Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 3 6 страница




Ауаның құрамында болатын күкіртті газдың шектеулі нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтері – 0,02 мг/м3 және аммиак – 0,1 мг/м3.

Мамандардың есептелуі бойынша, Франция мемлекетінде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4 %, АҚШ -3%, Жапонияда – 8 % құрайды.

 

1.4.Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары.

Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мәселесі күрделі,жан жақтақты және үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет етеді. Дегенмен ғылыми техникалық прогресті қазіргі заманғы даму деңгейі адам организімімен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін және бөлінуін азайтып, ластанудың алдын- алудың іс шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс- шараларды төмендегідей үш тпоқа бөлуге болады:

  1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту және мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу.
  2. Отынның құрамын, аппараттар мен корбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.
  3. Зиянды қосылыстарды бөлетін обьектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу,егу.

 

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Атмосфераның шумен ластануы.

2.Транспорт түрлері – атмосфераны негізгі ластаушы көздер.

3.Өнеркәсіп орындары – атмосфераны ластаушы факторлар.

4.Ауаның шаңдануы және шаңның түрлері.

5.Радиацияның қоршаған ортаға әсері.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

4.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

 

Дәріс № 7

Тақырыбы: Гидросфера – биосфераның

Дәрістің мақсаты: Гидросфера туралы негізгі мәліметтерді бере отырып, суды

ластайтын негізгі көздерді және ластағыштарды, оларды тазарту

жолдарын ұғындыру

Негізгі терминдер:

Су алмасуы- судың организмге сіңуі,онда құбылыстарға ұшырап,реакцияларға қатысып,денеден бөлініп шығуы.

Су қабығы- ауа қабығы мен қатты қабықтың арасында орналасқан жердің үзінді-үзінді қабығы,жердің бүкіл суы.

Су тоған- ағын су мен іркінді судыңтабиғи немесе жасанды жолмен жиналуы.(өзен,көл,бөген,т.б.)

Су жолдары- суды тапсырылған бағытқа жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар.

Минеральды су- құрамында кемінде 1г/л минеральды заттар бар кәдімгі жерасты суы.

Тазартылған су- бойындағы табиғи қосындылары талаптан аспайтын немесе олардың мейлінше шектелген мөлшерін сақтай алатын су.

Ауыз су- ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қалыпқа сәйкес келетін су.

Су көзі- теңіз,өзен,көл,арнайы су қоймасы немесе бөген,оларға келіп құйылатын су салалары,жер астындағы сулы көлбеу қабат.

 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Гидросфера туралы түсінік.

Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды.

Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, өзендер, тоғандар, ми батпақ, топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5 есе артық. Гидросфера биосфераның басқа бөліктері – литос-

фера (жер асты сулары), атмосфера (булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі организмдермен тығыз байланыста. Гидросфераның жалпы көлемі 1455 млн км.

Жалпы су қорының 97,5% тұзды минералды болып келеді. Теңіз суларын

ертінді деп есептеуге болады,себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35 г/кг. Менделеев перйодтық системасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында (жерасты суларында 62-сі) кездеседі. Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий, магний, калций катиондары мен хлорид,

карбонат, сульфат аниондарын жатқызуға болады. Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардыкімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен, олардың теңіз бен теңіздегі тірі организмдерге жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор.Олардың ішінде тірі организм-

дер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты, фосфорды, кремнийді ерекше атап өтуге болады, бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.

Тұщы сулардың қоры жалпы 2,5% құрайды, немесе 35 млн. км. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн. м. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар.Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда,Арктика мен Антарктида мұздарында-97%.Антарктидада мұздын ең қалың 4,78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген.Оның мөлдірлігі тазартылган судыкіндей.Жер шарындағы барлык өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар.Адамзаттын өз тіршілігіне пайдалана алатын судын мөлшері тек 3% су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынга түседі.

Тұщы су қорының үлкен мөлшері негізінде өзендерде болады, олардың ішінде ең ұзын Ніл және Амазонка өзендері. Нілдің ұзындығы 6670 км, Амазонканыкі – 6437 км. Ресей өзендерінің ішінде ең ұзын өзенге Обь жатады, егерде оның ұзындығын Ертістің басталған жерінен есептесек 45 10 м, Шығыс Сібірде – 144 10 м су келеді.

Дүние жүзінде Ресей (Бразилиядан кейін) жалпы тұщы судың қоры бойынша екінші орында. Бірақ-та Ресей территориясында су ресурстары біркелкі орналаспаған, сондықтан, оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарында бір тұрғынға келетін өзеннің ағынды суларының көлемі (3-5) 10 м болса, еуропалық бөлігінің солтүстігінде 35 10 м, Батыс Сібірде – 45 10 м, Шығыс Сібірде – 144 10 м су келеді.

Қазақстандағы табиғи су ресурстары туралы мәліметтер 7.2-ші кестеде келтірілген.

Ресейдің су көздерінің ішінде ерекше атап өтуге тұратын дүние жүзіндегі суы тұщы ең үлкен көл Байкал (су көлемі 23000 км, ең жоғарғы тереңдігі 1741 м, жылына ұдайы жаңарып отыратын, тазалығы бойынша сирек кездесетін табиғи судың көлемі 60 км шамасында).Бұл көлде дүние жүзілік кеңістіктегі тұщы су қорының 1/5 бөлігі, Ресейдегі қордың 4/5 бөлігі жыйнақталған. Оған 1123 өзен құйылады, тек қана Ангара өзені ағыр шығады. Жағасының ұзындығы 20000 км, «жасы» шамамен 20 млн. жыл болатын бұл көлді қоршаған ормандарда 600 шамасында өсімдік түрлері, 1200-дей жануарлар түрлері бар. Байкалдың суы тұщы, таза болғандық онда бағалы балықтардың көбі өседі, және Байкал құстардың көп жиналатын жері. Бұл көлдің мөлдірлігі соншалық, 40 м тереңдікте жатқан ақшыл түсті заттардың өзін айқын көруге бөледі. Байкал суларының құрамына үлкен тұрақтылық тән, минералдылығы шамамен 100 мг/л, оттекке бай, жыл мезгілдеріне қарай өзгеруі елеусіз.

Көлдің өсімдері мен жануарлар дүниесі алуан түрлі (1700 түрлері бар). Байкал фаунасының ең ірі өкілі болып жалғыз сүтқоректі – байкал тюлені саналады. Балықтардың ішінде бұл көлде тірі туатын голомянка, бағалы балық түрлері – лариус, сиг, таймен, бекіре, омуль кездеседі. Атап айытқанда, бүкіл өсімдіктердің үштен бір бөлігі және жануарлардың үштен екі бөлігі тек қана осы жерден табылады.

Гидросфераның өздігінен тазалануы

Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы.

Су қоймаларының өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін тірі организмдер жиынтығына да көп байланысты,себебі олар осы табиғи процеске тікелей ауқымды үлес қосылып отырады.Мұхиттар мен басқа да су

қоймалары суының тазалануы планктондардың (фитопланктон,зоопланктон,

бактериопланктон) сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді.Мысалы,осы планктондар арқылы өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км суы тазаланып отырады.

Планктондар органикалық,минералдық заттектермен қатар су қоймаларын әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады.Устрица мен кейбір амебалар ішектік және басқа да вирустарды өз бойына сорып сіңіреді.Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-дрейсен болып табылады.Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттектерді өткізіп,өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып,минералдандыры-

рып, қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.

Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалық және химиялық факторларда қатысады. Ластағыш заттектердің мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту және араластыруды жатқызуға болады. Мысалы, өзеннің қарқынды ағысы қалқыма заттектерді жақсылап араластырып, олардың концентрациясын төмендетеді. Өздігінен тазалану процестері жүргенде ерімейтін заттектер, олардың бетіне жабысқан бактериялар салмақ күшімен су қоймаларының түбіне біртіндеп тұнып отырады, кейін әр түрлі физикалық факторлар әсерінен тіршілігін жояды. Күшті ластанған, жаңа ағыс келіп құймайтын суларда өздігінен тазару процесі ешқашанда болмайды, сондықтан лас суларды таза сумен араластыру өте қажетті жағдайға жатады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына түсетін бактериялармен мен вирустардың ұзақ сақталуына қолайлы әсер тигізетін температуралық фактор. Температураның төмендеуі олардың сақталуына жағдай туғызады. Мысалы, жылы жерлерде олар 200-300 м алшақтыққа дейін жайылып жатса, солтүстікте 2000 км жерге дейін өлмей ағып жүре беруі мүмкін.

Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады.

Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизм-

дердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.

Табиғатта ештеңе ізсіз жойылмайды. Мұхит-атмосфера-жер-мұхит жүйесінде жүретін энергия мен заттардың айналу, трансформация процестерінің нәтижесінде судың қоры үнемі жаңарып тұрады. Өздігінен тазару процесіннің ұзақтығы географиялық орналасуға байланысты өзгеріп отырады.

Су қорын ластайтын негізгі факторлар

Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді,микроорганизмдер-

ді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп,ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:физикалықкүйіне байланысты-ерімейтін,коллоидты,еритін,табигатына қарай-минералды,

Органикалық,биологиялық немесе бактериалық.

Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар,яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар, сонымен қатар еріген тұздар болады.Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады,себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерін ұсталмайды.

Органкалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан,т.б. жолмен пайда болган органикалық заттар жатады.Өсімдіктен пайда болган заттарга олардың қалдықтары,өсімдік майлары,қағаз,т.б.ал жануарлардан пайда болған заттарға,мысалы,мал ткандары,желім заттар,қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады.Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер кездеседі.

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге -бактериялар,вирустар,

Балдырлар,ең төменгі сатыдағы жәндіктер,құрттар,микробиологиялық зауыттардың қалдықтары,т.б.кіреді.

Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және комуналдық канализациялық ақаба сулары де басқа ондіріс қалдықтары,құрамында әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы,суармалы жүйенің дренажды суы,мал шаруашылығының ағындылары,су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады.Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км қалдық сулар төгіледі,бұл сулар 7000 км таза суды ластандыра алады.Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде,ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т/жылына,олардың ішіндегі қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды,мұнай мен мұнай өнімдерін,беттік активті заттар,ауыр металдардын тұздарын,радионуклеидте-

рді,пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды,биогендерді атауға болады.

Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған аймақтарда орналасқан,олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері,әсіресе ақаба сулары,су қоймаларына,атап айтқанда,Каспий теңізіне,Жайық,Ертіс өзендеріне,Бұқтырма су қоймасына,Балқаш көліне және т.б. су обьектілеріне тасталып тұрады.

Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына ьұнай және газ скважиналарынбұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен боялардың, пестицедтердің, тамақ өнімдерінің, т.б. құрамына кіретін, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсер тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг/л деңгейінде болса – планктон, 5 мг/л–ден жоғары болса балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады.

Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында өрігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте – бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде, судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақтала-

ды. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар елемінің өкілдері уланады. Мысалы, Нидерландияда пестецидтер теңіз қарлығаштарының бір түрінің құрып кетуіне себепкер болды. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтер мен және т.б. ластағыштармен ластана берсе басқа да суда жүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады.

Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд. тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, ce6e6i орта есеппен олардағы ластағыштардың концентрациясы 400 мг/л жетіп отыр. Сонымен қатар, өзендер теңіздер мен мұхиттарды ластайтын ең күшті фактор болып табылады. ЮНЕСКО деректері бойынша (1991ж.) жыл сайын өзендердің суымен 325 млн. т теміp, 2,5 млн. т корғасын, 7 млн. т фосфор теңізге түседі. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып, теңіз фаунасына және адамдар денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және континенталды шельф аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңестігінің шамамен 10 процентейі тиеді, бірақ онда балықтың 90 проценті ұрық шашып, өніп-өсіп және ауланады.

Қышқылды шауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгepyi, әcipece төмендеуі алюминий және ауыр металдар қосылыстарының ерігіштігін жоғарылатады, epireн түрге айналған қосылыстар өсімдіктер мен организмдерді (ағзаларды) уландырады. Содан кейін олар адам организміне өтіп әртүрлі ауруға шалдықтырады.

Судағы ағзалардың таралуы көбіне сутек ионының концентрациясына байланысты келеді. Тұщы су бассейндерінің рН 3,7 - 4,7 аралығында болса қышқылданған, 6,95 - 7,3 бейтараптанған, 7,8 үстінде — сілтіленген болып саналады. Тұщы суаттарда рН мағынасы тәулік бойы өзгеріп отырады. Қандай су болса да рН тереңдік деңгеймен байланысты болады. Тұщы сулармен салыстырғанда теңіз сулары сілтілеу келеді, рН мағынасыда өз өзгеріп отырады. Суы тұщы өзен мен көлдерде рН мағынасы 6-7 аралығында болады, көбіне организмдер осы деңгейге бейімделген.

Тұщы судағы балықтардың кө6i рН 5-тен 9-га дейін ауытқуын көтере алады. рН оптимум мағынасынан 6ip шамаға ауытқитын болса, олардың көбіci мазасыз күйге түседі, кейде кейбір түрлер өсіп-өну npoцесінің тоқталуына байланысты жойылып та кетеді. Мысалы, рН мағынасы 5-тен төмендесе, балықтардың жаппай қырыла бастайды, ал рН 10-ның үстіне шықса, балықтар мен басқа жануарлар түгелімен жойылып кетеді. Қазіргі уақытта Жер бетінде өзінің тіршілік ағзаларынан айрылған бірнеше мыңдаған көлдер кездеседі. Швецияның 2000 үстіндегі көлінде 6ipде 6ip тіршілік иелері жоқ, ал аса сезімтал ағзалар жойылған көлдер мен өзендер басқа да елдерде (Норвегияда, Канадада, т. б.) жеткілікті. Көлдер мен өзеңдер суының қышқылдануы құрылықтағы жануарларға да әсерін тигізеді, ce6e6i олардың кө6ici су экожуйесінде мекендейтін организмдер және өсімдіктермен корректенеді.

Табиғи су қоймаларына түскен биогенді элементтердің әсерінен фитопланктондардың, әcipece көгілдір-жасыл, жасыл және қызыл балдырлардың, сонымен қатар жоғары сатылы су өсімдіктерінің өcin дамуы өрлейді. Бүл органикалық заттар балдырлар мен басқа да судағы өсімдіктердің массасының кобеюіне әкеп соғады. Аталған организмдердің 6әpi аэробты, олар дем алуға судағы epireн оттегі қолданылатындарына байланысты оттек мөлшерінің жетіспеушілігі пайда болады.

Суқоймаларының эвтрофтануына негізгінде үлесін қосатын факторта топырақ эрозиясын, ауылшаруашылығында минералды тыңайтқыштардың көп пайдаланылуын, фосфорлы детергенттердің (әcipece жоғары активті синтетикалық заттектер) кең қолданылуын, мал шаруашылығы қалдықтарының қалай болса солай тасталуын, қышқылды жаңбыр тудыратын қасиеті бар ауаға тасталатын заттектерді және т. б. жатқызуға болады.

Сулардың радиоактивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады. Мысалы, тіршілік белгісінен ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 миллион тонна көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр. Осындай көп мөлшерде қалдықтардың пайда болуына себеп болған уран кенін өңдейтін химия кешені құрамындағы күкірт қышқылы зауыты, химия-гидрометаллургия зауыты сияқты кәсіпорындар. Олар өздерінің қалдық сулары мен қоқыстарын ешбір залалсыздандырмастан, табиғи ойпанға ағызып отырған. Күннен-күнге көлдегі су деңгейі төмендеп, жағалау ашылып, осы жағдайдың салдарынан құрғаған улы тозаңдар желмен көтеріліп, Ақтау қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің, саяжайлардың жер, әуе бассейіндерін, теңіз айдынын ластап, адамдар денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатер төндіру қayini күшеюде. Аймақта тыныс жолдары, тepi қабаты, аллергия т. б. аурулармен ауыратын адамдардың саны көбеюде.

Қалкыма қатты бөлшектер туракты суспензиялардың түзілуіне себебін тигізіп, судың түpi мен мөлдірлігін төмендетін, судағы өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін тегжейді.

Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен шығатын жылы ақаба суларымен де ластанады; су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су температурасы көтерілген сайын epireн оттектің мөлшері төмендеп отырады, суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе-теңдік бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың.

Өзен, көл, теңіз және мұхиттардың ластану деңгейі кейбір жерде көтерілгені соншалықты, олардың өз-өздігінен тазалану қабілеті жетіспейтін жағдайға жетті. Қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы судың тапшылығы анық сезіне басталды, сондықтан тұщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халыктық көкейтесті меселеге айналып отыр.

Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадан rөpi сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ipi су ресурстары көздерін - Арал мен Балқаш көлдерінің жағдайын келтіруге болады.

Қaзipri кезде Қазақстандағы экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн. ға астам Аққұм атты кеңестік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн. т тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуда. Арал теңізінің тұздары соңғы жылдары Түркияның шай плантациясына елеулі зиян келтіруде. Америка ғалымдары Арал тұздарының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткенін жазып жатыр. Енді оның зардабы Сібірдің орманына, Үндістан мен Пәкістанның және басқа да елдердің әсем табиғатына зиянды әcepiн тигізетіні туралы ғылыми болжамдар айтылуда.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1624; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.