Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Есеп мысалдары. I) Ара қашықтығы 0,1м екі параллель шексіз өткізгіштермен бір бағытта тоқ жүреді




 

I) Ара қашықтығы 0,1м екі параллель шексіз өткізгіштермен бір бағытта тоқ жүреді. Өткізгіштердің әрқайсысынан 0,1м қашықтықтағы өріс кернеулігі 6,33А/м. Өткізгіштердің біреуімен 0,5А тоқ жүреді. Екінші өткізгіш арқылы қандай тоқ жүреді?

2) Бір жазықтықта жатқан екі дөңгелектік тоқтар бағыттас болғанда, центріндегі кернеулік 50А/м, ал тоқтар қарама- қарсы бағытталғанда кернеулік нөл болады. Дөңгелек тоқтардың орамының радиустары 0,12м және 0,08м. Тоқтардың шамасын анықтау керек?

3) Ұзындығы l өткізгіш арқылы 20А тоқ жүреді. Осы өткізгіштің ортасына түсірілген, одан 0,05 м қашықтықтағы перпендикулярға орналасқан С нүктесіндегі кернеулікті анықтау керек. l өткізгіш С нұктесінен 600 бұрыш арқылы көрінеді.

4) Түзу сызықты параллель екі ұзын өткізгіш бір-біріне 0,1 м қашықтықта орналасқан. Өткізгіштер арқылы I1=20А, I2=30А тоқ бір бағытта өтеді. Өткізгіштің бірлік ұзындығына келетін тарту күштері қандай болады?

5) Энергиясы 25,6*10-13 Дж зарядталған бөлшек индукциясы 2,4 Тл болатын біртекті магнит өрісінде радиусы 0,24 м болатын шеңбер бойымен 2,7*107 м/с жылдамдықпен қозғалады.. Осы бөлшектің заряды қандай болады?

6) Электрон 8*106 м/с жылдамдықпен индукциясы 10-3 Тл болатын біртекті магнит өрісіне 200 бұрыш жасай енеді. Электронның траекториясын анықтау керек.

7) Көлденең қимасының ауданы 7,5 *10-4 м2, индуктивтілігі 0,01 Гн жалаң қабатты соленоид жасау үшін диаметрі 0,001 м болатын сымның ұзындығы қандай болады?

8) Әрқайсысының ұзындығы 1м болатын екі параллель өткізгіштермен тоқ жүреді, олардағы тоқ күші бірдей. Өткізгіштердің ара қашықтығы 0,01 м., әсерлесу күші 9,8 *10-4 Н. Өткізгіштердегі тоқты анықтау керек.

9) Ұзындығы 0,4 м түзу өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр қозғалады. Өткізгіш ұштарындағы индукциялық э.қ.к-і 0,6 В. Магнит өрісінің индукциясын анықтау керек.

10) Индуктивтігі 0,2 Гн және кедергісі 1,64 Ом болатын катушка берілген. Э.қ.к. –ін үзіп тастап, катушканың қысқа тұйықталуынан 0,05 с уақыттан кейін, катушкадағы тоқтың күші неше есе кемитіндігін табу керек,

11). Ара қашықтығы 10 см екі шексіз параллель өткізгіштермен бір бағытта І=60 A тоқ жүреді. Өткізгіштердің біреуінен r1=5 см, ал екіншісінен r2=12 см қашықтықтағы А нүктесіндегі магнит өрісінің индукциясын анықтау керек.

12) Шексіз ұзын өткізгіштің ұзындығы 60 см кесіндісінің дәл ортасынан

20 см қашықтықтағы магнит өрісінің индукциясын анықтау керек. Кесінді арқылы 30 А тоқ жүреді.

13) Ара қашықтығы 10 см екі шексіз параллель өткізгіштермен қарама – қарсы бағытта I1=10А, I2=15 А тоқтар жүреді. Өткізгіштің біреуінен r1=8 см, ал екіншісінен r2=6 см қашықтықтағы магнит өрісінің кернеулігін анықтау керек.

14) Орам саны 1200 болатын соленоидпен 4 А тоқ жүреді. Магнит ағыны 6*10-6 Вб. Соленоидтың индуктивтігін және соленоидтың магнит өрісінің энергиясын анықтау керек.

15) Қабырғалары 4 см және 6 см тік бұрышты рама арқылы 5 А тоқ жүреді. Рама центіріндегі магнит өрісінің кернеулігін анықтау керек.

16) Кедергісі 2 Ом соленоиды э.қ.к. –і 8 В тоқ көзімен қосылғанда 0,01 с уақыттан кейін тізбектегі тоқ 1 А–ға жетті. Тоқ көзінің ішкі кедергісін ескермей соленоидтың өздік индукция коэффициентін анықтау керек.

17) Протон магнит өрісіне перпендикуляр болып еніп қисықтығының радиусы R=10 см доға жасады. Егер магнит өрісінің индукциясы 1 Тл болса, онда протонның жылдамдығы қандай болады.

18) Ұзындығы 1 м өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен біртекті магнит өрісіне перпендикуляр болып енеді. Егер өткізгіштің ұштарындағы пайда болған потенциялдар айырмасы U=0.02 В болса, магнит индукциясы қандай болады?

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1794; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.