Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер. Бақылау сурақтары: Аймақтың табағи – топыраққұралу жағдайын және топырақ жаралу




Бақылау сурақтары:

  1. Аймақтың табағи – топыраққұралу жағдайын және топырақ жаралу ерекшелігін айтып бер.
  2. Ілі Алатауы тік бағыттағы топырақ таралу заңдылығының топырақ реттерін айтып бер
  3. Қайта сортаңдану процесі дегеніміз не?
  4. Бұл топырақты ауыл шаруашылығында эрозияға қарсы қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 10

Құрғақ субтропикалық дала және ксерофитті

ормандар мен бұталар топырақтары мен субтропикалық

аймақ топырақтары.

Дәріс мақсаты: Аймақтардың табиғи – топыраққұралу жағдайларын сипаттап, олардың шығу тегін, жіктелуін, құрамын, қасиеттерін және ауыл шаруашылығында пайдаланауын ашып береді.

Түйінді сөздер: Субтропика, тропика, белдеу, тау жыныстары, органикалық заттар,фульваттар, кремний тотығы, темір тотығы.

Сұрақтар:

  1. Сұр қүрең топырақтар.
  2. Күрең топырақтар.
  3. Қызыл топырақ.
  4. Сары топырақ.

Сұр-күрең топырақ құрғақ субтропикалық дала аймағында дамыған. Осы аймақтың ормандық және бұта топырақтарымен бірге /таулы аудандарды қоспағанда/ 2,3 млн га территорияны алып жатыр /ТМД топырақтары жамылғысының 0,1 процентіне тең/. Оны А.Розанов Шығыс Кавказдағы шөлейттік тау етегі сұр топырағы мен құрғақ ормандар және бұталар топырағы аралығындағы дербес тип ретінде бөлген; бұрын Шығыс Кавказда ол қара-қоңыр аталып келді, бірақ олардың қасиеттері мен ауыл шаруашылығында пайдаланылу ерекшеліктері тұрғысынан алғанда, солтүстік аудандардың қара-қоңыр топырақтарынан едәуір айырмашылығы бар.

Сұр-күрең топырақтар жазықтық маңындағы тау бөктерлері мен аласа таулы жерлерде тараған, карбонатты жыныстарда, ксерофиттік шөптесіндер және бұталы өсімдіктер астында қалыптасқан. Климаты-тропикке таяу: қысы өте қысқа және ылғалды, жазы ұзақ әрі құрғақ. 100 жоғары температура жиынтығы 4000-42000. Климаттың төмен құрғақшылық коэффициенті /0,2-0,5/ органикалық қалдықтардың тез минералдануына себептеседі. Сондықтан да сұр-күрең топырақтар қарашірінді қорының төмендігімен сыпатталады.

Жылдық атмосфералық ылғал түсімінің төмен болуы /200-500 мм/ және ұзақ уақыт тұратын жоғары температура топырақ ішіндегі бұзылу үрдісін тездетіп, оның баяу еритін өнімдері топырақ кескінінде жиналуына /топырақ құралуына/ мүмкіндік туғызады. Сондықтан топырақ кескінінің орта бөлегі балшықтанған, қарашірінді жиегінің түсі күрең, төмен бағытты сұр қарашірінді ағымы бар, сондықтан оның әлпеті едәуір қалың, астыңғы жағы жаңғақ-кесекті түйіртпекті келеді. Иллювилі-карбонатты өтпелі жиек айқын қалыптасқан.

Сұр-күрең топырақ типі күңгірт, кәдімгі және ашық сұр-күрең атты үш типшеге бөлінеді.

К ү ң г і р т с ұ р-к ү р е ң т о п ы р а қ т ы ң қарашірінді мөлшері үстіңгі жағында 3-4,5 процентке жетеді. Қарашірінділік заттар құрамындағы гумин қышқылы фульвоқышқылынан артық. Қарашірінді жиегінің /А+В1/ қалыңдығы 50 см-дей, 60-80 см тереңдікте карбонатты жиек /Вк/ айқын білінген. Жеңіл еритін тұздар 0,1 проценттен аспайды. Топырақ ортасының реакциясы жоғарғы жағында сәл сілтілі /рН=7,7/, төмен қарай сілтілік өскен. Алмаспалы негіздер сіңіру сиымы А жиегінде 100 г топырақта 30 мг-экв-ке тең. Оның құрамында кальций артық /70-75 процент/, қалғаны магний /15-20 процент/ мен натрий /5-6 процент/ үлесі. Сұр-күрең топырақ кескінінің орта бөлегі тозаңды түйірлермен /1,5 тотықтар шоғырлануына байланысты/ аздап тығыздалған.

Кәдімгі сұр-күрең топырақтың, алдыңғы типшемен салыстырғанда, қарашірінділі жиегі жұқалау /35-45 см/, қарашірінді мөлшері де көп емес-А жиегінде 2,2 процент, бірақ ондағы негіздер сіңіру сиымы жоғары-100г т-та 25-30 мг-экв.

 

Күңгірт сұр-күрең топырақ құрамы /0.Пеньков/, %

 

Жиек, үлгі тереңдігі, см Қара- шірінді Су сүзінді рН-ы   Химиялық жалпы құрамы Алмаспалы катиондар, 100 г т-та/мг-экв Қатты қалдық Карбонат СО2-сі
SіO2 R2O3 CaO MgO Ca2+ Mg2+ Na+
А 0-21 А1 21-31 В1 40-50 В2 65-75 ВС 90-100 С 100-130 3,28 1,90 1,10 0,71 0,46 0,30 7,7 7,8 8,0 8,3 8,3 8,2 62,13 62,02 60,24 60,50 60,74 62,69 20,98 23,02 24,04 24,57 22,00 23,31 6,37 5,77 5,53 5,87 5,40 5,34 3,42 1,86 2,20 2,20 3,41 2,48 22,2 25,9 23,9 20,4 16,5 18,0 4,6 4,8 4,8 4,8 4,6 4,9 1,9 2,1 2,0 2,0 2,0 2,0 0,10 0,06 0,11 0,07 0,11 0,12 0,9 5,8 8,6 9,5 6,5 5,4

 

Ашық сұр-күрең топырақ типшесінде қарашірінділі жиек жұқа және гумус мөлшері = 1,5-2,0 процент. Топырақ кескіні тектік жиектерге сәл оқшауланған, әсіресе иллювилі-карбонатты жиек. Алдыңғы типшелерден айырмашылығы-су сүзіндісіндегі қатты қалдық және қатты фазаның негіз сіңіру сиымы жоғарылау-100 г топырақта ол 20-30 мг-экв-ке тең, олардың құрамында кальций мен магний артық, натрий аздау /5-10 процент/, сондықтан бұл топырақта кебірлілік белгілер байқалады.

Жалпы сұр-күрең топырақ типі ішінде кәдімгі, кебірлі, сортаң, ғанышты және ұсақ тасты тектер айырылады. Оларды түрлерге бөлу жеңіл еритін тұздар жиналған тереңдікке негізделген.

Құрғақ тропикке таяу белдеудің табиғаты аса бағалы ауыл шаруашылық дақылдарын /дәнді дақылдар, жүзім, мақта, айва, інжір, анар, грек жаңғағы/ өсіруге қолайлы. Дегенмен жоғары өнім алу үшін міндетті түрде егісті суару қажет. Азот пен фосфордың тиімді қоры аз болғандықтан, бұл топырақ, суармалы егістікте, осы элементтердің минералдық тыңайтқыштарын тілейді. Ежелден суарылатын егістіктерде және тиісті дақылдарға калий тыңайтқыштары да тиімді. Кіші тыңайтқыштар да әсерлі. Мысалы, бор мен молибден тұздары мақта өнімін арттырады, ал карбонатты топырақта өсетін жүзім темір мен марганецті жақсы қабылдайды. Суармалы сұр-күрең топырақтарға органикалық-минералдық тыңайтқыштарды қоса енгізгенде барлық ауыл шаруашылық дақылдар өнімі артады.

Кавказда к ү р е ң т о п ы р а ғ ы н алғаш рет С.Захаров сыпаттап, оны күрең ормандық деп атаған. Кейін, И.Герасимов зерттеулері негізінде, құрғақ тропикке таяу ормандар мен бұталар астындағы күрең топырақ типі аталып кетті.

Күрең топырақ Каспи /Шығыс Кавказ/ мен кара теңіз жағалауы/ Батыс Кавказ/, Оңтүстік Қырым және Орта Азия таулы аудандары мен тау бөктерлерінде тараған; сұр-күрең топырақтарға жақын температура жағдайында дамиды, бірақ ылғалдану мезгілі күз-қыс-көктем маусымдарына келеді. Жаз бұл белдеуде өте құрғақ. Топырақтар негізінен карбонатты жыныстарда қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы құрғақ ормандық ксерофитті ағаштар /емен, граб, бук, үйеңкі, арша, фисташка, грек жаңғағы, миндаль/ мен жеміс ағаштары және бұталы өсімдіктерден тұрады.

Таулы тік аймақтық жүйеде күрең топырақтар құрғақ субтропикалық даланың сұр-күрең топырақтарымен таулы-ормандық топырақтарын бөліп тұратын өтпелі белдеуде орналасқан.

Күрең топырақтың тектік кескіні Ак+Вк - ВС/ВСк/- Ск жиектерден тұрады. Оларға мынадай диагностикалық /танылу/ белгілер тән: зор қалың кескін /тау топырақтарын ескермегенде 1,5-2,0 м жетеді/, терең және жақсы байқалатын күңгірт-қоңыр, сұрлау-қоңыр қарашірінділі жиек /60-70 см асады/; онда қарашірінді 4-6 процентке жетеді, гумус құрамында фульвоқышқылынан гумин қышқылы артық /Сгқфқ>1/. Топырақ кескіні жоғары балшықтанған, негіздерге толық қаныққан, негіздер сіңіру сиымы жоғарғы жағында 30-45, төменгі жағында 20-25 мг-экв-ке тең. Жоғарғы жиектер реакциясы бейтараптыға жақын болса, өтпелі карбо­натты жиекте сілтілі келеді. Қарашірінділі жиек құрылымы жақсы түйіртпектелген, сондықтан күрең топырақтың физикалық қасиеттері өсімдікке қолайлы.

Күрең топырақтардың тектік /генетикалық/ ерекшеліктері құрғақ субтропикалық ормандағы биологиялық заттар айналымына байланысты. Атап өтетін олардың ең маңызды жақтарының бірі- құрғақ субтропикалық даланың шөптесінді /жусанды-дәнді/ өсімдіктерімен салыстырғанда, емен мен грабты ормандағы органикалық түсімнің жоғары күлділігі. Күл құрамында ыдыранды қарашірінділік заттардың қышқыл ерітінділерін бейтараптайтын сілтілі жерлік негіздер мен біржарым тотықтар мөлшері жоғары.

Күрең топырақтың сұр-күрең типтен айырмашылығы кескінінің орта бөлегінде балшықтану үрдісінің белгілері айқындалуында.

Күрең топырақ үш типшеге бөлінеді. Сілтісізденген күрең типше-қарашірінділік жиектен төмен, 80-100 см тереңдікте тасиды, себебі топырақ ылғалды жағдайда /ЫК=0,75-0,9/ карбонаттардан терең шайылған; кәдімгі күрең типше метаморфтық /өзгерген өтпелі/ жиекте тасиды. Карбонатты күрең типше карбонаттылығы және метаморфты жиегі шамалы балшықтануымен сыпатталады, себебі-ол аридты /ылғалтапшы/ аймақта дамыған /ЫК=0,5-0,6/.

Күрең топырақ типінде кәдімгі, қызыл түсті, кебірлі, сортаңдау және далалық тектері ажыратылады. Олар түрлерге үстіңгі А жиегіндегі қарашірінді мөлшеріне қарай бөлінеді: шамалы қарашірінділі /4 проценттен кемі-тың, 2,5 проценттен кемі-өңделетін топырақ/, қарашірінділі /сәйкес 4-5 және 2,5-4,0 процент/ және орташа қарашірінділі /сәйкес 6 және 4 проценттен астам/. Сондай-ақ топырақ тастылығы мен кебірлілік дәрежесіне қарай бөлінуі мүмкін /сәл, орташа, аса кебірлі/.

Күрең топырақтар, құнарлылығы жоғары болғандықтан, жылуға бейімделген бағалы ауыл шаруашылық дақылдарын /жүзім, жеміс ағаштары т.б./ өсіруге пайдаланылады. Егінге минералдық /әсіресе азот-фосфорлы/ және органикалық тыңайтқыштар қолданып, нығыздалған қабаттарды терең жыртқан жағдайда жоғары өнім алуға болады, себебі топырақтың суөткізгіштігі жақсарып, ылғалдану тереңдігі өседі. Тіршілік қабатында жалпы және өнімді ылғал қоры артады. Күрең топырақтар құнарлылығын көтеруде су мен жел эрозиясына қарсы шаралар қолданудың маңызы зор. Мұндай шараларға баурайларды көлденең жырту, егінді жолақтап орналастыру, тік баурайларға бұталы ағаш отырғызу жатады. Су эрозиясына қарсы күресу амалдарының бірі- баурайларды террасалау /сатылау/. Күрең топырақтар құнарлылығын арттыратын маңызды шараларға көң және сидераттармен тыңайту, көп жылдық шөп егу арқылы органикалық заттармен байыту жатады. Аталған шаралар күрең топырақтың қарашірінді қорын ұлғайтып, су-физикалық қасиеттерін жақсартады.

Субтропикалық белдеу оңтүстік және солтүстік ендіктердегі тропик пен қоңыржай /суббореалды/ белдеулер, солтүстік және оңтүстік ендіктің 30 бен 40 градусы аралығындағы аймақ. Бұрынғы КСРО-да тек Қара теңіздің шығыс /Абхазия мен Аджария/, Каспи теңізінің оңтүстік-шығыс /Ленкорань/ жағалауларында орналасқан көне заман белгісі. Қыс айының ең суық мезгілі температурасы 0 градустан жоғары, жауын-шашын мөлшері 1200-2500 мм жетеді. Аймақтағы ылғал мол болғандықтан онда емен, арша, пісте, бадамша ағаштары, тұқымдас жайқалған көк шалғын өседі. Топырағы қызыл және сары типті.

Қызыл топырақ ылғалды субтропикте, Батыс Кавказ жағындағы Қара теңіздің шығыс жағалауына тірелген, Аджар жотасының етегінде /40-400 м биіктікте/ дамыған тип. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2500 мм, жылы температура /+10о жоғары /жиынтығы 4400о жетеді. Өсімдік жамылғысы-понтийлық субтропикалық шырмауықты /лианды/ ормандар. Топырақ құрайтын тау жыныстары андезит, базальт, туф пен шөгінді сланецтер. Б.Полынов пен И.Герасимов пікірінше қызыл түсті жыныстардың бұзылу үрдісі алғашында сілтілі ортада өткен. Органикалық заттар ыдырауы және тыныстану үрдісі нәтижесінде бөлініп шыққан биотекті көмір қышқыл газы мен кішіжандылар тіршілігі және басқа да қышқыл заттар әсерінен, аналық тау жынысы құрамындағы алюмосиликаттар бұзылған. Олардан бөлініп шыққан сілтілі элементтер мен жерлік кремний /36 процент/ азайып, топырақ құрамында 1,5 оксидтер /Fе2О3, А12О3/ көп шоғырланған /50%/. Соның нәтижесінде топырақ түсі қызыл, сары-қызыл рең алып, ортасы қышқыл тартып, күлгін үрдісі дамыған. Ал тың топырақтың жоғарғы қабаты шымданған, онда біраз гумус пен органикалық калдық заттар ыдырауынан қоректік /күлдік/ элементтер жиылады. Бұл топырақ егіншілікте субтропикалық бау /цитрустілер/ мен шәй өсіруге пайдаланылады.

Сары топырақ бұрынғы КСРО-ның ылғалды субтропикалық климатында, мәңгі жасыл ағаштары басым ормандар астында, балшықты борпылдақ жыныстарда және Қара теңіздің сатылы жағалауы мен батыс және шығыс Кавказ тауы етегінде дамыған топырақ. Оны құраушы жыныстар өте қышқыл және орташа тау жыныстарының /ең бастысы сланецтер/ бұзылған азығынан тұрады; ол "сары жерлік қабық" деп аталады да, құрамында кремний тотығы көп те-55-65 процент., темір мен алюминийдің 1,5 тотығы /қызыл топырақпен салыстырғанда/ аз /25-30 процент/ болады. Сондықтан топырақ түсі сары, кескіні мынадай /см/: Ао 3-4 см, А1-10...15, А2-15...20, В-30... 40, С-40...70 см. Қарашірінді мөлшері А1-де 2-ден 7 процентке дейін құбылады, кескін төмендеген сайын оның саны күрт азаяды; гумус құрамы фульватты, топырақ ортасы қышқыл келеді, негіздер сіңіру сиымдылығы 100 г т 5-20 мг-экв. Кремний мен темір тотықтарының ара салмағы жоғары болғандықтан /4-5/, сары топырақтың байланған аниондар /Р2О5/ сіңіру сиымы көтеріңкі /5-7 мг-экв 100 г.т./ болады. Бұл топырақта бағалы субтропикалық өсімдіктер /цитрустілер, шай, темекі, т.б. дақылдар/ бапталады. Жоғары өнім алу үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар /әсіресе фосфорлы/ және су эрозиясын тежейтін шаралар қолданады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1343; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.