Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница




 

Топырақтар пәнi, тәсiлдерi мен мақсаттары. В. Докучаевтың топыраққұралу жағдайлары туралы iлiмi; олардың өзара байланыстылығы мен себептестiгi; әр түрлi жағдайларға орай түрлi топырақтардың қалыптасуы; солардың арасындағы жетекшiсi-биологиялық факторлар. Топыраққұралу үрдiсi барысында топырақ құнарлығының дамуы. Топырақтар қозғалысы (эволюция) туралы В. Докучаев, В. Вильямс, К. Гедройц, И. Герасимов және т. б. ғалымдардың пiкiрлерi. Топырақтар таралу (географиясы) заңдары – В. Докучаевтың топырақ аймақтары (зоналары) туралы iлiмi: көлденең (ендiк) және тiк (биiктiк) аймақтылық: өңiрлiк пен фациялық (алап) және олардың топографиялық (үстiртiн) қатары. Топырақ жамылғысының құрылымы және оның түрлерi; элементаралық (бiрiншiлiк) топырақ ареалы (ЭТА) бiр – учаскесi және ТЖК-ның агрономиялық бағалауымен таралуындағы жалпы заңдылықтар; әлем топырақтарын эко-тектiк және био-климаттық пiкiрлерге негiзделе (Лобова, 1983) тұрпаттастық (формациялар немесе био-климаттық белдеулер) пен фацияларға топтау. Топырақтарды жiктеу.

НЕГIЗГI БӨЛIМ

1 Әлем топырағы

1.1 Евразия топырағы

Континент топырақ жамылғысының ерекшелiгi және оны зерттеу тарихына шолу. Биоклиматтық белдеулер (пояс)-формациялар: арктикалық, соған таяу, бореалдық (суық), соған таяу (онша суық емес), тропикке таяу (құрғақ, ылғалдау) және тропикалық (құрғақ және ылғалды) климаттар топтарына сипаттама. Сондай-ақ, әр климаттық белдеудегi шөлдiк карбонатты сортаңды және сiлтiлi, жас жаңартаулық топырақтарға шолу. Таулы облыстар топырақтарына сипаттама. Евразия топырақтарының алабы.

1.2 Африка топырағы

Континент топырақ жамылғысының ерекшелiгi және оны зерттеу тарихына шолу. Құрғақ тропикке таяу және ылғалды құрғақ тропикалық климаттар топтарын сипаттау, сондай-ақ сортаңданған, әр климаттық белдеулердегi карбонатты сортаңды, сiлтiлi топырақтарына шолу. Африка топырақтарының алабы.

1.3 Оңтүстiк Америка топырағы

Континент топырақ жамылғысының ерекшелiгi және оны зерттеу тарихына шолу. Ылғалды экваторлық және тропикалық, құрғақ тропикалық, ылғалды тропикке таяу климаттар топырағына сипаттама; тропикке таяу бейтарапты және сiлтiлi топырақтарға; бореалдыға таяу жылылау; бореалды суықтау климаттар топырағына; сондай-ақ жас жанартаулық, сортаңданған және гидроморфты топырақтарға; құмдар мен таулы облыстар топырағына сипаттама. Оңтүстiк Америка топырақтарының алабы.

1.4 Солтүстiк Америка топырағы

Континент топырақ жамылғысының ерекшелiгi және оны зерттеу тарихына шолу. Арктикалық, соған таяу, суық және суықтау бореалды, соған таяу жылы, құрғақ жiне ылғалды тропикке таяу және тропикалық климаттар топырақтарына сипаттама. Әр климаттық белдеудегi шөлдiк сортаңданған, жас жанартаулық, сортаңды және сiлтiлi топырағына шолу; көне қабықтар мен байырғы топырақтарға, қиыршық тасты топырақтар мен құмдарға және таулы облыстар топырақтарына шолу. Солтүстiк Америка топырақтарының алабы.

 

1.5 Австралия топырағы

Континент топырақ жамылғысының ерекшелiгi және оны зерттеу тарихына шолу. Әр климаттық белдеудегi салқындау, құрғақ және ылғалды тропикке таяу, құрғақ және ылғалды тропикалық, сондай-ақ шөлдiк карбонатты сортаңданған, жас жанартаулық, сортаңды және сiлтiлi топырақтарға шолу; көне қабықтар мен байырғы топырақтарға, құмдар, қиыршақ, қаңқалы және таулы областар топырағына сипаттама. Австралия топырағының алабы. Жер шарындағы iрi арал топырақтары. Әлемнiң жер қоры, оны тиiмдi пайдалану және қорғау.

Дәріс 1.

Топырақ генезисы және топырақ құралу факторлары.

Топырақтың дамуы және эволюциясы. Топырақтарды жіктеу.

Топырақ номенклатурасы және диагностикасы.

Дәріс мақсаты: Топырақ құраушы факторлар, топырақ құралу процестері арқылы топырақтың шығу тегін түсіну. Олардың маңызды қасиеттері арқылы топтарға жіктеу.

Түйінді сөздер: Генезис, топыраққұраушы фактор, даму, эволюция, номенклатура, диагностика.

Сұрақтар:

  1. Топыраққұраушы факторлар, олардың өз ара қарым-қатынасы және маңызы.
  2. Топырақтардың дамуы және эволюциясы.
  3. Топырақтарды жіктеуге тарихи шолу. Жіктеу принциптері.
  4. Топырақ номенклатурасы мен диагностикасы.

Топырақтарды жiктеу деп, оларды маңызды қасиеттерi бойынша, шығу тегiне және құнарлылық ерекшелiктерiне байланысты топтарға бiрiктiрудi айтады. Топырақ туралы түсiнiк және оларды жiктеу тәсiлдерi мен принциптерi топырақтану пәнiмен бiрге дамып және кеңiп отырғаң. Алғашқы жiктеулер топырақтың жоғарғы жиектерiнiң литаологиялык (қабаттасу) ерекшәлiктерiне нетiзделген. Мұнай агрогеологиялық аталатын жiкгеуде топырақтың тек қатты фазасы есепке алынған.

В. Доқучаев пен Н. Сибирцев топыраққа ерекше табиғи органоминералдық дене деп қарап, оның табиғи ортамен тығыз байланыста дамитындығын көрсетiп, ғенетикалык немесе тектiк жiктеу төсiлiнiң негiзiн салған. Қазiргi кездегi топырақтар жiктелуi мына тұрғылардан жүргiзiледi: экологиялы (география) — генетикалық, морфология-генетикалық, эволюциялы-генетикалық және тарихи-генетикалық (тектiк).

Топырақтарды экологиялы-генетнкалық жiктеу негiзiнде Доқучаевтiң генетикалық типтер (тектiк түрлерi) туралы iлiмi қаланған. Бұл жiктеудi В.Доқучаев өзi мен (1879-1900 жж.) шәкiрттерi — Н. Сибирцев (1895-1900) пен Я.Афанасьев (1922-1921) дамытқан. Жiктеудiң бұл схемасында генетикалық топырақ типтерi арасындағы байланыс тек қана олардың қасиеттерi бойынша емес, сонымен қатар, географиялық таралу ерекшәлiктерi ескерiлген. Мысалы, Н.Сибирцев (1895) жiктеуi үлкен 3 бөлiмнен тұрады: А-толық, немссе аймақтық, В-iшкi аймақтық, немесе жартылай аймақтық топырақтар және С-толық емес (тау жаныстарына өтпелi) топырақтар.

Экология-генетикалык жiктеуде табиғи заңдылықтар-топырақтар қасиеттерi, топыраққұралуындағы құбылымдар және олардың табиғи ортамен байланысы, мiндеттi түрде ескерiледi. Сондықтан да бұл ауылшаруашылық практикасында көптеген сүрактарға жауап бередi және жер қорын сапалы есептеуде кеңiнен қолданылады.

Морфогенетикалық жiктеу топырақтың маңызды қасиеттерiне нетiзделген және онда топыраққұрайтын жағдайларға да талдау жасалады.

Ендi аталған жiктеулерге (авторлар) шолу жасалық. П. Коссович (1903, 1910) барлық топырақтарды 2 класқа бөлген: генетикалық өз алдыңа дара (элювийлi) және генетикалық бағынышты (иллювийлi). Бiрiншi класқа топырақтарды топыраққұралу типiне байланысты топтастырады: шөлдi, шөл-далалық немесе каратопырақты, күлгiндi, тундралы, латериттi. Екiншi класқа мына топырақтар топтастырылған: ызадан ылғалданатын қара топырақ аймағы, күлгiн топырақты аймақтың батпақты топырақтары, ылғал тропикалық және субтропикалық облыстарының батпақты тоиырақтары. Жiктеудiң негiзiне топырақтың минералдык массасының өзгеруi, ыдырауы және органикалық заттардың жиналуы қойылған.

К. Глинка да (1924) жiктеу негiзiне топыраққұралудың басты титтерiн алып, оның 5 түрiн белген (латериттi, күлгiндi, далалық, кебiрлi, батпақты).

К. Гедройц (1927) жiктеуiнiң бағыты-физикалық-химиялык қүбьшымдар (сiңiрiлген катиондар құрамы). Сол негiзде топыраққұралу процесiнiң 4 түрi бәлiнген: қара топырақты (негiздер сiңiру кешенi кальций мен магнийге қаныққан), кебiрлi (сiңiру кешенiнде аталған катиондардан басқа натрий кiредi), күлгiндi және латериттi (сiңiру кешенiнде кальций мен магнийден басқа сутегi бар). Қазiргi кезде латериттену мен фералитгену баламалы процестер болып саналады.

Эволяюциялы-генетикалық жiктеу топыраққүрау процесi дамуына негiзделген, яғни оның негiзiне топыраққұралудың бастапқы сiлтiлiк сатысынан (Коссович, 1903, 1906; Полынов, 1933) немесе оның гидроморфты (сутектi) фазасынан автоморфты (құрғақтектi) фазасына дейiнгi уақыт (Полынов, 1933, Ковда, 1933) салынған.

Тарихи-генетикапык жiктеу идеясын В. Вильямс (1914-1936) ұсынған. Академиктiң айтуынша, топырақ типтерi бiр-бiрiмен бiртұтас болғаядықтан, құрлықтың беткi минералдық қабатына табиғаттағы биологиялық элементтердiң тигiзетiн әсерi бiртектi тарихи процестiң сатысы ретiнде қаралуы керек.

Шет елдiк топырақтануда жiктеу проблемасы дамуында басты екi бағыт бар: батысеуропалық және американдық.

Батысеуропалык бағытта топырақ топыраққүраушы жыныстар қасиеттерiне байланысты жiктеледi. Геология-петрофафиялық жiктеуде топыраққүраушы жыныстардың минералдық құрамы (Фаллу, 1857; Мейер, 1857; Беннинсон-Фордер, 1863), химиялық жiктеуде топырақтың химиялық құрамы (Кноп, 1871), физикалык жiктеуде механикалық құрамы (Тэер мен Шюблер, 1876) және аралас қасиеттер (Зенфт, 1877) нетiзге алынған.

XX ғасырдың басында АҚШ ғалымдары топырақты жiктеуде дақылдар өнiмдiлiгi мен жергiлiктi агро-төжiрибенi негiзге алған. Олар топырақтар жiктеу жүйесiн құрғанда алдымен механикалық құрам, кейiн басқа да толық анықталмаған қасиеттердi алған және топырақтар жiктеу жүйесiн "топырақ сериялары" деп атаған. Бастапқыда американ ғалымдары топырақтың жалпы орыстың генетикалық жiктеуiн қодданған (Гильғард, 1893; Уитней, 1895; Коффей, 1912). Америка топырақтану ғылымы тарихында Марбут (1935) жұмыстары ерекшс орын алады. ±алым АҚШ топырақтарын зерттегенде орыстың генетикалық жiктеу принципiн кеңiнен қолданған. Кейiнтi АҚШ-тағы жiктеулер (Келлог 1936, 1939; Боддуин, Келлог, Торп, 1938; Торп пен Смит, 1949) Марбут жобасынша жасалып, география-генетикалық принцип әрi қарай терендетiлдi.

Американдық топырақ жiктеу жүйесiнде жоғары және таксондык бiрiншiлiктердi (единицалар) анықтау екi бағыта етiледi. Жоғарғы таксондық бiрiншiлiк (үлкен топырақ топтары) генетикалық принцип бойынша, ал төменгi (топырақ сериялары) агроэпмирикалық принциптерге сүйене бөлiндi. Сондықтан американдық жiктеуде топырақ серияларын, бiр-бiрiмен өзара салыстырып, жоғарғы категорияларға (үлкен топтарға) бiрiктiру өте қыйын.

Соңғы жылдары ЮНЕСКО және ФАО сияқты БӨӨ-ң халықаралық ұйымдары дүниежүзiлiк топырақ картасын тұзу үшiн, жаңа генетикалық жалпы жiктеудi ұсынған.

Қазiргi кезде ТМД елдерiнiң ғалымдары жеке өздерi немесе ұжымымен бiрге жаңа жiктеу құрылымдарын жасауда. Оларды құрастыруда мынаңдай бас принциптер негiзге алынған:

- Жiктеу топырақтың негiзгi қасиегтерi мен құбылыидарына сүйене жасалып, мiндеттi түрде топыраққураду жағдайы мен онан туатын процестердi есепке алғаны және ол экологиялык, морфологиялық және эволюциялық тұрғыдан қаралғаны, яғни генетикалық (тектiк) болғаны керек;

-Жiктеу қатал ғылыми таксондық бiрiншiлiктер жүйесiнде жасалғаны керек;

-Жiктеу адам әрекетiнен туындаған топырақ өзгерiстерiн (белтiлерi мен қасиеттерiн) мiндеттi түрде ескергенi керек;

-Жiктеу топырақтың өндiрiстiк ерекшiлiктерiн ашып, оларды ауьшшаруашылығы мен орманшаруашылығында тиiмдi қолануға себептескенi керек.

Қазiргi заманғы топырақты жiктеу, бұрынғылармен салыстырғанда, топырақ кескiнiнiң морфологиялық және микроморфологиялық құрылымын, құрамын және қасиеттерiн, басты топыраққүраушы процестер мен құбылымдарды және де экологиялық жағдайларды толық қамтиды. Сонымен қатар, топырақты жiктеуде органикалық заттардың сапалық құрамы, олардың биологиялық айналымдағы ерекшәлiктерi, топырақ iшiнде өтетiн бұзылу нышаны мен ондағы энергия (қуат) қоры да еске алынады. Мiне осының бәрi топырақтың негiзгi генетикалық ерекшәлiктерiн терең түсiнуге, топыраққа агрономиялық сыпаттама және оның құнарлыылығын салыстырмалы бағалауға (бонитеттеу) мүмкiншiлiк бередi. Осы принциптерге сүйене отырып, РФ-ң В. Доқучаев атындағы топырақ институты ТМД топырақтарын жiктеудiң бiрнеше жобасын ұсынды. Онда 80-ге жуық топырақ типтерiн (Қиыр солтүстiк пен Сiбiр облыстары топырақтарын қоспағанда) жiктеп, олардың диагностикалық (танылу) бiлгелерiн берген (19-кесте).

Әр аймақты — экологиялық топ өсiмдiк типiмен (тойғалы орман, орманды дала, дала ж. т. б.), 20 см терендiкке дейiнтi температура қосындысымен, әр ай сайынғы топырақтың тондану ұзақшғы және ылғалдану коэффициентiмен сыпатталды.

Аймақты-экологиялық топтардың өзi био-физика-химиялық қасиеттерiне (қарашiрiндi құрамы, топырақ реакциясы, карбонаггылығы, кебiрлiлiтi, сортаңдылығы, кермектiлiгi т.б.) қарай және де ылғалдану жағдайына (автоморфты, жартылай гидроморфты гидроморфты) байланысты одан кiшi топшаларға бөлiнедi.

Қазiргi заманғы таксондық бiрiншiлiктер жүйесiн 1958 жылы ғылыми және өндiрiстiк ұжымдар жинақтаған, топырақты жiктеу материалдары негiзiнде бұрынғы КСРО-ң ғылым академиясында жасалған. Осы жiктеудетi негiзгi таксондық бiрiншiлiкке, көзiнде В. Доқучаев ұсынған, генетикалық (тектiк) топырақ типi жатқызылған.

Л. Прасолов генетикалық типке "... жаралуы, заттар қозғалысы мен шоғырлануы ұқсас "дене" деген анықтама берген. Әр генетикалық тип тиiстi табиғи аймақта орналасқан. Сондықтан оған жаратылысы, заттар жыйылуы мен жылуы бiр топырақтар бiрiгедi.

Топырақтың генетикалық типi мынадай өзгешiлiктерiмен анықталады:

1.Органикалық заттардың топыраққа түсуi мен олардың бiртиптi озгерiсi және құбылысы.

2.Минералдық заттардың ыдырауы мен жаңа минералды, органикалық-минералдык. Жаңажарандылардың бiртшпi синтезi (тұзiлуi).

3.Заттардың бiр типтi аккумуляциясы (шоғырлануы) мен жылжуы.

4.Топырақ профилiнiң (кескiн) бiр типтi құрылысы.

5.Топырақ құнарлығы сақтау мен көтеруге бағытталған бiр типтi шаралар.

Топырақ типiн төменгi таксондық бiрiншiлiктер айырады: типше, тек, түр, түрше және разраяд.

Типше-топырақ типi iшiнде бөлiнедi, саңдықтан типтер арасындағы өтпелi саты болып саналады да, негiзгi топырақ құралу процестен басқа қосалқы процеспен айқындалып тұрады. Типше таксонын бөлгенде аймақшылық және одан кiшi фациалдық шеңбердегi табиғи жағдайлардың өзгеруiне байланысты процестер есепке алынады. Фациалдық типшеге бөлудi топырақтың 20 см тереңдiкке дейiнгi белсендi температура қосындысы мен суық кезең ұзақтығын есепке ала отырып жүргiзедi. Фациалдық типшенi номенклатурада белгiленгенде температура құбылымына байланысты жылы, қоңыржайлы, суық, тереңдоңданатын ж.т.б. терминдер қолданылады.

Топырақ құнарлығын сақтау және котерудегi шаралар әр типшеде, типпен салыстырғанда, бiргелкi болып келедi.

Тек-топырақ типшесiнiң iшiнде бөлiнедi. Оның сапалы-тетiк ерекшiлiктерi жергiлiктi жағдайлар кешенi, әсiресе топыраққұрушы жыныстар құрамы, ыза суының химиялық құрамы ж.т.б. байланысты анықталады.

Түр-топырақ тегiнiң iшiнде бөлiнедi де, топыраққұралу процесiнiң даму дәрежесiне (күлгiндену, сортаңдану, кебiрлену, қарашiрiндiлiк мөлшер мен қабат терңдiгi ж.т.б) қарай бөлiнедi.

Топырақ түршелерi жоғарғы топырақ жиектерiнiң және топырақ құраушысы жыныстың меõаникалық құрамына байланысты бөлiнедi.

Топырақ разряды топыраққұраушы жыныстардың тектiк касиеттерiне (тығыз жыныстар, морена, аллювийлi, жамылғылы ж.т.б.) байланысты бөлiнедi.

Сипатталған таксикондық бiрiншiлiктер жүйесi бiрден осылай пайда болған жоқ. Топырақ типiнен жоғары бiрiншiлiктерi әлi толық анықталмаған және жiктеуге қай тұрғыдан қаруға байланысты болды.

Бұрынғы ²КСРО топырақтарының жiктелуi және диогностикасында² (1977) кейбiр топырақтар мәдилену дәрежесi бойынша типшеге, типтi типке, сондай-ақ құрғатылған және суармалы топырақтар да өз алдына типке жатқызылған. Бұл пiкiр төменде нақты топырақтарды сипаттағанда дәлелденедi.

ТМД елдерi топырақтарын жiктеу нетiзi — типтер "КСРО топырақтарының жiктелуi мен диагностикасы" (1977) бойынша ажыратылған

Био-физика-химиялық топтар Аймақты-экологиялық топтар
Ылғалдану құбылымы бойынша тектiк топырақ қатарлары (ТТҚ)
автоморфты Жартылай гидроморфты гидроморфты
       
Тойғалы орманды-солтүстiк және орталық тайгалық-өте суық-ЖТҚ 400-12200С, АКµ-2-8, ЫК0.77-1.33 және оңтүстiк тайгалық-қоңыржайлы салқын, қоңыржайлы және қоңыржайлы жылы ЖТҚ 1200-27000С АКҚ 2-8, ЫК 1-1,33
Фульватты -қышқыл Күлгiн Батпақты-күлгiн -
Фульватты қышқыл тоңды Тайгалы-тоңды Тайгалы тоңды батпақталған -
Гуматты-фульватты Шымды-күлгiн - -
Фульватты-гуматты қалдық-карбонатты Шымды карбонатты Шымды –глейлi (сазды)  
Фульватты-органикатектi     Жоғарғы батпақты
Фульватты-гуматты органикатектi     Төменгi батпақты
Қоңыр ормандық-қоңыржайлы салқын, қоңыржайлы, қоңыржайлы жылы және жылы ЖТҚ 1600-34000С, АКµ 1-5, ЫК1-1,33
Фульватты-гуматты қанықпаған қарашiрiндi   Шабынды күңгiрт қара топырақ тәрiздес  
Фульватты-қышқыл күлгiнденген Күлгiндi-қоңыр ормандық Күлгiндi-ормандық қоңыр глейлi  
Фульватты-гуматты органика-тектi     Төменгi батпақты
Орманды далалық, салқын, қоңыржайлы салқын, қоңыржайлы жылы және ЖТҚ 800-4000С, АКµ-1-8, ЫК 0,77-1,00 және далалық қоңыржайлы жылы, жылы және өте жылы ЖТҚ 1600-44000С АКµ 1-8, ЫК 0,44-0,77
Фульватты-гуматты үстiртiн қаңықпаған қарашiрiндiлi Сұр ормандық Сұр ормандық глейлi Шабынды-батпақты
Гуматты-бейтарапты жоғарғы қарашiрiндiлi қара топырақ Шабынды-қара топырақ Шабындық
Гуматты-фульватты кебiрлi Кебiр қара топырақты Кебiрлi шабынды қара топырақ Кебiр шабыңдық қара топырақты
Гуматты-фульватты сортаңдаңған     Гидроморфты сортаңдар
Құрғақ далалақ қоңыржайлы, қоңыржайлы жылы, жылы және оте жылы ЖТК 1600-44000С, АКµ 1-8,ЫК 0,22-0,44
Гуматты бейтарапты және сәл сiлтiлi қарашiрiндiлi қара-қоныр Шабынды-қара-қоныр Шабыңдық
Гуматты-фульватты кебiрлi Кебiрлi қара-қоңыр Кебiрлi шабынды қара қоңыр Кебiрлi шабынды қара-қоңыр
Гуматты-фульватты кермектелген   Шабынды кермек Шабынды-батпақты кермек
Гуматты-фульватты сортаңданған     Гидроморфты сортаңдар
Шөлейттiк қоңыр жайлы жылы ЖТҚ 21000-34000С, АКµ 1-8, ЫК 0,12-0,22
Фульватты-гуматты-қарбонатты Шөлейттi қоңыр Шабынды-қоңыр Шабыңдық
Гуматты-фульватты кебiрлi Шөлейттiк кебiр Шабынды-шөлейттiк кебiр  
Гуматты-фульватты сортаңданған Автоморфты сортаңдар   Гидроморфты сортаңдар
Шөлдiк өте жылы, субтропикалық және жылы субтропикалық ысық ЖТҚ 3400-72000С, АКµ 0-5,ЫК 0,12
Гуматты- Фульватты -карбонатты-ғынышты (гипстi) Шөлдiк сұр-қоңыр Шабынды-шөлдiк Шабынды-шөлдiк
Гуматты-фулüâатты тақырланған Тақырлы шөлдiк Тақырлар  
Гуматты-фулüâатты сортаңданған Автоморфты сортандар   Гидроморофты сортаңдар (шөлдi)
Шөлдiк өте жылы, субтропикалық және жылы субтропикалық ысық ЖТҚ 3400-72000С, АКµ 0-5,ЫК 0,2, ЫК 0,12-0,22
Гуматты- Фульватты -карбонаты құба топырақ Шабынды құба топырақ Шабыңдық
Фульватты сортаңған Автомофты сортаңдар   Гидроморофты сортаңдар
Бұталы-дала субтропикалық және субтропикалық ыстық ЖТҚ 4400-72000С, АКµ 0, ЫК 0,22-0,44
Фульватты-гуматты қарашiрiндiлi Сұр күрен Шалғынды сұр күрең Шабыңдық
Ксерофиттi ормандық субтропикалық ЖТҚ 4000-56000С, АКµ 0-5,ЫК 0,44-1,00
Гуматты бейтарапты жоғары қарашiрiндiлi Күрен Шалғынды күрен Шабыңдық
Ылғал орианды субтропикалық ЖТҚ 4400-56000С, АКµ 0,ЫК 1,00
Фульватты қышқыл фералиттi қызыл топырақ    
Фульватты -қышқыл ферсиалиттi Сары топырақ Глейлi сары топырақ  
Фульватты -қышқыл сиалиттi Күлгiндеу-сары топырақ Күлгендеу сары глейлi торырақ  
Фульватты -гуматты органикатектi     Төменгi батпақты

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1601; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.