Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 3 страница




Қоршаған ортаның радиациялық ластануы

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын түрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бүзады, сонын нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруын дәрежесіне, алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар көтере алмайды. Адамдар 50 рентген сәуле алса сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне карай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде алса үзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бүл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бүл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, үйқысының бүзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан қүйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бүзылады да жүкпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең - сәуле ауруынын жеңіл түрі, бүл осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезенде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады.

Егер тамақ не су арқылы радиактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп күстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдайтын дәрімен ішек-қарнын тазалатады. Адам баласы сәулемен қатар әр түрлі жарақат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға әр түрлі микробтар түспейтіндей етт алғашқы көмек көрсетіледі. Қүсқысы келіп, басы аурып, басы аиналғанда этапиразин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле элғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин, сонымен Қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан күйылған жағдайда еш қимыл жасатпай 5 % хлорлы кальций ертіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле аурумен ауырған адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап түз қосылған су беріп, аз-аздан жиі тамақтандыру керек.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен кауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кен қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немкүрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялык ластану болады. Мысалы, атом каруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның радиактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдык энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңцаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиакитивтік калдықтарын сақтау мен жою мәселесі түр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.

Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары ураннын ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жүмыс істеу кезінде, адам өміріне кауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мүхитқа, өзенге тастауға рүксат етілмейді. Әрине, бүл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдьщтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасынын мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруда. Атом электро-станциядағы аппараттарға немқүрайды қарауға болмайды, олардын ойламаған жерден апатка үшырауы - объективтік шындық. Солардын бірі - Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытга болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.

Біздің республикамызда Семей ядролык сынақ аймағы жайында токталып кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған зат-тардын қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың куатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмос-ферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан баска Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмайды. Оларға Батыс Қазакстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарын жатқызуға болады.

Адам күнделікті түрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, ком-пьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.

Атмосфераның озон қабатының жүқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

Дәріс № 10.

Тақырыбы: Кәзiргi экологиялық әлеуметтік дағдарыс және тұрақты дамуы.

1.Халық санының өсуі. Және оның сапалық көрсеткіштерінің өсуі. Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар.

2.Урбандалу проблемалары. Кедейшілікпен табыстың әдіоетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары.

3.Әлемдік азық түлік проблемаларының шешілу жолдары.

4.Әлеуметтік экологияның пәні жөне міндеттері, қалыптасу тарихы

Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері. Эмпирикалық кезең: бақылаулар арқылы алынған мағлұматтарды жинақтау кезеңі; глобалдық мониторинг және планетадағы экологиялық жағдайга баға беру; ДЦТ препаратын қолданудың экологиялық зардаптарына талдау жасау. ДЦТ-ның тірі организмдерге жөне адамға көрсететін қатерлі әсері. Р.Карсонның «Меңіреу көктем» атты кітабы. Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз зардаптары және планетада қалыптасып отырған күйзелістік жағдай жөніндегі деректерді жинақтау кезеңінің басталуы. Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы, қоршаған орта элементтерінің арасалмағы.

Қоршаған ортаның әлеуметтік компоненті — қоғам, қоғамдық қатынастар, мәдениет. Еңбек сферасы – еңбек процесінің материалдық факторлары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы – қоршаған ортаның бір бөлігі. Қоршаған орта элементтерінін ара салмағы. Іргелі экологиялық заң – минимум ережесінің өлеуметтік жүйеде әсер етуі. Адамның жасанды тіршілік ету ортасын құруы. «Өмір сүру сапасы» үғымына анықтама беру.

Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. Ресурстық дағдарыс және оның салдарлары. Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. Мутациялық процестер. Адамның тұқым қуалаушылық қасиеттеріне, қоршаған орта факторларының мутагендік әсерінің кешеуілдеп білінетін зардапарын бағалау жүйесі жөне қоршаған орта мутагендерінен қорғану. Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.

Әлеуметтік-экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурсты кризис, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтігінің ұлғаюы, әсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар: экологиялық себептері мен салдары. Әскери-өндірістік кешен және тіршілік ортасы. Радиация және өмір. Радиактивті изотоптардың биосферада жылжу жолдары. Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиги ортасының бұзылу процесі оның себеп-салдары. Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары. Семей ядролық полигоны. Невада-Семей ядролық жарылысқа қарсы қозғалыс. Ядролық жарытылыстардың адамзатқа тигізетін салдары. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудың әдістері мен критерийлері, оны ұйымдастыру принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг.

Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы занды қүбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымынын тез көбеюіне колайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекетгерде халык санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ен манызды факторлар - қоршаған ортаның сапасы. Бүл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, түрмыс-салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік экологиялық проблемалардың күрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бүл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде кан-церогендердің өте қауіптісі - бензапир.ен. Бұл заттармен ластану әсіресе Алматы, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бүл заттар адам организміне ауаның қүрамы, су және азык-түлік арқылы түседі.

Әлемдік экологиялық проблемалар қүрылысы

Уытты заттармен ластануьт Радиоактивті заттармен ластану
Жылу эффектісі Озонның жұқаруы
Қышкыл жауындар Фотохимиялык у түтін
Топырактың кұнарсыздануы Қокыс калдыктар
Орманның кыркылуы Шөлге айналу
Мұхиттардьщ ластануы Биосфера құрылымының өзгеруі
Климаттын өзгеруі Адам экологиясы  
Биоәртүрліліктің азаюы  

Мүндай улы заттар көбіне тыныс органдарын - өкпе мен қолқаның қызметін бүзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда ауаның күрылымындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан болар Арал, Атырау, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында түрғындардың өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентікпе ауруларына шалдық-қандары басым.

Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік у түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол аркылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек аркылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзі-мінен ерте піскен көкөністерде (карбыз, кауын, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайда-ланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда сан-эпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экология-лық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертиификаты беріледі.

Соңғы жылдары азық-түлік кұрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері және құрамына катаң бақылау жасалып отыруы керек.

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде калып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Мысалы, организмде Жапонияда камдий көбейген жағдайда кең тараған итай-итай ауруы болды. Оның негізгі белгілері - бүйрек қызметінің бүзылып, сүйектің майысып, кейде қисайып кетуі де мүмкін. Бүл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

Жапонияның Минамата өзені бойындағы түрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның әсерінен пайда болған ауру түрін жергілікті жердің атымен "минамата" деп аталған. Аурудың белгілері -есту, көру және сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылып, адамдардың халінің нашарлап, тіпті өлімге душар болуы. Оның пайда болу себебі -өндіріс қалдықтары арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталғаа

Этилдендірілген бензинді пайдалану кезінде адам организіміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

Қазақстан жағдайында жоғарыдағы ластағыш заттармен қатар радиациялық ластану жиі байқалады. Радиациялык ластану әсіресе уран шикізатын өндірстін орындарда болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқүм мен Созак аудандарында су қүрамында шекті рауалы мөлшерден торий 2-400 есе, радий 30 есе артық екендігі тір-келген. Сол сияқты радионуклеидтердің көбейіп, кетуі Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уран кенін өндіргенде бөлінстін радиактивті калдық-тардың көп жинакталуынан.

Аталған фактілердің бәрі Қазақстанда экологиялық жағдайдын калыпты емес екендігін көрсетеді. Оның залалдары түрғындардын денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Жергілікті жердегі өнеркәсіп орындарынын шоғырлануы, зиянды заттардың шектен тыс көбеюі, атмосфераның ластануы, т.б. экологиялық жағдайларды нашарлатады- Арал теңізінің экологиялық жағдайы мш Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі осы аймақтарда қатерлі ісік, жүқпалы, жүйке, тері, ақыл-естің ауыткуы сияқты ауруларды өршіте түсуде. Ал полигондар болған жердегі халық қан аздық, сәуле ауруларынан және қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.

 

Экологиялык жағдайы нашар аумақтардағы халыктың денсаулығы туралы деректер

Аймақтар Ауру түрлері
1 Арал өңірі (Қызылорда, Оңтүстік Қазакстан облыстары) Жүрек, қан кысымы, жүкпалы аурулар, жүйке аурулары, тері аурулары
2 Семей ядролык полигоны аймағы (Шығыс Қазакстан, Павлодар, Қараганды облыстары) Қатерлі ісік, каназдык, сөулелік, жүйке, сезім, мүшелері, өкпе-тыныс жолы аурулары, акыл-естің ауысуы
3. Солтүстік Қазакстан Жүкпалы аурулар, жүйке аурулары, кан қысымы, өкпе-тыныс жолдары аурулары
4. Жамбыл, Оңтүстік Қазакстан облыстары Жұкпалы аурулар, жүйке аурулары, түсік тастау, сүйек, бұлшық ет, туа біткен кемістік
5. Атырау, Маңғыстау облыстары Жүкпалы өкпе-тыныс жолдары аурулары, тері жаралары, кембағал балалардың тууы

 

Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатымен қор-шаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, көптеген шаралар жүргізілуде. Ең алдымен, ауаның, судың және азық-түліктің сапасына бақылау жасауды күшейту іс-шараларынан мемлекеттік мониторинг жүйесі жүмыс істеуде. Оның мақсаты - адамға қатысты барлык заттардың қүрамын, сапасын анықтап, баға беріп, бақылау жасау.

Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. 1. 1.Ресурстық дағдарыс және олардың салдары.

2.Ортаңғы жалпы агрессивті деңгейдің артуы.

3.Мутациялық процестер.

4.Адамның тұқым қуалаушылық қаситеттеріне қоршаған орта факторының мутагендің әсерінің кешеуілдеп білінетін зардаптарын бағалау жүйесі.

5.Және қоршаған орта мутагендерінен қорғау.

6..Генофондты қорғауға конпенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.

1. Жербетіндегі адамдардың соңғы төр жүз жылдықтағы өсімі жоғары деңгейге жеткен. 20 ғасырда ол «демографиялық жарылыс» сипатын алды. Яғни жер бетіндегі адамдардың дамуқарқыны 4 есеге көбейді.

20 ғасырдың екніші жартысындағы әр бір онжылдықта халықтың көбеюі шамамен 1 милллионға жеттті. 1960 жылдары жылына орта есепппен 2,2 пайызға көбейсе, 1820 жылдары Жер бетіндегі халық алғашқы милллиардқа жеткен болатын оған 500 000 жыл уақыт қажет болды. Жер бетінде халықтың 2 милллиардқа жету үшін 107 жыл қажет болды. 19820 жылдан 1927 жылға дейін 32 жылда 3 миллиард, осыдан кейін 4 миллиардқа дейін 15 жыл уақыт кетсе (1974), 5 миллиардқа 13 жыл, 1987 жылы, 6 миллиардқа – 12 жыл 1999жылы жеткен.

Десе де жоғары сүт қоректілерден қоғамда еш ауытқушылық байқалмайды. Олардың түрлік сипатын табиғатқа әсер ету қарқыны тұрақтылық деңгейін көрсетуде. Демографиялық жарылыс құбылысы 20 ғасырда көп теген мемлекетттерде өлім факторлары туу факторының алдына шықты әрі ол дамыған елдерде көрініс тапты.

Жаңа қоғамға өндірісте және пайдалану орындарында көп мөлшердегі энергия мен қажетті заттарды тұтынуы адамның биологиялық қажеттігінен жүздеген есе асып түсті.

Қазіргі экологиялық кризис салдары табиғатқа өз мөлшерінен шамадан тыс антропогендік (техногендік) жағдайлардың әсері деп есептейді.

Урбанизация(латын тілінен алғанда urbanus- қалалық) бұл адам өміріндегі қалалық өмірдіғ рөлінің жоғарылауы. Қалалық ерекше қарым - қатынас адамдардың өмір сүру образы, өндіріс орындарының орналасуы және халықтың орналасуы әлеуметттік- кәсібилік және демографиялық құрылымнан тұрады.

Жер бетіндегі 35 жылда екі еселенсе көптеген ірі қалаларда екі есеге 11 жылда көбейеді. 19 ғасырдың дүние жүзі қалаларында 29,3 млн адам болса, 1900 жылы 224,4 млн ға жеттті 1950 жылдары 729 млн 1980 жылдары 1821 млн жеткен. Еуропадағы қалалықтар саны дүние жүзі бойынша 69 пайызды, Азия 38 пайызды, Орталық Америка 75 пайызды, Латын Америкасы 65 пайыз, Австралия 76 пайыз. Дамыған мемлекеттерде АҚШта 75. Францияда 78, Германия85, Ұлыбритания91 пайызды құрайды. Қалалықтанудың оңтайлы әрі кері жақтары да көріне бастайды. Ғылыми индустрализациялану кезеңдерінде қалада жаңа экологиялық орта және өте жоғары деңгейдегі антропогендік факторлар қалыптасады. Олардың біріне атмосфералық ауаның ластануы, өте жоғары шу мен дірілді ырғақтар, электромагнитттік сәулеленудің туындауы жатады. Бұдан басқа халықтың тығыз орналасуы, көлік қозғалысының көбеюі. Миграциялық процестер т.б.

Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі. Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау әдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік және табыстың әділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары. Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондарының өзгеруі, ортаның агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары. Әскери өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы.

Мутациялық процестер. Мутация (лат. мutation-өзгеру) табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдардың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 жылы голланд ғалымы Х.Фриз енгізген болатын. Генетикалық аппаратының өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1607; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.134 сек.