Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер. Бақылау сұрақтары: Топырақтың жазықтықта таралу заңдылығы дегеніміз не?




Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың жазықтықта таралу заңдылығы дегеніміз не?
  2. Топырақтың тік бағыттағы таралу заңдылығы дегеніміз не?
  3. Қазіргі кездегі топырақтың – географиялық аудандаструдағы негізгі таксономиялық бірліктер жұйесін ата?
  4. Арктика және субарктикалық табиғи жағдайларының және топырақ құралу процесінің ерекшелектерін түсіндір.

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 3

Орманды-тайга аймағының топырақтары. Күлгін, шымды,

шымды-күлгін, батпақты топырақтар. Олардың генезисі жіктелуі,

құрамы қасиеті. Ауыл шаруашылығында игерілуі.

Дәріс мақсаты: Жалпы алабы 1150 млн гектар жерді алып жатқан үлкен аймақтың табиғи топырақ құралу жағдайларын сипаттап, күлгіндену, шымдану, батпақтану процестері туралы толық мағлуматтар беру.

Түйінді сөздер: Табиғи – топырақ құралу, генезис кулгіндену, шымдану, батпақтану, жіктеу, диагностика.

Сұрақтар:

  1. Табиғи топырақ құралу жағдайлары.
  2. Топырақ жаралу ерекшелігі және оларды жіктеу.
  3. Топырақ қасиеттері мен құрамы.
  4. Топарақты ауыл шаруашылығында пайдалану.

Тайгалы-орманды аймағымен солтүстiгiнде тундра, оңтүстiгiнде орманды-дала аймақтарымен шектелiп, Ресейдiң батыс шекарасынан Охотск және Жапон теңiзi жағалауларына дейiн созылып жатыр. Ол Еуропа-Батыс Сiбiр тайгалы-орманды және Қиыр Шығыс тайгалы-орманды қатал-ызғарлы топырақ-биоклиматтық облыстарында орналасқан. Бұл аймақ 1150 млн га немесе ТМД территориясының 57 процентке жуығын алып жатыр. 64 проценттен көбiрек жерiнiң топырағы жазық және 36 процентке жуығы таулы аудандарда кездеседi.

Аймақ территориясы батысынан шығысына және солтүстiгiне қарай өте үлкен аумақты алып жатқандықтан табиғи жағдайлары әртүрлi көрсеткiштермен сыпатталады.

Аймақ климаты Еуропа жағында ең жылы және ылғалды болып келедi. Жылдық орташа температурасы 0,80С, қаңтардың орташа температурасы-270С дан-160С-қа дейiн ауытқиды.

Шiлденiң орташа температурасы +17,5-180С, 500-680 мм мөлшердегi жауын-шашынның көпшiлiгi жылы мезгiлде жауады. Ең қолайлы климат Балтық мемлекеттерi және Беларусь республикасы территорияларына тән, ал Шығысқа қарай климаттың ызғарлылығы арта бастайды. Аймақтың Батыс Сiбiр бөлегiнде де климат ызғарлы. Жылдық орташа температура -3,00-тан-7,80С аралығында қалыптасқан.

Аймақта жауын-шашын жылдың жылы мезгiлiнде жауады. Жылдық жауын-шашын мөлшерi жер бетiнен буланудан 1,10-1,33 есе артық. Сол себептi осы территория ылғалы жет­кiлiктi және артық ылғалды аймаққа жатады.

Тайгалы- орманды аймағы автоморфты топырақтары шайылмалы, ал Шығыс Сiбiрде тоңды су құбылмалы жағдайында қалыптасады.

Кең байтақ аймақ территориясының геологиялық тарихы мен құрылысының сан-қилы болуына байланысты оның бедерi де әртүрлi дамыған. Тайгалы орманды-аймақтың Еуропа бөлегi мұзартты және соған жақын әлпеттi бедерлер мен соларға сай шөгiндiлерден қалыптасады. Ең соңғы мұзбасу ауқымы бедер сипаты дөңестi жалпы, жазықтармен алмаса құралады. Көптеген батпақтар мен көлдер кездеседi. Оңтүстiкке қарай орташа төрттiк /Днепр/ мұзбасу өңiрiнде жер бедерi күрделене түседi, өзендер әрекетi төрттiк шөгiндiлердi терең жыртып, тығыз жыныстарға дейiн жетедi.

Өзен аралық тегiстiк беткейлерiнiң сырт пiшiнi айқын толқынды және дөңдi болып келедi.

Аймақта кеңiнен тараған көне аллювиалды және мореналы- мұзартты кұмдардан жинақталған ойпаттардың бедер сипаты өзгеше болады. Бұл кұмды массивтердiң бедерi ыза суы жақын жатқан және батпақты жазық болып келедi.

Тайгалы-орманды аймақ Батыс Сiбiрде жадағай-жазық бедерлi, нашар дренажды (ағынсыз), ыза суы жоғары деңгейлi, Батыс Сiбiр ойпатында орналасқан. Сол себептi ойпат жерлерде батпақтар кең тараған.

Енисей өзенiнен шығысқа қарай тайгалы-орманды аймақ орталық Сiбiр қыраты мен Шығыс Сiбiр тау жүйесiнде және Қиыр Шығыста тараған. Бұл кеңбайтақ территорияның геологиялық құрылымы өте күрделi және таулы жер бедерiнен тұрады.

Топырақ құралатын жыныстардың тайгалы-орманды аймақта минералдық, химиялық және механикалық құрамы, қалыңдығы мен құрылымы әртүрлi.

Аймақ территориясының Еуропа жақ бөлегiнде кең тараған топырақ құралатын жыныстары ретiнде, көбiнде карбонатсыз морендi балшықтар, құмбалшықтар, құмайттар мен құмдар кездеседi. Оңтүстiкке қарай топырақ құралатын жыныстар болып морендi шөгiндiлер, қалыңдығы әртүрлi жабылмалық балшықтар мен құмбалшықтар, сонымен қатар кейде карбонатты лөс iспеттес құмбалшықтар жолығады. Қатты шөгiндi жыныстардың элювиi-үгiндiсi /кей кезде, әк, мергель, карбонатты балшықтар/ жер бедерiнiң жоғарғы жағында шөгiнделген. Үлкен өзендердiң аңғарында және көлдердiң маңында топырақтар құмнан, құмбалшықтардан, балшықтардан тұратын көне аллювиалды және кәзiргi аллювиалды шөгiндiлерде құралады.

Батыс Сiбiр ойпатының солтүстiк жағында топырақ құралатын жыныстар морендi, құрамы құмды, құмайтты, сирек құмбалшықты болып келетiн мұзарттық су шөгiндiлерiнен тұрады, ал оңтүстiгiнде мұз және көлдiк- мұз суының лөс тәрiздi құмбалшықтары мен балшықтары кездеседi.

Енисей өзенiнен Шығысқа қарай, жер бедерi мен геологиялық құрылысы бөлектiгiне байланысты, топырақ құралатын негiзгi жыныстар сапасында түрлi элювиальды-делювиальды шөгiндiлер кездеседi. Олардың кескiнi таяз, химиялық, минералдық және механикалық құрамдары әртүрлi.

Жер бедерiнiң әртүрлiлiгi, топырақ құралатын жыныстардың механикалық-химиялық құрамының бiр қалыпты еместiгi және өте көп ылғалдың жиналуы, топыраққұралу үрдiстерiнiң аймақтық өзгерiп тұруына әкелiп соғады. Соның әсерiнен бүкiл тайгалы-орманды аймақтық топырақ жамылғысы әртүрлi қалыптасады.

Тайгалы-орманды аймақ өсiмдiк жамылғысы орманды, шабынды және батпақты қалыптасулардан тұрады. Барлық жерде негiзгi өсiмдiк орманды келедi, бiрақ аймақтың әр жерiнде климат, бедер және тағы басқа жағдайлардың әртүрлiлiгiне байланысты, көптеген өзгешелiктерi бар. Аймағы Еуропалық және Батыс Сiбiр бөлегiнде өсiмдiктер құрамына сай үш аймақшаға бөлiнедi. Солтүстiк тайга аймақшасын сирек шыршалы және құрылықты мүк жамылғысы басып, бұталы, шыршалы-балқарағайлы ормандар жайлаған. Бүрi жапырақты ормандар арасында шөптер өспейдi. Аймақшаның көп жерiн батпақты өсiмдiктер басқан. Негiзгi топырақ жамылғысы сазды /глейлi/-күлгiн топырақтар. Орталық тайга аймақшасының Еуропа бөлегiндегi құрылық сирек шөптi мүкжамылғылы қою, бiтiк бүрiлi шыршалы ормандардан, ал Батыс Сiбiр жағы шыршалы-балқарағайлы және құрғақ жерлерде өсетiн ормандардан тұрады. Батпақтар өте кең тараған. Аймақшаның негiзгi топырақ жамылғысы қалыпты күлгiн топырақтар.

Оңтүстiк тайга аймақшасының Еуропа жағындағы бөлегi шөптесiн жамылғысына бай, мойын мен мәңгi өсетiн бiтiк бүрi шыршалы, сонымен қатар iрi бүрi жапырақты аралас өскен емен және шыршалы ор­мандардан тұрады. Iрi жапырақты ағаштар Орал тауы шығысында кездеспейдi.

Оңтүстiк тайга аймақшасының Батыс Сiбiр бөлегi бүрiлi және жапырақты /қайың, көктерек/ ормандардан тұрады. Орман iшiнде шөптер өте жақсы өседi. Бұл аймақшада шымды-күлгiн топырақтар кеңiнен тараған.

Қарағайлы тайга-орманы барлық аймақшалардың құмды және құмайт топырақтарында өседi.

Енисей өзенiнiң шығысы Охот теңiзiне дейiнгi бөлегi мәңгi тоңға бейiмделген даур балқарағайынан тұрады. Қиыр Шығыста бүрiлi, аралас және iрi жапырақты ормандар кездеседi.

Шабынды өсiмдiктер өзен алқаптарында және үлкен көлдер жылғаларында өседi. Қысқаша сыпатталған топырақ­құ­ра­лулар тайгалы-орманды аймақ территориясында олардың әртүр­лi екенiн көрсетедi. Осыған сәйкес топырақ жамылғысы да өзгерiп тұратыны түсiнiктi.

Тайгалы-орманды аймақтың топырақ жамылғысы негiзiнен күлгiндену, шымды және батпақты топыраққұралу үрдiстерi әсерiнен қалыптасады. Шығыс Сiбiрде топырақ құралуына мәңгiлiк тоңдану құбылысы үлкен ықпалын тигiзедi. Осы әртүрлi үрдiстерi тiкелей әсерiнен пайда болған аймақтық топырақтар сипаты мен құрылымы да өзгеше болады.

Тайгалы-орманды аймақта топырақтың келесiдей генетикалық /тектiк/ күлгiн, шымды, батпақты, шымды-күлгiн, батпақты-күлгiн, тоңды, шабынды-орманды түрлерi қалыптасқан.

Аталған аймақ топырақтарының негiзгi типi күлгiн топырақ. Ол шайылмалы су құбылымы әсерiнен, бүрi және аралас ормандар астында құралады. Бұл жағдайда топыраққұралудың негiзi болып күлгiндену үрдiсi саналады. Табиғи жағдайлардың ерекшелiгiне сәйкес күлгiндену әрекетi глейлену /саздану/ немесе шымдану үрдiстерiмен қабаттас жүруi мүмкiн. Сол себептi күлгiн топырақ типi iшiнде қалыпты күлгiн /немесе күлгiн/, глейлi күлгiн және шымды күлгiн топырақ типшелерiн бөледi. Күлгiн және глейлi-күлгiн топырақтар 132 млн га жердi алып жатыр.

Күлгiн топырақтардың жаралуы жөнiнде көптеген болжамдар айтылып, теориялар, тұжырымдар ұсынылды.

Топырақтану ғылымы негiзiн салушылар В.Докучаев пен Н.Сибирцев күлгiн топырақтар қарашiрiндi қышқылдары әсерiнен пайда болады деп санады. Кейiнiрек, күлгiндену үрдiсiнiң табиғи негiзiн түсiнуге К.Гедройц пен В.Вильямстың көзқарастары зор ықпалын тигiздi.

Тәжiрибелiк мәлiметтер негiзiнде күлгiндену үрдiсi жетiлуiн келесiдей тҮрғыдан қарауға болады. Мүктi-қыналы тайга өсiмдiктерi мен ағаштарының қураған қалдықтары топырақ бетiнде орман жамылғысы ретiнде жиналады. Бұл қалдықтар құрамында азот, кальций және ыдырауға төзiмдi лигнин, балауыз, илiк /дубилдiк/ заттар өте аздаған мөлшерде кездеседi. Орман жамылғысы ыдыраған кезде, суда ерiмтал әртүрлi органикалық қосындылар түзiледi. Жамылғы құрамында негiздер мен қоректiк заттардың аздығынан және саңырауқұлақтар әрекетi басымдылығына байланысты, органикалық қышқылдар, оның iшiнде, әсiресе фульвоқышқылдар мен төменгi молекулалы органикалық қышқылдар /құмырсқа, сiрке, лимон және т.б./ көп мөлшерде түзiледi. Жамылғы бұзылуынан түзiлген қышқыл қосындылар минералдану /ыдырау/ кезiнде бөлiнiп шыққан негiздермен аздап бейтараптанады да, қалған көп мөлшерi сумен қосылып, топыраққа сiңiп, оның минералды қосындыларымен әрекеттеседi. Жамылғыдан түзiлген қышқыл қосындыларға, топырақ iшiндегi кiшi жандылардың тiршiлiк әрекетiнен түзiлген және өсiмдiк тамырларынан шыққан органикалық қышқылдар қосылады.

Бiрақ, өсiмдiктер мен кiшi жандылардың минералдарды бұзу маңызымен қатар, күлгiндену үрдiсiне орман жамылғысының органикалық қалдықтары ыдыраған кезде түзiлетiн спецификалық және спецификалық емес қосындылар үлесi де зор.

Шайылмалы су құбылымы әсерiнен және қышқыл қосындылар әрекетiнен топырақтың жоғарғы жиектерiнен оңай еритiн заттар тез шайылып кетедi. Онан кейiн қышқылдар әсерiне төзiмдi бipiншiлiк және екiншiлiк минерал қосындылары бұзыла бастайды. Ең алдымен майда минералды бөлшектер бұзылатындықтан, күлгiндену үрдiсi барысында майда бөлшектерге жоғарғы жиек тапшыланады.

Бұзылған минералды бөлшектер ерiтiндi түрiне ауысып, минерал­ды және органикалық-минералды қосындылар күйiнде жоғарғы жиектен төмен қарай жылжиды /калий, натрий, кальций, магний, көбiнде көмiр мен органикалық қышқыл тұздары түрiнде, жерлiк кремний, ерiмтал калий мен натрий силикаты және жалған кремний қышқылы тұздары, күкipт қышқылының сульфаттары түрiнде/, ал фосфор негiзiнен нашар еритiн кальций, темiр және алюминий фосфаттары түрiнде шоғырланып, өте нашар шайылады.

Күлгiндену үрдiсi кезiнде темiр мен алюминий негiзiнен органикалық-минералдық қосындылар түрiнде жылжиды. Күлгiн топырақтардың суда еритiн органикалық заттары құрамында фульвоқышқылы, көп фенолдар, төменгi молекулалық органикалық қышқылдар, қышқыл көпқанттылар және т. б. түрлi қосындылар кездеседi. Олардың көпшiлiгi карбоксил тобы және фенол гидроксилдерiмен қатар, құрамында атомды топтарды да /спирттi гидроксил, карбонильдi топ, аминтоптары және т.б./ ұстайды; ал соңғылар коваленттi (екi электронды) байланыстың құралуына мүмкiншiлiк туғызады. Электронваленттi және коваленттi байланыстарды алып жүретiн функциалы мiндеттi топтары бар, суда еритiн органикалық заттар топырақта кешендi органикалық-минералдық қосындылар түзiлуiне мүмкiндiк туғызады. Соның әсерiнен коллоидты, молекулярлы және темiр мен алюминий иондары органикалық-минералдық суда ерiмтал түрлi компоненттi органикалық заттар кешендерi түзiледi. Бұл металл иондары органикалық қосындылармен өте берiк байланысты болады.

Күлгiндену үрдiсi нәтижесiнде орман жамылғысы астында келесiдей негiзгi белгiлерi және қасиеттерiмен сыпатталатын күлгiн жиек бөлектенедi: темiр мен марганецтiң шайылуы мен жер кремнийдiң қалдығы жинақталуына байланысты, оның түci қызыл-күрең немесе сары-күреңнен ақшыл-сұр немесе күл-күлгiндеу түске ауысады; бұл жиек /А2/ қоректiк элементтерден, бip жарым тотықтардан және тұнба бөлшектерден арылған, ортасының реакциясы қышқыл, қатпарлы-жапырақ түйiртпектi немесе түйiртпексiз болады. Орман жамылғысы мен күлгiн жиектен шайылған заттардың бiразы оның астындағы өтпелi жиекте бекiп қалады, оны майда тозаңды бөлшектерге, темiр мен алюминийдiң 1,5 тотықтарына байыған иллювилы немесе шайылымды тұнбалық заттар жиналған жиек /В/ деп атайды. Бұл жиекте жиналған заттар әртүрлi өзгерiстерге тап болады. Органикалық қышқылдардың биологиялық жолмен бүлiнуi нәтижесiнде олармен байланысты темiр мен алюминийдiң 1,5 тотықтары босап шығады. Темiрдiң 1,5 тотығы гетит және сулы гетит минералдары түрiнде жинақталады да, фосфаттар болса нашар еритiн 1,5 тотықты қосындылары күйiнде шөгедi. Кейбiр жағдайда құрамына кремний, алюминий, темiр, магний және калий тотықтары кiретiн екiншiлiк алюминосиликаттар да пайда болады.

Күлгiндену үрдiсiнiң ең басты ерекшелiгi-шайылмалы су құбылымы жайында, органикалық қосындылардың әсерiнен бipiншiлiк және екiншiлiк минералдардың бузылуы мен топыраққұралу азықтары топырақтың жоғарғы жиегiнен төмен қарай шайылуында.

Глейлi-күлгiн топырақтар үcтipтiн ұзақ уақыт ылғалды болатын мүктi неме­се мүктi-бұталы бүрi жапырақ ормандарда қалыптасады. Осы жағдайда топырақтағы күлгiндену үрдiсi үстiңгi жиектiң глейленуiмен /саздануы/ қатар жүредi. Мол ылғалдану топырақтың жоғарғы жиегiнде темiр, алюминий және марганец қосындылары жылжымалы түрлерiнiң пайда болуына әкелiп соғады. Сонымен қатар, тым ылғалды жағдайда, өсiмдiк қалдықтары шipiгeн кезде көп мөлшерде фульвоқышқылы, төмен молекулалы органикалық қышқылдар, темiр және алюминий катиондарымен кешендi түзiлетiн қосындылар пайда болады. Осы аталған құбылыстар күлгiндену үрдiсiнiң дамуына әкелiп соғады.

Глейлi-күлгiн топырақтар өз бойына кәдiмгi күлгiн топырақтардың қасиеттерiн сақтап қалады. Тек олардан айырмашылығы беткi торфты-шымтезектi жамылғылық қалың қабатында және В1 В2 мен Вс жиектерi темiр шала тотығынан көгiлдiр-күлгiн түcтiң айқындалуында, ал кепкен кезде жоғарғы жағы толық сары түске боялады.

Тайгалы-орманды аймақтың шымды топырағы, таза шабынды шөп жамылғысы астында, карбонатты немесе бipiншiлiк минералдарға бай жыныстарда, шөптi немесе мүктi-шөптi орман астында түзiледi. Шымды топырақтар ТМД-ның Еуропа бөлегiнде, Балтық маңы елдерiнде, Санкт-Петербург, Архангельск, Вологодск, Тверь, Мәскеу және т.б. облыстарда тараған. Шығыс Сiбiрде тоңды-тайгалы, шымды-орманды топырақтар, ал Жақутияда орманды-шымды күлгiн топырақ көбiнесе тайганың ipi жапырақты орман жамылғысы астында кең тараған. Соны­мен бipгe шымды топырақтар Қиыр Шығыста-Камчатка мен Курил аралдарында кездеседi. Шымды топырақтардың жалпы көлемi 9 млн. га оның 5 млн га жуығы Камчатка мен Шығыс Сiбiрге келедi.

"Шымды топырақтар" деген терминдi ғылыми әдебиетке В.Докучаев енгiзген, ал топырақ құралудағы шымдану үрдiсi теориясын В.Виль­ямс, И.Тюрин және т. б. ғалымдар ары қарай дамытқан.

Шөптi өсiмдiк жамылғысы әсерiнен жақсы дамыған қарашiрiндiлi-шымды жиек түзiлуiне әкелетiн топыраққұраушы үрдiстi шымдану деп атаған. Оның аса маңызды ерекшелiгi- топырақтың жоғары жиегiнде қарашiрiндi мен қоректiк заттар жиналып, суға төзiмдi құрылым түзiлуiнде. Шымды үрдiс әcipece шабынды және шабынды далалық шөптесiндер жамылғысы астында жақсы дамиды. Тайгалы-орманды аймақтың шымды топырақтарынан бөлек, басқа аймақтарда да шымдану үрдiс дамуынан бipқатар топырақтар қалыптасады. Олар қара, қара-қоңыр топырақтар, шымды-аллювиалды, шабынды-глейлi, күңгiрт прерия топырағы /брунизанем /, ормандық сұр т.б. топырақтар.

Шөптi өсiмдiктердiң ерекше әсерiнен топырақтың жоғарғы жиектерiндегi гумус түзiлуiмен қоса, қоректiк заттар мөлшерi артып, физикалық-химиялық және физикалық қасиеттерi жақсарады, микробиологиялық үрдiстерi күшейiп, ақыр соңында құнарлы топырақтар қалыптасады. Шымдану үрдiсiнiң даму қарқыны шөптi өсiмдiктердiң биологиялық өнiмдiлiгiмен анықталады, яғни органикалық заттар түсiмi мен саны, сапасы, жылдық қалдық жиналуы және гумус тузiлуiне әсер ететiн басқа да кешендi жағдайлар.

Тайгалы-орманды аймақтың шөптi өсiмдiк жамылғысының дамуы үшiн аса қолайлы жағдай өзендер жайылмасының шабындығында туады, сондықтан онда шымдану аса қарқынды жүредi.

Органикалық заттардың ыдырау жылдамдығына топырақ аэрациясы /ауа алмасуы/ үлкен ықпалын тигiзедi. Аэробты жағдайда органикалық қалдықтар ыдырауы аса қарқынды жүрiп, карашiрiндi мен минepaлдық тотыққан қосындылар түзiлeдi. Бұл жағдайда органикалық заттар толық минералданбайды, ceбeбi аэробты үрдiстiң қарқынын табиғи жағдайлар тұрақтап тұрады: олар температура, ылғалдылық, ыдырайтын заттағы қоректiк заттардың С:N және С:Са ара салмағы қатынасы т.б. Ал анаэробты жағдайда органикалық заттар баяу ыдырайды да, өсiмдiктер өсiп-өнуiне керi әсерiн тигiзетiн метан, көмiрсутек, тотықсызданған қосынды-темiрдiң шала тотығы т.б. түзiледi. Мұндай жағдайда органикалық қалдықтар торф /шымтезек/ түрiнде жинақталатындықтан, шымдану үрдiсi батпақтануға ауысады.

Қарашiрiндi түзiлуi мен жиналуына топырақтағы көмiр қышқылды, силикатты және алмаспалы кальций мен магний негiздерi үлкен ықпалын тигiзедi. Олар өсiмдiк қалдықтарының ыдырауын реттейдi, түзiлген қарашiрiндiлiк заттарды бейтараптайды және оларды тұрақты күйге келтiрiп, топырақтан шайылу мен кiшi жандылар әрекетiнен ыдырап кетуден сақтайды.

Қышқыл, негiздерге тапшы жыныстар кең тараған тайгалы-орман­ды аймақтан тыс жерлерде шымдану үрдiсi тек oңтүcтiк-тайгалы аймақта ғана байқалады және ол күлгiн үрдiспен сәйкестене келе шымды-күлгiн топырақ түзiлуiне әкеледi. Негiздерге бай /карбонатты морена, әк/, құрамында кальций мен магний және лимонит бар силикатты жыныстардан тұратын, әрi ыза деңгейi жоғары жатқан аймақ аумағында, күлгiн, шымды-күлгiн топырақтармен қатар, шымды топырақтар да түзiледi. БҮл топырақтарда дамуына және бiртiндеп негiздерiнiң сiлтiсiзденуiне қарай күлгiндену белгiлерi байқала бастайды.

Шымды топырақтарға келесiдей ортақ белгiлер тән: түйiртпектi-дәндi құрамында анық байқалатын қарашiрiндi жиек, күлгiндiк белгiлерiнiң болмауы немесе байқалуы, қарашiрiндi мөлшерi /3-4-тен-12-15 процентке дейiн/ және ciңipy сиымының жоғары болуы, сәл қышқыл, бейтарапты немесе сәл сiлтiлi реакция, жалпы азот қоры мен күлдiк-қоректiк элементтердiң жоғары мөлшерi.

Батпақты топырақтардың қалыптасуы мен дамуы артық ылғалдануға тығыз байланысты. Соңғы құбылыс әр себептерден, әсiресе үстiртiн және ыза сулардан туады. Айналадан ағып келген су бедердiң терiс элементтерiнде /ойыс, ойпаң жерлерге/ жиналып, үстiртiн iркiлген су құрады. Су тегiстiкте де iркiлуi мұмкiн, айталық, ұстiртiн су ағыны нашар, тiптi ағынсыз, топырақ немесе су өткiзбейтiн тығыз жыныс үстi қабаты. Ыза құрылық бетiне жақын жатқан жағдайда топырақтың жоғарғы жиектерi толық су-сиымдылыққа дейiн суға қанып, батпақты өсiмдiктер дамуына қолайлы жағдайлар туады.

Батпақты топырақтарда шымтезектену /торфтану/ және глейлену /саздану/ үрдiстерi қатар жұредi. Сондықтан бұл үрдiстердi бiрiктiрiп, көбiне батпақтану үрдiсi деп атайды. Ылғалдың көптiгiнен топырақтағы органикалық заттардың минералдануы мен гумустену үрдiстерi баяулайды да, жылдық өсiмдiк қалдықтары толық ыдырамай, топырақ үстiнде жиналып, шымтезек құрайды. Бұны шымтезектену деп атайды. Батпақтанудың алғашқы кезеңiнде топырақта ылғал сұйгiш автотрофты шөптесiн өсiмдiктер дамыса, келесi кезеңiнде жасыл мук, көкек зығыры, ең соңында топырақ бетiн ақ мук-сфагнум басады.

Мол ылғалды анаэробты жағдайда тотығу үрдiсiнiң екпiнi баяулап, органикалық заттар толық минералданбайды, ыдырау барысында өтпелi төменгi молекулалы органикалық /май, сiрке, сұт т.б./ қышқылдар бөлiнiп шығады. Олар органикалық заттарды толық ыдырататын үрдiстердi жүргiзетiн кiшiжандылар тiршiлiгiн нашарлатады да, өсiмдiк қалдықтары шала минералданып шымтезекке айналады. Сонымен оттегiнсiз жағдай /анаэробиозис/ органикалық заттар ыдырауын, азот пен күлдiк элементтердiң кiшi биологиялық айналымға тартылуын тежейдi. Шымтезектену негiзiнен анаэробты кiшiжандылар қатысуымен өтетiн биохимиялық үрдiс.

Тайгалы-орманды аймақағы батпақты топырақтар негiзiнен төменгi және жоғарғы батпақты, зор шымтезек қабатты топырақтардан тұрады. Оңтүстiк аймақтарда бұл топырақтар негiзiнен далалық батпақты-жайылма, қоңыр ормандық-батпақты, құба топырақты аймақ пен тропикке таяу облыстардың батпақты топырақтарымен көрiнедi. Оңтүстiк аймақтағы батпақты топырақтар, үстiртiн және астынан ызадан ылғалданатын ойпаң жерлерде, жиi өзендер жайылмасында, батпақты өсiмдiктер астында /қамыс, қияқ-өлең, қүрақ т.б./ құралады. Әр аймақтың батпақты топырақтары, жалпы қасиеттерi және белгiлерiмен қатар, өздерiне тән аймақтық ерекшелiктерiмен айырылады. Мысалы, құба топырақты аймақтың батпақты топырақтарында шымтезек қабаты жұқа және құрамы едәуiр сортаңдау келедi. Қоңыр ормандық топырақты аймақтың батпақты топырағы керiсiнше, қалың шымтезектi және бiраз тозаңданған болады.

Оңтүстiктегi кейбiр батпақты топырақтардың карбонатты, кебiрленген, кермектенген, сортаңданған тектiк белгiлерi болады. Олар бiр-бiрiнен жаратылысы және құнарлылығымен айырылады және соларға негiзделiп оларды игеру мен пайдалануға арналған агротехникалық-мелиоративтiк шаралар жүйесi анықталады.

Тайгалы-ормандық аймақтың батпақты топырақтары жаратылысы, жайласу жағдайлары және өсiмдiк жамылғысына қарай екi типке-жоғарғы және төменгi батпақтыларға бөлiнедi.

Топыраққұралу үрдiсiнiң даму дәрежесiне қарай жоғарғы батпақты топырақтар батпақты-шымтезектi-глейлi және батпақты-шымтезектi екi типшеге бөлiнедi. Бiрiншiсi /шымтезек қабаты 50 см жұқа/ ойпаң суайрықтар бөлшектерiнде немесе жоғарғы батпақтар шетiнде, қарағайлы-құмды және зандралы қойтас-құмды тегiстiктерде қалыптасады. Топырақ кескiнiнде сфагналы қалдық, шымтезектi және глейлi жиектер айырылады. Екiншi типше /шымтезек 50 см қалың /су-айрықтық тегiстiктер мен құмды сатылардағы /терраса/ жоғарғы батпақтардың орталық бөлегiнде, тайгалы орманның ерекше олиготрофты /қоректiк заттар тапшы жағдайға бейiмдi /төменгi өсiмдiктер астында қалыптасқан. Оның кескiнi жиектерге сәл бөлшектенген, алдыңғыдан айырмасы-органика тектi жиектер шымтезек органикалық тектi жыныспен төселген.

Төменгi батпақты топырақтар суаралықтар бедерiнiң терең ойыстарында, көне жайылмалы сатыларда және өзендер жайылмасы ойпаң жерлерiнде, автотрофты және мезотрофты өсiмдiктер /қияқ, өлең, қамыс, талшықты мүктер, қанды ағаш, тал т.б./ астында қанған ызамен ылғалданған жағдайда қалыптасады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1337; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.