Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 5 страница




Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына кслтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бүзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жүмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ Ұрпақ алдьшдағы борышын ақтаған болар еді.

 

 

Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі

 

№   Химиялык ластану түрлері Табиғи ортаға тигізетін өсері Адамға тигізетін зардабы
  Ауыр металдар Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға кыскартады
  Қышкыл жауындар Көмір кышқылының көбеюі, оттегінің азаюы Адам баласына зияны тиеді, сонымен катар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді
3. Радиация Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы Адам баласы сөуле ауруына ұшырайды
4. Биологиялық, бактерия-лык жолмен ластану Биологиялық кару сыналған жер (Қазақстанда Арал теңізінде) Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б. ауруларға шалдығады
5. Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау Озон кабатының жұкаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды

Дәріс №12.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.

1.Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдары.

2.Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары.

3.Қазақстандағы экологиялық проблемалары.

Айнала қоршаған ортадағы әр түрлі факторларға организмдердің бейімделуі де түрліше болып келеді. Әсіресе, абиотикалык фактор-лардың ролі ерекше. Факторлардың организмдерге тигізетін әсеріне көрнекті эколог А. К. Бродский жоғары деңгейде жан-жақты зерттеулер жүргізген. Абиотикалық факторлардың әсерін және организмдердің оған бейімделу ерекшеліктерін және организм (особь), популяция, түр және экожүйе деңгейінде қарастырған.

Жеке организмдер деңгейінде абиотикалық факторлар ең алдымен мінез-қүлқына әсер етіп, олардың көбею қабілетіне, өсімталдығына, өсу жылдамдығына және тіршілігінің үзақтығына әсер етеді. Ал, өз кезегінде организмдер жоғарыдағы факторларға екі жолмен жауап бере отырып бейімделеді. Олар - мінез-құлықтық және организмнің физиологиялық тұрғыда қайта реттелуі. Нәтижесінде, организмдер тіршілігінде эволюция барысында экологиялық факторларға қатысты бейімделулер пайда болады.

Өсімдіктердің бейімделу механизмінде жануарлармен салыстырғанда көптеген ерекшеліктер бар. Олар өсімдіктердің қүрылымына, дамуына және заттар алмасуына қатысты болады.

Мәселен, өсімдіктердің бір түрінің екі түрлі ортада өсірілген түрлерін салыстырсақ факторлардың әсерін және өсімдіктің оған бейімделу белгілерін бірден байқауға болады. Өсімдіктің "жарықтық" Және "көлеңкелік" формасын салыстырсак, екеуі бір-бірімен сыртқы пішіндері, биіктігі, жапырак ауқымы, жүйкелену, т.б. мүшелеріндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды байкаймыз. Кейбір жағдайда бейімделудің пайдалы жактары басым болады. Яғни, факторлардың; әсер етуі өсімдіктің тұқым, жеміс беру сапасын жақсартуы мүмкін.

Жануарлар дүниесінде бейімделудін жеке организмдер денгейіндегі көріністері де сан алуан болып келеді. Олардың ас қорыту, көру, козғалыс, т.б. мүшелерінде бейімделу нышандарын көруге болады. Мәселен, адам аскаридасының паразиттік тіршілік етуге байланысты көру, ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің өзгеруін айтуға болады.

Популяциялық деңгейдегі бейімделулер көбінесе организмдердің өсімталдық, өлім-жітім, тіршілік үзақтығы, популяцияның өсу жыл-дамдығы және кеңістікте таралуы жағдайларында көрініс береді. Айталық, популяциялардың жекелеген топтары өздерінің таралу аймағына байланысты орын тепкен жеріне (стация) қарай олардың бірігей қасиеттерімен сипаты калыптасады. Мәселен, стация сипатына карай қышкылдық, түздылык, ылғалдық, көлеңкелі, т.б. болады. Популяциялар мүндай жерлерге кездейсоқ, т.б. жолдармен түсуі мүмкін. Мысалы, қүрғақ жерлерде тіршілік етуге бейімделген ксерофильдер солтүстік аймақтарға түскен жағдайда олар мүмкіндігінше микро стацияларға дейін іздеп, одан әрі болмаған кезенде жойылып кетеді.

Организмдердің түрлік деңгейдегі бейімделулері де ерекше. Түр деңгейінде бейімделу организмдердің ареалдар шегінде климаттық, сыртқы ортаның физикалық және химиялық қасиеттерінің әр алуандығы, әдетте түрлердің географиялық өзгергіштігінің пайда болуына әкеліп соғады.

Абиотикалық факторлардың өзгеруіне түрлердің бейімделуінің негізгі жолы - бейімделу эволюциясы. Ал, экологиялық факторлар - географиялық таралуды анықтаушы шарттар, яғни ареалдың алмасуына, пішініне және көлеміне ьщпал етеді. Бүл көрсеткіштер бір мезгілде бірнеше факторға тәуелді болады. Қүрлықта тіршілік ететін түрлер үшін, әсіресе, ауа температурасы ерекше роль атқарады.

Дегенмен, көптеген факторлардың ішінде біреуі шешуші әрі шектеуші фактор деңгейінде болады. Ол бір организмдер үшін корек, екіншілерінде - температура немесе ылғал, жарық, т.б. болуы мүмкін. Мәселен, қазіргі кезде бүдан 60-70 жыл бүрын Еуропаға кездейсоқ жолмен енген колорадо қоңызы Евразия материгіне кеңінен таралып, ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкесіне айналуда. Қазір олар Қазақстанның барлық аймақтарына кеңінен таралып, алқа түқым-дастарға жататын картоп, томат, баклажан көкөністерінің түсімін кемітуде. Сонау Америка материгінен енген бүл жәндіктің еркін тара-луының басты себебі - қоректік фактор. Ал қалған факторлар оның тіршілігінде шектеуші роль аткармайды. Қазір оның Америка матери-гінен енген популяциясы жан-жаққа таралуда.

Колорадо қоңызының Қазақстандық популяциясын өзінің отандық популяцияларымен салыстырғанда олардың морфологияльщ айыр-машылыктарын байқауға болады. Қазақстандық популяциялар отандық түрлеріне қарағанда дене түрқы жағынан кішілеу, ал көбею, өсімталдық жағынан жоғары көрсеткіш көрсетуде. Мүның өзі Бергман ережесіне сай зандылыкты дәлелдейді.

Экологиялық жүйелер деңгейі - барлық экофакторлардың орга-низмдерге комплексті түрде әсер ету жиынтығы экожүйенің климаттық режимін түзеді, түрдің барлык тіршілік процестері және түрлердің өзара әсерлесуі соның ауқымында жүзеге асырылады. Екіншіден, экожүйенің қүрамына кіретін барлық особьтар абиотикалық факторлардың ықпал ету обьектісі болып табылады. Абиотикалық факторлардың тиімсіз әсері особьтар санын кемітіп немесе жойып жіберуі мүмкін. Нәтиже-сінде, экожүйе қүрамына кіретін популяциялардың тығыздығын кемітеді. Ал, бүл әсерлер өз кезегінде бүкіл экожүйедегі зат және энергия алмасулар тепе-тендігін, биологиялық өнімділікті өзгерте келіп, сукцессия күбылысына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, эко-факторлар экожүйеге ықпал ете отырып, сол жүйенің қасиеттерін, сипатын және даму эволюциясын да анықтайды.

Организмдердің маусымның қолайсыз жағдайларына бейімделу жолдары да әр түрлі. Мәселен, өсімдіктер күзге қарай қысқа дайындық кезеңіне көшеді. Негізгі белгілері - өсудің тоқтап, тыныштық қалыпқа көшуі. Өсімдіктердің органикалық, терең және амалсыз тыныштыққа көшу түрлерін ажыратуға болады.

Органикалық тыныштық кезең көбінесе жеміс, тамыр, бүршіктерге тән. Мәселен, картоп күзде жоғары температурада сақталса да өнбейді. Сол сиякты осы кезде ағаш бүтақтарын кесіп үй жағдайында суға өсіру де нәтиже бермейді. Себебі, органикалық тыныштық кезенде өсімдіктердің клетка және үлпалық деңгейде өзгерістердің болуына байланысты.

Терең тыныштық кезең органикалық кезбен түтас келіп, өсімдіктің суық немесе үсікке төзімділігі қалыптасады.

Өсімдіктердің амалсыз тыныштық күйге көшуі көктем кезінде байқалады. Оны біз өсімдіктердің көктемде үзак уақыт бойы өспей түрып қалуынан көреміз.

Жануарлар дүниесінде климаттың қолайсыз жағдайларына бейім-делу жолдары өсімдіктерге қарағанда көп салалы болып келеді. Оның негізгі белгілері - жануарлардың қысқа дайындығынан: қор жинау,

түсінің өзгеруі, қоңдануы, мінез-құлқының езгеруінен көруге болады. Соның бірі - жануарлардың кысқы ұйқыға кетуі. ¥йқының қысқы және жазғы түрлері болады. Жазғы ұйқы жоғарғы температурадан болса, ал қысқы ұйкы төменгі температураға тәуелді.

Жануарлардың ұйқыға кету кезеңі мен сол уакыт аралығында организмдер денесінде түрлі физиологиялық, биохимиялық өзгерістер болады. Қысқы ұйқыға кету сұтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, омыртқасыз, т.б. организмдер өкілдеріне тән құбылыс. Кейбіреулері кысқы ұйқы кезеңін әлсін-әлсін оянып, тіпті активті өткізеді. Мәселен, кәдімгі біздің қоңыр аю кысқы кезенде қонжығын дүниеге әкеледі.

Көптеген организмдер үшін көбеюдің бейімделуге қатысты кайта-ланудың маусымға тәуелділігі байқалады. Жалпы көбеюге әсер ететін қозғаушы фактор сол ортаның жарық режимі больш келеді. Ал, кейбір қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар үшін қозғаушы күш ылғал немесе температура болуы мүмкін.

Организмдердің тыныштық (диапауза) кезеңі, әсіресе, жәндіктерде, өрмекші және шаян тәрізділерде жиі білінеді. Олардың біздің жерімізде қыстық және жаздық тыныштық кезеңін кездестіреміз. Тағы бір ерекшелік жәндіктер кысқы немесе жазғы тыныштық кезеңін даму фазаларының әр түрлі сатысында өткізуге бейімделген. Мәселен, түт жібек көбелектерінің қыстық жүмыртқалары, кәдімгі қарағай көбе-легінің гусеницалары, ал қалақай мен қапуста көбелегінің ересектері қыстап шығады.

Жануарлар дүниесінің көптеген түрлері ауа райының қолайсыз жағдайынан орын ауыстыруға (миграция), үзақ сапарлар шегуге (жыл күстары) бейімделеді. Бүл бейімделулер көбінесе фотопериодизм күбылысына тәуелді. Орын ауыстыру үзақ немесе кысқа мерзімді болып бөлінеді. Олардың тәуліктік, маусымдық және жылдық түрлерін ажыратуға болады. Ең үзақ сапар шегетіндер қүстар мен жарқанаттар. Мысалы, біздің республикамыздың жеріне сонау тундра, Қиыр Шығыс аймақтарынан қүстар келсе, ал біздің күстар өз кезегінде Жерорта теңізі, Африка, Австрия, Үнді жағалауларына сапар шегеді. Қүстардың кейбіреулері осы кезеңде 400-13000 шақырымға дейін үшатыны аныкталған. Аныктаудың бірден-бір жолы қүстарға көктемде немесе күзде сақина салу. Сол арқылы қүстардың қай жерлерге баратынын дәл аныктап отырады. Оны бүкіл дүниежүзілік орнитология үйымы жүзеге асырады.

Организмдердің бейімделу процесіндегі ерекше қүбылыстың бірі -анабиоз. Анабиоз организмдердің бейімделу деңгейінің ең төменгі

сатысы. Бүл кезде организмдердің тіршілік нышанының барлық белгілері токталып, өлім шекарасында түрады. Оларға негізінен өсімдік түкымы, спора бір клеткалы организмдер, колевратка, дөңгелек күрттар, буын аяқтылардың көптеген өкілдері жатады. Мәселен, аталған организмдер анабиоз кезінде ең төменгі - 18°С -тан төмен немесе +27°С жоғарғы температураны да көтеретіні туралы деректер бар. Организм-дердің аталған қасиеттері олардың даму эволюциясындағы ең жоғарғы бейімделу деңгейін көрсететін фактор екені сөзсіз.

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының "өкпесі" деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамьшғысы біркелкі таралмаған.

Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бүталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын түрактан-дырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алкаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен қүстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның күрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды кажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сактап калу мақсатымен 1981 жылы "Қызыл кітап" шығарылды. Оның мақсаты қүрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекетгік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорык, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жүмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жаткан өсімдіктерді қалпына келтіру жүмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді корғау ересектермен қатар мектеп оқушыла-рының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен "Жас орманшылар", "Жасыл патрулыпілер", "Жас экологтер", "Жас натуралистер" атты үйірмелер үйымдастырылған. Олар - еліміздегі орман шаруашылығыны? белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мың-жапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жүмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің "Меккесі" деп аталады. Табиғаптың.әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу * салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан кызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле үшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмүрт- -шөп, сарытүңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. бірте-бірте жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойын-Қүм, Тауқүм, Сарыесікатырау, Жалпаккүм, Қызылқүм сияқты ерекше қүм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, түнып түрған өсімдіктер ортасы болса, екішіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына үшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шүрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрьшыс материалы үшін пайдалануды азайту керск. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарьш кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты -жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орхман шаруа-шылығы мыңдаған тұп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтурі жүзеге асады. Орманды корғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттыныған болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөнідру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт қажет болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97 %-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалык ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестері -кемірушілер, үсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-қүлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен қүрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 %-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкес-термен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін үқыптылықты қажет етеді.

Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

Қазакстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 миллион гектар болып, республика жерінің 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгінсек, бүл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде 647 орман өрті болып, әрбір өрттің зардап шектірген жерінің ауқымы 18,9 га болып келеді. 1997-2000 жылдар ішінде болған орман өрттерінен кем дегенде 300 мың га орман алқаптары бүлінді.

Бүгінгі күнге Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4 млн. га болып отыр. Кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бүл негізінен сексеуіл ормандары аумағында ағашы кесілген жерлерде сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздігінен жетілу барысына түрақты тексеру, бақылау жүмыстарын жолға қойғандыктан болса, ормандану дәрежесінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында орман қоры жерлерінде сексеуіл түқымдарын себу арқылы оның көлемін артгыру іске асады. Сексеуіл ормандарының молаюына Қазақстан Үкіметініц 1999 жылғы 29 сәуірдегі "Сексеуіл ормандарын сақтау туралы" қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстік Қазакстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орна-ластыру жүмыстары жүргізілуде.

1997-1999 жылдардағы Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған орман өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормав-дардың 230 мыңнан астам гектары күрып кетті.

Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бүл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.

Оның үстіне кейінгі жылдары орманның санитарлық жағдайларын жақсарту және өртенген жерлерді тазалау мақсатында бүл аймақтарда өз бетінше ағаш дайындаушылар жүмылдырылған еді. Осының сал-дарынан заңсыз ағаш кесу көбейіп кетті. Ағаш дайындаушылар алаңсыз ағаш кесу үшін өртенген аймақ болып есептелсін деп әдейі өрт жіберу жағдайлары да кездесті. Ағашқа сүраныстың күрт көбеюіне тағы бір негізгі себеп Қытай мемлекетінде 20 жылға ағаш кесу жүмыстарының доғарылғаны да болып отыр.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін орман, балык және аңшылық шаруашылығы комитеті бүл аймақтарда ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салды. Енді осы аймақтағы ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жаткызуға Үкімет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орманды күзету ерекше режим бойынша жүргізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 929; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.