Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер. Бақылау сұрақтары: Қандай топырақтар тұзданған топырақтар деп аталады?




Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай топырақтар тұзданған топырақтар деп аталады?
  2. Сортаң топырақтар дегеніміз не?
  3. Кебір топырақтар дегеніміз не?
  4. Кермек топырақтар дегеніміз не?
  5. Тұзданған топырақтарды жақсартудың жолдарын атаңдар.

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 8

Шөлейттік аймақтың қоңыр топырақтары.

Шөлді аймақтың сұр-қоңыр топырақтары. Генезисі, жіктелуі,

құрамы, қасиеттері. Ауыл шаруашылығында пайдалануы.

Дәріс мақсаты: Шөлейт және шөлді аймақтардың топырақ типтерімен, олардың табиғи – топыраққұралу жағдайларымен шығу тегі, жіктелуі, құрамы, қасиеттерімен студентерді таныстырып, ауыл шаруашылығында игеру жолдарын көрсетеді.

Түйінді сөздер: Шөлейт, шөл, автоморфты, гидроморфты, кебірленген сортаңданған, кешенді сілтілік, топырақтың сіңіру кешені.

Сұрақтар:

  1. Шөлейтті аймақтың қоңыр топырақтары, шығу тегі, жіктелуі, қасиеттері, ауыл шаруашылығында игеру.
  2. Шөлді аймақтың сұр-қоңыр топырақтары, шығу тегі, жіктелуі, қасиеттері, ауыл шаруашылығында игеру.

Шөлейттік аймақтың негізгі топырақ түріне шөлейттік қоңыр топырақ жатады, оның алабы, шабынды далалық қоңыр және кебір топырақтар кешенімен бірге есептегенде, 94 млн га-ға жуық немесе ТМД топырақтарының 4,2 процентіне тең.

Шөлейттік қоңыр топырақ негізінен Каспи мен Арал теңіздері солтүстік жағалауында және Сарыарқаның оңтүстік бөлегінде тараған.

Шөлейттік аймақ климаты ерекшелігіне-ыстық жазы, суық қысы, және құрғақшылығы жатады. Жыл бойындағы жауын-шашын түсімі мөлшері 125-250 мм тең, оның үштен бір бөлегі жаз кезіне келеді. Құрылықтан булану мөлшері ылғал түсімінен 4-5 есе артық немесе 700-900 мм тең. Сондықтан топырақта ылғал жетіспейді. Аймақтың қысы қысқа, суық, қары аз, күшті желді келеді. Қардың қалыңдығы 20 см аспайды, кей жылдары ол 10 см жауады. Көктем мұнда қысқа, шамалы ылғалды, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ күйде қалыптасқан. Ең жылы айдың /шілде/ орташа температурасы +20,5 +26,5о С, ал суық айда /қаңтар/-10-15о С-қа тең.

Жылдық орташа температура-6-7о С, үсік /суық/ болатын кезең 160-190 күн аралығында ауытқиды. Температурасы 5о С-тан жоғары күндер жиынтығы 176-212, ал 10о С-тан жоғары күндердегі тиімді температура жиынтығы 3000-3700о жетеді.

Шөлейттік аймақтың жер бедері бір қалыпты емес. Егер Солтүстік Каспи ойпатында ол негізінен тегіс жайылма жазық болып келсе, Оңтүстік Орал тауы мен Үстірттер терең өзен қойнаулары және тармақталған бөліктерден тұрады. Сарыарқаның /Орталық Қазақстан/ жер бедері аса биік емес, оны шоқылар мен шоқы аралық кең алаптар құрады.

Топыраққұраушы жыныстарға Солтүстік Каспи ойпаты бетінде лөстүрлі құмбалшықтар астында теңіз трансгрессиясы /басу/ шөгінділері жатады. Олардан басқа түрлі литологиялық құрамы мен сортаңдану дәрежесі бар, алювиалды-көлдік және ежелгі кезеңдік құмды-құмды-балшықты шөгінділер кездеседі. Оңтүстік Орал тауы етегіндегі үстірт әктас пен балшықты тақта тастардан тұрады. Сарыарқаның аласа төбе беткейлерінде сары-қоңыр түсті карбонатты лөстүрлі, қиыршық тасты, кескіні толық дамымаған құмбалшықтар тараған. Құрылық бетіне көбінесе кристаллды /тасты/ жыныстар шығып жатады. Бұлардан басқа, бұл өңірде үштік дәуірдің түрлі-түсті сортаң шөгінділері де бар. Бұрынғы өзен қойнаулары пролювилы-алювиилы механикалық құрамы бір қалыпты емес және сортаңданған шөгінділерден құралған.

Торғай үстірті /плато/, ұсақ тас төсенішті, қоңыр түсті, көбінесе сортаңды, шаңды ауыр құмбалшықтардан және жеңіл механикалық құрамды жыныстардан тұрады.

Шөлейттік аймақта ыза деңгейі терең жатады да, топыраққұралу үрдісіне әсерін тигізбейді.

Шөлейттік аймақтың өсімдік жамылғысын құрайтын түрлер көп емес және ол өте сирек-топырақ бетін 30-40 проценттей жабады. Тек қана, ылғал құбылымы жайлы, кебірленбеген, қоңыр құм мен құмайт топырақтарда ғана өсімдік бітіктеу: онда құм жусаны, құм зиресі, жерарда сүттігені, шөл бидайығы, бетеге және түрлі астралар өседі. Құмбалшықты топырақтарда жусанды, бетегелі-жусанды, жусанды-бұйырғын және бұйырғын-көкпекті топтар /эфемерлер аралас/, кебірленген тектерінде түрлі жусандар, изен, көкпек, бұйырғын, ромашник /кестежусан/ көп.

Шөлейттік қоңыр топырақ бетін көбінесе қыналар мен көгіл-дір балдырлар, көтеріңкі учаскелерді қоңырбас пен жусандар басқан.

Ағаш тектес өсімдіктерден жүзгін, тұз бен құрғақшылыққа төзімді бұталар кездеседі. Ағаштар өзен жайылмалары мен сайларға бейім: мұнда терек, жыңғыл, көктерек, қайың, ұсақ жапырақты ағаш тоғайшаларын кездестіруге болады. Ежелгі атырауларда сексеуілдер жайласқан. µсақ төбелер құрайтын қатты жыныс бетіндегі үгіндіде қарағайлар өседі.

Ойпаң жерлердің шабынды далалық қоңыр топырағын масақты және масақты түрлі шөп өсімдіктері жайлаған. Шабынды сорлар мен сортаң жерлерді түрлі сораңдар /галофиттер/ басқан.

Шөлейттік қоңыр топырақтың негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының аз өнімділігінде. Н.Базилевичше бұл аймақта жалпы өсімдік биомассасы мөлшері 1 га 100 ц шамасында. Ал жасыл өсімдік түсімі 1 га 4-5 ц аспайды және оның негізін тамыр қалдықтары құрайды. Өсімдік жамылғысы құрамында қарашірінді түзілуін тежейтін көпжылдық бұталы талшыбықтар бар. Оған жыл бойы түсетін атмосфералық ылғалдың аздығы мен температураның жоғары болуы да себепші. Сондықтан қарашірінді құралу /гумустену/ мен ыдырау /минералдану/ үрдістері қысқа мерзімде, көбінесе көктемде, топыраққа ыңғайлы ылғал-жылу жағдайында өтеді. Қарашірінді аздығы және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр топыраққа тән қасиеттер. Органикалық заттардың бұзылуы артық болуына байланысты олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі металл-күлдік элементтер /200-кг/га/ жиналады. Олардың құрамындағы натрий тұздары терең шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік жиек осы топырақтың аймақтық белгісі болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген топырақ деп атаған. Бірақ жеңіл механикалық құрамды топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған. Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға ғаныш пен жеңіл еритін тұздардан және карбонаттардан аз шайылғандық /сілтісіздену/ қасиет тән.

В.Докучаев /1900/ қара қоңыр және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе, кейін оларды "қара қоңыр және қоңыр топырақтар" деп бір типке біріктірген. Н.Сибирцев /1901/ те оларды бір типке жатқызып, тек қана қоңыр /құба-қоңыр/ топырақ типшесі ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік белгілері анықталды.

Бұл тип 3 типшеге бөлінеді: 1/ кәдімгі коңыр топырақтың /Солтүстік Каспи ойпаты/ кескін жайы жылы, сондықтан ол қысқа уақыт тоңданады; А жиектегі қарашірінді мөлшері 1,5-2,0 процентке тең; 2/ ашық қоңыр /Қазақстандық/ топырақтың кескін жайы да жылы, тоңданатын, қарашірінді мөлшері 1,0-1,5 процентке тең; 3/ ғанышсыз қоңыр /Орталық Азияның/ топырақтың кескін жайы орташа жылы, сондықтан ұзақ уақыт тоңданады. Бұл типше Тува Республикасының тау алды жазықтары мен қойнаулы ойпаттарында кездеседі /В.Носин/.

Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен аймақтық қасиеттердің /кебірлілік, карбонаттылық, сортаңдылық/ айқындалу және тұздардың сілтісіздену /шайылу/ дәрежесі тұрғысынан, тип ішіндегі айырмашылықтар жергілікті жағдайлар /топырақтың механикалық құрамы, жыныстар өзгешеліктері, т. б./ мен өңірлік ерекшеліктеріне байланысты.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды тектерге бөлу олардың кебірлік, сортаңдылық және карбонаттық қасиеттеріне негізделген. Төменде соларға сыпаттама берілген.

Шөлді даланың кәдімгі қоңыр топырағы типтік қасиеттері мен белгілерін толық сақтаған. Карбонатты қоңыр топырақ карбонатты жыныстарда қалыптасқан; өзіндік ерекшелігі-кескін бойы тұз қышқылынан тасиды және өтпелі жиекте карбонаттар шоғырланған.

Кебірленген қоңыр топырақтың В1 жиекшесінде негіздер сіңіру сиымдылығындағы натрий үлесі 3-тен 15 процентке дейін ауытқиды; оның төменгі жағы коллоидті түйірлер жинақталуынан ауырлап тығыздалған; түйіртпектілігі кесек-призма бейнелі немесе тоң кесек түрлі келеді. Карбонаттар мен жеңіл еритін тұздар кебірленбеген тектермен салыстырғанда, кескінде жоғары орналасқан.

Кермектенген қалдық кебірлі қоңыр топырақтың қарашірінді жиегі үстіңгі жағы, кремний тотығы шоғырлануына байланысты, кермектенген, сондықтан реңі ақшыл, түйіртпегі жапырақсымақ, салындысы саңылаулы, тұз қышқылынан тасиды, кермектенбеген топырақпен салыстырғанда, жеңіл еритін тұздар төмен орналасқан. Сіңірілген натрий мөлшері аз.

Сортаңданған қоңыр топырақ тұзды жыныстарда қалыптасады, сондықтан жеңіл еритін тұздар, көбінесе кескінінің үстіңгі 1 метірінде байқалады.

Шала дамыған қоңыр топырақ құмды, құмайтты жыныстарда қалыптасады, оның кескіні сәл оқшауланғандығы және жеңіл еритін тұздар мен карбонаттардан арылғандығымен сыпатталады.

Жұқа кескінді қоңыр топырақтар құрылық беті­не тасты жыныстар шыққан жерлерде кездеседі. Топырақ кескіні жұқа, механикалық құрамы тасты келеді. А+В жиегі қалыңдығы 15-20 см аспайды.

Ғанышсыз қоңыр топырақтың /Орталық Азия-Тува/ механикалық құрамы көбінесе жеңіл, ұсақ тасты, кебірленген, сортаңданбаған және карбонаттары аз болады.

Шөлейттік қоңыр топырақ кескінінде әлсіз қабат-қабат түйіртпекті және борпыл құрылымды, құбалау-қоңыр немесе ашық құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус шайылатын/ А1 жиекше айқындалған. Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады. Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр-қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/ В1 жиекшеге ауысады. А12 жиекшелердің қалыңдығы -30-35 см.

Қарашірінділі-иллювилі жиектен төмен біркелі реңді емес, ақшыл карбонат дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты Вк жиек жатыр, ол тығыз салындылы, тоңкесек немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді; 80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/ шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады; оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/ жиынтығы байқалады.

Шөлейттік қоңыр топырақтар арасында құмбалшықтылары мен бірге құмайтты және құмды түршелері де кеңінен тараған. Топырақтың механикалық құрамына тән ерекшелік тозаңды түйірлер тобы кескін бойы біркелкі таратылмайды және оның көп мөлшері, тұрақты кебір белгісі бар, В1 жиекшенің төменгі бөлегінде шоғырланады. Онда кебірлік қасиет ұлғайған сайын, тозаңды түйір мөлшері де артады /17-кесте/.

Жалпы химиялық талдау деректері көрсеткендей SіО2, біржарым тотықтар /А2О3, FеО3/ мен оксидтер /СаО, МgО, Nа2О/ және т.б. тотықтар топырақ кескінінде біркелкі тарамаған. Үстіңгі А жиек 1,5 тотықтарға және кальций мен магний оксидіне тапшы, кремний тотығы да аз мөлшерде жиналған; қарашірінділі-иллювилі В1 жиекшеде R2О3, ал карбонатты жиекте Вк-кальций мен магний тотықтары мөлшері жоғарылау. Құмды және құмайтты топырақтарда қарашірінді мөлшері жоғарғы қабатта 1 проц. шамасында болса, жеңіл құмбалшықта 1-1,5, орта және ауыр құмбалшықты топырақтарда 1,5-нан 2,5 процентке көтеріледі. Топырақтың жоғарғы жарты метрлік қабатында қарашіріндінің жалпы қоры 30-40-тан 70-100 т/га дейін ауытқиды. Гумин қышқылы мен фульвоқышқылдар құрайтын көміртегінің арасалмағы 1-ден төмен. Топырақта кебірлілік қасиет үдеген сайын фульвоқышқылдар артып, гумин қышқылы азаяды. Соның салдарынан топырақ түйіртпектілігі олқылана береді. Қоректік заттар қорын алатын болсақ, басты элемент азоттың жалпы мөлшері жоғарғы қабатта төмен -0,11-0,18, ал фосфор қоры артық-0,20 процентке жетеді, жылжымалы /жеңіл еритін/ түрлері аз.

Калий қоры 1,5-2,0 процентке тең, жылжымалы /алмаспалы/ түрінің мөлшері 100 г топырақта 20 мг асады.

Шөлейттік қоңыр топырақтар терең сортаңданған. Жоғарғы 120-130 см тереңдікте жеңіл еритін тұздар саны 1,5-2,0 процентке жетеді, карбонаттар жиналған тереңдік-30-80 см. Топырақтың негіздер сіңіру сиымы төмен: құмды және құмайтты түршелерінде 100 г топырақта 3-10, жеңіл құмбалшықтысында 10-15, ал орташа және ауыр құмбалшықтысында 15-22 мг-экв-ке жетеді /17-кесте/. Қарашірінділі-иллювилі жиекте сіңіру сиымы, басқа жиектермен салыстырғанда жоғары. Ол мұнда топырақтың ыдырандылығы мен коллоидты түйір мөлшері өскендігіне байланысты.

Сіңірілген негіздер құрамында кальций /60-80/ мен магний /20-35 проц./ артық, натрийдің мөлшері аз. Шөлейттік қоңыр топырақ ортасы сәл сілтілі /рН=7,3-8,0/, бірақ карбонаттар жиналған қабатта топырақ су сүзіндісінің сілтілігі өсе түседі /рН=7,5-8,5/.

Шөлейттік қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері қолайсыз, қатты бөлегі түйіртпексіз, иллювилі жиек тым тығыз /құрғақ күйінде/, суөткізгіштігі төмен /18-кесте/.

Жыл бойы түсетін ылғал мөлшерінің аздығы, физикалық қасиеттердің қолайсыздығы, топырақтағы жылдық ылғал қоры тапшылығына және ылғалдану тереңділігі жұқалығына себеп. Әдетте топырақтың ылғалдану тереңдігі 50 см аспайды, тек кейбір ылғалды жылдары және жеңіл түршесінде 1 м жетеді.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды құнарлылығы мен ылғалдылығы төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруre игеру тек қана суармалы жағдайда ғана мүмкін. Солай болғанда басты назарды бұл аймақта топырақтың қайта сортаңдануына, кебірленуіне және жел эрозиясына қарсы тұрақты, озат жүйелі агротехнология мен агроормандық мелиорация шараларын игеру керек. Суармалы егіншілікке біркелкі кебірленбеген немесе сәл кебірленген, сортаңданбаған массивтердің топырағы жарамды. Дегенмен ең қолайлысы-шабынды, далалық қоңыр топырақ. Тұщы ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан, механикалық құрамы жеңіл, шабынды далалық қоңыр топырақтар бақша, көкөніс және жеміс ағаштарын өсіругe қолайлы. Жылу қоры жеткілікті болғандықтан, шөлейттік қоңыр топырақ суармалы жағдайда өте бағалы дақылдар өсіругe болады. Арал маңындағы тәжірибе стансасы /Ақтөбе обылысы/ осы топырақтарда, траншейлі /терең шұқырлық/ әдіс арқылы, өсімдікке салқын жай туғызып және тұщы ызаны пайдаланып, мол көкөніс пен картоп өсіруге болатынын дәлелдеген.

Шөлді аймақ топырақтары Еуразияның ішкі континенталды бөлегінде, Орталық Азия мен Қазақстан Республикасы тегістігінде орналасқан және ТМД территориясының 6 проценттен астам жерін қамтиды. Бұл аймақ топырағын зерттеуге үлес қосан ғалымдар- С.Неуструев, Н.Димо, Л.Прасолов, В.Никитин, И.Герасимов, А.Розанов, т.б.

Шөлді аймақтың басты сұр-қоңыр топырақ типі /автоморфты атмосферадан үстіртін ылғалдану/ топыраққұралу туралы пікірді Е.Лобова /1960/ айтып, оны бореалдыға таяу белдеуге жатқызған. Гидроморфты /сутекті төмен ызадан ылғалданатын/ топырақтардан бұл аймақта сортаңдар мен тақырлар тараған. Желді аймақ климаты жазы ыстық, қысы суық болып келеді. Орта жылдық температура аймақтың солтүстігінде 16оС-тан оңтүстік бөлегінде 20оС-қа жетеді. Орта жылдық атмосфералық түсім 75-150 мм, оның басым бөлегі қыс-көктемгі маусымдарға келеді. Топырақ кескіні тек жоғарғы жарты метр тереңдікке дейін дымқылданады. 10о-тан жоғары тиімді температура жиынтығы 4000о-тан астам. Өсімдік жамылғысын негізінен сораңды-бұталы /жусан, бетеге, еркекшөп, құмаршық, бұйырғын, баялыш, қараған/, теріскен және эфемерлі түрлер құрайды. Соңғылар құмда көбінесе сексеуілмен қосыла дамыған. Тақыр бетін балдырлар басқан. Шөл өсімдіктерінің биомассасы көп емес. Родин мен Базилевич есептеуінше 4,3 т/га тең; құрылық үстінде ыдырамаған органикалық калдық болмайды; көктемгі шөлде эфемерлер құлпырып кетеді де, жазда көк өсімдік қурап қалады. Топыраққұраушы жыныстардан лөсті және көне алювилік желмен ұшырылған шөгінділер басым. Соңғылар Тұран ойпатында шоғырланған және мұнда құмдар кең тараған. Ойпаң тегіcтіктep арасында неоген заманынан қалған платолы /көтеріңкі/ жерлер кездеседі. Көтеріңкі жерлерді үштік дәуір жыныстары құрады, үстінде жұқа қабатты лөсті салындылары бар. Бетпақ дала, Шу-Іле тау-қыраты бетін және Қызылқұмның орта шенін палеозой заманының жанартаулық, метаморфтық жыныс үгінділері басқан. Бұл аудандарда жел әрекетінен болған лөсті шөгінділер сынық тасты келеді, құмды-шаңды түйірлері азайған, құрылық беті тасты қалқанға, ландшафт кейпі тасты шөлге, гаммадаға айналған. Биік таулар етегі зор қабатты /100 м астам/ лөсті салындылардан құралған. Жер бедеріне сәйкес топырақтар тараған: тегіс плато, аласа сатылар мен қалдық құрылықта сұр-қоңыр, ал тау етегіндегі ойпаң тегістіктерде тақырлар дамыған.

Бедердің көтеріңкі тегіс учаскелерінде айқын кескінді сұр-қоңыр топырақ қалыптасқан. Оның кескініне мына белгілер тән: бетінде кеуек қабыршағы бар, одан төмен жалғаса сәл айқындалған қарашірінділі жиек келеді, ол бірте-бірте борпыл шашыранды түйіpлі жиекшеге көшеді; одан төмен топырақ құрылымы нығыздалған, бұл қабатшада майда бытыранды түйірлер мен сәл білінетін борпылдақ тарамыстанған карбонатты жаңа жарандылар болады.

Ycтірттің /Қазақстан, Түркменстан/ орталық бөлегінің нағыз сұр-қоңыр топырағы кескіні мынандай: ақ жиек-шеңбер қуысты 3-6 см беткі қабықша одан төмен сұр-қоңыр түсті қарашірінділі жиек келеді, ол тамырлармен сәл шырмалғандықтан желмен ұшырылуға бейім, қалыңдағы 10-15 см; келесі нығыздaлғaн қоңыр түсті В жиектің түйіртпегі призма-кесекті, ақшыл дақты, қалыңдығы 10-15 см; одан төмен борпылдақ лөсті құмбалшықты С жиек жатыр, онда ғаныш кристаллдары мол, 1,5 м тереңдіктен ғаныштың ине сияқты жарандылары байқалады. Алювилік шөгінділерде құралған сұр-қоңыр топырақта нығыз жиек болмайды; қиыршық тасты жыныстың беткі қабығы малта тастармен қосыла, шеменденіп тасты қалқан құрады. Құмды топырақ бетінде карбонатты балшықтан тұратын жіңішке қабықша болады; топырақтың қалған жиектері қалыңдығы жұқа. Шөлді аймақтың топыраққұралу үрдісінде минералдық заттар айналымы басым. Басты типідсұр-қоңыр топырақтың жалпы химиялық құрамы кескін бойы аса өзгермейді, тек үстіңгі қабат құрамында кремний тотығы мөлшері артады. Келесі нығыздау жиекте оның саны азайып, алюминий, темір, магний мен калий тотықтары мөлшері сәл көтеріледі. Нығыздау бөлшек құрамында өте майда /дисперсті/ түйірлер шоғырланған /11 проц./ және сіңірілген натрий катионы бар. Соңғының шығу көзі өсімдік қалдықтары мен жыныстар құрамындағы натрий тұздары. Бұл жиекте силикаттар мен ауыр минералдар саны-7,1 мен 3,1 процентке дейін өскен. Шөлді аймақ топырағында органикалық түсім аз (1 т/га.) және кіші жандылар тіршілігі бәсеңдегендіктен, қарашірінді мөлшері 1 проценттен аспайды және оның саны кескін бойымен төмен қарай бірте-бірте азаяды. Гумус құрамында фульвоқышқылдар басым, соған орай топырақ кескінінің жоғарғы бөлегінде жылжымалы темір қосындысы мөлшері ұлғайған.

Шөлді аймақтың сұр-қоңыр топырағына келесі ерекшелік тән: кескінінің жоғарғы бөлегінде карбонат тұздарының шоғырлануы. Оны Лобова көктем, күз маусымдарында топырақ кескіннен хлор мен күкірт тұздарының сәл шайылуы, керісінше карбонат тұздарының орнында қалуымен байланыстырады. Сүйтіп сұр-қоңыр топырақ кескінінде карбонатты беткі және төменгі нығыздау қабаттар қалыптасқан. Соңғыдан төменірек ғанышты жиек жатады, одан төменгі бөлікте бірте-бірте жеңіл еритін күкірт пен хлордың натрийлы тұздар саны артады. Шөлді аймақ топырағына плиоцен мен төменгі төрттік кезеңдердегі мұралы топыраққұралу және гипертекті /сыртқы геологиялық/ үрдістер тән. Көне төрттік дәуірдің гипертекті мұрасына Орталық Азия мен Қазақстан тoпыpaғындaғы жұлын тәрізді ғаныш шоғырланған жиек жатады. Сондай-ақ бұл топырақта көне төрттік кезеңдегі карбонат тұздарының жұмырланған және қатпарлы жиынтығы да кең тараған: олар Таяу Шығыс пен Солтүстік Аф­рика топырақтарының карбонатты қабығына және Мексика жеріндегі каолисолиға ұқсайды. Орталық Азия шөлді аймағының көне топырағын А.Перельман /1959/ зерттеген, оның беткі қабығында шашыранды химиялық элементтер де /мысалы мыс/ шоғырланған; олар аз мөлшерде ине сияқты ғаныш жарандысы бар жиектен табылған, бірақ мұнда стронций мөлшері өскен.

Шөлді аймақтың гидроморфты /ызадан ылғалдану/ топырақсымақ жарандыларына сортаңдар жатады. Сортаң деп, жоғарғы қабатында 1 проценттен астам суда жеңіл еритін тұздары бар топырақты айтады. Олардың аумағы шөлді аймақтың 10 проценттей бөлегін қамтиды /Виленский, 1961/. Сортаңдар құралуы-құрылықтағы сыртқы бұзылу /гипергенез/ нәтижесі, яғни тұз шоғырының біp түpі. Ылғалды-жылы, гидрогеологиялық және геохимиялық жағдайларына байланысты В.Ковда /1946/ б.КСРО топырақтарында бірнеше тұз шоғырланатын өңірлерді /провинциялар -SО4''- СО3''; СІ'-SО4''; SО4''-Сl'-лы/ айырған. Сортаң топырақтар таратылуына аймақтық және өлкелік жағдайлар себеп. Олардың қалыптасуына лайықты жағдайларға ыза деңгейінің құрылық бетіне жақын орналасуы және ылғал құбылымының жіпсу типі жатады. Сортаңдану үрдісі негізінен аùы ызаның топырақ қылтүтіктерімен жоғары көтеріліп булануына байланысты. Сондықтан ызаның химиялық құрамы мен деңгей тереңдігінің маңызы зор; жоғарғы топырақ жиектерін сортаңдандыратын ыза тереңдігін Б.Полынов /1956/ қауыпты деңгей деп ұйғарған. Ол әр климат жағдайында бірдей емес, яғни opтaжылдық температура өсуіне орай көтеріледі. Айталық, Батыс Сібірде /шұбар орман/ топырақтың үдемелі сортаңдануы ыза деңгейі 170-200 см тереңдікте жатқанда басталады, ал шөлді аймақта ондай тереңдік 3-3,5 м тең. Ыза құрылық бетіне таяу көтерілген сайын оның булануы үдеп, тұздылығы артады. Сулардың ащылануы 2 м бастап өседі. Ызаның булануы заңды тұздар құрамы өзгеруімен қабаттаса жүреді. В.Ковдаша сортаңданудың І сатысында карбонатты натрийлі, мөлшері 1-3 г/л, тұздылау сулар пайда болады; ІІ сатыда су карбо­натты кальцийлі, мөлшері 3-5 г/л, тұзды сулар; ІІІ сатыда хлорлы-күкіртті, мөлшері 5-20 г/л; тұзды сулар; ІV сатыда күкіртті-хлорлы мөлшері 20-50 г/л, өте тұзды сулар қалыптасады. Ащылығы шамалы ызада сулы карбонаттар басым болса, тұздар тортасы /концентрация/ артқан сайын күкірт тұздары басым болады, ал өте ащы ызадағы /15-20 г/л астам/ тұздар құрамы хлорлы натрийден тұрады. Ылғалды аудандарда ыза тортасы аз, құрамы карбонатты, су карбонатты келеді. Қуаңшылық жағдай артқан сайын судың тұздылығы ұлғайып, оның құрамында күкірт пен хлор тұздары артады. Сондай-ақ топырақ-грунт кескінімен ыза жоғары көтерілгенде ол буланып, тортасы қоюланып, судан тұздар шөге бастайды: қиын еритін тұздар ыза деңгейінен аса жоғары көтерілмейді, ал жеңіл еритін тұздар топырақтың жоғарғы жиегінде қонып, сортаң түзеді.

Сортаңдар өсімдігі /сораң/ ерекше-ол тұзы көп топырақтарға бейімді және тұзға төзімді келеді. Сораңдар /галофиттер/ клеткаларының шырын қысымы жоғары болғандықтан, тамыр жүйесі су­ды сортаңданған топырақтан сіңіре алады. Топырақтағы тұздар мөлшерін тікелей анықтау мүмкін емес, оны топырақ су сүзіндісі арқылы анықтайды. Химиялық талдау деректері негізінде сортаң топырақтың "тұз кескіні" сызығымен көрсетеді. Онда нөл сызықшаның сол жағында катиондар, оң жағында аниондар мөлшері /мг-экв./ көрсетіледі.

Морфологиясына /сырт белгілер жүйесіне/ қарай ұлпалы, қабықты, дымқыл және қара сортаңдарды айырады. µлпалы сортаңның үстіңгі жағы уақ түйіртпекті және өте үлпіл құрылымды келеді, химиялық құрамында тұздардан күкіртті натрий артқан, ол топыраққа үлпіл құрылым береді. Қабықты сортаң бетінде тұзға /NaCІ/ шыланған қатты қабығы болады. Дымқыл сортаңдар хлорлы кальций мен магний тұздарынан тұрады, соңғылардың жоғары сусорғыш /гигроскопиялық/ қабілеті болғандықтан, топырақ беті тұрақты дымқыл тартады. Қара сортаңда сода басым. Ол топырақ ерітіндісінде жоғары сілтілік туғызады да, қарашіріндіні ерітіндіге көшіреді, соның салдарынан топырақ peңі күңгірт тартады.

Шөлді аймақтың сутекті топырақсымақ ғажап жарандысына тақырлар жатады. Олар белгілі топыраққұраушы борпылдақ жыныстар үстінде жан-жақтағы көтеріңкі құрылықтан мезгілді ағын суларымен /жаңбыр, қар суы/ әкелінген шаң-тозаңды /делювий/ түйірлер шоғырлануы нәтижесінде қалыптасады. Тақырлар көбінесе таулар етегіндегі ойпаң тегістіктерде, шамалы аумақты ойжайлар мен барханаралық шұқырларда дамыған. Бұндай құрылық көктемдегі және күзгі жауын-шашынды тұтып, беті уақытша артық суланады да, кепкенде қатып калады. Тақырлардың ерекше мына сырт белгілері тән: үстіңгі тегіс балшықты 2- 8-10 см беткі қабаты торлы бөлшектенген /жарылған/, бұндай тегіс тор тақташа /кафель/ тәрізді бөлшектер /полигондар/ бетінде мол шаңды сеппесі болады, түтікке оралған балдырлар қабыршақты, жоғары өсімдігі жоқ. Н.Базилевичше тақырлар биомассасы 1 гектарда 1 ц аспайды, органикалық қалдық та сонша. Тақыр кескіні қалың емес. Жоғарғы жиекке /2-3 см/ іpі кеуекті қабық тән, одан төмен жұқа қабатша /3-4 см/ жатады, ол плита тәрізді жиекке ауысады. Тақырда шөл сұр қоңыр топырағындай, қарашірінді 1 проценттен аз. Ғанышты жиек терең емес. Тақырлар жиі сортаң, кейде тұзы шайылған, тұщы түрлері де болады. Соңғылар кескінінде нығыз кебірлеу жиегі бар. Шөлді аймақтың үлкен өзен жайылмаларында сорлар мен шабындық сортаң /19-кесте/, ал олардың сағаларында шабынды-батпақты топырақтар дамыған. Жайылма өсімдіктері /тоғай/ жоғары өнімділігімен айырылады, биомассасы 1 мың т/га тең, оның жартысы органикалық қалдық болғандықтан, бұл құрылық топырағында қарашірінді мөлшері көтеріңкі, сутекті карбонат тұздарына қанған және кескінінің төменгі жағы глейленген /сазды/.

Шөлді аймақ топырақтарын халық шаруашылығында пайдалану қиынға соғады. Шөлді ландшафттарда су тапшылығына егістік мұқтаж келеді. Шөлдер негізінен мал шаруашылығында жайылым ретінде пайдаланылады. Шөл топырағында суармалы егіншілікті дамыту ауыл шаруашылығы үшін маңызды, әcіpece қайта сортаңданудан қорғанса. Суармалы ашық құба топырақты учаскелерде мақта өсіріледі, суармалы сұр қоңыр және батпақты саға топырағында күріш, жайылмалар топырағында жеміс пен көкөніс дақылдары, ауыспалы егісте жоңышқа өсіріледі.

Топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында дренаж /құбыр/ жүйесін салу, органикалық-минералдық тыңайтқыштар қолдану керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2158; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.