Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ереже: Эмпатияны білдіру




Тест.

Тест

1) Сізде - іскерлік кездесу. Оны тосу сіздің мазаңызды ала ма?

2) Сіз дәрігерге көрінуді әбден асқынғанға дейін соңына қалдыра бересіз бе?

3) Сіздерде жиналыс, мәжіліске ұқсайтын шараларға хабарлама, ақпарат, баяндамамен шығу міндеті қанағатсыздық туғызады ма?

4) Сізге басқа қалаға баруды ұсынады, сіз онда ешқашан болған жоқсыз. Сіз осы жолсапарға бармау үшін барлық күшіңізді жұмсайсыз ба?

5) Өзіңіздің қобалжуыңыз туралыбіреумен ақылдасасыз ба?

6) Сізді көшеде танымайтын кісі тоқтататқанда (жол көрсетуді, уақыт айтуды, сұраққа жауап беруіңізді сұраса) сіз ашуланасыз ба?

7) Әр ұрпақтың бір-бірін түсінуі қиын, «Әкелер мен балалар» мәселесінің бар екеніне сен сенесіз бе?

8) Сіз танысыңыздың бір ай бұрын қарызға алған 10 мың теңгені қайтаруды ұмытып кететінін ескертуге ұяласыз ба?

9) Асханада сізге сапасы нашар тағамды бергенде сіз үндемейсіз бе немесе үндемей ашуланып тарелканы аласыз ба?

10) Танымайтын кісімен қалған кезде сіз онымен әңгіме бастайсыз ба?

11) Сізге кез-келген ұзын кезек, қай жерде болмасын қорқыныш туғыза ма (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында)? Кезекті көріп өзіңіздің сатып алу ниетіңізден қайтасыз ба, әлде кезекке тұрып күтесіз бе?

12) Жанжал туғызатын жағдайды қарастыруға туралы қандай бір комиссияға қатысудан қорқасыз ба?

13) Әдеби шығармаларға, өнерге баға беруде сіз жеке сыныңызға басқа пікірлерді қолданбайсыз ба?

14) Жақсы жаңалық туралы сұрақтың қате пікірін бір жерлерден естігенде, сіз дауласпай үндемей қала бересіз бе?

15) Басқа оқу тақырыбы бойынша біреу өтініш түрінде көмек сұраса, ол сізге ұнайды ма?

16) Сіз өз көзқарасыңызды (пікірді, бағаны) ауызша түрде де, жазбаша түрде де жақсы жаза аласыз ба?

 

Жауап бағалары: әрбір иә - 2 ұпай, кейде – 1 ұпай, жоқ – 0.

 

6-тақырып: Қазақ тілінің орфоэпиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық және интонациялық ерекшелікері

Ауызша сөздің дұрыс айтылуын орфоэпия оқытады. Орфоэпия дегеніміз - тек қана дұрыс ауызша сөздің үлгісі емес (грамматикалық және сөздің дұрыс айтылу түрі), сонымен бірге орфоэпикалық нормаларды бекітетін ғылым.

Орфоэпия рөлі орфография рөліне ұқсас. Нақты, қатесі көп хатты оқитын сияқты (қате – бұл оқу кезіндегі кедергі) сөйлемді дұрыс құрамау, стандартты құралмаған сөйлем бір-бірімен қатынаста және түсінуіне кедергі болып табылады. Міне, осылайша, әрбір түзу айтылмаған сөйлем тыңдаушыны ойынан ауытқытады, сөйлемнің сыртқы жағын ескеруді мәжбүр етеді және тіл қатынасына кедергі жасайды.

Жаңылтпашта дыбысты босатудан жасқану керек (дауыссыз және дауысты), нақты дыбыстау керек, жақсы мәнерлеп айтуды қалыптастыру керек. Бірақ осының барлығы жеткілікті емес: орфоэпияны қолдану арқылы осының барлығын дұрыс аталған қазақ тілі нормасында істеу керек.

Дауысты дыбысты айтқан кезде қандай ережелерді білу кажет? Мұнда редукция заңы негізгі заң болып табылады.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің ауызекі сөйлеу стилі фонетикалық жағынан өте-мөте ерекшеленеді. Бұл ерекшелік, әсіресе, орфография мен орфоэпия материалдарын салыстырғанда, айқындала түседі, өйткені сөздердің барлығы да жазылып, қағазға түскеніндей оқыла, айтыла бермейді. Мұның өзі, шынтуайтқа келгенде, ана тілін қадірлеу, тіл мәдениетін сақтау сияқты ұғымдарды еске салады.

Жасыратыны жоқ, сөздердің дұрыс айтылуы тек ауызекі сөйлеуге ғана қатысты емес. Орфоэпияның заңдылығын барынша мұқият сақтау ауызша сөйлеудің барлық салаларында да қажет. Демек, отбасында, ошақ қасында немесе бейресми жағдайда ғана дұрыс сөйлеп, басқа ресми жағдайларда сөйлеу ережесі бұзыла берсін деген түсінік болмағаны абзал. Өкінішке қарай, басқа стильдер ынғайында да, айталық, үлкенді-кішілі бас қосу барысында, радио мен теледидардан хабар беру кезінде де көптеген орфоэпиялық қателердің орын алуын мұндай маңызды мәселеге немқұрайлы қараудың көрінісі деп білу керек.

Мектеп шәкірттеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдарда жылма-жыл сөз болып жатса да, мерзімді баспасөз беттерінде жиі әңгіме болып жүрсе де, осы кемшін жайлардың әлі күнге дейін қайталана беретінін ескеріп, ауызша сөйлеуде аса керекті кейбір ережелерді еске сала кетудің еш артықшылығы жоқ.

Қазақ тілінің орфоэпиясында мынадай үш түрлі кемшілік орын алып жүр:

а) әдеби тілде тұрақты нормасы бар сөздерді бұзып айту (китап - кітап деудің орнына), (ештеңке - ештеңе деудің орнына), (чық түсті - шық түсті деудің орнына);

ә) орфографиялық ережелер бойынша сөйлеу (қиян кескі - қияң гескі деудің орнына), (қосшы - қошшы деудің орнына);

б) орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген терминдік мәні бар сөздер мен интернационалдық терминдердің бұзып айтылуы (телифон - телефон деудің орнына).

Орфографиялық норма бойынша жекелеген сөздер ғана емес, сөз тіркестері де белгілі бір заңдылыққа байланысты айтылады. Сөздердің және сөз ішіндегі, сөз тіркестерінің құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың басқаша айтылуында ілгерінді-кейінді дыбыстардың ықпалы мол болады. Мысалы: дүйсембі (жазылуы дүйсенбі), ала гелді (жазылуы ала келді), Құрамыспек (жазылуы Құрамысбек) т.с.с.

Жиі қолданылып жүрген тіркестердегі дыбыс өзгешеліктерін байқамау да тіл мәдениетіне нұқсан келтіреді. Мәселен, қаулы қабылданды, Орта Азия, алу керек, жер көркі деген сөздерді хабар жүргізушілер де, дикторлар да жазылғанындай оқып жатады, яғни олар қаулы габылданды, Ортазия, алу герек, жер гөркү деп оқылуға тиістілігінен бейхабар немесе әдейі орфоэпиялық заңдылықты бұзады. Тіпті теледидардан беріліп, көзіміз де, құлағымыз да үйреніп кеткен «Жеті күнді», студияға қанша телефон шалынып, қанша айтылып, газеттерге қанша жазылғанына қарамастан, әлі күнге жазуынша оқитындар ұшырасады.

Адамның аты-жөндерінде орфоэпиялық нормалардың қолданылатыны бар, ягни сөздің негізгі тұлғасын сақтап жазу міндетті деп есептелмейді. Алдоңгаров (Алдыоңгаров емес), Кенжахмет (Кенжеахмет емес), Бердіғұлов (Бердіқұлов емес) т.с.с. Кейбір азаматтар аты-жөндерінің жазылуын өзінің қалауына байланысты деп ойлар. Бірақ жалпыға ортақ тілдік ұстанымды басшылыққа алған жөн. Мәселен, Сұлтанмахмұттың екі томдық жинағы бір кезде автор фамилиясының Торыайгыров болып жазылуымен шықты. Кітап редакторының мақсаты түсініксіз еді, өйткені оған дейін де, одан кейін де, ақын фамилиясы Торайгыров деп жазылып жүр. Сондай-ақ Жаңатас, Жаңаарқа сөздерінің түбірлері бірге жазылғанмен, Жаңа өзен түрінде жазу бірізділікті танытпайды.

Түбірге тиісті қосымша жалғанғанда, сөздің соңғы буынының қандай болып келетіндігінің елеулі мәні бар. Мәселен, соңғы буын жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан буыннан басталады. Сондай-ақ сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымшаның да алғашқы буыны жіңішке болады. Мысалы: Жұмыскер+лер+дің, замандастар+ы+мыз+га т.б.

Сөздің құрамы түгелдей жуан буындардан тұрса да (қала+лық, ұйымдастыр+у+га) түгелдей жіңішке буындардан тұрса да (келіншек+тер+ден) көп жағдайда буын үндестігі деп аталатын бұл заңның күші сақталады.

Бұл заңға «бағынбайтын» жайлар да кездеседі, демек, жуан буынға - жуан буын, жіңішке буынға - жіңішке буын ұстанымын қолдануға түбірге жалғанатын кейбір қосымшалар «көне бермейді». Олар мынадай қосымшалар:

а) көмектес септігінің мен, бен, пен жалғаулары: қоңыз+бен, өгіз+бен, тас+пен, қалам+мен, пеш+пен;

ә) меншіктікті білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары: әке+нікі, ага+нікі, ауыл+дікі, ел+дікі, Әсет+тікі, Асхат+тікі;

б) -паз, -қор, -қой, -гер, -гана, -ист, -изм жұрнақтары: өнер+паз, қыдырым+паз, жала+қор, бәле+қор, заң+гер, сөз+гер, кітап+хана, дәм+хана, журнал+ист, коммун+ист, неолог+изм, диалект+изм.

Қазақ тілінде буын үндестігімен бірге, дыбыс үндестігінің болатынын ескеру қажет. Мұндайда түбір мен қосымшаның ара-жігіндегі дыбыстардың бір-біріне әсерінен туған өзгерістер аңғарылып отырады. Сондай-ақ сөз тіркесі жағдайында алдыңғы сөздің соңғы дыбысы мен соңғы сөздің алдыңғы дыбысының өзара ықпалы байқалады. Мысалы: көршілер деген сөздің сонор дауыссызға аяқталуына қарай оған жалғанатын қосымша да сонор дауыссыздан басталады (көршілер-мен). Сол сияқты, жазшы деген сөздің түбірі (жаз) з дыбысына аяқталғанымен, оған жалғанатын қосымшаның (шы) ш дыбысынан басталуы айтылуда әлгі з дыбысын ш дыбысына айналдырып жібереді (жашшы), бірақ жазуда түбір сөздегі дыбыс әрпі сақталуға тиіс (жазшы). Дыбыс үндестігінің қазақ тілінде үш түрі бары мектеп шәкіртгеріне де жақсы белгілі. Соған қарамастан, орфоэпиялық заңдылықты сақтамаушылық өте жиі кездесіп отырады. Мәселен, ішсе (ішше деп айту керек), ашса (ашша деп айтылу керек), Жезқазганга (Жезгазгаңга деп айтылу керек), Айқабақ (Айғабак деп айтылу керек), сол сияқты Сейсенғали (Сейсеңғали деп айтылу керек), күрес шағында (күрөш шағында деп айтылу керек) сөздерінің жазылғандарындай оқылып, айтылуы белең алып бара жатыр.

Ауызша сөйлегенде талай замандастарымыздың, тіпті радио және телехабар жүргізушілердің өзенді, жүрегіме деп айтып, оқитындары үлкен өкініш туғызады. Демек, мұнда да айтылу заңдылығы бұзылып тұр. Шындығында, бұл сөздер өзөндү және жүрөгүмө деп айтылуга тиіс, себебі о, ө, ү, ұ дауыстылары кейінгі буындардағы е, ы, і дауыстыларын өздеріне ұқсас ерін дауыстыларына айналдырады.

Міне, осындай жайлардан сөйлеу барысында ана тіліміздің зандылықтарын бұзатындығымыз айқын аңғарылады, мақсат сол кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамауда болуға тиіс.

Ауызекі сөйлеу стилінің интонациялық ерекшеліктері туралы бертінге дейін зерттеу еңбектердің болмағаны белгілі. Нақтырақ айтар болсақ, әсіресе, синтаксистік категорияларға байланысты жол-жөнекей, қысқаша ғана айтылған шашыраңқы ойлар болғанымен, бұл салада жүйелі монографиялық еңбек жоқтың қасы. Бүгінгі таңда жай сөйлем, күрделенген сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерінің интонациялық белгілері туралы эксперимент арқылы зерттеудің жарық көріп отырғаны осы айтылғанның дәлелі болып табылады.

Қазақ тіліндегі әр сөйлемнің өздеріне тән интонациясы мен айтылу ерекшеліктері болатыны - практикада бұрыннан да белгілі жайт. Дегенмен, сол ерекшеліктерді нақтылауға соңғы кездері қол жетті.

Хабарлы сөйлем интонациясының өзі сол сөйлемнің құрамына қарай сәл ерекшеленеді. Айталық, бір фразалық мүшелі хабарлы сөйлем мен екі фразалық мүшелі хабарлы сөйлемнің интонациясы бір емес. Бірінші жағдайда интонациялық тон сөйлем басында аздап көтеріліп, негізгі тонның жиілігі сөйлемнің мағыналық өзегінде молайып барып, одан әрі ақырындап түсе береді Демалыс күні еді. Күн қызыл арай шатырынан жаңа гана шыга бастады.

Хабарлы сөйлем екі фразалық мүшеден тұрғанда, екі мүше әрі паузамен бөлінеді, әрі өздеріне тән тональды интервалмен дараланады, сөйтіп, алдыңғы мүшеде интонация аяқталмайды да, екінші мүше сөйлемнің аяқталған интонациясын көрсетеді: Бес жерде - бес - жиырма бес.

Сұраулы сөйлемдегі интонация көп жағдайда сұрау есімдігіне тығыз байланысты болып келеді. Сұрау есімдігінің орнына сай интонация да өзгеріп отырады. Былайша айтқанда, сөйлем ішінде сұрау есімдігінің интонациясы көтеріңкі болып келеді.

Бұйрықты сөйлемге келетін болсақ, мұндағы интонацияның өзгеруі көбінесе сөйлемнің мазмұны мен мағынасына тікелей байланысты болады. Айталық, еріксіз орындататын қимыл-әрекет жайында айтылған бұйрықты сөйлем болса, жоғары интонациямен басталып, бірте-бірте төмендей береді, ал өтініш, тілек, қалау ретінде айтылған бұйрықты сөйлем орташа тональдық деңгейде айтылады.

Сөйлемнің құрамы күрделеніп, толыққан сайын, оның интонациясы да әр түрлі болып келеді. Бұл қағида құрмалас сөйлемнің түрлеріне де қатысты. Айталық, бір ғана салалас құрмалас сөйлемнің, сырттай қарағанда, ұқсас құрылымнан тұратын түрлерінің арасында интонациялық ерекшеліктер көзге түседі. Кетерде Боржабай маган амандаскан жоқ, мен оған амандасқан жоқпын (С.Мұқанов) деген сөйлем мен Тәңірберген бір рет тіл қатып еді, Еламан үндемеді (Ә.Нұрпейісов) деген сөйлемдердің байланысында айта қаларлықтай өзгеріс жоқ: екеуі де жалғаулықсыз ьщғайлас салалас құрмалас сөйлемдер. Солай бола тұрса да, бірінші жағдайда компоненттердің ара-жігі үзілмей айтылады, ал екінші жағдайда интонациялық айырмашылық немесе сәл кідіріс байқалып тұрады. Жалғаулықты салаластарда жалғаулықтар, қай жерде тұрғанына қарамастан, ұзағырақ кідіріс жасап, интонация айқын көрінеді: Раушан бірде ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде ол салқын тартып алыстап кетеді (Т.Ахтанов).

Сабақтас құрмалас сөйлемдерде бағыныңқылар бір синтагма құрып, алдыңғының интонациясы аяқталмағандығын білдіріп, соңына қарай көтеріңкі айтылып, басыңқы сыңар сөйлем аяқталатын интонацияны білдіреді: Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шықты (М.Әуезов); Айтушысы жоқ болған соң, бүл сөздің Тәкежанға дарымайтынын Абай өзі де сезіп келген (М.Әуезов); Үй төбесі кенет ашылып кетіп, маңайы нұрға толған тәрізденді (Б. Майлин); Жолдасы көріп қалмау үшін, Өтеп басқа бөлмеге барып тасаланды (Ә.Әбішев).

Аралас құрмалас сөйлемде үш компоненттің әрқайсысы бір-бір синтагма құрып, аралары пауза арқылы бөлініп тұрады: Ол әйелден бала көп туган да, бірақ олар өле беріп, жалгыз бала қалган (С.Мұқанов).

- Ал қазір біз сіздің тіл байлығыңызды, сіздің филологиялық, тілдік мәдениетіңізді тексерейік. Әрбір сұраққа жауап беріп, үш нұсқаның бірін таңдаңыз: иә, кейде (сенімді емеспін), жоқ.

1) Сіз сөз мәдениеті әлеуметтік категория және қоғамның мәдениетіне тәуелді деп ойлайсыз ба?

2) Ресейдегі болған мәдени революция тұрғындардың мәдени денгейін көтерді ме (сауатсыздықпен күрес, сөйлеу мәдениеті үшін күрес)? Ол әлемдік мәдениет жолына мемлекетті шығарды ма?

3) Тіл білімі және тіл эрудициясы жоқ адам мәдениетті деп саналады ма?

4) Былапыт, дисфемизм сөздерді қолданатын адам сыйлы бола ма?

5) Сіз сюжетімен баулап алатын романды таңдана оқып отырсыз, бірақ бөгет ететін әдеби тіл нормаларын бұзатын дөрекі стилдік қателіктер кездеседі. Соған қарамастан, көңіл аудармастан, соңына дейін оқисыз ба?

6) Сіздің көзіңізше айтылған дөрекі, былапыт сөздер сізді толғандырмай ма?

7) Сіз көбінесе дұрыс сөйлейсіз бе, әдеби нормаларды бұзылуына сіз жол бермейсіз бе?

8) Сіз өзіңіздің сөйлеуіңізді, сөздік қорыңызды бай және мәнерлі, көркем деп есептейсіз бе?

9) Баяндаушыны тыңдағанда, сөзінің құрылымын байқамайсыз, бірақ оның дәлдігіне, анығына, логикалығына, әсем естілуіне көңіл аударасыз ба?

10) Сіздің ойыңызша, баяндамадағы ең бастысы – ой, идея. Егер ол болса, сөз, сөйлем құрылымы аса маңызды емес пе?

11) Әдеби тіл нормалары сөз тәртібінің негізгі реттеушісі болып саналады ма?

12) Сіз сөз сөйлеу мәдениетін мектепке арнайы курс ретінде енгізудің қажеттілігі жоқ деп ойлайсыз ба?

13) Егер сізбен әңгіме-дүкен құрып отырған адам өзіне байланысты бір маңызды жайтты айтып отырғанда, әдеби тіл нормасын бұзса, сіз оны түзейсіз бе?

 

 

7-тақырып: Адамды иландыруға көмектесетін 14 ереже.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Иландыру дегеніміз не?

- Сіз біреуді көндіріп көрдіңіз бе?

- Қандай мақсатты көздедіңіз?

- Әрқашан көндіре алдыңыз ба? Неге?

Көндіруге көмектесетін 14 ереже бар. Олар өте қарапайым, бірақ өзінің көпшілігімен жеделді.

 

1-ереже (Гомер ережесі): Келтірілген дәйектердің қатары көндіруге әсер етеді. Келесі қатардағы көндіру дәйектері тиімді болады: күшті, орташа, өте күшті.

Бұл ережені қалай түсіндіңіз? Бұл ережеден түсінетіміз - өтініштен емес, дәйектерден бастау керек. Әлсіз дәйектерді қолданбағаныңыз жөн болар. Оларды дайындық кезеңінде анықтасаңыз, иланым үшін қолданбаңыз. Себебі, оның пайдасынан зияны көбірек болады. Шешім қабылдайтын тұлға сіздің дәйектеріңіздегі әлсіз жақтарға көп көңіл бөледі, өйткені ол келіскенде, өзіне үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан ол үшін қателеспеу өте маңызды. Шешім қабылдауға дәйектердің саны емес, сенімділігі шешуші рөл атқарады.

 

2-ереже (Сократ ережесі): Өзіңізге өте маңызды сұраққа оңды, дұрыс шешім алу үшін, сол сұрақты үшінші орынға қойыңыз. Әңгімелесушіңіз еш қиындықсыз «иә» деп жауап беретіндей, басында екі қысқа, қарапайым сұрақ қойыңыз.

Бұл ереже 2400 жыл бойы қолданылып келеді және ол жүздеген білімді адамдардың ұрпақтарымен тексерілген. Ол дұрыс болғандықтан, өзінің өміршеңдігінен айырылған жоқ. Жуырда ғана берілген ереженің тиімділігін түсіндіретін терең (физиологиялық) себептері анықталды.

Егер адам «жоқ» дегенді айтса, не естісе, оның қанына күреске дайындайтын ноадреналин гармоны түседі. Ал, керісінше, «иә» сөзі морфтектес заттарды – «ләззат, қанағат гормондары» (эндорфиндерді) бөледі.

Ләззат гормонының екі порциясын гормон алғаннан кейін, әңгімелесуші босап, жақсылыққа дайындалады, бейімделеді. Психологиялық тұрғыдан күресуге қарағанда, оған күреске түсудің орнына келісе салған жеңілірек.

Эндорфиндердің бір порциясы жетпей қалуы мүмкін. Әсіресе, егер сіздің әңгімелесушіңіз жаман көңіл-күйде келсе. Сонымен қатар, адам бір көңіл-күйден екінші көңіл-күйге ауыса алмайды. Ол үшін уақыт пен ләззат гормондары көбірек беру керек. Алдында қойылатын сұрақтар әңгімелесушіні шаршатпау үшін қысқа болып, көп уақытын алмау керек. Сонымен бірге, әңгіменің негізгі бөліміне ұзақ дайындалып жатқанда біреудің кедергі жасауы (телефон шалып немесе біреудің келіп) және сіздің дайындығыңыз басқа біреудің пайдасына тиюі мүмкін.

3-ереже (Паскаль ережесі): Әңгімелесушіні бұрышқа тықпаңыз. «Жүзін сақтауға» мүмкіндік беріңіз.

Әңгімелесуші сізбен келіссе, өзінің намысын жоғалтып алатындай сезініп, жиі келіспей қояды. Мәселен, ашық қауіп, қатер ретінде қабылданады. Сол себепті су жүрек болып көрінбеу үшін, өзіне қандай зияны болса да, бұл істі соңына дейін аяқтауға бел буады. Паскальдің мынадай сөзі бар: «Капитуляцияның құрметті шартынан басқа ештеңе қарусыздандырмайды». Өзіңіздің әңгімелесушіңізге қиын жағдайдан ар-намысын сақтап қалатындай дұрыс шешімді ұсыныңыз. Ол сіздің көзқарасыңызбен келісуге көмектеседі.

 

4-ереже: Иланым дәйектері көп жағдайда көндірушінің имиджі мен мәртебесіне байланысты болады.

Құрметті, лауазымды, беделді адамды тыңдау, қарапайым адамды тыңдауға қарағанда, жақсы қабылданады. Төртінші ережені қолданатындар құрметті адамның «өзі үшін сөз сөйлеуді» сұрайтын адамдар немесе беделді адамның сөзіне сілтеме жасап, өз көзқарасын дәлелдеу үшін дәйектемелерін келтіреді.

- Мәртебе (статус) дегеніміз не? (қоғамдағы орны). Студент, оқушы, мұғалім, қызметкер, шебер, депутат, басшы, директор - осының барлығы мәртебе деп саналады.

- Имидж дегеніміз не? (Кейіп, образ)

Егер «мәртебе» «кім?» деген сұраққа жауап берсе, онда «имидж» «қандай?» деген сауалға жауап береді: жақсы немесе жаман, ақылды немесе надан, әдемі немесе жоқ, жағымды немесе жағымсыз және т.б.

Жоғары лауазымдық немесе әлеуметтік жағдай, бір саладағы жоғары жетістіктер, қоршаған адамдардың мадағы, жеке басының жақсы қасиеттері, индивидтің мәртебесін көтереді. Себебі ұжым мәртебесі оның әрбір мүшесінің мәртебесінен жоғары болып келеді.

Студенттер айтқандай: «Басында сен жақсы сынақ кітапшасы үшін қызмет етсең, сосын ол саған қызмет етеді».

5-ереже: Өзіңізді тығырыққа тіреп, мәртебеңізді төмендетпеңіз.

Егер әңгімелесушілердің мәртебелері әртүрлі болса, онда көп жағдайда әңгіме басталмай жатып өшіп қалады. Себепсіз кешірім сұраудан аулақ болыңыз. Бұл өзіңізге деген сенімсіздіктің белгілері. Мысалы: «Кешіріңіз, мен кедергі жасаған жоқпын ба?», «Еегер сіздің мені тыңдауға уақытыңыз болса». Сенімсіз қылығыңыз мәртебеңізді төмендетеді.

6-ереже: Әңгімелесушіңіздің мәртебесі мен имиджін төмендетпеңіз

Құрметтеудің қандай болмасын қылығы, белгісі әңгімелесушіңіздің мәртебесіне қол сұғу болып, кері реакция, әсерге әкеледі. Әңгімелесушінің қатесін түзету және дұрыс еместігін білдіру оның имиджіне әсер етеді. Сондықтан ол ауыр тиеді, дауды немесе ұрысты тудырады.

Егер түзетуге мәжбүр болатындай жағдайда болса, қателікті түсіну оның намысына тимейтіндей істеу керек. Мысалы: «Менің білуімше, сізге кейбір жағдайлар таныс емес (айтып өту)», «Өзіңіздің ойлауыңызға байланысты бұл жағдайлар, мынадай қорытындыға әкеледі».

7-ереже: Өзімізге жағымды әңгімелесушінің дәйектерін біз жұмсақ қабылдап, ал жағымсыз әңгімелесушінің дәйектерін сынаймыз.

Аристотель айтқандай, көндірудің күшті құралы шешеннің өз жеке қасиетіне байланысты. Цицерон айтып кеткендей, шешен өз тыңдаушысына жағымды болуы керек.

Бұл ереже әрекетінің тетігі Сократ ережесі сияқты сүйкімді әңгімелесуші ләззат гормондарын тудырады, ал ұнамсыз керісінше.

Адам өзінің сыйлауымен, тыңдай білу қасиетімен, мәнерлі сөзімен, ұнамды қылықтарымен және сыртқы әлпетімен көзге түсіп, ұнамды болады.

8-ереже: Әңгімелесушіні иландыруүшін, сіз онымен келіспеуден емес, келісуден бастаңыз.

Бұл әңгімелесушінің пікірінің басты емес, тұрлаусыз жағдайы болсын. Егер сіз онымен мүлдем келісе алмасаңыз, онда ол адамның жасаған позициясына және көзқарасына алғысыңызды білдіріңіз (жиі кездесетін жағдай). Осыдан кейін де «Бұл жағдайға менің көзқарасым бар» деп айтуға болмайды. Бұл сізді екі жаққа бөліп тастайды. «Қазір мен сенен ақылдырақ екенімді дәлелдеймін» деумен бірдей.

Біздің әрқайсымыз өзіміздің көзқарасымызға жақын, сөзімізге қайшы келмейтінді үлкен ләззатпен тыңдаймыз. Керісінше, егер естігеніміз біздің ойлағанымызға қарсы болса тітіркенеміз.

- Эмпатия дегеніміз не? Эмпатия дегеніміз басқа адамның сезімдерін түсініп, бірге сезіну, қобалжу қабілеті. Эмпатия әңгімелесушіні жақсы түсініп, оның ойлау жолдарын біліп, көруге көмектеседі, «оның ішіне кіріп кету» сияқты.

Эмпатияны жарыққа шығармай, Гомердің бірінші ережесін қолдана алмаймыз, себебі дәйектердің күшін шешім қабылдаушы бағаласа, біз өзімізді оның орнына қоюымыз керек. Сол сияқты Сократ және Паскальдің ережесіндегіндей, әнгімелесушінің сіздің сөздеріңізге деген реакциясын болжау керек, яғни эмпатияны білдіру керек.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1265; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.