Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Оспа элементтер

Қоспа элементтер колчеданды-полиметалл, қорғасынды-мырышты, мысты-молибденді, сирек металды, уранды, темірлі-марганецті, боксит және көмір кенорындарының құрамында ұшырасады.

Литий, рубидий, цезий (сирек сілтілі металдар). Қазақстанда литийдің баланстағы қорлары төрт сирек металды (қалайылы-танталды) кенорындар құрамынан алынады, олар – Юбилейное, Ахметкино, Бакен, және Жоғарғы Баймұрза кенорындары. Бұл кенорындарда литиймен қатар рубидий мен цезийдің де біршама жоғары концентрациялары бар. Тарғын және Белогорск кенорындарында соңғы металдардың авторлық қоры есептеліп шығарылған. Сирек сілтілі бұл элементтердің өнеркәсіптік-генетикалық типі граниттік пегматиттермен байланысты. Бұл пегматиттердегі негізгі рудалық минерал сподумен, онымен бірге сирегірек липодолит және поллуцит минералдары да ұшырасады.

Кейбір мұнай-газ кенорындарының (Ұрықтау, Амангелді, Әлібекмола, Тортай, Оңтүстік Таған, Қарашығанақ т.б.) қойнауқаттық минералды сулары (тұздықтар) осы сирек сілтілі элементтердің біршама бай концентрациясын кіріктіреді, сондықтан олар литий, рубидий және цезий өндіруге болатын потенциялық шикізат ретінде қаралады.

Аталған үш элементтің біршама жоғары концентрациялары кейбір марганец рудаларында ұшырасады (Жезді, Промежуточное, Тур, Богач, ІІІ-ші Үшқатын, Батыс Қаражал кенорындары). Аталған кенорындардың алғашқы екеуінің құрамындағы сөз болып отырған элементтердің қорлары есептеліп шығарылған. Рубидийдің біршама жоғары концентрациясы Каспий маңы синеклизасында кеңінен тараған калий тұздарының құрамында бар.

Скандий бокситтерде, ильменит-цирконды, касситерит-вольфрамитті, сирекжерлік, фосфатты және уранды кенорындарда, сол сияқты көмір күлдерінде ұшырасады. Бұл элементке перспективасы жоғары шикізаттар ретінде кейбір сирекжерлік минералдар, сирек металды кенорындардың касситериттері және вольфрамиттері, цирконды-титанды шашылымдар қаралады. Скандийдің жалпы қоры ондаған мың т-мен өлшенеді.

Скандийдің ең ірі көздері ретінде энергетикалық көмірлердің күлдері қаралады. Маңғыстаудың органогендік-фосфорлы-уранды кенорындарында да скандийдің айтарлықтай қорлары шоғырланған. Ең басты проблема – скандийдің біршама жоғары концентрацияларын әр түрлі өндіріс қалдықтарынан бөліп алу технологиясын жасақтау болып табылады, әйтпесе оны мол мөлшерлері глинозем, уран, сирек металл, титан, фосфат, көмір өндірісінің қалдықтарында үнемі ұшырасып отырады.

Кадмий, индий, таллий, галлий, германий, рений, селен, теллур. Бұл топқа колчеданды-полиметалл, қорғасын-мырыш, мыс, сирек металл, уран кенорындарында жиі-жиі ұшырасатын қоспа элементтер енгізілген. Бұлардың кейбіреулері тас көмір мен қоңыр көмірлерде, фосфориттерде, бокситтерде, темір-марганец рудаларында, минералданған суларда (тұздықтарда) кездесіп қалып отырады.

Қазақстандағы кадмийдің, индийдің және таллийдің минералдық шикізат базасы негізінен Кенді Алтайдың, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қорғасын-мырыш және мыс-мырыш рудаларымен байланысты. Кадмий мен индий әдетте қорғасын-мырыш және мыс-мырыш рудаларында үнемі ұшырасып отырады, таллий сирегірек кездеседі (тишинск, Николаев, Белоусов, Мірғалымсай, Ақжал, Ұзынжал, Жәйрем).

Солай бола тұрса да, Қазақстан ТМД елдерін техникалық таллиймен қамтамасыз ететін негізгі республика болып табылады. Таллий негізінен қорғасын-мырыш концентраттары құрамынан алынады.

Галлий бокситтер мен мырыш концентраттарын өңдеу өнімдері есебінен алынады. Германийдің негізгі шоғырлары негізінен Атасу өңірінің темір рудаларымен (Үлкен Қытай, Батыс Қаражал, Шығыс Жәйрем т.б.), қоңыр көмір кенорындарымен (Алакөл, Ленгер, Жыланды кенорындары), уранды-көмірлі Төменгі Іле кенорнымен, уранның қойнауқаттық-инфильтрациялық кенорындарымен (Уванас, Қанжуған, Қарамұрын т.б.) байланысты. Германийдің қорлары жүздеген т-мен өлшенеді, ал қоңыр көмір күлдеріндегі бұл элементтің потенциялық қоры жүздеген мың т-ға жетеді.

Ренийдің негізгі шоғырлары мысты құмтастарда (Жезқазған), порфирлі мысты-молибденді кенорындарда (Қоңырат, Борлы, Ақтоғай, Айдарлы, Бозшакөл) және гипогендік немесе гидрогендік уран кенорындарында ұшырасады. Практикалық тұрғыдан ең тиімділері мысты құмтастар мен мысты-порфирлі кенорын рудалары. Ренийдің потенциялық көздері ретінде Қаратаудағы және Талас Алатауындағы уранды-ванадийлі кенорындарды, сол сияқты кейбір уранды-көмірлі кенорындарды (Сұлушоқы, Төменгі Іле, Көлжат) атауға болады.

Селен мен теллур Кенді Алтайдың колчеданды-полиметалл кенорындарында, Бозшакөл, Айдарлы, Қызылту сияқты мысты-молибденді, Саяқ, Қаратас сияқты мысты-скарнды, Солтүстік Қатпар, Байназар, Жоғарғы Қайрақты, Бөгеті сияқты сирек металды, Мыңқұдық, Инкай, Уванас, Мойынқұм, Қарамұрын, Сұлушоқы сияқты селенді-уранды кенорындарда кездеседі. Соңғы аталған кенорындардағы селеннің қоры сол кенорындардан өндірілетін уран қорымен шамалас болып келеді. Бұл нысандардан селен элементін де жерастылық шаймалау әдісімен өндіруге болатындығы принциптік тұрғыдан дәлелденген.

Жалпы алғанда, Қазақстан қоспа элементтердің айтарлықтай қорларына иелік етеді, өкініштісі – олардың көпшілігін кешенді рудалардан бөліп алу технологиясының әлі де болса жасақталмауында, сөйтіп бұл бағалы шикізаттар өндіріс қалдықтары құрамында ысырап болатындығында.

 

Бейметалл пайдалы қазбалар

Қазақстан бейметалл пайдалы қазбалардың ірі-ірі барланған қорлары мен болжам ресурстарының иегері. Республика аумағында руда емес шикізаттың 2000-нан астам кенорындары белгілі, оның 1200-дейі құрылыс материалджарының кенорындары.

Руда емес шикізаттардың ішінде кенорындары Мемлекеттік баланс тарапынан есепке алынған мейілінше маңызды деп есептелетін түрлері мыналар: фосфориттер, талшықтастар (асбестер), каолиндер, бариттер, флюориттер, тальк, отқа төзімді және қиын балқитын саздар, бентониттер, воллостаниттер, глоукониттер, калий және магний тұздары, ас тұзы, натрий сульфаты, бораттар, цеолиттер, цемент және керамзит шикізаты, қаптама тастар, асыл және әшекей тастар, оптикалық және жоңғыш)абразивтік) материалдар, минералдық бояулар, қалыптық және флюстік материалдар, шынылық құмдар, минералдық мақталар мен тасқұймалар өндірісіне қажетті петрургиялық шикізаттар, қабырғалық тастар, гипс, минералды және термалық жерасты сулары,, шипалы балшықтар.

Республиканың бейметалл пайдалы қазбалардың шикізат базасына деген мүмкіндіктері руда емес шикізаттардың жоғарыда аталған дәстүрлі түрлерінің барланған қорларымен ғана шектелмейді. Соңғы жылдары руда емес шикізаттардың бір топ дәстүрлі емес түрлері белгілі болды, оларға жататындар – волластонит, глауконит, шунгит, цеолит т.б. бұлардың жаңадан белгілі болған кейбір бағалы қасиеттері оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында табысты түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Радиоактивті металдар | Тау-кен-химия шикізаты
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-14; Просмотров: 506; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.