Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. Қазіргі таңда туроперейтингті автоматтандыру ғылыми техникалық прогресспен түсіндіріледі.Жалпы алғанда




Орытынды

Қазіргі таңда туроперейтингті автоматтандыру ғылыми техникалық прогресспен түсіндіріледі.Жалпы алғанда ғаламдық желілер арқылы брондаумен айналысатын компаниялар бір бағытта дамиды және ол айтарлықтай ойға қонымды. Біріншіден, негізінде Интернетті белсенді меңгерумен жүретін деңгейдегі рұқсатты жеңілдету желісі бойынша бағыттағы даму жүреді. Екіншіден, клиенттердің қызығушылықтары үшін жаңа қызметтерді енгізуге және оларды қолдануды қарапайымдауда брондау жүйесі үздіксіз жаңарып отырады.Қазіргі тур және туристік қызметтердің Интернет брондау жүйесін шартты түрде екі категорияға бөлуге болады: жоғарыдағы брондау жүйесі жататын, туроператормен үздіксіз байланысты талап ететін және талап етпейтін.Бірінші категорияға, өзінің қолданушысына ақпаратты жүктеуді таңдауға максималды қажет ететін электронды брондау жүйесін жатқызуға болады.

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Студент бұл дәрістен туроперейтингті автоматтандырудың жаңа бағдарламаларын,интернетті белсенді меңгерумен жүретін деңгейдегі рұқсатты жеңілдету желісі жөніндемеңгерулеріне мүмкіндік жасау болып табылады.

1. Ильина Е. Н., Туроперейтинг: организация деятельности, Москва, 2005

2. Ушаков Д.С, Туроперейтинг, «Март», Москва, 2004

Қосымша әдебиет:

1.Ассоциация авторов и издателей «Тандем» Гостиничный и туристский бизнес, М.,1998

2. Исмаев Д.К., Основная деятельность туристской фирмы, Москва,

 

 

Дәріс 14.Туризм сферасындағықатынастардықұқықтық реттеу

Дәрістің мақсаты: туристік қызмет, ел экономикасының бір саласы ретінде, сенімді құқықтық реттетеуді қажет етеді, яғни оның дамуы үшін қолайлы шарттарды жасау. Туризм құқықтың түрлі саласының реттеуші әсерін толық қабылдайды: кедендік, сақтық, әкімшілік, экологиялық, тұтынушының құқығын қорғау және т.б. Осы қатарда, азаматтық құқыққа айрықша мән беріледі.Сол себепті ҚР-ның заңнамалары қарастырылады.

Дәріс сұрақтары:

1.ҚР туристік қызметінің құқықтық негіздері

2.Туроперейтингті лицензиялау және стандарттау

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: туроперейтингті лицензиялау және стандарттау,кедендік, сақтық, әкімшілік, экологиялық, тұтынушының құқығын қорғау.

 

Туристік қызмет, ел экономикасының бір саласы ретінде, сенімді құқықтық реттетеуді қажет етеді, яғни оның дамуы үшін қолайлы шарттарды жасау. Туризм құқықтың түрлі саласының реттеуші әсерін толық қабылдайды: кедендік, сақтық, әкімшілік, экологиялық, тұтынушының құқығын қорғау және т.б. Осы қатарда, азаматтық құқыққа айрықша мән беріледі.

Азаматтың кодекс ҚР заңнамасының дамуы мен жаңаруына себепкер болды, ең алдымен, кәсіпкерлік саласындағы нарықтық қатынастың дамуына, соның ішінде, туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінің дамуына түрткі болды.

1996 жылдың 4 қазанында, Қазақстанның мемлекеттік думасы «ҚР туристік қызметінің негізі туралы» заңды қабылдады. Сонымен туризм саласын, тұңғыш рет, жоғарғы заңды күшке ие, құқықтық акті реттейді. Ол туризм саласының құқықтық системасының негізін қалады. Заңнаманы зерттеу, сонымен қатар, оның баптарының азаматтық, әкімшілік, экологиялық және құқықтық нормалармен арақатынасын реттеу, салыстыру, туристік ұйымдардың жұмыскерлеріне, құқықтық келіспеушіліктен, қателерді және материалдық шығындарды болдырмауға көмек береді, ал, туристік қызметті тұтынушы азаматтарға, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне көмек береді.

"ҚР туристік қызметінің негізі туралы" заңы, туризмде пайдаланылатын бірқатар ұғымдарға анықтама беріп кеткен: туризм, туристік қызмет, ішкі туризм, шығу және келу туризмі, әлеуметтік туризм, дербес туризм, турист, туристік ресурстар, туристік индустрия, тур, туристік өнім, туристік өнімді жылжыту, туроператорлық қызмет, турагенттік қызмет.

Әдiстемелiк жоспардағы негiзгi ұғымдар туралы бап заңның енгiзу бөлiмi болып табылады. Жалпы алғанда, бұл ұғымдар Бүкiләлемдiк туристтiк ұйымның ұсыныстарына жауап бередi және халықаралық туристтiк тәжiрибеде қолданылатын ұғымдарға сәйкес келедi. Келтiрiлген негiзгi ұғымдар, тек қана көрcетiлген мәндi білдіретін нормативтiк, заңда бекітілген болып табылады.

Келтiрiлген негiзгi ұғымдардың бiрдей анықтама, түсiндiрмесi, туризмның саласымен жанасатын барлық тұлғалар үшін, туристтiк ұйымдардың лауазымды тұлғаларының заңгерлiк практикасында, оларды бiркелкi қолдануға мүмкiндiк бередi. Заңды бiлмеушiлiгi ғана емес, оны түсiнбеу де ешкімді жауапкершiлiктен босатпайды.

Заңының «Туристтiк қызметтi мемлекеттiк реттеу» бөлімінде, өте маңызды заңнамалық ережелер бекітілген:

■ Ел экономикасындағы туризмнің орыны туралы;

■ Туристтiк қызметтi мемлекеттiк реттеу қағидалары туралы;

■ Туризм саласын мемлекеттiк реттеудің әдiстері, мақсаттары мен басым бағыттары.

Заңның 3-шi бабында, мемлекет, Ресей федерациясының экономикасының басым салаларының бiрі ретінде, туристтiк қызметті көрсетiледi. Заңның нормасында тұңғыш рет, туризм Ресей экономикасының басты саласы деп мәлiмделген.

Туристiк қызметті мемлекеттік реттеудің алғы шарттарын көрсеткенде, заң, мемлекетке туристік қызметке қолдау көрсетіп, оны дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау, бағытын анықтап, қолдау көрсету, (демек, отандық туризмді жетiлдiруде дұрыс бағыттарды анықтап, саралау), елімізді туризм үшiн қолайлы ел көзқарасын қалыптастыру, отандық туристтер, туроператорлар, турагенттерге қолдау жасап, олардың құқықтарын қорғау.

Заңның 4-шi бабындағы туристтiк қызметтiң мемлекеттiк реттеудiң түпкi мақсаттарының арасында мыналар көрсетiлген: азаматтарға демалыс, саяхат барысында еркін орын ауыстыру құқығын қамтамасыз ету; қоршаған табиғи ортаның қорғалуы; туристердің тәрбие, бiлiм алу және сауығуына бағытталған қызмет үшiн жағдай жасауы; саяхаттардың барысында, азаматтардың қажеттiгiн қанағаттандыратын туристтiк индустрияны құру, жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiк табыс пен ел азаматтарының табыстарының өсуі, халықаралық байланысуларды дамыту, туристтiк объектілерді сақтау, табиғи және мәдени мұраның объекттерiнiң тиiмдi қолдану.

Сонымен бiрге, заңның 4-шi бабында, мемлекеттiк реттеудiң тиiмдi бағыттары ретінде, ішкі, шығу, әлеуметтiк және өз әрекеттi туризмді қолдау мен дамыту болып табылады, туризмның бұл түрлерiн дамыту, жақын болашақта, еліміздің бірқатар мәселелерiнiң эффективті шешілу мүмкiндiгін береді (мысалы, ел экономикасына шетелдiк инвестиция салымдары, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, шетел инвестициялары үшін жаңа объекттерді салу.

Сонымен қатар, заңның 4-шi бабында туристтiк қызметтiң мемлекеттiк реттелуiнiң әдiстерi анықталған. Оған жатқызуға болады:

■ туристтiк қызмет саласындағы қатынастарды әбден жетiлдiруге бағытталған нормативтiк – құқықтық актілерді жасау;

■ туристтiк өнiмді iшкi және дүниежүзілiк туристтiк нарыққа шығуына қолдау көрсету, туристердің құқықтарын қорғау, олардың қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етуi, туристтiк индустриядағы лицензиялау, стандартизация, турөнімді сертификациялау, ел аумағына кiрудiң ережелерiн бекіту.

Туризм салаларының мемлекеттiк реттеудiң ең маңызды әдiстерi болып: туристтердің мүдделерiн қорғау мақсаттарындағы қызметтi лицензиялау, стандартизациялау, сертификациялау.

Туроперейтингті лицензиялау және стандарттау

ҚР-ның азаматтық кодексiнің 49-шы бабына сәйкес, заңды тұлға, заңмен анықталатын қызметтiң жеке түрлерiмен, тек қана арнайы рұқсатнама (лицензия) негiзiнде айналыса алады. Лицензия - бұл заңды немесе жеке тұлғаға, анықталған бір қызметпен айналысуға, белгілі бір ережелерді сақтағанда, белгілі бір мерзімге берілетін мемлекеттік органның беретін рұқсаттанамсы.

2002 жылға дейiн лицензиялауға тек қана халықаралық туристтiк қызмет жатты (туристтердің шетелге жiберілуi және олардың ел аумағындағы қабылдануы), ол ҚР 12.12.95 жылғы қаулысымен бекiтiлген үкiметтiң халықаралық туристтiк қызметiнiң лицензиялауы туралы жағдай негiзiнде iске асатын.

Дегенмен, 2002 жылдың ақпанынан туристтiк қызметтiң лицензиялауындағы жағдай өзгердi. Сонымен бiрге, жаңа лицензиялау туралы ережелерге сәйкес, туроператорлық және турагенттік қызметті жүргізуде жеке лицензия қажет болады, туроперейтингті лицензиялаушы орган еліміздің экономикалық даму және үкiметтiң сауда министрлiгi болып табылады (және мамандандырылған құрылымдық бiрлiк ретінде - оның құрамындағы туризм департаментi болып табылады).

Туроператорлықлицензия берілу мерзімі 5 жыл.

Туроператорлық қызметті жүзеге асырғанда, лицензиялық талаптар мен шарттар мыналар болып табылады:

а) штатта туроператордың — туроператорлық қызметті орындайтын, кемінде жетi қызметкердің бар болу;

б) туроператорда кемiнде 30 % қызметкерлерiнiң жоғарғы, орташа арнайы немесе туризмның төңiрегiдегiн бiлiмдi толықтыруға болатын қызметкерлердiң (штаттық кесте бойынша),немесе туроператордың жетекшісінде туризмдегі жұмыста кемiнде бес жыл стаждың болу;

в) қауiпсiздiк талаптарына сай туристтiк қызметтердiң сертификатының бар болуы;

г) үш жылда бір рет туроператорлық қызметті орындайтын заңды тұлғалардың, қызметкерлердің бiлiктiлiгін жоғарылату керек;

д) шет мемлекетке шығу, кiру және шетел мемлекетте болу ерекшелiктерi туралы жеткiлiктi мәлiметтiң анықталған ретте әрбiр туристiне дейiн жеткiзу, туристтiк сапардың мiнез-құлығының ерекшелiгi туралы, соның iшiнде әрбiр нақты елдегi тағы басқа ережелердің, жергiлiктi дәстүрлер және салттардың қажеттiлiгi, мәдени мұраға және қоршаған ортаға ұқыпты қатынасы туралы;

е) еліміздің тиiстi заңнамасына сәйкес, клиентпен келiсiм шартқа тұрғаннан кейін ғана туристтiк қызметтердің көрсетілуi;

ж) туроператордың қызметі, жұмыс тәртiбi, оның орналасуы, лицензияның бар болуы туралы клиентiне жеткiлiктi мәлiметтерді ұсыну, туристтiк қызметтiң нақтылы бағыттарының қызметтегi сертификаттары, мiндеттi сертификаттаулар, лауазымды тұлғалардың аты, фамилиясы, әкесiнiң аты.

Лицензияны алу үшін келесi құжаттар қажет:

а) лицензияны беру туралы өтiнiш:

■ атауы және заңды тұлғаның ұйымдастыру - құқықтық формасы, орналасу орны;

■ жеке кәсiпкер үшiн - фамилиялар, аттар, әкесiнiң аты, тұратын жерi, адамды куәландыратын құжаттар;

■ заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер жүзеге асыруға ниет еткен лицензияланатын қызмет түрлерi;

б) лицензия iзденушiсiнiң мемлекеттiк тiркеуi туралы құжаттардың көшiрмесi және заңды тұлға үшiн - заңды тұлға ретiнде куәлiк қағазының көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - азаматтың жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк қағазының көшiрмесін;

в) лицензияның iзденушiсiнiң салық органына есепке қойылуы туралы куәлiк қағаздар көшiрмесін;

г) лицензияның берілуi туралы өтiнiштiң, лицензия беретiн органымен қарастырылған лицензиялық жиынының төлеуін растайтын құжат;

д) жеке кәсiпкердiң, лицензияны iзденушiсiнiң бiлiктiлiгiн тиiстi лицензиялық талаптар және шарттармен растайтын документ көшiрмелерi немесе заңды тұлғаның -лицензияның iзденушiсiнiң құжаттары;

е) лицензияның iзденушiсiнде меншiк құқығына немесе ғимараттар мен бөлмелерге құқығының, лицензиясының болуы, атаулар бклгіленген туроператорлық қызметте қолданылатын басқа құжаттардың деректемелерi, және соның негiзiнде лицензия ізденуші оларды қолданады;

Егер де документ көшiрмесi нотариалды кепілденбесе, олар түпнұсқаның көрсетілуiмен көрiнедi.

Лицензиат тарапынан, лицензия беретiн органның жетекшісімен анықталған лицензиялық талаптар мен шарттардың сақталуын бақылау жүргізіледі, тексерудi өткiзудiң мерзiмдерi және комиссияның құрамын тексеру лицензиятпен анықталып. Тексерiс нәтижелерi бойынша, барлық комиссия мүшелерi қол қойған нақты заң бұзушылықтардың нұсқауы бар актi жасалады. Лицензиат (оның өкiлi) тексерiс нәтижелерiмен танысуы тиіс, және актіде таныстырылуы жайлы тиiстi жазу болуы керек. Егер лицензиант тексерiс нәтижелерiмен келiспейтiн болса, ол актіде өз пiкiрін білдіре алады. Егер лицензиат тексерiс нәтижесiмен танысудан бас тартса, комиссия мүшелерi бұл жағдайды актіге енгізеді және оны өз қолдарымен растайды.

Лицензиат қызметінің тоқтатылуына әкелген, көрcетiлген заң бұзушылықтарды жою туралы ескертуді алғаннан кейін, мерзімі 15 күннен аспау керек.

Лицензиат пошталық адрестiң өзгерiсi және туроператорлық қызметін асыруы үшiн ол қолданылатын меншiктi, мекенжайларының өзгерісі жайлы лицензия беретiн органды 15 күн ішінде мәлiмдеу керек, сонымен қатар, тексерулердi өткiзу үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, соның iшiнде, қажеттi мәлiмет пен құжаттармен қамту.

Сонымен бiрге,лицензия беретiн органмен лицензиаттар туралы мәліметтер сақталатынреестржасалады.

Туризмның салаларын мемлекеттiк реттеу әдiсі туристтiк қызметтiң стандартизациясы, сонымен бiрге туриндустрияның объекттерi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 834; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.