Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Файлдар




Record

Жазбалар

Жолдар

Массивтер

Жиындар

Жиындар – бір жай типке жататын мәліметтер жиынтығы. Жиынға кіретін элементтер тек жай типпен ғана шектеледі. Жиын элементтерінің саны 256 дан аспауы тиіс.

Жиын келесі түрде сипатталады:

Type жиын типі = set of жиынның мәндер аралығы;

Жиын мәндер аралығы ретінде элементтер саны 256 аспайтын, кез келген типті көрсетуге болады: Char, Byte, 0..255, TfootballTeam және т.с.с.

 

 

Массив - бір типтес, реттелген элементтер жиынтығы. Массив элементтерінің индекстері ерекше (қайталанбайтын) болып келеді. Массив элементтерінің индекстері болғандықтан бір элемент бірнеше рет қайталанып келе береді. Әрбір элемент массив аты, элемент индексі арқылы анықталады. Элемент индексі есептеуге икемді, сондықтан да көп мәліметті массивті өңдеу ыңғайлы және тиімді.

Массив келесі түрде сипатталады:

Type массив аты = array [аралық] of элемент типі;

Array (массив) және of сөздері түйінді сөздер. Аралық (диапазон) массивтің төменгі, жоғарғы шегін және жалпы элементтер санын анықтайды. Массивтің типі әрбір элементтің типін анықтайды.

Массивтер статистикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді.

Статистикалық массив – массив сипатталғанда индекстер шегі, өлшемі нақты анықталған массив.

Динамикалық массив – сипатталғанда тек элементтер типі көрсетілетін массив. Динамикалық массивтің өлшемі программаның орындалу барысында өзгеріп отырады.

 

 

Delphi-де келесі жолдық типтер пайдаланылады:

Типтер Максималды ұзындығы Жадыны алуы Қолданылуы
ShortString     AnsiString     WideString   255 символ     231 символ     230 символ 2 – 256 байт     4 байт – 2 Гбайт     4 байт – 2 Гбайт   Тілдің алдыңғы нұсқаларына сәйкес   ANSI символдары, ұзындығы өзгеріп отыратын жолдар.   UNICODE символдары, COM-сервер және интерфейстер.

 

Ең жиі қолданылатыны тип String. Бұл типтің қасиеті компилятор директивтеріне байланысты {$H}: егер де ол қосылып тұрса {+$H}, онда бұл тип AnsiString типіне пара-пар келеді. Кері жағдайда {-$H} ShortString типіне пара-пар.

Жолдар Char символдарынан тұратын массив ретінде анықталады. Сол себепті жолдағы әрбір символды жолдық айнымалының атын және символдың реттік номерін көрсету арқылы анықтауға болады. Мысалы:

Var

A: Char;

MyString: String;

Begin

MyString: = ‘Строка символов’;

A: = MyString [10]; // A= ‘м’

End;

 

Айтылған жолдық типтерге қоса Pchar типі бар. Бұндай типті жол нолдік символмен #0 аяқталады және жолдың ұзындығы кез келген болады.

 

Жазбалар – мәліметтер құрлымы, элемент аты арқылы анықталады. Жазба элементтері кез келген типті болуы мүмкін. Сондықтан жазбаны сипаттағанда әрбір элемент атын, және оның типін көрсету керек.

Жазба келесі түрде сипатталады:

Type жазба-типінің-аты=

элемент-аты: элемент-типі

e nd;

Бұлар түрлі тіркелген элементтерді санын жинақтайды. Жазбаның әрбір элементінің жазба шегінде ерекше (уникальное) аты болады және ол өріс деп аталады.

Жазбалар:

· тіркелген (фиксированные);

· вариантты;

болып бөлінеді.

Тіркелген (фиксированная) жазба - өрістер саны тіркелген. Тіркелген жазбалады сипаттау үшін Delphi-де келесі құрлым қолданылады:

Record

FieldList1: Type1;

FieldListN: TypeN;

end;

Мұндағы FieldList1- бірінші өріс аты; FieldListN- жазбадағы соңғы N өріс аты;

Вариантты жазба - өрістер саны тіркелген, бірақ өрістердің жады аймағын алу көлемін әртүрлі көлемде қарастыруға мүмкіндік береді. Жазбалардың вариантты бөлігін сипаттау case сөзінен басталады және жазбаның басқа өрістерін сипаттағаннан кейін орналасуы керек. Вариантты жазбаны сипаттау үшін келесі құрлымды пайдалануға болады:

Record

FieldList1: Type1;

FieldListN: TypeN;

case tag: ordinalType of

constantList1: (variant1);

constantListN: (variantN);

end;

 

Файл – сыртқы сақтау құралында орналасқан, бір типтес элементтердің атауландырылған, реттелген тізбегі. Файлдармен жұмыс жасау үшін программистер файлдық айнымалыларды пайдаланады немесе логикалық файлдар.

Файлдық айнымалы – дисктегі нақты файлға сәйкес келетін айнымалы. Бұл айнымалымен жүргізілген барлық операциялар дисктегі орналасқан файлғада жүргізіледі.

Файлдар құрамындағы элементтерге байланысты түрлі типті болып келеді. Олар мәтіндік, типтелген, типсіз файлдар болып бөлінеді.

Мәтіндік файлдар ұзындығы өзгермелі жолдардан тұрады. Мұндай файлдар TextFile сөзі арқылы сипатталады.

Типтелген файлдар типі анықталған (көрсетілген) мәліметтерден тұратын файл. Мұндай файлдар File of typeData құрлымы арқылы сипатталады.

Типсіз файлдар типі көрсетілмеген элементтерден тұруы мүмкін. Мұндай файлдар жай File сөзі арқылы анықталады.

 

Көрсеткіштер

Көрсеткіш (указатель) – жады адресі сақталатын, жадыдағы кейбір мәліметтердің орналасу бастамасын көрсететін айнымалы. Көрсеткіштерді жадыдағы нақты бір объектінің адресін анықтау үшін пайдаланады. Мысалы қандайда бір анымалының.

Көрсеткіштер типтелген және типсіз болып бөлінеді.

Типтелген көрсеткіштер – көрсеткіш немесе көрсеткіш типін сипаттағанда, белгілі бір типті мәліметтерге сілтеме жасайтын көрсеткіш. Көрсеткіш типін анықтау үшін арнайы ^ - символы пайдаланылады. Бұл белгі адрестелген мәліметтер алдында орналасады.

Типсіз көрсеткіш – барлық жағдайда типі Pointer болып келеді және кез келген типті мәліметтерге сілтеме жасай алады.

 

 

Процедуралық типті мәліметтер

Мәліметтердің процедуралық типі процедуралар мен функцияларды жай мән ретінде айнымалыларға меншіктей алу үшін және түрлі іс-әрекеттер жасай алу үшін пайдаланады.

 

Вариантты типті мәліметтер

Кейде мәліметтердің типі программалау барысында анықталатын, немесе типі өзгеріп отыратын мәліметтермен жұмыс жасауға тура келеді. Сол себепті Delphi-де вариантты типті мәліметтер қарастырылған. Мұндай типті мәліметтер құрлымдық, көрсеткіштік, Int64 типтерінен басқа кез келген типті бола алады. Вариантты типті сипаттау үшін Variant сөзі пайдаланылады. Барлық типтер Variant типімен сәйкес болып келеді, сондықтан компилятор типтердің қажетті түр өзгерісін автоматты түрде жасайды.

Өрнектер және амалдар

Бұл бөлімде сіздер Delphi тілінің өрнектер мен операторлар деген құрлымдарымен таныс боласыздар. Сонымен қатар жай және құрлымдық операторлармен, шартты операторлармен, таңдау және қайталану операторларымен танысамыз.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 2685; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.