Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арбау жыры




Кер, кер, кер жылан,

Кереге басты мер жылан.

Бір жылан бар – сұм жылан,

Бір жылан бар – сұр жылан.

Бір жылан бар – жеті жылғы ту жылан,

Құралай таудың басынан

Қуып келген қу жылан.

Пайғамбарлар демінен

Дегелек келді, шық жық жылан7

 

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Үш мәтінге ортақ ерекшелік не?

2. Бесікті неге тілден, көзден аластайды?

3. Ұшықтау туралы не білесіндер? Ұшықтаудың аластаумен байланысы бар ма?

4. Бұлттың қандай түрлері айтылған?

5. Аластау, шақыру, арбау жырларының басқа қандай түрлерін білесіндер?

 

2-жаттығу.

Мына өлеңді орфоэпиялық нормамен оқыңдар, сөз бен сөз аралығындағы дыбыстық алмасуларға көңіл бөліңдер? Бұлай оқудың сөз мағынасына әсері қандай, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

 

Қазақ жері - қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі - қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шердің елі.

 

Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

 

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі - текті, киелі, қасиетті.

 

Қорлаған жау - басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер - ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Қорғап қалды ел бағын, алыптарым!

3-жаттығу.

Сөйлемдерді топ-топқа бөліңдер.

1) тыйым сөздер

2) тілек сөздер

3) бата

4) болжау, жол ашу сөздері

5) қошемет, сүйсіну сөздері

1. Бүйіріңді таянба! 2. Қайырлы, құтты болсын! 3. Басқа амандық, денге саулық берсін! 4. Алды ашық екен. 5. Көсегең көгерсін! 6. Азамат бопты деген осы! 7. Екі бүйірінен қысып бара ма, қалай?! 8. Тізеңді құшақтама! 9. Көкті жұлма! 10. Бағың жансын! 11. Тілеген қабыл болсын! 12. Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын! 13. Маңдайы жарқырап тұр-ақ екен! 14. Қуатым-ау, тіл-көзден сақтасын, адам болғаннынан айналдым. 15. Бауы берік болсын, өмір жазы ұзақ болсын! 16. Шаңырағы биік, босағасы берік болсын! 17. Киімді желбегей жамылма! 18. Малды басқа ұрма! 19. Иә, оңдай көр, жол түсіп тұр ғой. 20. Саусағыңды шошайтпа!

4-жаттығу.

Тыйым сөздерді төмендегі үлгі бойынша топтап жазыңдар.

 

Үлгі: Таным түсінікті білдіретін тыйым сөздер: Түнде суға барма.

Салт-дәстүрге қатысты тыйым сөздер: Үлкеннің алдын кеспе.

1. Үлкеннің алдын кеспе. 2. Жағыңды таянба. 3. Суға түкірме. 4. Тізеңді құшақтама. 5. Бүйіріңді таянба. 6. Түнде суға барма. 7. Малды басқа ұрма. 8. Қу таяқ таянба. 9. Шашыңды жайма. 10. Сырт киімді желбегей жамылма. 11. Босағаны керме. 12. Саусағыңды шошайтпа. 13. Күлді баспа. 14. Таңдайыңды қақпа. 15. Табалдырықты баспа. 16. Ошақтағы отты өшірме. 17. Кір суды баспа. 18. аяқ киімді төрге шығарма. 19. Бас киімді жерге тастама. 20. Беи-аузыңды қисаңдатпа. 21. Тіліңді шығарма. 22. Ерніңді шығарма. 23. Үлкеннің сөзін бөлме. 24. Көкті жұлма. 25. Көкті баспа. 26. Айға қолыңды шошайтпа. 27. Асты аттама. 28. Нанды баспа. 29. Басыңды шайқама. 30. Киімді теріс киме. 31. Отқа түкірме. 32. Кісіні аттама.

 

5-жаттығу. Ауыздығымен алысқан тор төбел де ыршып кетті. Дала сырына қанық қу бала Еркебұланмен қатарласа беріп:

- Қасқыр шоқаққа салыңыз... Сонда ат дүбірі естілмейтін болады, - деді.

Бұлар жолдан бір шақырым алыстамай-ақ қуғыншылар қала жолымен ағып өтіп кетті. Содан кейін қуғыншылар да, қашқындар да бірінен-бірі адасып қалды.

Ана белдің астында деген қыстауды Қайсар әлі таба алмай келеді. Улыкөл де жоқ, Қисық там да жоқ. Түн қараңғылығы қоюлана түсті. Қалай кетіп барады, бет алыстары қай жақ, оны екеуі де біле алмай келеді. Қайсар адасқанын сезінген сайын қысылып, қысылған сайын тақымын да қысынқырап қоятын сияқты. Меңіреу дала бір жұлдыз жылт етпей қойды.

- Аға, мен адастым.

- Ештеңе етпес. Таң атқанша бір елге кездесерміз. Енді қасқыр шоқағынды қойып, сары аяңмен отырайық. Әйтпесе, жапан түзге шығып кетерміз... Мына торы ат сол жағына қарай ығыса береді. Осының еркіне жіберсек, бір ауылға апармас па екен?

Қосарлана шапқан ат дүбірі қақ жолға түскен соң тіпті айқындалып келеді.

- Ойбай, мынау ырсылдақ-қараның шабысы! Ол жетпей қоймайды. Иттің малы, алдынан келсең – тістеп, артынан келсең – теуіп, жолатпап еді! Екі қолтығында екі тесігі бар... Ентігу дегенді білмейді! – деді Қайсар.

- Тегісі бар деген немене?

- Кәдуілгі дем алатын ше! Оны жұрттың бәрі біледі.

- Енді қайттық.

Тірі адамның жүзінде де екі-үш түрлі сезімнің белгілері бола береді екен-ай! Байғұс бала неден қорқып, неден қуанды екен? Аз күлімсіреген көзіндегі мұн елесі неден түсті екен? Өзімшіл көңіл «сен үшін қорықты, сен үшін қуанды» дегісі келеді. Ақын ойын аяқтатпай, Қайсар бөліп кетті.

- Аға, жырық қараны бауыздап жібердіңіз бе? – деді.

- Ә?..

Бала жігіттің батыл сұрағына Еркебұлан таңдатып қалды.

- Жырық қараны деймін, бауыздап жібердіңіз ғой?

- Жоқ, алақанның қырымен ұрдым.

- Содан өліп кетті ме?

- Өлген жоқ, талып кеті.... Бір минутқа жетпей есін жияды.

- Қап!..

- Неге, қап?

- Өліп кеткені жақсы болатын еді. Ол – талайды өлтірген жол тонаушы. Найзамен бір-ақ түйрейді екен. Бірақ, енді ол ақсақ болып қалатын шығар...

Тақымына от жабысқанын сезген жоқ. Сіңірі күйсе болды ғой!..

1. Кейіпкерлер атының жүрісін, түр-түсін, мінезін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін табыңдар.

2. Алда болар қауіп-қатер, қиындықты жан-жануар, хайуанаттардың сезуі, белгі беруі жөнінде не білесіндер?

3. «Сол жағына ығыса береді» тіркесіне мағыналас сөздер мен сөз тіркестері қатарын толықтырыңдар (мысалы: ауыздығымен алысу, құлағын жымырайту, т.б.).

4. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.

 

6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып жазыңдар:

Жол жайын жүргеннен..., сөз жайын... білгеннен...

Қолың ұста...., сөзің қысқа....

Орақты ора..., қолыңды кесерсің. Сөзіңді сөйлей..., жолыңды кесерсің.

Тамақты асығып ішпе..., сөзді асығып сөйлеме...

Аз сөз..., көп сөз....

Аңғал сөйлеп..., ойланып ал...

 

7 жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

 

Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқар жаны кісенде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

 

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды.

 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Атын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың?

 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті кең тілім,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

М.Жұмабаев

1. Өлең қай жылдары жазылған? Осы кездегі халық тарихы жайында не білесіңдер?

2. «Күш кеміді, айбынды ту құлады» осындағы символдық кейіпкерді кімге ұқсатасыңдар?

3. Өленде тілдің қандай белгі, қасиеттері көрсетілген?

4. Өленді жаттап алыңдар, мәнерлеп оқыңдар.

 

8– жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар.

Адам екі түрлі

Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,

Жемісінен дүние жүзі баһбара алады.

Бір адам бар терек ағашы сықылды,

Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.

 

Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,

Молланың ақ қағазға қалар хаты.

Нақылият, қара сөзден өлең қылып,

Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.

 

Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,

Адамның қымбат баһа сол жұмысы.

Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,

Қолынан әр жақсылық келген кісі.

 

Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек,

Басқаға бір отыннан қылмас керек.

Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,

Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.

 

Құдайым пендесіне берген малды,

Жаратқан әр түрлі қып жүрген жанды.

Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,

Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды.

М.Ж.Көпеев

1. Өлең не туралы:

2. Ақын адам мінезін қандай жеміс ағаштарына теңейді:

3. Баһра, хақ, нақылият, хиқаят, ихсан, баһа, тотия, бәһил қазіргі қазақ тілінде сирек кездесетін, басқа тілден енген сөздер екенін есте сақтаңдар.

4. Осы сөздердің мағынасы сөздіктен қарап анықтаңдар.

9– жаттығу. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындаңдар.

 

Өскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.

Алтай, Күршім – не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы – қыспақ, жазы – самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірігін аймаласып, тыраңдасып, майек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы – Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған ақ аулды – Алтай елі. Алтай елі – Алтай жары – тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны.

Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлықтай айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңыдай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, сұңқыл қақса – шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 1390; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.