлар. Олардың тек қана басқалардың турларын сатумен айналысатын туристік агенттіктерден айырмашылығы БТҰ-ның ережесі бойынша 3 негізгі қызметтен (орналасу, туристерді тасымалдау және алғашқы мен екіншісіне қатысты емес қызмет) кем емес туристік өнімнің жиынтығымен шұғылданады. Классикалық ынталы туроператор маршрут бойынша барған әр түрлі орындардағы жергілікті туроператорлардың қызметін ескере отырып, күрделі маршрутты турлар құрады және де саяхаттың басталу орны мен қайта оралу төлемдерін қамтамасыз етіп, ішкі маршрутты тасымалдауды ұйымдастырады.

Рецептивті туроператорлар – бұлар қабылдау орнындағы қызмет көрсетуді және туристерге ұйымдастырылатын турлар мен бағдарламаларды жинақтап, жабдықтаушы қызметтерімен (қонақ үйлер, тамақтану орындары, ойын-сауық, көңіл көтеру орындарымен) тікелей келісімге келетін қабылдаушы туроператорлар. Бұл нағыз туроперейтинг формасы.

Алайда кейбір елдерде, атап айтсақ, Ресейде қабылдау (рецептивті) туроперейтингі белсенді даму түрінде емес. Тарихы жағынан ол жеткілікті кең дамыған болса да, біз негізінен турлар жасауды білеміз, бірақ бұл жұмыс қызмет көрсетудің халықаралық стандарт деңгейінен бірнеше өте маңызды параметрлері бойынша артта қалып келеді.

Бұл ең алдымен қызмет көрсету бағдарламасын әлсіз саралау, көрсетілетін қызметтің алуан түрлілігінің жеткіліксіздігі, сонымен бірге халықаралық сапа деңгейінен артта қалушылық. Бірақ соңғы жылдары Ресейдің кейбір аймақтарында бұл мәселелер жақсарып келеді (Аяз ата мен Ұлы Устюг, Суздаледегі қияр мерекесі және де Ресейдің орталық аймағындағы бірнеше көрікті қонақ үйлер), жалпы елде аталған мәселе әлі де өз шешімін күтуде.

Қазақстандағы ынталы туроперейтингтің дамуына әсер етуші маңызды кезеңдер: қазақстандықтардыңішкі туризмге сұраныстың төмендеуі аясында шетел мемлекеттеріне саяхаттарға үлкен сұраныстың арту кезеңінің басталуы; шетелдік туристердің Қазақстан жеріне саяхатқа келу сұранысының төмендеуі (қауіпсіздік себебі бойынша); халықаралық туристік нарықта мемлекет тарапынан материалдық қолдаудың болмауынан, сонымен қатар ілгері қозғалуды қаржыландыра алатын ірі шоғырланған туроператорлардың жеткіліксіздігі. Егер «жинақталған сұраныс» - бұл аздаған тарих болса, онда қалған факторлар да өз орындарына ие бола бастайды.

Және де ынталы туроператорлардың құрылуы мен тез дамуы нақты деңгейде жете алды, яғни бұл қызмет батыс туроператорлары үлгісі мен олардың қолдау беруімен құрылды. Ел экономикасын ішкі және сыртқы туризмнің дамуына көмектесу есебімен көтеру – бұл әрбір туристік фирма мен кәсіпорындардың міндеті. Осы міндеттерді шешуде шетелдік серіктестердің көмегінсіз қазіргі заманғы білім мен өзіндік күшке сүйену керек. Сондықтан рецептивті турфирма жұмысының сұрақтары мен мәселелерін зерттеу негізгі туристік өнім өндірісі секілді маңызды болып келеді.

Нағыз туристік кәсіпкерлікте туристік нарыққа сәйкес аралас функциялар жиі кездеседі. Кейбір өнімдердің араласуымен туристік фирма рецептивті әрі ынталы туроператор болса, ал кейбір жағдайларда – басқа туроператорлар жасаған дайын турларды сататын турагент болады. Кейде ынталы, рецептивті туроперейтинг функциялары араласып кетеді.

Туристерді шетелдерге сол елдегі рецептивті туроператорлармен келісім арқылы саяхатқа жіберетін туристік фирма туроператор болып есептеледі.

Туристік нарық қызметінің үлгісінен (сурет 2.1.) көргендей, аталған туристік фирма тек қана агенттік функцияларды атқарады: серіктестер құрған турпакетті сатады, туристерді сақтандыруды, визалық құжаттар мен әуе билеттерін брондауды жүзеге асырады, делдалдық сыйақы есебінде алған өздерінің пакеттерін жеке қызметтер құрамында сатады.

 

 

Рецептивті туроператор – қызмет көрсету пакетінің құрылуы
Рецептивті туроператор – көтерме делдалының жеке қызметтері

 


Шетел мемлекеттері

мемлекет

Ынталы туроператор (қызмет көрсету пакеті + +сақтандыру + виза + ұшу, қону
Турагенттік
Тұтынушылар

 

 


Тікелей өткізу

 

Сурет 2.1. Туристік нарық қызметінің үлгісі

Туроператорлар функциялары:

1. Турлар мен туристік бағдарламалардағы тұрақты туристердің қажеттіліктерін зерттеу.

2. Турлар мен қызмет көрсетудің перспективті бағдарламасын құру, нарықта туристердің қажеттілігін орындау мақсатында оларды саралаудан өткізу.

3. Келісім шарт негізінде турларды жабдықтаушылар қызметімен өзара қарым-қатынас орнату:

· Қонақ үйлермен – туристерге орналасу орнын ұсынуға;

· Тамақтандыру орындарымен – туристердің тамақтануына;

· Тасымал компанияларымен – туристерді тасымалдау қызметіне;

· Экскурсиялық фирмалармен, мұражайлармен, көрме залдарымен, саябақтар және басқа да орындармен – туристерге экскурсиялық қызмет көрсетуге;

· Әр түрлі тұрмыстық қызмет ұсынатын фирмалармен – туристерге сәйкесінше қызмет ұсынуға;

· Спорт залдарының әкімшілігімен – туристерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік беруге;

· Шоу-, кино-, видео-, театр ұйымдарымен – туристердің оларды көруіне;

· Қорықтар, ұлттық саябақтар мен бақтар, аң аулау және балық аулау шаруашылықтарымен – туристердің аталған орындарға баруына;

· Жергілікті муниципальді биліктермен – өз бизнесінде адам мен оны қоршаған ортаға бағытталған қоғаммен байланыс орнатуға (PR).

Турларды жабдықтаушылар қызметімен өзара перспективті қарым-қатынас орнатумен қатар, ағымдық сипатта да қатынас ұстау керек. Әрбір кезең сайын жаңа турлар мен туристік бағдарламаларға зерттеу жүргізіліп отыруы қажет.

- Нарық жағдайын ескере отырып, турдың құны мен оның анық бағасын есептеу.

- Маршрутты тур бойынша саяхаттаушы туристерді қажетті мәліметтерді жарнамалық-ақпараттық сипатта, арнайы құрал-жабдықтар мен инвентармен қамтамасыз ету.

- Туристерге арналған маршрутты құру мен дайындау, оны өткізу қызметтерін атқаратын және қызмет көрсету бағдарламасын бағдарлау, бақылаумен шұғылданатын кадрларды (гид-экскурсовод, инструктор, аниматор, методист т.б.) жинақтау.

- Тұтынушыға өзінің туристік өнімін жылжытуға септігін тигізетін жарнамалық-ақпараттық қызмет.

- Турагенттік жүйе арқылы тұтынушыларға турды жылжыту мен оны жүзеге асыру.

- Қызмет көрсетудің сапасы мен сенімділігіне бақылау жасау.

- Қызмет көрсету барысында туындаған мәселелерді шешу мақсатында туристермен үнемі тығыз байланыс орнату.

Рецептивті туроператор қабылдаудағы турлардың құрылуымен айналысады. Ынталы мамандандырылған туроператор өз кезегінде рецептивті туроператор турының бірнеше бөлімдерін жинақтап, тур ұйымдастырады. Мысал ретінде арнайы жалға алынған тасымал турларын алуға болады (теплоход арқылы круиздар, бірнеше қалалар мен елдерге автобусты маршрутты турлар, теміржол турлары т.б.).

Туроператор тапсырыс бойынша не инклюзив-тур (қатаң, алдын ала анықталған, қызмет жинағын сатуда еш өзгермейтін) түрінде болуы мүмкін бағдарламалар мен пакт турды (пэкидж-тур) жинақтай алады. Сәйкесінше алғашқысы қызмет көрсету нұсқаларымен (әр түрлі қонақ үйлер мен тасымал түрлерін таңдау мүмкіндігі т.б.) сатылса, ал екіншісі – еш нұсқасыз, сату кезінде өзгермейтін кешенді қызмет көрсету жинағымен сатылады. Бұның барлығы да қабылдау мүмкіндігі мен саяхат маршрутына тәуелді болып келеді.

Туристік нарықтағы туроператор қызмет көрсетуді өндіруші мен тұтынушы (туристер) арасындағы негізгі бағытты ұстанады. Оның жұмысы болып жеке өндірушілердің қызметін кешенді туристік өнім түрінде, оның ішінде негізгі қызмет (пакет тур) және қосымша (белгілі орында көрсетілетін қосымша қызметтер) қызметтерді тұтынушыға дейін жылжыту.

Қосымша қызметтер туроператор міндетіне жатпайды. Біріншіден, көптеген қосымша қызметтер – бұл туристерді қызықтыратын (тақырыптық саябақтар, ойын-сауық, қосымша саяхаттар т.б.) бірден-бір себеп, екіншіден, тәжірибе көрсеткендей, туроператордың табысының көп бөлігін туристерге демалыс орнында көрсетілетін қосымша қызметтен алынған табыс құрайды.

Сол себепті туроператордың 2 негізгі кәсіби міндеттерін келесідей бейнеде бөліп қарастыруға болады:

· сапалы туристік өнімді жинақтау мақсатында сенімді серіктестерді (жабдықтаушылар қызметі) таңдау;

· өнімді жылжытудың тиімді арналарын, агенттік жүйені құру.

Маңызды іскерлік серіктестерді таңдау тартымды туристік өнімді құруды қамтамасыз етеді. Ол үшін әрине, қызмет көрсету дәрежесін, қызмет көрсету құрамындағы тиімділікті ескеру қажет. Сонымен бірге жақсы деген серіктестердің өзімен маңызды келісім жасап, табысты (тиімді) келісім-шарт жасау керек. Туристік құжаттарды жасау мен визалық құжаттарды (халықаралық маршруттармен жұмыс жасағанда) реттеуді орындау керек.

Өнімді жылжытудың тиімді арналарын құру бірдей өнім мен нақты әрекет ететін өткізу желілерінің жасалуын қамтиды (серіктестерді таңдау, тек қана өткізу серіктестері – туристік агенттіктер); агенттік келісіммен маңызды қорытынды жасау; жылжытудың жарнамалы, жарнамлы емес әдістерін тиімді қолдана білу; өткізуді ынталандыру. Тұтынушылар үшін өздерінің каталогтарын түсінікті әрі ыңғайлы құрастырып, көрмелік қызметтерге қатысып тұру қажет.

Нарықтағы келесі артықшылықтар болып қызмет көрсету стратегиясы (бағдарламалық жолдар, анимация, сапа); туристер қауіпсіздігінің кепілдігі; туриістік ұйым қызметінің тиімді қаржылық-экономикалық жолдары саналады. Туроперейтинг менеджерлеріне бағытталған біліктілік пен талап етушілік те бұл қызметке үлкен ықпалын тигізеді.

Бақылау сұрақтары

1.Туроператор дегеніміз не?

2.Турагент пен туроператор арасындағы негізгі айырмашылықтар қандай?

3.Ынталы және рецептивті туроперейтинг дегеніміз не?

4.Туроперейтингтің негізгі функцияларын ата.

5.Туроператордың 2 негізгі кәсіби міндеттері қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 3103; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.