Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 2 страница




Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мүндағы ластағыш заттар - ауыр металдар, мүнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, "Балкашмыс" өндірістік бірлестігі, "Балқаш балық өнеркәсібі", "Сарышаған ракета полигондары", т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары "Акдала, Шарын массивтері" және Шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылуына байланысты сапалык қүрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мүнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды үшықтыра түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзен-дерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мүнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялык тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мүнай бұрғы-скважиналарын, мүнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бүл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, тенізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре түқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың қүстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші - биоиндикаторы болса керек. Қазір Каспий мүнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз кара алтынын" игеруге 9мтылуда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр.

Атырау, Маңқыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі коршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың калындығы 10 метрге жетіп жер асты суына косылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. мұнай қалдығы, 40 мың т. көмірсутегі жинақталған.

Ақтөбе облысындағы су айдындарының да экологиялык жәйі нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.

Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айдындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазакстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда.

Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы "Карбид" өндірістік бірлестігінен шықкан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам, Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазакстанда жиірск үшырасуда.

Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және корғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға жасалған антропогендiк ықпал. Озон қабатының бұзылуы. Жылыжай эффектiсi.

Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңге-рілмейтін биосфераның күрамдас бөлігі. Оның массасы 5,157*1015 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан түрады. Әрбір кабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық қүрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, трофосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бүрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тір-шілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көміркышқыл газы, аргон т.б.) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақта адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге үшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты күрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен үшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа қүрамындағы компоненттерінің катысуымен химиялык немесе фотохимиялық өзгерістерге үшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, қүрылыс материалдарын бүлдіреді.

Атмосфера қүрамындағы оттегі мен көмірқышкыл газының түрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-тендігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды камтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар түншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа қүрамындағы негізгі екі газдың тепе-тендік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа үшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекетгер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

Біздің республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп "Ақпараттық экологиялык бюллетень" журналы арқылы көпшілікке хабардар етеді.

Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең кеп ластанатын қалаларға (Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастүз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Әрине бүл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркіәсіптің т.б. ластану көздерінің жүмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2000 жылдары Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бүл жерде қара және түсті металлургия кәсіп-орындарынан шығатын коқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсьіз болып отыр.

Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан мамандануы нашар. Яғни, ескірген технология-лық процестер нәтижесінде күрамында қатты және сүйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак және әр түрлі Қатты және сүйық заттар.

Түрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері: Павлодарда 763,0 мың т., Қарағандыда 601,6 мың т., Шығыс Қазақстан қалаларында 170,0 мың т., Қостанайда 170,0 мың т., Ақмолада 120,0 мың т., Атырауда 90,0 мың т. болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлүргия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы коршаған ортаны ластап жатыр. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар калалар бойынша: Қостанайда 119,4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87,3 мың т., Алматыда 85,0 ^ың т., Павлодарда 74,7 мың т., Көкшетауда 53,6 мың т. көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлык шығарылатын заттардың 70-80 % құрайды.

Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4 РЗШ-ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның лас-тануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегидтің 3 есе көбейгені Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда 2,3 РЗШ, Петропавлда 3 РЗШ-ке жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 РЗШ мөлшерін көрсетуде.

Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Мәселен, Алматы, Шымкент, Лениногор, Зырян қалаларының ауа бассейндерінде табиғи ауа ағыс-тары болмайды, соның есебінен қалалар үнемі қалың зиянды улы түмшамен оранып жатады.

Ауа бассейнінің құрамында ауыр металдардың болуы да өте қауіпті. Әсіресе, қорғасын, мырыш, сынап мөлшері үнемі бакылауға алынады. Ауыр металдармен ауаның ластануы республика бойынша жоғары болмағанымен жекелеген калалар бойынша жағдай мәз емес. Мәселен, қорғасьш көрсеткіші Лениногорде - 17 РЗШ, Балкашта - 8, Шымкентге -6 есе болып отыр. Бүл көрсеткіштер кейбір жылдары 17-81 РЗШ-ға жететіні қауіпті болса да шындық.

Қазақстанның ауа бассейнінің ластануы көршілес мемлекеттердін ауаға шығарылатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі. Өйткені, ауа бассейнінің бәрімізге ортақ екенін айтқанбыз. Төмен-

дегідей кызыкты мәлімет осыны дәлелдейді. Мәселен, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен (1) және шекаралас ауа (2) арқьшы епскт заттардың үлесі төмендегідей болған:

1. Күкірт - 46 % немесе 380000 т.

Азот (тотыққан) - 19 % немесе 46400 т.

Азот (тотықсызданған) - 51 % немесе 11300 т.

2. Күкірт - 54. %

Азот (тотыққан) - 81 %.

Азот (тотықсызданған) - 49 %.

Әрине, өз кезегінде Қазақстанның ауа бассейнінен де Ресей, Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары ауысып отырады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялык элементтен түрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі -автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатын-дықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтык оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, техно-логияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдыкты техноло гияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Адамдардың шаруашылык қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын енеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнер-кәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бүл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардын қысқа мерзімде болса да адамға әсері - адамның басын айналдырады, қүскысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялык және мүнайды қайта ендейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мүржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бүл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкіртгің қос тотығы (80,) коксхимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-кағаз өнеркәсіптерінің жүмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Қүрамында күкірт кышқылы бар түман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап кана қоймайды, сонымен катар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азык-түліктің күрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды қүстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Қүрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына кауіп төнуі мүмкін.Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ен алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді. Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға үшырайды. Оның басты белгілері - адамнын тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап түратыны, сезімі, үйқы басуы немесе үйқысының қашуы, бейжайлық, үмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химия-лық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам үрығының дамуына, жас нәрестенін ауру болып тууына әкеліп соғады. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, катерлі ісік ауруларының болуы гал аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары - канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда катерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың катерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда. Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуык химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар колқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ сәби бойындағы қан қүрамында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық бензин, желім, бензин, эфир, еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға көтеріледі. Егер осы зат-тардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.

Қазіргі кезде бізді қоршаган ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: 1. Физикалык ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер. 2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы косылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. 3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, күрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. 4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сүлу ландшаф-тарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз: - ластаушы заттардың таралуы; - ластағыштардың биомассаға енуі; - ластағыш заттардың биологиялык топтануы немесе корлануы. Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды кабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардын одан әрі оргинизмде көбейе түсуі денсау-лыкты бүзып, ауруға шалдықтырады. Қоршаған ортанын химиялық ластануының кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жүқаруы", "Қышкыл жауындар", "Фотохимиялық түмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар. Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның лас-тануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлык зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе коспа түрінде топырақ, суға косылып, одан адам организіміне түседі. Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалындығы 10-18 км. қашықтықты (қалыңдықты) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне жөне коршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз. Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жакқан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның канындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтиже-сінде, кеміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ад жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кдуіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін үзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының кызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір Қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90-жылдары - 0,035 %-ке жетіп, 20 %-ке көбейіп отыр. Бүл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30 %-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компью-терлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температу-расының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" каупін туғызары сөзсіз. Мүхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн. "Озонның жұқаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида түсында байкалып озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка түсында байқалған.Осыған байланысты БҮ¥ жанынан ғылыми кеңес қүрылып "озонның жүқару" себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға үшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жүқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) үйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1 %-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жүқпалы ауру-лардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты - озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар үжымы еңбек етуде. Қышқыл жауындар - атмосфераға байланысты қазіргі кезендегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SО2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NО2), және азот тетраоксиді (Sі2О4).Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаккан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышкылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар түмандыктар жауын түрінде биосфераға түсіп кауіпті зиян келтіре бастайды. Сол сияқты отынды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады. Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе орман-дардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинакталады. Жалпы атмосфераға азот кышқылының 95 % көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 % автокөлік, 30 % электростанциялар, 20 % өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нит-раттарға айналып, одан жауын қүрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді. "Смог" (улы тұман). Смог ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Түманның 2 типі бар. Лондондық түман типі - негізгі көзі көмір мен мазутты пайдалан-ғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бүл қүбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жүма бойы түрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон түрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті. Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық түманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды күрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түман алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бүл қүбылыс Нью-Йорк, Токиң Сеул, Афин, т.б. Қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім. Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіладамзат қауымын алаңдатып отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1386; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.