Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 3 страница




Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі ретінде оларды қызметке, сот қызметімен айналысуға тағайындау және орыннан босату, қаржыландыру мен материалдыңтехникалық қамтамасыз ету танылады.

Қазақстан аумағындағы Конституциямен және заңмен тәуелсіздігі қорғалатын соттар тұрақты судьялардан тұрады. Сот өкілеттігі заңмен белгіленген негіздер бойшнша ғана тоқтатыла тұрады немесе қысқартылады.

 

 

Тақырып 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар және Азаматтық ісжүргізудегі (процестегі) тараптар

Құқықтық қатынас құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдың байланысы бар қоғамдың қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдың жағдаяттармен, заңдың маңызы бар нақтылы мәнжайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

• олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;

• ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;

• бірлігі мен біріктік;

• арақатынасында.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.

Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтіккөмек көрсетушілік.

Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.

Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзінөзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖКтің 55, 57баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖКтің 52, 53баптары) туындайды.

Қызметтіккөмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері — сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдың қатынастар.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы.

Жалпы объект сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдыңқұқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

Арнайы объектп нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінезқұлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар жэне сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандьщтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есепшотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияньщ 77бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2тарауында аталған принциптерге негізделеді.

Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44бабына сәйкес:

• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);

• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);

• прокурор;

• мемлекеттік органдар, жергілікті өзінөзі басқару органдар;

• ҚР АІЖКнің 56,57баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;

• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖКнің 289бабы) жатқызамыз.

Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.

Азаматтық ісжүргізудегі (процестегі) тараптар

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖКнің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚРның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қаюшы сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостанДьщтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс ясүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖКнің 45бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖКнің 4ббабы) қажет.

Азаматтық іс жүргізу цццыц цабілеттігі азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдың құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.

Азаматтық іс жургізу әрекет қабілеттігі сотта құқықтарын өз ісәрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғ анық азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған атаанасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік ісәрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 1418 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың атааналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

ҚР АІЖКі 48бабының 5бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖКнің 47бабы). Арнайы ҚР АІЖКнің 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптық негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін үлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖКнің 150бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мәнжайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖКнің 65бабы).

Іс жүргізуге тңқ қатысушылық бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бірбіріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.

ҚР АІЖКнің 50бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады".

Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.

Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.

Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:

1 процессуалдыңқұқықтық мағынада;

2 материалдыңқұқықтық мағынада. Процессуалдыңққкықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:

1 ші түрі белсенді бірігіп қатысуы сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғ анық қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;

2ші түрі еңжар бірігіп қатысуы сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғ анық қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;

3ші түрі аралас бірігіп қатысуы бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаньщ қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.

Материалдыңқұқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:

1ші түрі қажетті (міндетті) заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы ортақ мүлік бөлуде өз үпайын белгілеу; 76

2ші түрі факультативті (міндетті емес) бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бірбіріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғүрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖКнің 171бабы 2бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖКнің 171бабы 3бөлігі).

Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖКнің 59 бабы ббөлігі).

Іс жүргізу құқық мирақцорлығы бұл даулы не сот шешімімен анықталатын құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдың құқық бойынша мынадай жағдайларда болады:

Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғ анық қайта ұйымдастырылуы);

Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы (талапқа жол беру немесе басқа тұлғ анық қарызын өзіне аудару).

Материалдың құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта түрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирас қорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АКнің 190бабы).

Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс, мысалы мүрагерлікте мүрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғ анық қайта ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.

Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Тиістпі тараптар (талап қюшы мен жауапкер) нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізуге нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау.

Тиісті емес тараптар (талап қоюши мен жауапкер) нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.

Тиісті емес тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі бар тұлға. Ол тараптық барлық іс жүргізу құкықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондыңтан сот тиісті емес талап қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.

78 Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:

1) сотпен өз ықыласы бойьшша (ҚР АІЖКнін, 170бабы 3бөлігі).

2) талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖКнің

51бабы 1бөлігі).

Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖКнің 51бабы 2бөлігі), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады.

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бүған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондыңтан бүнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.

Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады. Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру

 

Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) үшінші тұлғалар

Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар. Үшінші тұлгалар өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сөйкес келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдың күқьіқтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бүған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мәнжайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.

Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі өр түрлі болуы мүмкін, сондыңтан олардың 2 (екі) түрі болады:

1мәлімдейтін;

2 мәлімдемейтін.

1) Даудың нысанасына дербес талалтарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР АІЖКнің 14тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мық теңге тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл 6204бірге сол пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, ярни ол осы іс бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптық біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2499; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.