Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница




2 кезең 2008-2010 жылдары ҚО қорғау жүйесінің жасалу үрдісі аяқталды.

3кезең 2011-2015 жылдары қоршаған орта объектілері сапасының норматив көрсеткіштері орындалып, қоршаған орта сапасын басқару жүйесі қалыптасуы қажет.

Негізгі табиғатты қорғау заңы2007 жылға дейін 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болды. 2007 жылғы 09 қаңтарда №212-ІІІ Қазақстан Республикасының Кодексі «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін» күшіне енгізуден кейін күшін жойды. Соңғы түзетулер мерзімі 19.03.10 ж. Құжаттың мәтітіне жаңа енгізіліп келе жатқан норматив құқықтық актілерге сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп келеді.

Қазақстан заңнамасы on-line бөлімінде құжат «Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану» бөліміне енгізілген.

ҚР конституциясы – бұл экологиялық құқықтың негізгі көзі, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құқықтық негіздерін бекітеді. (31-ші бапта белгіленген Мемлекет мақсаты – қоршаған ортаны қорғау).

3 Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік

Жауапкершілік экологиялық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалды және қылмыстық болады.

Табиға ресурстарын қорғау мен пайдалану саласында жауапкершілікке 16 толған тұлғалар тартылады. Кей кезде мемлекет қорғауындағы объектілерге жасалған құқық бұзушылық болған кезде жауапкершілік 14 жастан жүктелуі мүмкін.

Лауазымды тұлғалар мен азаматтар тәртіптік, материалды, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік тартуы мүмкін.

Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ғана тартылады.

Экологиялық жауапкершілік 4 қызметті атқарады: қорғаушы, ескертуші, жазалаушы, тәрбиелеуші.

Экологиялық жауапкершілік 2 қалыпта беріледі: экологиялық-экономикалық және экологиялық-құқықтық.

Әкімшілікжауапкершілік – ҚО пайдалану мен қорғау, заңды, жеке тұлғалар мен мемлекеттің экологиялық құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғау аймағында өкілетті мемлекеттік органдар құқық бұзушыға әкімшілік шаралар қолдана алады.

Құқық бұзушыларға келесі әкімшілік жазалау шаралары қолданылады: ескерту, әкімшілік айыппұл, құқық бұзушылықтың қаруы немесе құқық бұзушылықтың объектісі болатын затты тартып алу, затты конфискациялау, арнайы құқық, лицензия немесе рұқсатты тартып алу немесе әрекетін белгісіз уақытқа тоқтату. Ең жиі қолданылатындары айыппұл, ескерту, конфискация.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік өз еркімен немесе сот шешімі бойынша мүліктік құқықты жою немесе мүліктік міндеттерді жүктеу.

Тәртіптік жауапкершілік жалпы және арнайы болады. Жалпы кез келген қызметкерлерге жүктеледі. Арнайы – жетекшілерге, орынбасарларына, әскерилерге.

Материалды жауапкершілік шектеулі және толық болуы мүмкін. Шектеулі – ортаайлық еңбекақыдан артық болмауы тиіс, толық – келтірілген шығынның толық көлемінде алынады.

Қылмыстық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылық арасында аса қауіп тудыратын экологиялық қылмыс үшін жүктеледі. Ол келесі белгілері бар экологиялық құқық бұзушылық үшін жүктеледі: ҚО мен адам денсаулығына маңызды зиян келтіргені үшін, өсімдік пен жануарлар әлемінің өлімі, ірі зардап келтіру, алдын-ала келісім, ұйымдасқан топтың болуы, механикалық автокөлік пен әуе көлігін қолданумен құстар мен аңдарды жою үшін жарылыс заттары, газдар мен өзге тәсілдерді қолдану; аңшылық ету мүлдем рұқсат етілмейтін аңдар мен құстарды өлтіру, аса қорғалатын табиғи территориялар мен төтенше экологиялық жағдайы бар жерлерде аңшылықпен айналысу, қызметтік орнын қолданған лауазымды тұлғаның қылмыс жасау.

Экологиялық (әкімшілік) құқық бұзушылық тізімі:

1) табиғат ресурстарын ластау, кірлету, жүдету;

2) табиғат ресурстарын бүлдіру, жою;

3) кәсіпорындар, құрылыстар және т.б. объектілерді жоспарлау, орналастыру, құрастыру, қайта жоспарлау мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;

4) радиоактивті, химиялық және өзге зиянды заттар, сонымен қатар өндірістік және тұрғын қалдықтарын қолдану, тасымалдау, жою, көму кезінде экологиялық талаптарды сақтамау;

5) аса қорғалатын табиғат территорияларының қорғау ережелерін бұзу;

6) табиғатты қорғау шараларын орындамау;

7) табиғатты пайдалану ережелерін бұзу;

8) экологиялық ақпаратты жасыру немесе бұрмалау.

Табиғатты қорғау аймағындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аудандық және оларға теңестірілген соттармен, ішкі істер органдарымен, ҚО мен табиғи ресурстарды қорғаудың ҚР органдарымен қарастырылады.

Қылмыстық жауапкершілік. ҚР қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыстардың 18 құрамы бар.

277 бабы – шаруашылық және өзге әрекеттің экологиялық талаптарын бұзу.

278 бабы – экологиялық қауіпті химиялық, радиоактив және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу.

279 бабы - микробиологиялық агенттер мен токсиндер айналымында қауіпсіздік талаптарын бұзу.

280 бабы – ветеринарлық талаптар мен өсімдіктердің аурулары мен зиян келтірушілерімен күрес үшін орнатылған ережелерді бұзу.

281 бабы – суды ластау, кірлету мен жүдету.

282 бабы – атмосфераны ластау.

283 бабы – теңіз ортасын ластау.

284 бабы – ҚР континенталь қайраңы мен ҚР ерекше экологиялық аймағы туралы заңнаманы бұзу.

285 бабы – топырақты бұзу.

286 бабы – жер қойнауын қорғау мен пайдалануды бұзу.

287 бабы – су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу.

288 бабы – заңсыз аңшылық.

289 бабы – жауанралар әлемін қорғау талаптарын бұзу.

290 бабы – сирек және жойылуға жақын жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің заңсыз айналымы.

291 бабы – ағаштар мен талдарды заңсыз шабу.

292 бабы – ормандарды жою мен бұзу.

293 бабы – аса қорғалатын табиғи объектілер режимін бұзу.

294 бабы – экологиялық ластанудың алдын-алу бойынша шараларды қолданбау.

Экоцид – экологиялық катастрофаға әкеліп соғуы мүмкін өсімдік пен жануарлар әлемін жою, атмосфераны, жер және су ресурстарын улау, сонымен қатар өзге әрекеттер. Бұл ұлтаралық экологиялық қызығушылықтарға көз салумен тең қылмыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы экологиялық жағдайда жалпы түсіндіріңіз.

2. Көлдерді ластайтын нелер?

3. ЖЭС түтіндік газының негізгі зиянды заттарын атаңыз.

4. ЖЭС зиянды шығарындыларының классификациясы.

5. ҚР-ның экологиялық қауіпсіздігі дегеніміз.

6. Табиғатты бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

 

Дәріс 4 – Экологиялық нормалаудың негіздері – 1 сағ

Жоспар:

1. Атмосфераны қорғау

2. ШМШ нормаларының есептеу әдістемесі

3. Экологиялық сараптама

Бақылау сұрақтары

 

1 Атмосфераны қорғау

 

Ауаны және су қоймаларды ластайтын заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК) санитарлық заңнамамен бекітілген. ШМК әрбір зиянды зат үшін бекітіледі.

ШМК – бұл адам денсаулығына күнделікті ұзақ уақыт бойы әсер еткенде организмге аурулық өзгерістер және оның ұрпақтарына тұқым қуалаушылық ауруларды туғызбайтын, ауаның бірлік көлемінде немесе массасында зиянды заттардың максималды мөлшері.

ШМК-нің екі түрі бар:

1) ШМК максимальды бiр жолғы, сынамаларда 20 минут ағымында өлшенеді;

2) ШМК ортатәуліктік, яғни ортаөлшемді концентрация 24 сағатта.

ШМК адамның тыныс деңгейімен анықталады, мг/м3-мен өлшенедi.

2.1 кесте кей зиянды заттардың ШМК

Зат ШМК орт.тәул./ ШМК макс.б
Азот диоксидіNO2 0,04/0,085
Бензопирен C20H16 0,000001/–
Ванадий пентаоксидіV2O5 0,002/–
Күйе 0,05/0,15
Шаң, күл 0,15/0,5
Күкіртті ангидридSO2 0,05/0,5
КүкіртангидридіSO3 0,1/0,3
КүкіртсутекH2S 0,008/0,008
Көміртек оксидіCO 3/5

 

 

Фондық ластану - қаралатын кәсіпорынның шығаруларының есептеуінсіз болатын ластану.

Әр лақтырып тасталатын зиянды заттар үшін келесі шарт сақталу керек.

мұнда, Сі - і-ші зиянды заттың жерге жақын концентрациясы, мг/м3;

ШМК – і-ші заттың ШМК мағынасы, мг/м3.

Атмосферада зиянды заттардың қатар кездесуі олардың улылығын арттыруы мүмкін. Мұндай заттар бір жаққа бағытталған әрекетті зиянды заттар деп аталады. Соған сәйкес, сондай заттар тізімінің жалпы әсерінің есептеудің қажеттілігі туралы талап енгізілген, яғни атмосферада бірдей уақытта бір жаққа бағытталған әректті біршнеше зиянды заттардың болуы келесі шартты қанағаттандыруы керек:

Осы уақыт жиынтық әрекетке ие келесі заттар бекітілген:

1) күкірт диоксиді + азот диоксиді;

2) күкірт диоксиді + күкірт қышқылының аэрозолі;

3) күкірт диоксиді + фторлы сутек;

4) күкірт диоксиді + күкірт сутегі;

5) күкірт диоксиді + фенол;

6) күкірт диоксиді + күкірт оксиді + аммиак + азот оксиді;

7) күкірт диоксиді + азот диоксиді + фенол + көміртек оксиді.

Аталған қосылулардан жылу энергетиктер үшiн ең маңыздысы бірініші топ ие болады, өйткенi күкiрт диоксидi және азот диоксидi жану өнiмдерінде iс жүзiнде әрқашан бiр мезгiлде кездеседі.

2 ШМК нормаларының есептеу әдестемесі

ШМК шамасының пайдаланылуы, бұл концентрацияларды қандай шығарынды көзi және бұл көздер уақыт бірлігіне қанша тастайтынын деген сұраққа жауап бермейдi.
Шектен мүмкін шығарынды – максималды бір жолғы (г/с) немесе жылдық (т/жыл) шығарынды, әр шығарынды көзіне және кәсіпорын үшін бекітіледі. Максималды бiр жолғы және жылдық ШМШ барлық зиянды заттар көздерінен ШМК-дан аспайтын зиянды заттар концентрациясын қамтамасыз ету керек. Егер ШМК қамтамасыз етілмесе, онда ШМШ орнына уақытша келісілген шығарынды есептеліп, бекітіледі. Кәсiпорынның максималды бiр жолғы шығулары алдыңғы 2-3 жылдарда оның ең үлкен орташа тәулiктiк жүктемесiмен анықталады. Бұл жағдайда шығарындылар, барлық ұйымдасқан көздің шығарындыларының суммасы сияқты анықталады. Зиянды заттардың жылдық шығарындылары берілген кезең отындық баланстың сипаттамалық құрыдымының ең үлкен отын шығыны бойынша, отынның ортақ мәнді сапасы, қазандардың орташа жылдық жүктемесі және түтіндік газадарды тазартудың орташа эксплуатациялық дәрежесі бойынша анықталады.

3 Экологиялық сараптама (ЭС)

ЭС мақсаты – қоғамды дамыту, оның өндірістік күші, ең алдымен адамның өзін, өмірін, денсаулығын және оны қоршайтын орта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандырады.

ЭС басты міндеті – белгіленген және қабылданған шешімдердің (оларды түзету немесе жою мақсатында) егер олардың жүзеге асырылуы өзінен кейін немесе қоғамның денсаулығына және қоршаған ортасының сапасына жағымсыз әсер тигізіп тұрса экологиялық негізділігін анықтау болып келеді.

Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің жиынтығы.

ЭС объектілері:

- құрылыс жобалары, шаруашылық құрылыстары, жұмыс істейтін кәсіпорындар мен кешендер;

- жаңа техникалардың, материалдардың, жұмыс істейтін жабдықтардың құруына нормативті техникалық құжаттар;

- нормативті әкімшілікті актілердің жобалары мен қолданыстағы заңдар.

ЭС субъектілері:

- мемлекет билігінің заңды және орындаушы органдары, түрлі деңгейлі соттар;

- мамандырылған үкіметті ұйымдар (комитеттер, комиссиялар, агенттіктер, министрліктер);

- мамандырылған үкіметтік емес ұйымдар (жеке, қоғамдық, кооперативтiк).

ЭС жүргізу принциптер:

1) Қай қызмет болса да потенциалды экологиялық қауіпсіздік презумпциясы;;

2) Шаруашылықты немесе басқа бір қызмет объектісін іске асыру туралы шешімді қабылдауға дейін мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде өткізу;

3) Қоршаған орта мен белгіленген шаруашылыққа немесе басқа қызметке әсер ету бағасының жиынтығы;

4) Қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамамен белгіленген, барлық талаптарды есепке алудың мiндеттiлiгі;

5) Қорытындының сапасына жауапкершілік, сарапшылардың алалықсыздығы мен тәуелсіздігі;

6) ЭС ұсынылған құжаттамаға ақиқаттық және толықтық;

7) ЭС өткізудің жариялылығы.

Экологиялық сараптаманың сатылары. Экологиялық сараптаманың мәні – қоршаған ортаға және адамның денсаулығына жағымсыз әсер тигізетін факторлардың жиынтығын анықтау және жобаның тиімді нұсқасын таңдау мақсатымен балама негізінде салыстыру болып келеді.

Объектінің жобалы және жобадан кейін талдауы бар.

Жобалы сараптама – сараптама жобаны салу, жаңа техникаға, технологияға, материалдарға сонымен қатар заңнама жобаларына құжаттар кіреді.

Жобадан кейін сараптама –заңнаманы қолданатынқолданыстағы кәсіпорындардың және жабдықтардың сараптамасы.

Жобалы сараптаманың нәтижесі сараптаманың қорытындысы болып табылады.

1) шығыс деректер, ұйым жобаның басталуына дейін қоршаған ортаның жағдайын сипаттайды.

2) жобаның техникалық ерекшеліктері;

3) қоршаған ортаға жобаланатын объектінің әсер тигізудің тізімі (қайта айналмайтын зардаптың алғашқы, қосымша, ұзақ уақыттық нәтижесі);

4) қоршаған ортаның бастапқы жағдайына жобаланатын түрлі нұсқаулардың орнатуына әсер тигізу туралы мәлімет;

5) экологияның негативті әсерлерін кішірейтетінін қарастыратын техникалық немесе қаржылықты енгізетін компенсациялы шаралар.

6) жобалы ЭС қорытындысын шығару және оның ережелері.

Жобадан кейін сараптаманы орындайтын тексеру міндеті – экологиялық аудирлеу деп аталады. Аудирлеу процесінде анықталады:

- талаптармен белгіленген жобалы ЭС қорытындысының дәрежесіне сәйкестігі;

- шешім қабылдайтын тұлғамен дайын жобалы сараптама қорытынды мәтіннің бағасы.

- медикалық-экологиялық қауіпсіздік критерийі бойынша объектінің дайындығы. Жобалық-сметалық құжаттамасының талаптарына объектінің орнату сәйкестігі, құрастыру-монтажды жұмыстардың сапалы орындауын анықтау, табиғатты қорғау дайындық деңгейін тексеру т.б.

Объект нормативті талаптарына сәйкес келсе, оның пайдалануына лицензия беріледі.

Жобадан кейінгі сараптама кезеңдері жұмыс объектінің процесін қамтиды, яғни жұмыс істейтін объектінің бағасы. Жобадан кейінгі сараптаманы тексеріс ұйымдары немесе кәсіпорындарының менеджерлері жүзеге асырады.

ЭС басты мақсаты – шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарын ескерту, қоғамның экологиялық қауіпсіздік талаптарына белгіленген іс-әрекеттің және тибиғи ресурстардың рационалды қолдануының сәйкестігін тексеру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Фондық ластану дегеніміз?

2. Зияндылық көрсеткіштері.

3. Мүмкін болатын шығарындылар дегеніміз?

4. Нормативті жасаудағы экологиялық талаптар.

 

Дәріс 5 – Жылу энергетикалық қондырғылардың жұмысы кезіндегі зиянды заттардың пайда болуы – 2 сағ

Жоспар:

1. Күкірт оксидінің пайда болу шарты

2. Күкірт оксидтерінен түтін газдардың тазарту әдістері

3. Азот тотықтарынан түтіндік газдардың тазартудың әдістері

3.1 Қазан жанарғыларындағы азот тотықтарының жасалуы

3.2 Азот тотығының шығарындыларын төмендетудің әдістері

3.3 Азот тотықтарынан газдарды химиялық тазартудың әдістері

4. Азот тотықтары шығарындыларын есептеу

5. Басқа зиянды шығарулардан түтіндік газдарды тазарту

6. Атмосфераға шығатын қатты шығар заттар

Бақылау сұрақтары

 

1 Күкірт оксидінің пайда болу шарты

SO2 күкіртті ангидрид концентрациясы мен SO3 күкіртті ангидрид арасындағы қарым-қатынас жану өнімдерінде қызудың құйрықтық беттеріндегі күкірт қышқылының тоттануын бақылау арқылы анықталады. Мысалы, қазандық газжүрісінде қатты отынды жағуды қазандықтан соң күкірт оксидінің концентрациясы SO2= 0,62%, SO3=0,63%.

Кесте 3 –Қатты отынды жағатын кейбір электростанциялы аудандардағы SO2 концентрациясын үлестіру

Көрсткіш ЭС-ға овн шығыны, т/сағ
       
1 Отын құрамындағы күкірт, % 0,85 0,44 2,4 2,3
2 Түтіндік құбыр биіктігі, м        
3 Құбыр арақашықтығындағы SO2 концентрациясы, м     0,24 0,23 – 0,3 0,28 0,17     0,33 0,38 0,66 0,31 0,25 –     0,73 0,51 0,95 1,06 0,3 –     0,48 0,6 – 0,7 0,76 0,6

 

SO3 мөлшері тек температура мен қышқыл мөлшерінен ғана емес, сонымен қатар жану өнімдеріндегі азот оксидінің концентрациясына да байланысты, яғни азот оксидтері қазандық газжүрісі SO2 мен рекцияға түсе отырып SO3 мөлшерін көбейте алады. Күндізгі уақытта күн сәулесінің әсерінен түтіндік құбырдан шыға берістегі SO2 SO3-пен қышқылданады да, H2SO4 көшеді.

Пайда болған H2SO4 ОН пен азот оксидіне байланысты болады.

 

2 Күкірт оксидтерінен түтін газдардың тазарту әдістері

Атмосфераға күкiрт оксидінің кіру мөлшері бастапқы отында күкiрт мөлшерiнен байланысты болады. Қатты отында күкірт 2 түрде кездеседі: Fe2S - колчедан күкiртi және FeS2 - пирит күкiртi.

4.1 кесте - энергетикада пайдаланылатын отындардың күкiрттiлiгi

 

Тас көмір SР= (0,3 ч6) %
Сланецтер SР= (1,4 ч1,7) %
Торф SР= 0,1 %
Мазут: аз күкіртті күкіртті жоғары күкіртті SР<0,5 % SР= 0,5 ч2 % SР>2,0%
Дизельді отын 1 гр. Sр– 0,2% дейін 2 гр. Sр– 0,5% дейін
Қазанды-пешті отын: аз күкіртті күкіртті   Sр ≤ 0,5% Sрдо 1,1%.
Сланецтімай Sр 1% аспайды.

 

Атмосфераға күкiрттi қосылыстардың шығаруларын азайту келесi бағыттар бойынша жүруі мүмкiн:

1) жоғары күкiрттi отындардың пайдалануының шектелуi;

2) жағу процесiн таңдау;

3) отыннан күкiрттің алдын - ала шығаруы. Күкiртсіз отын 2-3 есе қымбат тұрады;

4) түтiндік газдардан күкiрттi жою.

Күкірттен тазартудың 200 – ден астам патенттелген тәсілдері бар.

Ең қарапайым тәсiл - сулы скрубберлерде сумен аулау, 10-15 % күкiрт ұсталынады:


Н2О + SО2 = Н23


Күкiрт оксидiнен газдарды тазартудың әдiстерi:

- циклді (абсорбент регинирленіп циклға қайтып келеді, ал ұсталған күкірт диоксиді қолданылады);

- циклдік емес (сорбенттің және басқа заттардың регенациясы жүрмейді).

Одан басқа тазарту тәсілдері құрғақ және ылғалды болыр бөлінеді.

Сулы әкті әдiс - циклдiк емес. Газдың тазартуын 90 %-ке қамтамасыз етедi. Бұл тәсіл күкірт қышқылының бейтараптануына негiзделген, ол сiлтiлiк реагенттермен SО2 -нің еруі нәтижесiнде пайда болады

 

 

Са(ОН)2 + SО2 → СаSО3↓ + Н2О (ізбес)

СаСО3 + SО2 → СаSО3 + СО2 (ізбестеу)

СаSО4

Түтiндік газдар ауажылытқыштан кейін күлтұтқышқа, содан соң күкіртті газдан тазарту үшін түтiн сорғыш арқылы скрубберге бағытталады.(5.1-шi сурет)

1 - брызгоуловитель; 2 - жылытқыш; 3 - скруббер; 4 - суспензия дайындау багі; 5 - аралық сыйымдылық.

 

4.1 сурет - күкiрт тазартудың ылғалды тәсiлiнің сұлбасы

 

Скруббер сумен таралады, құрамында ұсақ ұнтақталған әк пен бейтараптану өнімдері болады. Тазартылған газдар брызгуловительде шашыратқыш қоспадан босап, жылуалмастырғышта жылытылып, түтіндік құбыр арқылы атмосфераға лақтырылады. Скрубберден төгілген қышқыл сұйықтыққа таза сұйық қосылады.Уақыт өте келе шашырайтын сұйықтықта кальций сульфитінің кристалы мен ұшқыш күлдің қалдығы жиналады. Қатты бөлшектердің концентрациясы сұйықтық массасынан 10-15 % жеткенде, суспензияның бір бөлігі циклдан күл шығарғышқа апарылады.

Барлық ылғалды тазарту әдістері кезінде кететін газдардың температурасы 130 °С-дан 50 °С дейiн төмендейді. Газдардың жылытуы түтіндік құбырдан газдардың шығысынан кейін ыдырауды қамтамасыз ету үшін тазартылмаған газдардың жылытуы арқылы жүреді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1377; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.079 сек.