Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 10 страница




Бұрғылаудың сұйық қалдықтарын жоюдың шешуші мәселесі, біріншіден БАС, бұрғыламаны сумен қамтамасыз етудің тұйық циклына көшу. Бұл маңызды табиғатты қорғау шарасын практикалық жүзеге асырудан кейінгі жойылуы үшін пайда болған ағынды суларды тұрақты үзіліссіз тазарту кезінде ғана мүмкін. Қазіргі кезде атап өтілген, рационалды және кепілдендірілген БАС жоюдың бағыттары: бұрғылаудың технологиялық қажеттіліктері үшін қосымша қолдану – бұрғылама ерітіндіні дайындау үшін, ұңғыманы игеруде, қатпарлы қысым мен шаруашылық қажеттілігіне ұстап тұру үшін.

БАС тазартудың әдістерін таңдау, негізінен, олардың ластану деңгейіне, құрамы мен физика-химиялық қасиеттеріне, ұшпалы заттар концентрациясы мен дисперстілік дәрежесіне, сонымен қатар жоюдың қабылданған бағытына сәйкес тазартылатын су сапасына қойылатын талаптарға байланысты. Бұрғылама ағынды сулардың қатқылдисперсті қоспалары механикалық әдістермен бөлінсе, ұсақдисперсті мен коллоидтылары - физика-химиялық тазарту, негізінен, реагентті коагуляция мен электро­коагуляциямен жүзеге асырылады. Бұның өзінде, БАС тазартудағы дисперсті қоспалардың жоғары дәрежелілігімен сипатталатын негізгі әдістің бірі физика-химиялық тазарту болады. Аса маңызды және актуалды тақырыптардың бірі ЖБЕ мен БШ жою мен зарарсыздандыру мәселелері болып тұр. Қазіргі кезде жартылайсұйық масса мен аққыштығынан айрылған қалдықтарды, құрамыдағы кепкен соң шламды қоймалардың өздеріне көміп тастау тәжірибеге енгізіліп отыр. Бірақ бұндай көмулер табиғи орта ластануының алдын-алмайды, себебі көмілген заттар топыраққа еніп, оларда жағымсыз процесстердің болуын шақырады. Бұл тиімсіз және кең таралған бұрғылау қалдықтарын жоюдың әдісі тек қана көмілген массаны зарарсыздандыру шарттарын сақтаған кезде ғана экологиялық дәлелденген болып шығады.

Бұрғылаудың жартылай сұйық және қатты қалдықтарын зарарсыздандыру саласындағы жұмыстардың негізгі бағыты ЖБЕ мен БШ физика-химиялық нейтралдау мен қаттыруда жатыр. Соңғысы зарарсыздандырудың басым бағытын алып келеді. Ол арнайы дайындалған қаттырушы құрамдар арқылы жүзеге асырылады. Қатты кезінде зарарсыздандырушы эффектісі құрылымындағы негізгі ластаушыларға байланысты болатын бұрғылау қалдықтарын инертті қатты массаға айналдыру есебінен болады. Бұл массаны, табиғи ортаға зиян келтірусіз, бұрғылау өткізілген алаңдардағы жер қоймаларына көміп кетуге болады. Қазақстанның барланған және пайдаланылған кен орындарындағы мұнайдың көбі күкіртті және күкіртсутектің жоғарғы құрамы бар жоғарыкүкіртті түрлеріне жатады. Күкірттісутекқұрамды мұнай кен орындарын игеру қоршаған ортаны қорғау мен қызмет ететін жұмысшылардың еңбегін қорғау салаларында маңызды мәселелер көтереді. Күкірттісутек аса улы қауіпті зат болып табылады, тұрғын аймағы ауасындағы шектеулі мүмкін концентрациясы 0,008 мг/м3 тең. Сондықтан бұндай кен орындарын пайдалану кезінде күкірттісутек қалдықтарының алдын-алу мәселесі аса маңызды міндет болып табылады.

Бұл міндетті шешуде анықталған рольді ойнайтыны күкіртқұрамды флюидтер – мұнай, су, газды жинақтау, дайындау мен тасымалдау жүйесін жобалау кезеңі алады. Дәл бұл кезеңде «эксплуатациялық ұңғыма – мұнай өндіретін зауыт» (мұнай үшін), «дожимды сорап станциясы – газөндіретін зауыт» (газ үшін) және «дожимды сорап станциясы – мұнайды дауындау қондырғысы – айдама ұңғыма» (қатпарлы су үшін) интервалдарында барлық жабдықтардың толық герметизациясын өткізуді қарастырған жөн және де бұл газдарды күкіртсуректерден тазартудың жағымды кезеңі.

Күкіртсутек тастауларын кемітудің нақты тәсілін таңдау көптеген факторлармен анықталады, олардың маңыздысы кен орындарының өлшемімен анықталады. Радикаль және барлық жерлерде қолданылатын әдістердің бірі кен орнын құралдардың толық герметизациясымен ұңғыма өнімдерін жинақтау мен дайындаудың автономды жүйесімен жабдықтау. Қолдану алдында газ күкірттісутектерден тазартылады. Күкірттісутектердің зор көлемін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғаумен қатар, құнды химиялық шикізатты сақтай алатын Клаус қондырғысында элементті күкіртті қышқыл газдарды өңдеумен абсорбенттер типті этаноламиндерді қолдану тиімді.

Соңғы жылдары Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінің мұнай газ кен орындары белсенді игеріледі. Континенталь қайраңда мұнай мен газды өңдеу мен өндіру бойынша жұмыстардың дамуы қоршаған ортаға жағымсыз әсермен байланысты жайсыз зардаптарды әкелу мүмкін.

Мұнай мен газдың теңіздік өңделуінің ерекшелігі атмосфера мен су ортасына қауіпті ластаушылардың: көмірсутектер мен улы газдар, химиялық реагенттер, бұрғылама ерітінділер, бұрғылау өнімдері (шлам), қатпар сулары және т.б. тасталуымен жүретін апаттардың пайда болуының мүмкіндігінің жоғарылауында. Қайраңның мұнайгазкәсіпшілігіндегі ластанудың потенциал көздерінің кең номенклатурасының болуы (апаттар кезінде ұңғыма, құбырлар мен мұнай қоймаларынан тастаулар; жер асты құбырлар мен қоймаларынан мұнай өнімдерінің ағып кетуі; технологиялық жабдықтар мен резервуарлардың бұзылуы кезінде тастаулар) технологиялық жабдықтардың бұрғылама мен эксплуатациялық платформалары мен өнідірістік, тұрғын және қойма бөлмелері жүйесінде, жерасты коммуникацияларының дамыған желісінің орналасуының жоғары тығыздығы әсерінен апаттық жағдайлар көздерін анықтауда қиыншылықтар тудырады. Осыған байланысты ластану ошақтарын анықтау, теңіз суы мен атмосфераның ластану дәрежесін бағалау қоршаған орта ластануын қарау, бақылау-мониторингінің сенімді жүйесін жасауды талап ететін күрделі ғылыми-техникалық міндет.

 

5 Мұнай мен газды тасымалдаудың экологиялық мәселелері

Мұнай мен газды тасымалдау үшін жаңа магистральды жерасты мен суасты құбырлары салынып, танкерлі тасымалдаудың көлемі ұлғайып келеді. Мұнайқұбырлары мен газқұбырларының диаметрін ұлғайту мен мұнайқұйылатын кемелердің көлемін ұлғайту тенденциясы жол алып келеді. Қазіргі кезде дедвейты 500 мың т супертанкерлер бар, олардың жүккөтергіштігін 1 млн т дейін жеткізу жоспарлары бар. Жаңа мұнай және газ кен орындарын өңдеу, осымен байланысты мұнай мен газды ұзаққа тасымалдау жеп шарының барлық аудандарындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына қауіп тудырады. Технологиялық режимдердің бұзылуы, апаттар мен зілзалалардың нәтижесінде құрлық, су қоймаларының және Арктика мен Антарктида тұрғын емес мұз массивтерінің мұнай мен мұнай өнімдерімен ластануы жүріп жатыр.

Мұнай мен газды тасымалдаудың тиімді әдісі ретінде ұзақтығы мен өнімділігі үнемі өсетін магистраль құбырлар болады. Құбырлар көліктің басқа түрлері алдында келесі жетістіктері бар: климаттық жағдайлардың әсеріне түспейтіндігі; құбырларды қысқа қашықтық бойынша салу мүмкіндігі; қалыпты пайдалану шарттарының брі болатын герметикалық; кешенді автоматтандыруды енгізуге мүмкіндік беретін айдау технологиялық процессінің үзіліссіздігі; бос жүрістің болмауы. Құбырлардың герметизациясы көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда мұнай мен газдың минимал шығындарын қамтамасыз етеді. Құбырдың үзілуі кезінде соңғысы сызықтық ысырма арқылы секцияланған, болуы мүмкін, бұл төгілген мұнайдың көлемін едәуір кемітеді.

Көптеген елдерде магистральды құбырларды салу мен пайдалануға негізгі талаптар қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қойылады. ЕЭС комиссиясы жасаған мұнай- және газқұбырларын салудың арнайы нормаларында, тұрғындардың тұру қалыңдығын ескерумен құбырлар қабырларының түрлі қалыңдығы ескеріледі. Ұлттық органдардың құзыретіне сулы тосқын мен су қоймалары маңында өтетін құбырлар үшін қатаң талаптар қою берілген.

Құбырларды кемелер өтетін өзендер арқылы салғанда «құбырдағы құбыр» әдісін сақтайды. Бұнда құбыраралық қашықтық арқылы екі құбырдың күйін бақылауға болады, сонымен қатар герметикалылығы бұзылған кезде ішкі құбырдың ауытырылуын жүзеге асыруға болады. Жерасты өтістерінің сенімділігінің жоғарылауына жоғарысапалы болаттардан құбырларды қолдану қабілетті; пісіру қосылыстары жетілдірілген бақылау құралдарымен 100-% тексеру, қысымы жұмыс қысымынан жоғары құбырдың гидравликалық сыналуы, су қоймаларының гидрологиялық режимін мұқият тексеру мен түбі мен жағасының мүмкін жуылуының шекарасын негіздеу. Жүрістердің өзен бойымен құрғанда және тау аймағындағы ағындардан құбырларды салу кезінде аса назар аударатыны жағалауды бекіту жұмыстары мен құбырлардың сенімділігін қамтамасыз ететін жұмыстар.

Батыс Еуропасының көптеген елдерінде құбырларды салудың тереңдігі ретінде 1 м алады. Бірақ ерекше жағдайлар үшін тереңдіктің маңызды ұлғайған шамасы алынады. Бұл мысалы Нидерландыдағы батпақты жерлерге қатысты, олар теңіз деңгейінен төмен орналасқан, сонымен қатар жолдар мен каналдардың мүмкін құрылысы аудандарына жатады.

Құбырларды тотығудан сақтауға да баса назар аударылып отыр. Елдердің көбінде бұл салада жеткілікті тәжірибе жинақталған. Тотығудан сақтау үшін мастика мен пластик таспадан түрлі жабындар қолданылады. Оқшаулау жабыны құбырларды топырақпен жабу алдында мұқият тексеріледі. өзендердің қиылысында құбырларды қосымша механикалық қорғау үшін бетон оқшаулау қолданылады. Одан басқа, негізінен, оқшаулау жабынын бұзу жағдайына катодты қорғаныс жүйесі қолданылады.

Құбырдан ағып кетуді тауып алуға қатаң талап қойылады. Бұл талаптар өнімнің зор көлемін жоғалтумен жүретін ірі апаттар мен көптеген уақыт бойы белгісіз болып қалатын ұсақ ағып кетулер үшін де бірдей. Құбырлардан ағып кетудің пайда болуының себептері алуан түрлі. Олардың ең жиі кездесетіні жырықтардың пайда болуына әкелетін құбыр қабырғаларының тотығуы. Үзіліп кетуге әкелетін құбырлар герметизациясы бұзылуының өзге себептері толқындардың қысымы, жер сілкінісі, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі зақымдар болуы мүмкін. Кей кезде ағып кетудің аз көлемі ұзақ уақыт бойы белгісіз болып қалып, кейін өнімнің зор көлемінің жоғалуына және қоршаған ортаның ластануына әкеледі.

Мұнайдың ағып кетуінің түрлі әдістерін қолданады. Қазіргі ағып кетуді табу жүйелерінің көбісі есептеуіш машиналармен бірлесе жұмыс жасайды.

Белгілі бір әдістің тиімділігі ағып кетуді табуға кететін уақыт пен герметикалылық бұзылуының орнын нақты анықтаумен анықталады. Бақылаудың бар әдістері екі топқа бөлінеді: үзіліссіз және мұнай құбырын тоқтатусыз жүргізілетін динамикалық бақылау, және уақыттың анықталған ұзақтығы бойымен тоқтатылған құбырда жүргізілетін статикалық бақылау. Үзіліссіз бақылау 50 м3/с артық ағып кетуді анықтауға мүмкіндік береді; 10 л/с дейінгі аз ағып кету тоқтатылған өңдеу кезінде ғана табылады.

Динамикалық бақылауды келесі тәсілдермен жүзеге асырады: ультрадыбыстық, радиоактив, сызықтық балансты есептеу мен кері соққы толқындары тәсілдерімен. Статикалық бақылау дифференциалды қысым әдісі мен қысым түсуі әдісімен жүзеге асырылады. Бақылаудың екі әдісін жиі қосуға тура келеді, себебі құбырдағы ірі де аз да ағып кетулерді бақылау қажет.

Ағып кетуді табудың ультрадыбыстық әдісі сұйықтың құбырдағы кіші тесіктен ағып шығуы кезінде шығаратын дыбысын пайдалануға негізделген. Ағып кету кезінде дыбыс қарқыны, қысым мен мұнайдың құбырдағы тұтқырлығы арасында анықталған байланыс бар. Мұнай ағып шығатын орта маңызды әсер етеді. Сұйықтың құбырдан ағып шығуы кезінде шығатын дыбыстық эффектілерді зерттеу түрлі детекторларды ойлап табуға әкелді. Мұнай құбыры бойымен анықталған қашықтық арасында тірек ультрадыбыстық дабылдарды генерирлейтін арнайы қондырғылар орнатылған. Бір типті детекторлар құбырда ағындармен бірге қозғалып, маркерлі генераторлар дабылдары мен ағып кетіп жатқан сұйықтық дабылдарын ұстайды. Басқа типті детекторлар өздері ультрадыбыстық тербеліс тудырады. Бұл сигналдар, мұнай арқылы өтіп, құбыр қабырғасынан дабыл алып, детектормен ұсталады да, маркерлі сигналдармен бірге тіркеледі. Ағып кетудің орны құбырдың зақымдалған учаскелерінен анықталған дабылдар мен маркерлі генераторлар дабылдарымен салыстырғанда анықталады.

Магистральді құбырларда ағып кетудің барын анықтап қана қоймай, оның орнын да тапқан маңызды. Бұл мәселені радиоактив әдісін қолданумен шешуге болады (трассерлер әдісі). Ол пайда болған жырықтар арқылы құбырдан сыртқа шығатын заттардың радиоактив сәулеленуін тіркеуге негізделген. Құбырдың ішіне радиоактив трассирлеуші заттардың азғана мөлшері жіберіледі, ол сұйықтың ағынымен қабырғадағы тесіктер арқылы ағып шығады. Ра­диоактив трассерлер жырықтың жанында топырақта тұрып қалады. Ағып кету орны радиоактивтілікті анықтайтын сыртқы және ішкі қондығылармен жүзеге асырылады.

Трассердің химиялық құрамы таңбаланатын сұйықтыққа байланысты. Таңбалаудың екі тәсілі бар: сұйықтың ауысуынсыз тұрақты қысым ұсталатын құбырдың салыстырмалы жырықтардың болуы үшін кішігірім учаскелерінде тең, (статикалық әдіс), және радиоактив емес өнімдердің екі партиясы арасында радиоактив заттардың пробкасы қозғалатын партияны маркалау (динамикалық әдіс).

Радиоактивтілігінің сыртқы бақылануы құбыр трассасы бойымен тасымалданатын индикаторлармен жүзеге асыралады. Трассер белсенділігі салыстырмалы жоғары болғаны жөн, ал жартылай ыдырау кезеңі ағып кетуді іздеп табу уақытына тең болуы керек. Радиоактивтіліктің ішкі анықталуы индикатор мен жазушы жабдықтармен жабдықталған поршеньді қырғышпен жүзеге асырылады.

Мұнай құбырларындағы герметикалылықты анықтау үшін дифференциалды қысым мен қысым түсуі әдістерін қолданады. Дифференциалды қысым әдісі ағып кетулердің болмауы жағдайында сызықтық ысырманың екі жағы бойынша тепе-теңдікке негізделген. өлшемдерді өткізу үшін құбырды тоқтатып, бірнеше ысырмамен жауып тастайды. Көрші секциялардағы қысымның түрлілігін ысырмаларда орнатылған дифманометрлер көмегімен бақылайды (0,5 атм шкаласымен). Егер көрші учаскелердің бірінде ағып кету болса, баланс бұзылады, ола туралы аспап дабыл береді. Бірақ трасса бойымен мұнай мен топырақтың температураларының түрлілігіне байланысты түрлі баланс ағып кету болмаған жағдайда да бақыланады. Сондықтан нақты нәтижелерді бақылау үшін мұнай құбырын ұзақ уақытқа (бірнеше тәулікке дейін) тоқтату керек, бұл жұмыс уақытының жоғалуына әкеледі.

Қысым түсуі әдісі, оператордың дистанциялық түрде құбыр ұзындығы бойымен ысырманы жабады да, 15 мин ішінде қысымның өзгеруін бақылайды. Қысым өзгеруі нәтижесінде оператор ағып кетудің болуын болжап, дифференциалды қысым әдісін сынауға көшеді.

Ағып кетудің бақылануы әдістерін жасаумен олардың тез жойылуынң тәсілдерін қарастырады. Құбырларды жөндеуге механикалық құралдар (тартушы қамыт, қаптама және т.б.) мен жабысқақ және жылдам қататын заттардан жасалған арнайы жабындар қолданылады. АҚШ арктикалық аудандарда қоршаған орта ластануының алдын-алу үшін үзілуі кезінде құбырдан ағатын мұнайдың жалындау әдісіне патент берілген. Құбыр бойынша термитті құрамы бар фосфордан ортасы жасалған нәзік материалдарынан кішігірім диаметрлі көлденең құбырларды жатқызады. Термитті құрам ретінде алюминийдің азот қышқылымен қолданылады. Магистральді құбырдың жарылысы кезінде, термиты бар құбыр бүлінеді, нәтижесінде фосфор атмосферамен әрекеттесіп, жалындайды да, термитті құрамды жандырып, одан құбырдан шығатын мұнай жанады. Осылайша, қоршаған орта ластануының алдын-алады, ал жанған мұнайды жалыны ағып кетуді табуға көмектеседі.

Мұнайдың теңіз кен орындарын құрлықтағы тұтынушыларымен қосатын суасты магистральды мұнайқұбырларының маңызды өсуі мен танкерлі тасымалдау көлемінің, әсіресе дедвейт 500 мың т жуық супертанкерлер өсуімен теңіздер мен ішкі су қоймаларының ластану қауіптілігі өседі. Сарапшылардың бағалауынша, жыл сайын теңіз суларына 5 млн т жуық мұнай түседі. Бұл қоршаған орта үшін қауіптілік тудырып отыр. Теңіздер мен өзге су қоймаларына зор нұқсан келтіріліп тұр: теңіз жануарлары, балықтар, құстар, өсімдіктер қырылады; су қолданылуға жарамсыз болып қалады; жағажай ластанады – адамдардың демалуы мен тұруы үшін қажетті аймақтар. Мұнайдың қайтымсыз маңызды зардабы мұнай өнеркәсібіне маңызды зардап келтіреді.

Теңіздердің мұнаймен ластануының негізгі көздері танкерлерден балластты суды тастау, суасты мұнай құбырларындағы апаттар мен танкерлік зілзалалар, теңізде бір танкерден екінші танкерге айдау кезінде мұнай мен мұнай өнімдерінің ағып кетуі, теңіз тұрағы мен кеме аялдайтын орындарда рейдтер кезінде танкерлердің жүктік операциялары. Танкерлерді жүктерінен босатқаннан кейін оның жүк бөліктерінің қабырғаларында қабықша ретінде тасымалданған мұнайдың 0,3% кем емес қалатыны белгілі. Жүк көтергіштігі 100 мың тонна танкерлердің резервуардың ішкі қабырғаларының жалпы бетінің алаңы 80 тыс. м2 құрайды, оларды 400 т мұнай тұнып қалады, ол бассалтты суға түсіп, сепарациялы қондырғылары болмаған жағдайда теңізге түседі. Түлі мәліметтер бойынша, танкерлер мен мұнайөндірудің теңіз қондырғыларының апаттарымен шақырылған ластанулар теңізге келіп түсетін мұнай мен мұнай өнімдері жалпы көлемінің 4% от құрайды. Қарапайым салыстыру кезінде апаттар мен танкерлердің бұзылуынан келіп түскен мұнай шығындары баслластты сумен тасталатын мұнайдың миллиондаған тонналары жанында тым аз көрінуі мүмкін. Бірақ бұл шығындар теңізде мұнайдың үлкен концентрациясының жинақталуымен, акваторийлер мен жағажай аймақтарына жылдам таралуы мен ластауымен сипатталады. Танкерлердің жүккөтергіштігінің өсуімен, супертанкерлер мен сверхсупертанкерлердің пайда болуы апат кезінде шығындалатын мұнайдың көлемі маңызды ұлғаяды.

Мұнайдың теңіздер мен өзендерге ағып кетуі суасты мұнай құбырлары мен мұнай кәсіпшілігінде мұнайды өңдеу мен жинақтау қондырғыларында апаттардың болуы кезінде, өзен жүрістерінде жерасты мұнай қоймалары мен құбырлардың герметикалылығының бұзылуы кезінде жүреді. Мұнай шығындарының алдын-алу үшін ағып кетуді бақылаудың құрылымдық әдістері мен жүйелерін қолданады.

Теңіз акваторийлерінің ластауының алдын-алу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық шараларды әкімшілік (ұйымдастырушылық) және техникалық деп екіге бөлуге болады. Көптеген елдердің үкіметі қоғамның әсері аясында теңіз кен орындарынан мұнайды өңдеу мен тасымалдау кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне баса көңіл аударады. Мұнай компаниялары, кез келген жобаны жүзеге асыру алдында, оның қоршаған ортаға әсерінің дәрежесін жан-жақты зерттеп, қорғаныс шараларын ескеру жөн.

Танкерлі тасымалдау кезінде теңіздердің мұнаймен ластануының алдын-алу үшін көптеген елдер келесі ережелерді орындайды:

- дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінде балласт суларының тасталуына тыйым салу;

- ірітоннажды танкерлер үшін шектеулі және міндетті тексерілген қозғалыс маршрутын анықтау;

- барлық порттар мен тірек пунктерінде су бетіндегі мұнайдың жойылуын қамтамасыз ететін мобильді құрылғылар мен теңіздің ластанған бетінің физикалық, биологиялық және тазартудың басқа түрлерін жүргізуге мүмкіндік беретін заттар қорын жасау.

Мұнайды жүктеу немесе жөндеу үшін портқа келетін танкерлер доктау алдында бөліктерді жууға қолданылатын эмульсия немесе мұнай жүгінен босатылады. Үкіметаралық теңіз кеңес мекемесі (ИМКО) мен өзге халықаралық мекемелердің шешімімен балласт суларын теңізге төгуге тыйым салынған. Балласттарды бұған арнайы дайындалған мұнай базаларының резервуарларына, кейін мұнай мен су сепарациясын жасау үшін тастауға ұсынылады.

Тазарту қондырғыларына келіп түсетін балластты және жуушы сулар зиянды қоспалардың зор көлеміне ие: мұнай мен мұнай өнімдері (эмульсиялар мен суспензиялар түрінде), күкірттісутегі, сульфидтер, меркаптандар, минерал және органикалық қышқылдар, минерал тұздар және т.б. Өңделетін су соңында су қоймаларына тасталады, көптеген елдерде оның химиялық құрамына қатаң талаптар қойылған. Бұл тазартудың технологиясына жоғары талаптар қояды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің атмосфера құрамы мен үрдістеріне әсері қандай?

2. Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындары әрекетінің су мен жер ресуртарының күйіне әсері қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 943; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.