Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ. Механика. Молекулалық физика




Физика курсы

1-бөлім

Механика. Молекулалық физика.

Электр және магнетизм.

 

 

Оқу құралы

 

Семей

 

Мұқышева М.Қ. Паримбеков З.А.,Тұрысбекова Б.Ш.,Гайнова Л.Е.

Физика курсы, 1-бөлім.: Механика. Молекулалық физика.

Электр және магнетизм. Семей, 2007- бет

 

 

Пікір жазған: Б.Мукушев, пед.ғыл.докторы,

Семей педагогикалық институтынының

физика кафедрасының доценті

 

Баспаға ұсынушы

 

 

2 бөлімнен тұратын физика курсының 1-бөлімі механика, молекулалық физика, электр және магнетизм тарауларын қамтиды. Оқу құралында механиканың, молекулалық физиканың және электромагниттік құбылыстардың негіздерінің баяндалуы өту мұқият сұрыптаудан өтіп, нақты және жинақы қарастырылған.

Оқу құралы физика,инженерлік-физика және инженерлік-техника мамандықтарының студенттері мен мұғалімдерге және физиканыөз бетімен оқып ізденушілерге арналған.

 

 

 

© Шәкәрім атындағы

Семей мемлекеттік университеті

Алғы сөз

 

Бұл оқу құралы жоғарғы оқу орындарында кредиттік технология бойынша оқитын инженерлік-техникалық мамандықтарының студенттері үшін физика пәнінің стандарты бойынша және авторлардың Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінің негізінде жазылған..

Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. 1-ші бөліміне механика, молекулалық физика, электр және магнетизм тараулары енген. Бірінші тарауда классикалық механиканың физикалық негіздері жүйелі түрде баяндалған, сонымен қатар салыстырмалылық теориясының дербес элементтері қарастырылған. Екінші тарау молекулалық физика мен термодинамика негіздеріне арналған. Үшінші тарауда электростатика, тұрақты электр тоғы және электромагнетизм құбылыстары баяндалған.

Материалдардың баяндалуы өте күрделі математикалық қорытуларсыз беріліп, құбылыстардың физикалық негіздері мен оларды сипаттайтын ұғымдар мен заңдарға баса көңіл бөлінген. Физикалық шамалардың белгіленулері мен өлшем бірліктері халық аралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған стандартқа сәйкес.

Қоршаған орта мен осы ортадағы адамдардың сезім мүшелеріне әсер етіп түйсік тудыратын барлық дүние материя делінеді. Материяның бөлінбейтін қасиеті мен өмір сүру формасы қозғалыс болып табылады. Жалпы қозғалыс деп материяның кез-келген өзгерісін айтады - ең қарапайым орын ауыстырудан ойлаудың кұрделі процестеріне дейін. Материяның сан алуан қозғалыс түрлерін көптеген табиғат тану ғылымдары зерттейді, соның ішінде физиканың алатын орны өте зор. Физика материяның қозғалыс формаларын зерттейді. Оның зерттейтін қозғалыс формалары (механикалық, жылулық, электромагниттік, т.б.) материяның барлық жоғары және ең күрделі қозғалыстарына (химиялық, биологиялық және т.б.) тән.

Қазіргі кезде табиғат танудың көптеген жеке ғылым салалары бар: физикалық химия, астрофизика, геофизика, биофизика және т.б. Физика өзінің зерттеулерінде осы ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып, баска табиғат тану ғылымдарына жетешілік роль атқарады. Басқа табиғат тану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, олардың алдына жаңа проблемалар кояды. Сөйтіп олардың дамуына түрткі болады.

Физика техникамен тығыз байланысты. Физиканың дамуына техниканың қажеттіліктері әсер етіп, бұл проблемалар физикалық зерттеулердің жаңа тақырыптарын анықтап отырады. Сонымен қатар физиканың дамуына өндірістің техникалық деңгейі тәуелді. Физика – техниканың жаңа бағыттарын (электрондық техника, ядролық техника, нанотехника) жасаудың базасы.

Физиканың техникамен тығыз байланыста болуы инженерлік-техникалық мамандықтар дайындайтын жоғарғы оқу орындарында физика курсының алатын орнының маңыздылығын анықтап береді. Бүгінгі заманғы техниканың қарқынды дамуына сәйкес физиканың зерттейтін мәселелерінің аумағыда кеңеюде. Өндірістік техниканың деңгейінің өсуі физиканың дамуына тәуелді. Сондықтан, физика – студенттерді өз ісінің маманы ретінде теориялық тұрғыдан даярлауда фундаментальдық база болып табылады.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1410; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.