Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сот актілерін орындау сатысы. 16 страница




Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады. (ҚР АІЖКнің 2741бабы).

Сотта арызды уарау мерзімі:

- егер белгіленген жеті күн мерзім ішінде арыз берілсе 2 күн мерзімде;

- егер белгіленген жеті күн мерзім аяқталатын күні арыз берілсе дереу қаралуға тиіс.

Сотта арызды уарау төртібі:

Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отьқэысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.

Істе бар материалдар бойынша және кейін ұсынған дәлелдемелер негізінде қолданыстағы заңқамаға сүйене сот шешім қабылдайды. Сот арызды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің біреуін қабылдауы мүмкін.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуға азаматтық құқығы бұзылуын анықтаған сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімдеріне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады.

Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жібеРіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінөлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКі 26тарау).

Осы тарау бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық), қалалардағы аудандық комиссиялар, ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекциялар органдары және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚРның 2001 жылғы 30 қақтардағы №15511 кодексінің 543576баптарымен осындай істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары) шығарған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды кушіне енбеген цаулыларына дау айту туралы істер қаралады.

Бұл категориялық істер сотқа шагым немесе наразылық беру арқылы қозғалады. ҚР АІЖКнің 275бабының 1бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына сотца шагым бере алатын адамдар:

әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары;

— әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары.

Прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына сотқа наразылық келтіруге құқылы.

Сотқа тапсырылатын шағым жазбаша нысанда болуға тиіс. Шағымда:

1) шағым берілетін соттың атауы;

2) шағым берушінің (азаматтық) атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер шағым беруші ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, егер шағымды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекенжайы;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысын шығарған лауазымды адамның атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер әкімшілік құқық бұзушылық туоалы қаулысын шығарған уәкілетті органы болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;

4) шағым берушінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның шағым беру талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) шағым берушінің өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және бұл мәнжайларды растайтын дәлелдемелер;

6) нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні;

7) шағымға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымға шағым беруші немесе шағымға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның әкілі қол қояды (ҚР АІЖК-тің 150 бабының 5 бөлігі).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына әкімшілік жауаптылыққа тартылған, әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары, қаулының кешірмесі табыс етілген күннен кейін он кун ішінде тікелей сотца шагым бере алады, ал прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Мүдделі адамдардың шағым беруінің екі жолы бар:

олар жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағым беру;

тікелей сотқа шағым беру.

Сотца шаеым беру экімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоцтата тұрады.

Бірақ мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштьілық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа беру және сотгық оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды.

Егер мүдделі адамдар шағым беру мерзімін өткізіп с әкімшілік жаза қолдану мерзімі, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімі өтіп кетсе соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді (ҚР АІЖК 275бап 57бөліктер).

Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот осы іске қатысушы адамдарға тиісті түрде сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

Осымен сот істі жекедара қараған кезде:

• әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді;

• ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма;

• оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма;

• адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма;

• азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма;

• ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегеі:ді анықтайды.

Егер сот өкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам ез құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі:

- егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қаруына жібереді;

- егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады (ҚР АІЖКі 277 бабының 4бөлігі).

Сот істі қарағаннан кейін келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

• арызды негізсіз деп таныса, сот оны қанағаттан
дырудан бас тарту туралы шешім;

• арызды негізді деп таныса, сот нормативтікқұқық
тық актіні толық немесе жекелеген бөліктерін акт
қабылдаған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы
шешім (қарар бөлігінде көрсетіп) шығарады.

Соңғы жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бүқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтікқұқықтық акт бүрын сол бүқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгілеген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.

Нормативтікқұқықтық акті түтастай немесе оның жекелеген бөлігін жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін, дау айтылған нормативтікқұқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына қолданылған азамат және белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып есептеледі. Оның преюдициялық кцші бар және нормагивтік құқықтық актінің заңдылығы туралы басқа азаматтар оның сот тексеруінің объектісі болмайтын бөлігінде ғана қайтадан дауласа алады (ҚР АІЖКі 285бабының 4бөлігі).

Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен ісәрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖКтің 29тарауы).

Прокурор Республика аумағында заңдардың, ҚРсы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтікқұқықтық актілердің дәл және бірықғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 83бабының 1бөлігі, ҚР Прокуратурасы туралы заңның 1бабының 1бөлігі).

Прокурор Республик анық Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтык, актілерге наразылық жасайды (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 1бабының 2бөлігі).

Республик анық Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін нормативтік актілер прокурормен аньщталғанда, ол заңсыз акт шығарған органға немесе лауазымды адамға сәйкесті ұсыныс жасаумен оларға наразылық жасауға міндетті (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 19бабы).

Прокурор наразылық бойынша:

- заңсыз актінің күшін жоюды;

- немесе оны Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес келтіруді;

- лауазымды тұлғадан заңсыз ісәрекетті қысқартуды және (егер қажет болса) бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.

Прокурордың наразылығы сәйкесті органмен немесе лауазымды тұлғамен он күн ішінде қаралады, ол туралы прокурорға хабарлайды (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 19бабының 3бөлігі).

Наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор наразылық келтірілген актіні немесе ісөрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотта:

- наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде;

- немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жүгінеді.

Прокурордың сотца жцгінуі наразылық келтірілген актінің кцшін сот қараганга дейін тоцтата тұрады (ҚР АІЖКі 286бабының 2бөлігі).

Прокурордың арызы сотпен он күн мерзімде оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.

Сотта істі қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін (ҚР АІЖКі 287бабының 3бөлігі).

Сот істі қарап болған соң келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

• егер прокурор арызының негізді екендігін аньщтаса, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік-құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім;

• егер наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңға және органның немесе лауазымды тұлғ анық өкілеттігіне сөйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

 

Ерекше іс жүргізу

Ерекше іс жүргізу азаматтық сот ісін жүргізудің үшінші түрі, оның талап қоюмен іс жүргізу және ерекше талап қоюмен іс жүргізуден айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық сот ісін жүргізудің осы түрінің құқықтық тегіне және оның жалпы процессуалдьщ ерекшеліктерінің сипатына, сондай-ақ ерекше іс жүргізуге әр санаттағы істердің жеке ерекшеліктеріне байланьісты.

Ерекше іс жүргізу бұл арнайы соттың азаматтық санаттағы істеріне жатқызылған, құқық туралы дауы жоқ және қорғаудың арнайы құралдар мен тәсілдерді қолданумен сипатталатын азаматтық іс жүргізудің дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (әрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.

ҚР АІЖКне свйкес заң фактілерін аныцтаудың екі тэртібі бар: экімшілік тэртіп және соттың тәртіп.

Ақиқат фактілер, яғни тиісті органның лауазымды адамының алдында жасалып жатқан немесе ресми құжаттармен растауға болатын фактілер (бал анық тууы, өлім, некені тіркеу, некені бұзу және т.б.) әкімшілік тэртіпте куәландырылады.

Ақиқат емес фактілер, яғни не ресми тіркелуге жатпайтын (біреудің асырауында болу, тіркелмеген неке, әкелікті тану, хабарошарсыз кету және т.б.)> не олардың жоғалуына байланысты ресми құжаттармен расталуға келмейтін (некені тіркеу факті, құқық беретін құжаттардың тиістілігі) фактілер сот тәртібінде куәландырылады, өйткені олар тиісті бір фактіні растайтын дәлелдерді зерттеуді талап етеді. Ал егер талап қою бойынша іс жүргізу кезінде бұзылған немесе даулы құқықты қорғау үшін тиісті заң фактісін белгілеу керек болса, онда ерекше іс жүргізуде арыз берушінің мүддесі фак

248тіні айқындаумен шектеледі. Фактіден туындайтын субъективті құқықтар туралы мәселе ерекше іс жүргізу тәртібінен тыс шешіледі. Мысалы, егер бал анық әкесі айқын болмаса, ол ер азаматтан алименттер өндіріп алуға болмайды. Сондыңтан осы ер азамат бал анық әкесі болып табылатын факті аньщтайды, содан кейін сот арқылы одан арыз беру арқылы алименттер өндіріп алуға болады.

Айқындалған заң фактісіне негізделген субъективтік құқықтарға басқа адамдардың дауласуы болмау ерекше іс жүргізуде құқық туралы даудың жоқ екендігін білдіреді.

Азаматтық іс жүргізудің жалпы принциптері заңдылық, диспозитивтік, тең құқылық, тікелейлік және т.б. ерекше іс жүргізуде қолданылады. Ерекше іс жүргізуде істер азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларынан (іс қозғау, істі әзірлеу, сотта істі қарау және т.б.) өтеді. Дәлелдеудің, хаттама жүргізудің, сот шешімдерін шығарудың және т.б.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мудделі адамдардың қатысуымен қарайды.

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын щқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға ҚР АІЖКтің 150, 151баптарындакөзделген талаптарды сот белгіленген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.

Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖКтің 31-38 тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды.

Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:, 1) заңдың маңызы бар фактілерді анықтау туралы; I 2) азаматты хабарошарсыз кетті деп тану туралы зкөне азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

3) азаматты өрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;

5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;

6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдың меншік құқығын тану туралы;

7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;

9) бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;

10) бала асырап алу туралы істер;

11) Қазақстан Республикасыньщ және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы істер жатады.

ҚР АІЖКде ерекше іс жүргізу төртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

Ерекше іс жүргізудің басқа сот ісін жүргізу түрлерінен айырмашылықтарын белгілеуге болады. Ол құқық туралы даудың жоқтығы. Бұл іс жүргізуде тараптар, яғни талап қоюшы мен жауапкер жоқ. Ерекше іс жүргізу ісін қозғаған адам арыз беруші болып аталады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге қатысушы үшін мүдделі адамдар (азаматтар, ұйымдар, қаржы мекемелері, әлеуметтік сақтандыру органдары және т.б.) шақырылады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге үшінші тұлғалар қатыспайды. Ерекше іс жүргізуде құқық туралы дау және талап арызы жоқ болғандыңтан, онда талап арызын (толық немесе жартылай) тану немесе одан бас тарту, бітімгершілік келісім жасау, талап арызын қамтамасыз ету, қарсы талап және т.б. үғымдар қолданылмайды.

 

 

14 Тақырьш. Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық тәртібімен іс жүргізу

 

Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін.

Апелляциялық сатыдагы сот заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің ерекшеліктерімен қаралады.

Апелляция бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.

Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған теменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары түрган (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот каулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.

Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шагым мен наразылық берілуі мцмкін.

Сот шешіміне апелляциялық шагым жасау щцыгы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтпіру цццыгы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

ҚР АІЖКсі 332бабының 4бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

ҚР АІЖК-сі 334 бабының 3 бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) күн ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР-сы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күнінен бастап күшіне енеді (ҚР АІЖКі 344бабының 1бөлігі).

Бірінші сатпыдагы соттпық апелляциялық шагымды, наразылықпгы алганнан кейінгі:

- шағымның, наразылықтық және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;

- шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 (он бес) күн мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;

- іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлайды. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс.

Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге 15 күн мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қаттысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:

аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге — облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;

облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.

Апелляциялық шагымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдагы сот:

- істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мәнжайы аньщталуының;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 2107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.