Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Слайдтар, кестелер




Бақылау сурақтары:

  1. Топырақтың тік бағыттағы таралу заңдылығын түсіндіріп бер.
  2. Топырақ аймағы инверсиясы дегеніміз не?
  3. Топырақ миграциясы дегеніміз не?
  4. Аймақтар интерференциясы дегеніміз не?
  5. ТМД елдерінің негізгі тау жүйелерін ата.

Әдебиеттер:

  1. Почвоведение (под ред. И.С. Кауричева) – М., 1987 г.
  2. Жалпы топырақтану (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы, 1998 ж.
  3. Топырақтар геогрофиясы (Т. Тазабеков және авторлар бірлестігі) – Алматы 2000 ж.
  4. Топырақтану. Т. Тазабеков, С. Калдыбаев, Е. Тазабекова. Алматы, 2004 ж.
  5. Геогрофия почв. Г.В. Добровольский, И.С. Урусевская. М., 2004 г.

 

Дәріс 12

Жайылма топырақтары. Құмдар мен құмды топырақтар.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ТМД елдерінің үлкен-үлкен өзен жайылмалары топырақтарының, шөлейт және шөлді аймақтарының құм және құмды топырақтарының топыраққұралуерекшеліктері, олардың жіктелуі, құрамы, қасиеттері, ауыл шаруашылығында пайдалануы жөніндегі мағлұматтармен таныстырады.

Түйнді сөздер: Өзен жайылмалары, аллювий, глейлену процесі, шымдану процесі, құмдағы топыраққұралу процесі, бархан, физикалық, су-физикалық қасиеттері, құнарлығы.

Елімізде үлкен-кіші өзендер көп, суы тегістікпен ағатындарында жайылмалар жақсы дамыған. Жайылма деп өзен бойын оқтын-оқтын тасқын су басатын құрылық бөлегін айтады. ТМД-да жайылма топырақтар алабы 57,5 млн. га немесе 2,6 процентке тең.

Өзен жайылмаларында топыраққұрайтын негізгі жайылмалық және алювилік үрдістер дамыған. Жайылмалық үрдіске өзен аңғарын тасқын су басу құбылысы жатады. Ол ыза деңгейін көтеріп, жайылманың ауа райын жұмсартады, топырақтардағы микробиологиялық үрдістер бағыты мен қарқынын, өсімдік жамылғысын, топырақтардың, су және тұз құбылымын өзгертеді. Алювилік үрдіс деп, өзен жайылмасын тасқын судың шаюын және жайылма үстіне лай шөгуін айтады. Ол жайылманың әр бөлегінде бір қарқында өтпейді. Өзен арнасынан қашықтаған сайын жайылманың үш бөлегі байқалады: арна жиегі, орталық және сатылы етегі. Олар бір-бірінен бедері, алюви құрамы, ызалық жағдайлары, соған байланысты өсімдік және топырақ жамылғысымен ерекшеленеді. Алювилік механикалық құрам тасқын судың ағынына байланысты өзгереді. Су ағыны әрқашанда арна бойында күшті болады да, одан алыстаған сайын бәсеңдей береді. Соған байланысты арна маңындағы алювилік шөгінді құм мен құмайтты, орталық және сатылы етегіндегі жайылмада құмбалшық пен балшықты келеді. Өзен арнасы біртіндеп жылжып, орын ауыстырып тұратындықтан, жайылманы құрайтын алюви әртүрлі механикалық құрамды қалыптасып, алювилік шөгінді кескін құрады.

Шөгінді алювидің химиялық және механикалық құрамына және мөлшеріне су жиылатын территорияның тау жыныстары мен климаты әсер етеді. Су жиылатын құмды алқаптардан жайылмаға құмды алюви, ормансыз, шөпсіз және балшықты су жиналатын алқаптан су тасқыны жайылмаға көп мөлшерде ауыр механикалық құрамды алюви әкеледі. Керісінше, су жиылатын шөптесінді- орманды алқаптан келетін тасқын су көлемі аз және баяу болады да, жайылмада аз мөлшерде шаң-тозаңды алюви шөгеді.

Жайылманың бедері толқын-жалды болып айқындалған. Оның орталық бөлегіне қарай құрылық беті тегістеліп, ойпаң-сайлы келеді. Ескі өзен арналары қалған жайылманың сатылы етегіндегі бөлегі төмен, орталық жағына қарағанда, көбінесе батпақты болады.

Жайылма өсімдік құрамының басым көпшілігі шөптесінді астық тұқымдас түрлерден тұрады. Олар негізінен орталық жайылмада бітік өседі. Көтеріңкі жерінің өсімдігі сирек, ойпаңдарды батпақты өсімдіктер жайлаған. Жайылмалық шабындық өнімділігі топырақтың ылғалдануына және пайдалану ерекшелігіне байланысты, әсіресе орталық жайылманың өсімдік өнімділігі жоғары болады - әр гектар шабындықтан 30-40 центнер және одан да жоғары пішен шабылады.

Жайылмада шабындық шөптермен қатар тоғайлар бар. Мыс., шөлдала мен шөлді аймақтардың өзен жайылмаларында шөптесінді тоғайлар кең тараған, ағаш құрамы жиде, көктерек, сексеуіл және т.б. тұрады.

Жайылмада топыраққұралу туралы ілімді В.Вильямс дамытқан. Кейін жайылма топырақтарының қалыптасуы мен өзгешеліктерін зерттеуге көп ғалымдар үлес қосқан /Шраг, Егоров, Добровольский/.

Су жүйелі жиналатын аралықтардан шайылған материал жайылмаға алюви түрінде шөгеді, қоректік элементтерге және майда түйірлерге бай болғандықтан, көбінесе ол құнарлы келеді. Сондықтан механикалық құрамы құмбалшықты алювиде шабындық өсімдіктер жақсы өседі. Борпыл жыныстың механикалық және химиялық құрамы лайықты болғандықтан, бұл шөптесін астында топыраққұраушы шымдану үрдісі жақсы дамыған.

Топыраққұралу үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты жайылманың алювилі-шымды, алювилі-шабындық және алювилі-батпақтық үш топырақ топтары бөлінеді.

Алювилі-шымды топырақтар көтеріңкі, ыза деңгейі терең, алюви жеңіл және жолақ құрамды кескіні бар арна жағалауы мен орталық жайылмаға таяу жерлерде қалыптасқан. Топыраққұралу үрдісі ыза ықпалы жоқ, тотықтануы артық жағдайда, механикалық құрамы құмды және құмайтты алювиде өтеді. Сондықтан топырақтың гумустік жиегі сәл айқындалған және жұқа, гумус пен азот мөлшері төмен. Алювилі-шабындық топырақтар ыза деңгейі 1-2 м тереңдікте жатқан және қылтүтікті су жиегі түгел топырақ кескінін қамтитын жағдайда, көбінесе орталық жайылманың құмбалшықты алювиінде дамиды. Бұл топырақтарда ызамен жеткілікті ылғалданатын, қоректік элементтерге, негіздерге және органикалық заттарға бай жағдайда, шабынды өсімдіктер астында, шымдану үрдіс дамуына қолайлы жағдай әбден туған. Сондықтан алювилі-шабындық топырақтарда кесек-дәнді түйіртпекті гумус жиегі айқындалған. Топырақ кескіні мына жиектерден тұрады: А-шымды, тұтасқан тамыр, А1-қарашірінділі қара-сұр немесе күрең-сұр түсті, дән түйіртпекті, В1-өтпелі жиекше, көбінесе глей /саз/ белгілері болады, В2-айқын глейленген өтпелі және құмбалшықты алювилік шөгінді С-мен ұштасады. Қалыпты жағдайда, ызаның қылтүтікті жиектері топырақ кескінімен біртұтас болғандықтан, соңғыда глейлену үрдісі дамып, темір қосындылары, карбонаттар, ал оңтүстік өзен жайылмаларында тұздар шоғырланады.

Алювилі-шабынды топырақтың қалың, /30-50 см/, қарашірінділі қабаты бар, онда гумус пен қоректік элементтер қоры жоғары. Негіздер сіңіру сиымы 100 г топырақта 25-50 мг-экв-ке, рН көрсеткіші орманды аймақта 4-6 га тең.

Алювилі-батпақтық топырақтар ағын атмосфера суы мен ыза суынан ұзақ уақыт тұрақты ылғалдану жағдайында қалыптасады. Оларға, ыза деңгейі жақын жатқанымен, іркіліп, ұзақ тұратын су ықпалынан, шымтезекті /торф/ немесе лайлы-қарашірінділі массаның жиналуы және глейлену үрдісімен органикалық заттар қарқынды шоғырлануы тән. Соңғылардың көлеміне, ыдырау дәрежесіне қарай, алювилі-батпақтық топырақтар, шабынды-батпақты, лайлы-қарашірінділі-глейлі және лайлы-шымтезекті /торфты/ түрлерге бөлінеді. Алювилі-батпақтық топырақ кескіні шымды-гумусты глейлеу /Аш/, өтпелі-глейлі /В/ және минералды-глейлі жиектерден тұрады. Сондықтан бұлар шабындық, лайлы-торфты мен лайлы-қарашірінділі-глейлі топырақтар аралығында орналасқан. Лайлы-қарашірінділі-глейлі топырақтар кескіні жоғары ылғалданған, глейленген, құрылымы онша айқындалмаған, екі-глейлі, тот дақты қарашірінділі және сортаң-көгілдір глейлі жиектерден тұрады. Лайлы-торфты топырақтар көбінесе сатылар маңында кездеседі, айқындалған торфты және глейлі минералдық жиектерден тұрады. Жайылманың бұл бөлегіндегі топырақтарда органикалық заттар, ыза және үстіртін ағын сулар тасымалдауынан, көп мөлшерде шоғырланған, сондай-ақ олар шала тотықты темір, вивианит және әкпен байыған.

Жайылманың оқтын-оқтын немесе сирек су жайылатын бөлегінде /жоғарғы жайылма/ аймақтық топырақтар қалыптасқан. Мысалы, орманды тайга аймағында шымды-күлгін, орманды далада ормандық сұр және далада қара топырақтар дамыған.

Жайылмалық топырақтардың шағы мен үрдістері құбылмалы келеді. Жайылмада жаңа шөккен алювиден бастап, қасиеттері жақсы дамыған, аймақтық топырақтар кездеседі.

В.Докучаев кезінде жайылма топырақтарын қалыпсыз, ал Н.Сибирцев бей аймақтық топқа жатқызған. Кейінгі ғалымдар алювилік үрдістің топырақ құралуына тигізетін ерекшеліктері мен аймақтық айырмашылықтарын көрсетіп, солар негізінде жайылма топырақтарының қазіргі жіктеуін жасады.

Кестеде көрсетілген топырақтардың "алювилі" аты жайылмадағы алювилік үрдістің топыраққұралудағы орнын /типін/ көрсетсе, қарсы орында топыраққұралу аймағы мен биоклиматтық жағдайы ерекшеліктерін нұсқайды.

Алювилік үрдіс /заттар шоғырлану/ пен жайылмалық жағдайдың /субасу/ топыраққұралуға тигізетін әсерінен қоршаған табиғи аймақ жағдайының жайылма топырақтарына тигізетін әсері басым. Ол өзен мен жайылма аумағы кішірейген сайын айқындала түседі. Жайылма топырақтарында аймақтық белгілердің айқындалуы қоршаған аймақтың жылу тәртібі, атмосфералық ылғалдану жағдайы, өсімдіктер құрамы мен органикалық зат өнімділігіне байланысты. Ал әр аймақ жағдайының өзіндік ерекшелігі болады. Мыс., тундрадағы өзендер жайылмаларында, төменгі температура мен қысқа тіршілік мезгілі салдарынан, топырақтағы биологиялық заттар алмасу қарқыны өте баяу жүреді, ал топырақ дамуы мүктердің кең қатысуымен өтеді. Аталған жағдайлар тундрада торфты айқын глейленген алювилі-шымды топырақтарын қалыптастырады.

 

Алювилік топырақтарды жіктеу

/бұрынты "КСРО топырақтарын жіктеу және диагностикалау" -М., 1977/

 

Топырақ типі Топырақ тараған басты аймақтар Топырақ типі Топырақ тараған басты аймақтар
Алювилі-шымды қышқыл   Алювилі-шымды қаныққан   Алювилі-шымды карбонатты шөлдене бастаған   Алювилі-шабындық қышқыл Орманды-тайга, Орманды дала Орманды дала, дала Шөл, шөлейтті   Орманды-тайга   Орманды дала Алювилі-шабындық карбонатты   Алювилі-шабындық батпақты   Алювилі-батпақты, лайлы-қарашірінділі-глейлі   Алювилі-батпақты, лайлы-торфты Шөл, шөлейтті   Барлық аймақтарда         -//-       -//-

 

Орманды тайгалық жайылма топырақтарына шымды-күлгін, батпақты және т.б. аймақтық пішін тән, яғни шымды қабат әр дәрежеде айқындалып және батпақтану үрдісінің белгілері болады. Жайылманың сирек немесе мүлдем су жайылмайтын бөлшектерінде тек шымды-күлгін топырақтар қалыптасқан.

Орманды дала мен дала аймақтарының өзен жайылмаларында шабындық өсімдіктер өніп-өсуіне және қалдықтары гумустенуге шалдығуына өте қолайлы жағдай туған. Сондықтан ондағы алювилі-шымды топырақтар кальцийлі гумат тұздарымен байыған және жоғары гумусты.

Дала аймағының жайылмалық алювилі-шабындық тoпырақтар кескіні қара топырақ типіне жақын, олардың құрамында гумус мөлшері 5-тен 13 процентке жетеді. Эрозия табаны /базис/ төмендеп, құрылық бедері көтерілген сайын, аймақтық жайылма топырақтарында жайылмадан тыс орналасқан аймақтың топырақ құрамы мен белгілерін /сілтісізденген қара, ормандық сұр топырақтар және т.б./ кездестіруге болады. Шөлдала мен шөлді аймақтарда ащы ыза деңгейі жақын жатқандықтан, жайылма топырақтары карбонатты және сортаңды келеді және шөлдік алювилі-шабындық пен шөлдалалық шабынды-құба топырақтар қалыптасқан. Сондай-ақ мұнда шабынды-кебірлеу, сортаң, сортаңдау және әр дәрежеде сортаңданған топырақтар тараған.

Өзендер сағасының топыраққұралуына ағын сулармен қатар, мұхит пен теңіз немесе көл сулары да әсер етеді, сондықтан бұл жерлерде сортаң топырақтар кең тараған. Саға алювиінде құралған топырақтар қоректік заттар мен гумуске байыған жәнеолар құралатын жағдайлар өзгермелі келеді, сондықтан даму мезгілі /эволюциясы/ жылдам өтеді.

Аридті суық аймақтарда сағалық топырақтар дамуы бастапқы кезде едәуір ылғалды жағдайда, бірақ қысқа мерзімді өтеді. Саға көлге, теңізге шегінген сайын алювилену бәсеңдеп, топырақ ылғалдылығы азаяды және ыза деңгейі тереңдейді. Одан арғы кезеңде, топыраққұралу үрдісі аймақтық биоклиматтық жағдайлар ықпалымен өтетіндіктен, саға топырақтары шөлейттене бастайды, оларда аймақтық кейбір пішіндер мен белгілер кездеседі. Мысалы, топырақтарында сортаңдану үрдіс, солтүстік аймақтарға қарағанда айқын дамиды.

Жайылма топырақтарының табиғи қорлы құнарлылығы ар­на жиегінен орталық және сатылану маңына дейін өзгереді. Осы бағытта топырақтағы органикалық заттар қоры мен жалпы азот мөлшері өседі. Ең құнарлысына батпақтанбаған және тұщы топырақтар жатады, оларда гумус қабаты қалың /1м/ және органикалық заттар қоры жоғары /1 га да 350-550 т/ болғандықтан, агрохимиялық қасиеттері өсімдік өніп-өсуіне қолайлы келеді.

Жайылма топырағын жыртқанда микробиологиялық белсенділігі көтеріліп, ондағы өсімдікке қажет қоректік элементтер мөлшері ұлғаяды. Бұл топырақтарды суармалы егістікке игергенде өте пайдалы дақылдар, жемшөп, жеміс жидек, ал ірі өнеркәсіпті қалалар маңында-картоп, көкөніс т.б. дақылдар егіледі. Kөкөніс өндірілген топырақтар біраз жылда құнарлылығын төмендетіп, тыңайтқыш қолдануды тілейді. Темірлі қышқыл топырақтарға фосфор тыңайтқышы мен әк беріледі.

Өзен арнасы жиегіндегі топырақтар құмайтты және қоректік заттарға тапшы болғандықтан, егістікке пайдаланылмайды.

Батпақтанған және батпақты топырақтарды жақсарту үшін күрделі құрғату жұмыстарын жүргізу керек, ал микробиологиялық белсенлілігін арттыру мақсатымен игерудің алғашқы жылдарында аз мөлшерде органикалық тыңайтқыштар шашылады.

Жайылма топырақтары мал шаруашылығының жемшөп қоры. Мұнда ТМД-ның 33 млн га-ға жуық шабындық пен жайылым қоныстары орналасқан. Топырақ құнарлылығын арттыру үшін мелиоративтік және агротехникалық /батпақты жерлерді құрғату, бұталарды кесу, тегістеу, шөп егу, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу т.б./ шаралар қолдану керек. Мәдени шабындықтар игеру пішен өнімін арттырып, топырақ құнарлылығын көтереді /25-кесте/.

Жайылма шаруашылығына тасқын /еріген қар/ суы кедергі етеді. Жайылмалар тасқын су басу мерзіміне орай былай бөлінеді: Қысқа мерзімді су басатын жайылымда су басып жататын уақыт ұзақтығы 7 күн. Бұл мерзім көп дақылдар өндіруге қолайлы.

Орта мерзімді су басатын жайылмада су 7-15 күн жатады. Бұл жерлер күздік егісіне жарамайды, сондықтан табиғи немесе еккен шөп шабындығына және жеміс ағаштарына қолайлы.

Ұзақ мерзім су басатын жайылмада су 15 күннен 30 күнге дейін жатады, ауыл шаруашылық дақылдары мен жеміс ағаштарына жарамайды, тек шөп егіледі.

Өте ұзақ су басатын жайылмада су бір айдан астам уақыт жатады. Бұндай жайылмада топырақтар батпақтанған және онда суға төзімді өсімдіктер дамыған.

Құм деп беті ашық, өсімдіктермен бекітілмеген немесе сәл бекітілген, сусымалы жарандыларды айтады. Ал құмды топырақтың тұрақты өсімдік жамылғысы болады және кескінінде аймақтық кейіп /тип/ айқындалған.

Шөлейт және шөлді аймақтардың құмдары мен құмды топырақтары көбінесе Орталық Азия мен Қазақстанда кездеседі: Қарақұм, Қызылқұм, Нарынқұм, Мойынқұм, Балқаш және Арал маңы құмдары. Бұрынғы одақтың еуропалық бөлегінде ірі құмды құрылық Астрахан облысы, Дон, Терсқұм және төменгі Днепр мен Дон маңында жатыр. Құмды өңірлер ТМД-ның 62 млн га, немесе 2,9 процент жерін алып жатыр.

Құмды жерлер бағалы жайылым және мал шаруашылығының жемшөп қоры болып саналады. Құм дұрыс пайдаланбаған жағдайда тұтастығын жоғалтып, сусымалы /жылжымалы/ күйіне көшеді де, құм түйірлері жол, ауыл және құнарлы жерлерді басып, халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Құмды жерлердің климаты мен өсімдік жамылғысы аймақтық жағдайлармен анықталады. Орталық Азия елдерінің климаты өте ыстық болса, далалық және орманды дала аймақтарында ол қолайлы келеді. Құрғақ және шөлдала аймақтарындағы, ыза деңгейі

терең жататын жерлердегі құм өсімдік жамылғысын қияқ, құмаршық, балқаңбақ, құм жусаны, жүзгін, жыңғыл /тамариск/ т.б. түрлер құрады. Шөлді аймақтың өсімдік құрамына қияқ, құмаршық, ал бұта ағаштарынан сексеуіл, қараған, жүзгін, таспа шөп және т.б. түрлер кіреді.

Құрлықтағы құм бедері құмды қабаттың қалыңдығына, өсімдік құрамына және жел қарқынына байланысты өзгереді. Осы Факторлардың кешенді әрекетінен түрлі -жалды, төбелі, үйінді және жылжымалы құм /барханды/ немесе құмды бедер құралады, әСірЕСЕ жалды құмдар кең тараған. Құмды үйінділер кейпі созылған толқын, қырлы жоталар, қыраралық сайлармен кезектесіп келеді. Қырлар биіктігі 5 метрден 30 метрге жетеді. Осы кейіпті құмдар көбінесе бір бағытта соғатын желдермен үйіледі. Дала мен шөлейт аймақтардың едәуір аумағын төбелі құмдар алып жатыр. Олар түрлі сырт бедері түрлілігімен көзге түседі. Көтеріңкі жерлерде ойпаңдар мен жел үрлеген қазан шұңқырларда кездеседі. Оған қарама-қарсы бағытта соғатын жел себеп.

Жылжымалы құмдар ішінде аумағы кішілеу бірнеше шаршыметрден бастап, ірі жүздеген шақырымға жететін жылжымалы түрлері кездеседі. Бұрынғы Одақтың Азия бөлегінде олар жалпы құмдардың 7-8, ал еуропалық бөлегінде 4-5 процент алабын қамтиды. Олардың құралуына климат қуаңшылығы, жел қарқыны және шаруашылықты теріс жүргізу себеп, бірақта көп бөлегі ерте заманда пайда болған /Қарақұм мен Амудария бойындағы бархандар/. Мұндай құмдар қазіргі кезде де құралуда, олардың жаралу ошағы қарқынды мал жайылымдарынан, құдық маңайларынан және жасыл қамалдардан /оазистерден/ басталады.

Құмның желмен жылжуы аэродинамикалық заңдылықтарға негізделген. Жылжу немесе ағу құбылысы әр тығыздықтағы екі орта /ауа мен құм/ аралығында жүреді. Жел әсерінен құм массасының құрылық бетінде жылжуын құмды жел ағыны деп атайды. Жолындағы кедергілерге /төмпешік, бұталар және т.б. / кездесіп, жел құйынды қозғалысқа ұшырайды да, құрылық бетінде әр мүсінді эолдық /желтекті/ бедерлер құрады. Құмды түйірлер /0,01-0,25 мм/ жылжу жылдамдығы секундіне 4 м асқан желде басталады. Құм үйіндісінің желге қарсы жатқан түрін бархан деп атайды. Бір қалыпты жағдайдағы желге қарсы бархан беті еңкеу /5-15о/ ұсақ толқынды, ал ық жағы тік /28-35о/ болады. Барханның тік жағынан құм ылғи сусып түсетіндіктен, оның беті бедерсіз жазық болады. Сөйтіп, жаз айларында шығыстан соғатын жел әсерінен шоғырланып, барханды құм пайда болады. Олардың жылжу жылдамдығы, бағыты құм ылғалдылығы мен механикалық құрамы және жел бағыты мен қарқынына байланысты. Егер мұнда жел қарама-қарсы бағытта соғатын болса, құм сол құрылық алабында ғана қозғалады. Құмдардың қозғалуы мен сапырылуы және құрылық бедері, негізінен дауылды желдерге байланысты.

Өсімдіксіз барханды құмдардың су құбылымы, өсімдік жамылғысы бар құмдарға қарағанда, қолайлы: олардың дымқыл қабаты 20-40 см тереңдіктен басталады. Сондай-ақ барханаралық ойпаңдардағы құмдар, көтеріңкі жермен салыстырғанда, дымқылдау келеді. Құмның су өткізгіштігі жоғары болғандықтан, көбінесе тұщы келеді. Барханды құмның механикалық құрамында ірілігі 0,25 мм-ден 0,05 мм-ге дейінгі түйірлер басым /60-70 цроц./. Барханаралық ойпаңдарда кейде сәл гумусты құмдар кездеседі.

Құм негізінен борпылдақ тау жыныстарының желмен ұшырылуы немесе сумен шайылуынан қалыптасады. Құрылуына қарай құм элювилі, делювилі, теңіздік, көлдік, алювилік /қазіргі және көне/, флювиогляциалды /мұз суынан/ және эолды /желтекті/ түрлерге бөлінеді.

Сапырылған, сұрыпталған құмдар өсімдік жамылғысына, механикалық, минералдық, химиялық құрамы және су-физикалық қасиеттерімен әсер етеді. Құмдарда өсімдік өсу жағдайларының ең маңыздысы ызаның тереңдігі мен тұздылығы.

Құмдардың механикалық құрамы негізінен 0,01 мм-ден ірі /90 процент/ минералдық жақсы сұрыпталған түйірлерден тұрады. Олардың минералдар құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамына, олардың бұзылу сипатына, тасымалдану және қайта шөгу жағдайларына сәйкес өзгереді.

Құмдар негізінен кварц, дала шпаттары, слюдалар, мүйіз алдамышы, ғаныш және кальцит минералдарынан тұрады, солардың ішінде кварц мөлшері басым, екіншілік минералдар өте аз. Бұзылу үрдісі нәтижесінде бөлініп шыққан темір тотықтары біріншілік минералдар түйірлері бетіне қонып, олардың түсін өзгертеді. Мысалы, кварц, дала шпаттары, мүйіз алдамышы және слюдадан тұратын Қарақұмның сұр түсті құмдары бұзылудан сарғыш және қара-қоңыр рең алады. Құмдардың химиялық құрамы тікелей минералдар тобына байланысты. Олардын құрамында негізінен кремний тотығы артық та, темір, алюминий, кальций мен магний тотықтарының саны аз болады.

Шөл және шөлейт аймақтарындағы құм құрамында кальцилік карбонаттар мөлшері көтеріңкі және олар да суда еритін тұздарда кездеседі. Құмдардың тұздануы көбінесе ыза деңгейі құрылық бетіне /1,1-1,5 м/ немесе іргелес сортаңды жыныстың жақын жатуына байланысты. Құмдарда гумус пен жалпы азот, фосфор мен калий қоры өте аз, негіздер сіңіру көлемі төмен /0,2-2 мг-экв. 100 г т-та/ болады.

Құмдардың физикалық және су-физикалық қасиеттері механикалық құрамы мен жылжымалылығы, шымдану дәрежесіне байланысты өзгереді: тығыздығы /көлемдік салмақ/ 1,4-1,6 г/см3, ал қатты фазасының тығыздығы 2,6-2,7 есе аралығында жатыр. М.Петровтың мәлімдемесінше Қарақұмның қуыстылығы 32-45 процент аралығында болса, өсімдік жамылғысы бар төбелі құмдарда ол біраз жоғары /40-48 процент/. Құмдардың қылтүтіксіз қуыстылығы жоғары болғандықтан, ауа мен су өткізу қабілеті жақсы да, су ұстауы төмен /5-12 процент/. Сондықтан жаңбыр суы құм кескінінен жылдам өтіп кетеді. Қмдар суды онша жоғары көтермейді /70-80 см/, сондықтан өсімдіксіз құмдардың төменгі қабатында жиналған сулар буланудан сақталып қалады, яғни борпылдақ құмдарға су жинайтын қабілет тән. Құмдардың су құбылымын қалыптастыруда ішкі субулары шықтануының /конденсация/ маңызы зор.

Құмдар қасиеттеріне, су мен қоректік заттар шоғырлануы мен өсімдік тамырлары дамуына, әр тереңдікте кездесетін тығыз және жұқа гумустік қабаттары да оң әсер етеді. Ондай қабаттар төбе, қыр және бархандар араларындағы ойпаң жерлерде кездеседі. Оңтүстік жылы аймақ құмдарының су қасиеттері, ауыр құмбалшықты және балшықты топырақтарға қарағанда, орман ағаштарына өте қолайлы. Ал өсімдіксіз құмдар жылжымалы келеді де, басқа жерлердегі өсімдік тамырларын аршуы немесе үстіңгі сабағын жабуы мүмкін.

Құмдағы топыраққұралу үрдісін өсімдік жамылғысы, ыза тереңдігі мен тұздылығы және ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшелігі анықтайды. Табиғи жағдайда құмдарды бірінші игеретін пионер өсімдіктер псаммофиттер. Шөлейт аймағы құмдарын алғаш жайлайтын өсімдіктерге құм сұлысы немесе қияқ, құмаршық, т. б. жатады. Құмды екінші кезекте жайлайтын өсімдіктер, оның бетін бекемдеп, басқа өсімдіктер орналасуына қолайлы жағдай туғызады /Т. Якубов/.

Құмдарды жайлайтын өсімдік түрлері мен олардың құм бетіндегі эволюциясы /шымдану, жоғарғы қабаттың бекінуі және қарашірінділі қабаттың қалыптасуы/ тиісті аймақтың климат өзгешеліктері мен өсімдік игерген құм қасиеттеріне байланысты жүреді.

Өсімдік жайлаған құм жылжымалылығын бірте-бірте тоқтатады да, оның беткі қабатында шаң-тозаңды түйірлер мен гумус шоғырланып, қорЕктік элементтер қоры арта бастайды. Керісінше құмның төменгі қабатындағы ылғал мөлшері азаяды. Псаммофлора /құмшөптесін/ эволюциясы соңында құмды өсімдіктердің негізгі түрлері басады да, құмды /ыза жақын жатқан жерлерде глейленген және глейлі құм, шөл мен шөлейт аймақтарда сортаңдау/ топырақтар қалыптасады.

Құм мен құмды топырақтар, өсімдікпен беку, топыраққұралу дәрежесіне қарай, сәл гумусті немесе жартылай шымды және гумусті немесе шымды болып бөлінеді. Аймақтық өсімдіктер даму нәтижесінде аймақтық топырақтар қалыптасады /қара-қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр т.б./. Сонымен, құмды топырақтар құралу аймақтық белгілерімен ерекшеленеді. Мысалы, қара топырақты аймақта, климат-өсімдік жағдайлары қолайлы болғандықтан, қарашірінді-шымдануы қарқынды жүреді. Сондықтан бұл аймақта, шөл және шөлейт аймақтарының құмды топырақтарына қарағанда, гумусты қара-сұр құмды топырақтар қалыптасады.

Шөлді аймақтық құмды топырақтар ерекшеліктерін бірінші Н.Димо /1925/ айқындап, оларды "борпылдақ құмды құба топырақтар" деп атаған. Н.Горбунов пен Н.Кимберг /1962/ бұларды дербес құмды шөлді тип деп қараған. Құмды топырақтарға аз гумустілік / 0,5 процент/, едәуір шаңға байығандық, карбонаттардың азғана иллювиленуі-шайылғандығы, жақсы су және ауа өткізгіштік, сәл қылтүтіктік, органикалық заттардың қарқынды ыдарауы, төменгі негіздер Сіңіру қабілеті, т.б. құрамдар мен қасиеттері тән. Құмды топырақ қабаттары қарашіріндімен тұрақты алмасып тұратындықтан, оның мөлшері аз болса да, тереңірек /15 см дейін/ қабатты қамтыған.

Құмды өңірлерді игерудің негізгі принципі-оларды аймақтық климат жағдайларына және нақтылы таралған құм қасиетіне қарай, кешенді пайдалану.

Олар шабындық пен жайылым ретінде немесе бау-бақша, жүзім, т.б. ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге лайықты.

Шөлді аймақтың автоморфтық /сұр-қоңыр, тақыр және тақырлау/ топырақтары арасындағы құм топырақты территориялар, ыза деңгейі жақын жатқандықтан, табиғи шөптесіндерге өте қолайлы. Сондықтан олар құнды жайылымдар болып саналады, бірақ физикалық қасиеттері нашар болғандықтан /жоғары суөткізгіштік, төмен сусиымдылық/ далалық дақыл өсіруге қолайсыз.

Дала аймағының құмдары мен құмды топырақтарында орман және жеміс ағаштары, кейде ауыл шаруашылық дақылдары да өсіріледі. Оларды игерер алдында белсенді шаралар жүргізіледі. Құмдар бұзылып, жылжуға ұшырамауы үшін алдын ала жүргізілетін шараларға жайылымдарды тиімді пайдалану, ағаштар мен бұталарды қорғау жатады; белсенді шараларға механикалық қалқандар /қоршаулар, өсімдік сабақтары және т.б./ пайдалану, құм бетін битумдеу мен басқа заттармен бекітіп жабу және агроорманмелиорациясы жатады. Құмдарды алғаш бекіте бастағанда өсімдіктерді механикалық қоршау ретінде пайдаланады, яғни құм бекітетін өсімдіктерді қолданады, оларға шөптесіндерден құм сұлысы, құмаршық, сібір бидайығы, бұталардан тал, жүзгін, тамариск, құм акациясы; ағаштардан орманды-дала кәдімгі қарағайы, қайың, терек, емен, дала аймағында кәдімгі және қызыл қарағай, емен, терек, өрік, ақ тұт ағашы жатады. Орталық Азия құмдарында негізінен шөл сексеуілі өсіріледі. Әр құмды өңірлікке бұта түрлерін іріктеу мен оларды отырғызу, климат және т.б. жағдайларына /ыза деңгейінің тереңдігі, жер бедері, төсеніш тау жыныстары/ сәйкес пайдалануға мақсатты /Егістік, шабындық, жайылым, орман ағаштары, бау-бақша, жүзімдік өсіру т.б./ жобалар ұсынылған.

Құрғақ дала аймағында ағаш отырғызу табысты үлгісі ретінде Ащы көлдік орман саябағын /Терскілік-құмбалшықты шөл даланы/ айтуға болады, бұл құмда қарағай, ақ қараған, шаған және басқа ағаш түрлері мен жүзім өсіріледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 1803; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.