Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рама кестелер




Құрама кестелер ақпаратты талдау үшін және мәліметтер қорында, жұмыс парақтарында, сыртқы файлдарда сақталынатын ақпараттарды жалпылау үшін қолданылады. Құрама кесте интерактивті кесте болып табылады, оның көмегімен мәліметтердің үлкен көлемдерін жылдам біріктіруге және салыстыруға болады, алғашқы мәліметтер бойынша әр түрлі нәтижелер алуға болады, сонымен бірге керекті облыстар бойынша мәліметтерді көрсетуге болады.

Құрама кесте тұрғызу. Құрама кесте шеберінің (Мастер сводных таблиц и диаграмм) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет.

Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында 1.3 суретте көрсетілгендей мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады.

 

 

1.3-cурет – Құрама кесте шеберің бірінші сатысы

 

Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін 1.4 суретте көрсетілген терезеде, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек.

Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы).

 

 

1.4-cурет – Құрама кесте шеберің екінші сатысы

 

Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің макеті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные).

 

 

1.5-cурет – Құрама кесте шеберің үшінші сатысы

 

Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады.

 

 

1.6 Тақырып бойынша тапсырмалар

1-тапсырма. Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру қажет. Обьектілердің баланстық, қалдықтық және қайта қалыптастыру бағаларының мәнін, сонымен бірге тозу бағасын млн. теңгемен есептеу керек. Есептеу алгоритмі келесідей:

Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомост 1.6 суретте көрсетілген

Ведомость жасауға байланысты кеңестер:

а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;

ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз: Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ),Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).

 

1.6-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосты

 

б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:

ҚҚ = БҚ - НЕ

ҚТҚ = БҚ * К

ҚҚҚ = ҚҚ * К,

мұндағы К - коэффициент мәні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 - егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 - егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.

Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:

D5 ұяшығына: = B5 - С5

E5 ұяшығына:
= В5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

F5 ұяшығына:

= В5*ЕСЛИ(В5< =650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

в) Барлыгы жолындағы мәндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз, немесе В12 ұяшығына

= СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.

2-тапсырма. Статистикалық функциялар қолданып Қаланың аудандары бойынша салықтардың түсуiн есептеу.

1.7 суретдегі кестені құрастырыңыз.

 

1.7-сурет – Қаланың аудандары бойынша салықтардың түсуi

 

Кестедегі есептеулерге қолданылатын формулалар төменде көрсетілген:

I3 = СУММ(В3:H3)
В11 = СУММ(B3:B10)
J3 = РАНГ(I3;$I$3:$I$10)
K3 = СРЗНАЧ(B3: H3)
M3 = {ЧАСТОТА(I3:I10;L3:L8)}

3-тапсырма. Диаграмма тұрғызу.

Жұмыстық бетте 1.8 суреттегідей кесте құрыңыз;

 

 

1.8-сурет – Сыйлық ақы төлемдер кестесі

Кестедағы Барлығы бағанында СУММ функциясын пайдаланып, оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

- Егинбаевтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

1) Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған терезеден Круговаятипін таңдаңыз;

3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

- Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз.

Беттің атын Диаграммы деп өзгертіңіз.

4-тапсырма. Электрондық кестеда с туденттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45 % кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз. 1.3 кестені толтырыңыз.

 

1.3-кесте – Аттестация

Аты-жөнi Үлгірім Аттестация
Егинбаев М. 75%  
Ахметов А. 55%  
Камали М. 65%  
Иванов И. 40%  
Петров П. 45%  

 

Студенттің аттестациядан өткен - өтпегенін тексеру үшін:

- С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка → Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

- Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В2 ұяшықтағы мәнді, 45 % салыстыратын шартты: В2 >= 45 % түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:

- Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

- Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;

- ОК басылады;

Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

5-тапсырма. Аттестация үш пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін тексеру қажет. 1.4 кестені толтырыңыз

 

1.4-кесте – Аттестациялық үлгірімі

Аты-жөнi Химия Математика Информатика Аттестация
Егинбаев М. 0,3 0,7 0,8  
Ахметов А. 0,5 0,6 0,45  
Камали М. 0,6 0,4 0,6  
Иванов И. 0,7 0,5 0,6  
Петров П. 0,2 0,8 0,4  

 

Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін:

- В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числатізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0 жазылады;

- Е2 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;

- Формулалар жолының сол жағындағы

белгісіне шертіледі;

- Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;

- И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B2>=45%, Логическое_значение2: C2>=45%, Логическое_значение3: D2>=45% түрінде толтырылады;

- формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі;

а) Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

ә) Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;

- ОК басылады;

Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

6-тапсырма. Эмитенттер мен құнды қағаздардың түрлері бойынша сұраныс пен ұсынысты талдау үшін 1.5 кестеде көрсетілген мәліметтер қоры бойынша құрама кестені құру қажет.

Ұсыныс бағасы эмиссияны номиналды бағаға көбейткенге тең болады.Сұраныс бағасы құнды қағаз сұранысы, номинал және берілген құнды қағаз курсының көбейтіндісіне тең.

Құрама кестені құру үшін бастапқы кестенің облысына курсорды қою керек, содан соң Данные менюіне кіру керек те, Сводная таблица командасын орындау керек. Әрі қарай сіз жиынтық кестені құру үшін деректер көзінің түрі ретінде Excel деректер базасын(тізімін) көрсетуіңіз керек.

Келесі қадамда макет облыстарында бағалы қағаздардың деректер базасының өрісін келесі түрде орналастырыңыз:

- жолдарға – бағалы қағаздар түрінің коды;

- бағандарға – эмитент коды.

 

1.5-кесте – Құнды қағаздарының деректер базасы

ҚҚ түрінің коды Эмитент коды ҚҚ номина-лы ҚҚ эмис-сиясы ҚҚ сұра-нысы ҚҚ кур-сы Ұсыныс құны Сұраныс құны
А П1       1,05    
А П1       0,07    
А П2       0,98    
А П3       0,97    
В П1       1,12    
В П2       1,06    
В П3       1,09    
В П3       1,12    
О П1       1,01    
О П2       1,02    
О П3       1,02    
О П2            
А П2       0,98    
В П3       0,97    

 

Данные облысында Стоимость предложения аттықорытындыөріс болу керек. Сіз оны ҚҚ бойынша сұраныс деп атын өзгертіп, Сумма операциясын қолдану керексіз.

Құрылған кестені жаңа бетке орналастырыңыз және оны «Құрама кесте» деп атаңыз.

Курсорды құрама кестенің облысына орналастырыңыз да тышқанның оң жақ батырмасын басып, Формулы, Вычисляемое поле командасын орындаңыз. Жаңа есептеуіш өрістің – Дефицит/Избыток атын көрсетіңіз. Есептеу формуласы: Ұсыныс құны – Сұраныс құны.

Құрама кестенің Данные облысына жаңа өрістер қосыңыз:

- Ұсыныс құны: Эмитент бойынша ұсыныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

- Сұраныс құны: Эмитенттер БҚ–дарына сұраныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

- Ұсыныс құны: Эмитенттің ұсыныс құны атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Баған бойынша сома бөлігі.

Параметры контексті меню командасы арқылы құрама кестенің келесі параметрлерін өзгертіңіз:

- баған бойынша жалпы сомасы;

- жол бойынша жалпы сомасы;

- афтоформат;

- форматтауды сақтау;

- кестелері бар деректерді сақтау;

- ашу кезінде жаңарту.

7-тапсырма. Алғашқы ведомостьінің кестесі негізінде құрама кестенің мастері көмегімен жаңа кестені құру.

«Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы» және «Құнындағы үлес салмағы» атты өрістер есептелетін болып табылады. Қосымша есептеулер ретінде баған бойынша соманың бөлігін қойыңыз. 1.6 кестені толтырыңыз.

 

1.6-кесте – Өткізілген тауарлардың тізімдемесі

Тауар топтарының коды Тауар аты Сатылған тауарлар саны Бірлік бағасы Төлеуге арналған шығындар, тенге
  Ет     7980,00
  Колбаса өнімдері     8152,00
  Сүт     5133,00
  Сыр     6551,00
  Ұн     3461,00
  Тары     1472,00
  Рис     4216,00
  Манка     3825,00
  Гречка     4917,00
  Сәбіз     1266,00
  Қызылша     1977,00
  Картоп     2511,00

 


Құрама кестенің мастері көмегімен жаңа 1.7 кестені құрыңыз

 

1.7-кесте – Өткізілген тауарлар анализінің тізімдемесі

Тауар аты Деректер Қоры- тынды
Колбаса өнімдері Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге  
Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы 29,31%
Өткізілген сомасы  
Құнындағы үлес салмағы 4,85%
Сүт Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге  
Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы 18,45%
Өткізілген сомасы  
Құнындағы үлес салмағы 2,45%
Ет Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге  
Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы 28,69%
Өткізілген сомасы  
Құнындағы үлес салмағы 5,36%
Сыр Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге  
Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы 23,55%
Өткізілген сомасы  
Құнындағы үлес салмағы 2,74%
Қорытынды Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге  
Қорытынды Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы 100,00%
Қорытынды Өткізілген сомасы  
Қорытынды Құнындағы үлес салмағы 100,00%

 

2 MS excel-де экономикалық есептеулер жүргізу

2.1 Финанстық функциялармен жұмыс

MS Excel-де кез-келген функциямен жұмыс істеу үшін жұмыс бетінде функцияның негізгі аргументтерінің мәндерін дайындап алу керек.

Вставка - Функция командасының көмегімен функция шеберін шақырып, Финансовые категориясынан керекті функцияны таңдаймыз. Функция шебері 2.1 суретте көрсетілген.

Функцияның аргументтерін сипаттау Функция аргументтері терезесінде орындалады. Функция аргументтері терезесі 2.2 суретте көрсетілген. Егер аталған функция туралы толығырақ анықтама керек болса, онда Справка по этой функции сілтемесіне басамыз. Нəтижесінде Справка Microsoft Excel терезесі ашылады. Справка Microsoft Excel терезесі 2.3 суретте көрсетілген.

 

 

2.1-сурет – Функция шебері терезесінен финанстық функцияны таңдау

 

Егер функцияның аргументі басқа ішкі функцияның есептеу нəтижесі болса, онда Функция шебері қайта шақырылады.

Аргументтер терезесінде аргументтердің мəндері немесе мəндер орналасқан ұяшықтар адресі енгізілгеннен кейін ОК батырмасын басамыз

 

2.2-сурет – Функция аргументі терезесі

 

 

2.3-сурет – Функциялар туралы анықтама жүйесінің терезесі

.

Функцияларды Функция шеберін шақырмай ақ, бірден енгізуге де болады.

Аргументтерді енгізу барысында мыналарды есте сақтаған жөн:

- Шығындарды білдіретін аргументтер (мысалы, жыл сайынғы төлемдер) теріс сандармен, ал кірісті білдіретін аргументтердің мəндері (мысалы, дивидендтер) оң сандармен беріледі;

- барлық дата функция аргументі ретінде сандық форматта болады;

- логикалық аргументтерге Ақиқат жəне Жалған тұрақты мəндері қолданылады;

- əр аргумент өз орнында болуы керек. Егер қандай да бір аргументтің мəні болмаса, орны бос қалады, бірақ міндетті түрде аргументтерді бөліп тұратын таңбалар қойылады.

1-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 2.4 суретте көрсетілген:

 

 

2.4-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу

 

Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

2-есеп. 10 %-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25 %. Ипотекаға алынатын үйдің құны 350000 болсын

Шешімі:

Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз:

ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип)

Біздің есебіміздегі функция түрі:

ПЛТ(10 %/12; 20*12; -350000*(1-25 %))) – ай сайынғы төлемдер;

ПЛТ(10 %; 20; -(350000*(1-25 %))) – жыл сайынғы төлемдер.

Есептеу терезесі төмендегідей 2.5 сурет және 2.6 суреттерде көрсетілген:

 

 

2.5-сурет – Ипотекалық ссуданы есептеу

 

 

2.6-сурет – Ипотекалық ссуданы есептегенде қолданылған формулалар

3-есеп. 20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.

Шешімі:

Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:

БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)

Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:

БС(11 %/12;20*12;;-52000)

Есептеу терезесі 2.7 суреттегідей болады:

 

 

2.7-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу

 

Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:

= БС(B4/B5;B6*B5;;-52000)

4-есеп. Проектіні іске асыру барысында жыл сайын түсетін пайда 54 000 000 болады деген болжам бар. Проектінің өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау керек. Алғашқы инвестиция мөлшері 140 000 000, дисконттау нормасы 7,67 %

Шешімі:

Төлемдер мерзімін анықтау үшін КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип) функциясы қолданылады. Біздің есебіміз бойынша КПЕР(7,67 %; 54000000; -140000000) = 3

5-есеп. Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.

Шешімі:

Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:

БЗРАСПИС(первичное; план)

Біздің есебіміз үшін ол 2.8 суреттегідей түрде болады:

 

 

2.8-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу

 

Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз

5-есеп. Проект бойынша шығындар 600 млн. Келесі 5 жыл ішінде түсетін пайда: 50, 100, 300, 200, 300 млн. Пайда нормасы 15 % болғанда инвестиция айналымының жылдамдығына байланысты проектінің тиімділігін бағалау керек.

Шешімі:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу үшін ВСД(значения; предположения) функциясы қолданылады. Біздің есебімізде Значения аргументі ғана қолданылады. Олардың біреуі міндетті түрде теріс сан болады. Егер инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы пайда нормасынан жоғары болса, онда проект тиімді деп саналады. Ондай болмаған жағдайда проект іске асырылмау керек.

Есептеу терезесі 2.9 суретте көрсетілген:

Мұнда В13 ұяшығына мына формуланы енгіземіз:

= ВСД(B4:B9)

В15 ұяшығына енгізілетін формула:

= ЕСЛИ(B13>B11;"Проект тиімді";"Проект тиімсіз")

 

 

2.9-сурет – Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу

 

 

2.2 Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

7-есеп. 7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға – 18 %, қалған төрт жылға – 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

9-есеп. 3 жылдан кейін 90 млн алу үшін депозитке 20 % жылдық ставкамен қанша сома салу керек екенін анықтаңыз. Проценттік есептеу квартал сайын болсын. ПС функциясын қолданыңыз.

10-есеп. Проект бойынша шығындар 570 млн. Үш жылда: 270, 330, 290 млн пайда əкеледі деп болжанады. Дисконттау ставкасы 17 %. Проектінің ағымдағы құнын анықтау керек. ЧПС функциясын қолданыңыз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 2678; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.