Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. Сабақ барысында инициативті және рецептивтітуроператорлар айырмашылықтары қарастырылды

Орытынды

Сабақ барысында инициативті және рецептивтітуроператорлар айырмашылықтары қарастырылды.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студенттер жоғарыда қарастырылған туристік келесімшарт айырмашылықтарына аса назар аударулары жөн.

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва, 2008

Дәріс 9. Туроперейтингтегі құжат айналымы. Визалық қолдау

Дәрістің мақсаты: Құжаттармен жұмыс туроператор менеджері қызметінің ең маңызды бөлігі ретінде қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

1.Туроретейтингтегі құжаттаманың мәні және ерекшелігі

2.Туроперейтинг құжаттамасының классификациясы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: құжаттармен қызмет атқару байыптылығы,туроператор құжаттарының классификациясы, туроператор жарғысы, ұйымдасқан келісім, ішкі қызметтік құжаттар.

 

Құжаттармен жұмыс туроператор менеджері қызметінің ең маңызды бөлігі ретінде қарастылады, менеджер бұл іспен айналысуға жұмыс уақытының негізгі бөлігін жұмсайды. Төменде келтірілген себептерге байланысты құжаттармен қызмет атқару байыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді:

· Біріншіден, туристтік қызмет қарапайым тауардан өзінің сапасының өзгергіштігімен ерекшеленеді,сондықтан әр тур –пакетке өз уақытын белгілеп, аздаған өзгерістер көрініс тапса, ол соған сәйкес құжаттамада көрініс табуы тиіс;

· Екіншіден, ағымдық туроперейтинг туроператор менеджері арқылы өтетін ақпараттар ағынын көрсетеді;

· Үшіншіден, анықталған құжаттардың нақты үлгісінің бар болуы ресми туроперейтинг пен бухгалтерлік есеп жүргізуге қажетті болып келеді.

Туроператор құжаттары қасиеттеріне қарай классификацияланады:

· Құжаттаманы пайдаланушылар ортасына қарай құжаттар ішкі қолдануға арналған және үшінші жаққа қолдануға арналған құжат болып жіктеледі;

· Құжаттағы ақпараттар ағынына байланысты, кіріс және шығыс құжаттары болады;

· Көңілін білдіру формасы мен дәрежесіне қарай: келістіруші, императивті, рұқсат етілген, ұсыныс білдіруші және кеңестік – түсіндірмелік құжат.

Туроперейтинг құжаттарының басты классификациясы ретінде туроператор қызметінің осы немесе басқа ортасына қатысты құжаттағы ақпараттар классификация. Осы классификацияға негізделе отырып келесіні бөліп көрсетуге болады:

· Жарғылық құжаттар;

· Бухгалтерлік және статистикалық құжаттар;

· Ішкі тәртіптік құжаттар;

· Жабдықтаушымен қарым – қатынас реттеуші құжаттар;

· Агенттермен арақатынас реттеуші құжаттар;

· Туристтермен арақатынас реттеуші құжаттар;

· Серіктестермен арақатынас реттеуші құжаттар.

Туроператордың жарғылық құжаттарының өзіне тән өзгешелігі бар:

· Олардың бар болуы мен заңдық күші мемлекет немесе аймақ территорисының ішінде әрекетететін заңдар мен заңдық актілерге қажетті;

· Олар туристтік бизнестің ресмилігін растап, туроператор қызметінің құқықтық негізі жайында аздаған ақпараттан құралады;

Туроператордың жарғылық құжаттарына келесі маңызды құқықтық – нормативтік актілерін жатқызамыз:

· Туроператор жарғысы – ұйымдастырушы фирма құрамы жайында мағлұматтардан тұратын негізгі құжат, олардың жарғылық капиталға жарнасы мен фирманы басқарудағы құқықтары мен міндеттері жайында жазылған.

· Ұйымдасқан келісім – ұйымдастырушылардың коммерциялық мақсаттары мен қызығушылықтарына бірігіп, келісілген түрде жетуі;

· Туроператор фирмасының мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжат;

· Салық органдарына есепке алынғандығы жайында айғақтайтын құжат;

· Бюджеттік емес қорларда есепке алынғандығы туралы құжат.

Туроперейтингта жеке жарғылық құжат ретінде туроператорлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензия болып табылады, ол үш жылға беріледі. Туроператор және экономикалық даму және сауда министрлігімен ұсынылатын сапа сертификаты, мемлекеттік қызметтер стандартына сай келу сертификаты. Аталған жарғылық құжаттар туроператордың офисінде сақталып, клиенттер, серіктестер немесе мемлекеттік орган өкілдерінің талабы бойынша ғана көрсетіледі.

Туроператордың бухгалтерлік немесе статистикалық құжаттары фирманың коммерциялық қызметтің басқа түрлеріне қатысты құжаттарынан айырмашылығы аз ғана. Оның ерекше белгілеріне келесілер жатады:

· Мемлекеттік басқарушы органдармен қатаң түрде бекітілген құжаттар үлгісі мен оларды толтыру ережесі;

· Аталған құжаттама ішкі қолданылуымен қатар,үшінші жаққа ұсынуға арналған (мысалы, салық инспекциясына,бюджеттік емес қорларға есеп беру);

· Осы құжаттаманы сақтау мемлекеттік органдармен бекітілген ереже;

· Бухгалтерлік немесе статистикалық құжаттарға қол қою мен оны құру құқығы шектеулі ортаға тән, ол туроператор бұйрығы немесе жарғысымен бекітіледі.

Бухгалтерлік құжаттар туроператор жұмысының келесі сферасында реттеледі:

· Қолма – қол немесе қолма – қол емес есеп жүргізу;

· Кассалық тәртіпті сақтау;

· Бекітілген салықты төлеу;

· Қызметкерлерге жалақыны есептеу;

· Фирма ұйымдастырушылары арасындағы ақшалай немесе мүліктік қатынас;

· Фирма қорын есептеу және тіркеуге алу;

· Резервтік қор жинау;

· Фирманың дебиторлық және кредиторлық борышын есептеу және бақылау.

Жоғарыда айтылғандар бухгалтерлік құжаттаманың біршама түрімен реттеледі, сонымен қатар оларды өз кезегінде бірнеше топқа классификациялауға болады:

· Банктік құжаттар (төлем тапсырмалары, есеп және т.б.);

· Кассалық құжаттар (ордер, кассалық кітапша,т.б.);

· Материалдық құндылықты есепке алу құжаттары немесе қатаң есеп беру құжаттары;

· Еңбекақы төлеу жайындағы құжат;

· Және т.б.

Статистикалық құжаттар туристтік нарықтың макроэкономикалық мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру үшін тиесілі статистикалық органдарға ұсынылады.

Ішкі қызметтік құжаттар ішкі қолдануға арналған және төмендегілерді ретке келтіреді:

· Персоналмен туроператор менеджменті қатынасы (қызметкерлердің жеке ісі, еңбек келісім шарты, лауазымдық нұсқаулар, жалдау бойынша бұйрық, қызмет бабымен жылжу, жұмыстан шығу, демалысқа шығару және т.б.);

· Фирманың ағымдық қызметі жайында ұйымдастыру сұрақтары (штаттық кесте, жұмыс күнінің кестесі, фирманың ұйымдық құрылымы, бөлімшелер арасындағы қатынастар үлгісі);

· Еңбек қызметінің экологиялық мәселесі мен қауіпсіздігі (жұмыс орнындағы өрт сөндіру қауіпсіздігі ережесі, өрт болған жағдайда көшіру жоспары және т.б.).

Ішкі қызметтік құжаттардың ерекшелігі:

· Туроператор жұмысында олардың қажеттігі (басқару органдары талабына);

· Осы құжаттама авторы мен қолданушылары бір фирма қызметкерлері болып табылады;

· Осы құжаттаманың бар болуы және оның мемлекет талаптарына сәйкес келуі үшінші жақпен тексеріледі;

Жабдықтаушымен жұмыс атқару құжаттамасы туроператордың барлық жабдықтаушымен қатынасын және ағымдық туроперейтингте қолданылатын туристтік қызметтерді реттейді, сонымен қатар туристтік өнімнің пайда болу процессін реттеп, оның сапалы түрде жүзеге асуының кепілі болып табылатын туроператор құжаттамасының маңызды бөлігі. Бұл құжаттаманың жоқ болуы немесе дұрыс дайындалмауы туроператордың туристтер алдындағы жауапкершілігін жабдықтаушыларға тапсыруға мүмкіндік бермейді, қолайсыз жағдайлардың пайда болуына жабдықтаушылар кінәлі болса да жауапкершілікті оларға жүктей алмайды.

Келісім-шарт туроператордың жабдықтаушылармен қатынасын реттейтін негізгі құжат болып табылады. Туроператордың жабдықтаушымен кез келген келісімшарты төмендегі ақпаратты қамтуы тиіс:

· Толық атауы мен екіжақты деректеме (заңдық және почта адресі, телефон, факс нөмірі,банктік реквизит,салық төлеуші нөмірі);

· Екі жақтың да әрекетке қабілеттілігі танылған немесе келісімге отырған жақтардың заңдық күші негізіндегі құжаттама;

· Келісімшартқа отыру негізі (яғни мақсат, осы мақсатқа жетудегі екі жақтың серіктестікке келісімге келуі);

· Серіктестік кезіндегі екі жақтың құқы мен міндеттері;

· Келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін екі жақтын жауапкершілігі;

· Келісімшарттың күшіне енуі мен бұзу талаптары.

Жабдықтаушылардың кіріс құжаттары олардың ұсыныстары мен бұдан әрі серіктестікті жалғастыру кепілдемесі жайында ақпараттан құралады. Осыған мысал ретінде прайс-лист, прейскурант, серіктес болу ұсынысы, ақпараттық хаттар, жарнамалық ақпараттар болып табылады.

Жабдықтаушыларға арналған шығыс ақпараты туроператормен ұсынылатын бұдан әрі серіктес болу мүмкіншіліктерінен құралады.

Егер туроператор жабдықтаушымен бір реттік жұмыс атқаратын болса жабдықтаушы қызметін брондауға тапсырыс беру таралған.

Анықталған қызметті брондауға тапсырыс беру туроператор бланкісінде жүзеге асады және ол келесі негізгі мәліметтерден құралады:

· Брондалатын қызмет түрі;

· Қызмет көрсету мерзімі;

· Қызмет көрсету талаптары;

· Қызмет ету классы;

· Топтағы адам саны;

· Туристтер жайында жеке ақпарат;

· Қосымша талаптар.

Жабдықтаушылармен қатынасты реттеуші құжаттардың ішінен өзгешелігімен, жабдықтаушысымен немесе туроператордың олармен серіктестік формасымен анықталатын мамандандырылған құжаттарды бөліп көрсетуге болады.

Туроператордың агенттермен қатынасын реттейтін құжаттар туроперйтингте өте маңызды, олардың өңделгендігі сапаның кепілдемелік деңгейі мен оператор және агенттің жанжалсыз жұмысына байланысты. Туроператор мен агент арасындағы арақатынасты реттеуші құжат мазмұны мен формасының бекітілген үлгісі болмайды, оларды жүзеге асыру туроператордың интелектуалды еңбегі.

Агенттік келісімдер осындай құжаттар қатарына жатады. Мұндай агенттік келісімшарт құжаттарының туроператор мен турагенттер арасындағы серіктестіктің туристтік өнімнің жылжуы мен жүзеге асуының кепілі.

Агенттік келісімнен бөлек туроператор мен агенттің арақатынас сферасын төмендегілер тәртіпке келтіреді:

· Арнайы ұсыныстар – талаптардың, мерзімнің немесе тур бағасының өзгерісі жайында ақпаратты туроператордың жүйелі түрде жіберуі;

· Брондауды растау – алдағы тур жайында ақпараттан тұратын және оның жүзеге асуын қамтамасыз етеді;

· Туроператордың бағалық ұсыныстар мен жасырын тарифі;

· Стоп –лист - белгіленген уақытқа сату тоқтатылған қонақ үй мен тур жайындағы ақпараттан құралады.

· Төлем есебі – туроператормен мәлімделген және бекітілген сапардың ақысын төлеу турагенттерге тапсырылады.

Туроператор мен туристтер арақатынасын реттеуші құжаттар.

Осындай құжаттама төмендегідей негізгі себептерге байланысты жүргізіледі:

· Бұл құжат туроператор мен клиент арансындағы келісімнің шындығын қағаз жүзінде растап көрсетеді, осы құжат негізінде екі жақтың да белгіленген міндеттер қатары пайда болады, бұзушылық жасаған жақтың орындамау немесе міндетті емес орындау себептерінен туатын жауапкершілікке алып келеді. Туроператордың осындай құжатпен жұмыс жасауы алдағы туристтік бизнесті туристтердің әділетсіз талабынан қорғап қалудың бірден бір жолы.

· Туристтік қызметтің іс жүзінде сатылғандығын анықтайтын, және басқарушы орган тарапынан жиі тексеріс жүргізілетін құжат,сондықтан осындай құжаттың толтырылуы мен сақталуы ресми туристтік қызметпен айналысуға қажетті болып табылады.

· Осындай құжаттаманың сауатты толтырылуы, жүйеленуі және сақталуы туроператорға өзінің сатылымын бақылауға, жарнамалық компания тиімділігін бағалауға, жұмысерлеріне берілетін сый ақы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Туроператор мен турист арасындағы қатынасты реттеуші осындай құжат қатарына келесілерді жатқызамыз: туристтік қызмет ұсынылғаны жайында келісімшарт, туристтік жолдама, туристтік ваучер, ақпараттық парақ.

Туристтік қызмет ұсынылғандығы жайында келісім-шарт турист пен туристтік фирма арасындағы коммерциялық келісімді заңды түрде растайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжатқа екі жақ толық келісімге отырғанда қол қойылуы тиіс. Заң бойынша туроператор мен турист те бұл келісімшарт жүргізілуде өздері қатысуы тиіс. Жоғарыда айтылып кеткендей екі жақ ол турист пен туристтік фирма. Туристтік фирма ретінде көп жағдайда турагенттер қатысады.

Келісім-шарттың негізгі құралы ретінде белгіленген бағада мазмұны мен сапасы анықталған туроператор сатқан және турист өзіне пайдалануға алған туристтік өнім. Бұл келісімшартта туристтік қызмет жайында толық мағлұматтар жазылуы тиіс, мысалы маршрут, түнеу орындары, мерзімі, орналастыру ақысының төленуі, экскурсия саны, тамақтану жүйесі және т.б. Келісім-шарттың соңғы бетінде міндетті түрде туроператор мөрі мен екі жақтын қолы қойылады. Келісім-шарттың келесі бөлімінде міндеттер мен құқықтар көрсетіледі. Әдетте туроператор келесі міндеттер мен құқықтарды ерекшелеп көрсетеді:

· Ұсынылып отырған туристтік саяхат жайында толық ақпаратты көрсету: уақытша болу орнын, қоршаған орта жағдайын, құжатты сапалы толтыру;

· Саяхаттау кезінде маршрутты және осы маршрут бойынша оның қозғалыс кестесін туристке толықтай мәлімдеу;

· Саяхаттау бағдарламасының өзгерісі жайында өз уақытында ақпарат беру;

· Турды іс жүзіндегі келісімшартқа сай ұйымдастыру;

· Турист турмен толық есеп айырысқаннан кейін ғана туристтің атына ұйымдастырылған турды ұсыну; турдың кестесі мен нөмірін өзгертуге туроператордың құқы бар.

Ал турист өз жағынан келесілерге міндетті:

· Маршрутты таңдап, саяхаттың барлық талаптарын анықтап, туроператор арқылы қажетті қызметке тапсырыс беруге;

· Туроператорға құжатты толтыру үшін баратындар жайында жеке ақпаратты ұсынуға;

· Тур кезінде медициналық сақтандыру жайында келісімге келу немесе қолда бар сақтандыру полисін ұсыну;

· Келу орнының заңдылығын сақтауы тиіс, орналастыру орнында тұру, транспортпен жүргенде, мемлекеттік шекарадан өткенде, жеке бас қауіпсіздігі мен жекеменшік заттарының сақталуы жайында ережелерді ұстануы тиіс.

Сонымен қатар турист анықталған мерзім келмегенше өз атынан брондалған турдан қосымша төлемсіз бас тарта алады. Келісімшарттың ерекше көрсететін жеке бөлімі келісімшарт бағасына арналған. Бұл бөлімде турпакеттің толық бағасы көрсетіледі. Баға тек ұлттық валютамен көрсетіледі. Бұдан бөлек төлем жасау формасы мен төлеген мерзімі көрсетіледі.

Туристтік жолдама ағымдық туроперейтингтегі негізгі құжат. Ол туристтің турфирмамен келісімге отырып, турдың ақысын толық төлегендігін көрсететін және туристке турпакетті пайдалануға рұқсат беретін құжат.

Жолдама келісімшарт секілді ұсынылған және ақысы төленген тур жайында максимум ақпараттардан құралады:

· Тур атауы және оның коды;

· Саяхат маршруты;

· Қызметтер пакетінің мінездемесі, нөмір, тамақтану кестесі, визаның болуы,сақтандыру;

· Экскурсиялық бағдарламаның бар болуы;

· Қосымша төленген қызметтер.

Туристтік ваучер саяхаттау ақасының толық толенгендігін растайтын құжат. Жолдамадан ерекшелігі бұл құжатты тек туроператор ғана толтырады және туристке ақысы төленген қызметтерді тұтынуға толық рұқсат беретін негізгі құжат.

Ваучерді толтырудағы негізгі талаптар:

· Ваучерді берген туроператорды көрсету;

· Ваучердің нөмірленуі.

Сонымен қатар ваучер туроператор қызметін біршама жеңілдетеді.

 

Бақылау сұрақтары

1.Туроператор менеджері қызметінің ең маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын жұмыс?

2.Туроператор құжаттары қасиеттеріне қарай қалай классификацияға бөлінеді?

3.Туроператордың жарғылық құжаттарының өзіне тән өзгешелігін атаңыз.

4.Ішкі қызметтік құжаттардың ерекшелігін атаңыз.

5.Туроператордың агенттермен қатынасын реттейтін құжаттарды атаңыз.

6.Туроператор мен туристтер арақатынасын реттеуші құжаттаржәнеосындай құжаттама қандайнегізгі себептерге байланысты жүргізіледі?

7.Турист пен туристтік фирма арасындағы коммерциялық келісімді заңды түрде растайтын негізгі құжат?

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дебиеттер. 1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005 | Орытынды
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 887; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.057 сек.