Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 6 страница




Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңірі мен Павлодар облысында толық түрде орналастыру жүмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, орман өрттерінің көбеюіне байланысты ағашты рүқсатсыз кесу де белен алуда.

Әсіресе жаңа жыл қарсаңызда жаппай рүқсатсыз ағаш кесушілер саны көбейіп, соның салдарынан шырша, самырсын, қарағай түр-лерінің жас ағаштары қүрып барады. Қаражаттың тапшылығынанқосымша ағаш отырғызуға мүмкіндік жоқ кезде бұл ерекше кері әсерін тигізуде.

Қазакстан аз орманды елдер қатарына жататындықтан, әр ағаштың бағалы екендігі белгілі. Осы жағдайларды ескере отырып, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі тәжірибе ретінде бір жылға жаңа жыл шыршаларын дайындауға тыйым салды. Облыс әкімдерінің тапсырыстары бойынша жаппай жаңа жылдық шаралар өткізу ұшін шыршалар министрліктің рұқсатымен ғана бөлінеді.

Орман шаураушылығы және еліміздің жалпы экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар мен жоспарлар көп жағдайларда барша халыққа жария етіле бермегендіктен, осы және алдағы жоспарланған кейбір жұмыстарды көпшілік біле бермейді.

Соңғы он жыл бойы өтпелі кезеннің өзінде аталмыш комитет орман шаруашылығы салаларын ерекше биік сатыға көтере алмаса да колдан келгенді аямай, барды сақтауға толық күшін салды.

Қазір ел экономикасының дамуы айтарлықтай дәрежеге көтерілуіне байланысты бұл жұмыстар болашақта өз кемеліне келіп, дүрыс жолға қойьшуына күмән келтіруге болмайды. Оған орман шаруашылығының мамандары, қызметкерлері бар білімін, ынта-жігеріқ мүмкіншіліктерін жүмсайтын болады.

Жануарлар экологиясы

Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жьш сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуаи. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ак жабайы аң мен қүстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен қүстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойы-луына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, қүстардың 94 түрінін жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.

Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, канатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқүзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады (5.5-кесте).

5.5-кесте

Аты Салмағы, кг Биіктігі, м. Тіршілік аймағы Жойылуы, жыл
Африка пілі   3,2 Африка  
Керік 5,86 Кения  
Жолбарыс     Трансвал  
Канна антилопасы   1,78 Бат.Африка  
Ергежейлі антилопа 3,6   Бат.Африка -
Африка түйеқұсы   2,74 Африка -

 

Қазакстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, кұлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 қазақ аңшысы атып алған. Бүдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты кдуіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазак жерінің кең даласында аң мен қүстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, қүстардың -481, бауырымен жорғалаушылардын - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бүлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшіқ адам өмірі үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге үшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.

Кең-байтак жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп қүрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында каптап жүрген қүландар казір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.

Қазақстанда біраз аң мен қүстар біржола қүрып кетудің аз алдында түр. Олардың қатарына - қар барысы, қүдыр, қызыл касқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қаракүйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, кұндыз, қаракел, сабаншы, т.б. жатады. Ал қүстардан үлар, дуадақ, безгелдек, саңырау күр, бүл-Дырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала сарыала қаз, шалшықшы т-б. атауға болады.

Қазакстанның інжу-маржаны атанған Балкаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен Арал теңізінің экологиялык жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұз-дылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің бальщтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілер зардап шегуде.

Республикамыздын үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайык, Шу, Талас, Тобыл, Нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің карқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары тартыла бастады. Кейінгі жыл-дары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдардың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға кері әсерін тигізіп отыр.

Адамньгң іс-әрекетінің жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен қүрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бүл қүбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен қүстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауыл шаруашылы-ғының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі -мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар, т.б.

Бейбіт жағдайда адам баласы ірі күрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер, т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.

Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері - орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды қүртуда, суқоймасын салуда, жол қүрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байкалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антро погендік ландшафтарға айналады. Олардьщ негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, қүрып кетуі. Мүндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер

(Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.

Тын жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала күстарының түрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи түрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүние жүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал қүстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.

Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат кауымдастығы жер бетіндегі андар мен күстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жүмыс жүргізуде. Солардың бірі БҰҰ үйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".

Біздің республикамызда сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесі жақсы жолға қойылып отыр. Олар - өздеріңе таныс қорықтар үйымдастыру ісі. Бүл бағытта қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мол Мысалы, қазақ жеріндегі 1875-1880 және 1851-1852 жылдардағы жүттар қүландар популяциясын біржола жойғаны тарихтан белгілі. Ал бірлі-жарым қүландар қаскерлердің (бранконьер) қүрбаны болды.

Құлан сияқты түз тағыларын калпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түрікменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас қүлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылары айналысы 50 жылдың ішінде көбейіп, өсе бастады. Қазір оның қоры 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберу басталды. Олардың алғашқы жүздеген басы Алматы облысының Кербүлақ ауданына жіберілді. Өздерін еркін сезінген қүландар жыл санап өсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Оңтүстік Балқаш далаларына жіберу жоспарланып отыр.

Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына кслтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бүзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жүмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ Ұрпақ алдьшдағы борышын ақтаған болар еді.

 

 

Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі

 

№   Химиялык ластану түрлері Табиғи ортаға тигізетін өсері Адамға тигізетін зардабы
  Ауыр металдар Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға кыскартады
  Қышкыл жауындар Көмір кышқылының көбеюі, оттегінің азаюы Адам баласына зияны тиеді, сонымен катар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді
3. Радиация Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы Адам баласы сөуле ауруына ұшырайды
4. Биологиялық, бактерия-лык жолмен ластану Биологиялық кару сыналған жер (Қазақстанда Арал теңізінде) Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б. ауруларға шалдығады
5. Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау Озон кабатының жұкаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды

Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы

Осы қүжаттың ережелерін іске асыру республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен үтымды табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік қолдау және реттеу шараларын әзірлеуді және іске асыруды көздейді.

Осы қүжаттың ережелерін қоғам мен мемлекет қызметінің жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу ерекшеліктеріне катысты нақтылау Қазақстан Республикасынын мемлекеттік өңірлік және салалық бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірінші кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны корғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асыры-латын қоршаған ортаны қорғау, экологиялык сақтандыру, өндіріс және түтыну қалдьщтары, экологиялық аудит туралы мәселерді реттеуге бағытталған заң актілері әзірленетін, қоршаған орта мен табиғи ресурс-тар мониторингінің бірыңғай жүйесі қүрылатын болады.

Бұдан басқа келесі бағдарламалар:

· төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;

· 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі;

· су үнемдеу жөніндегі;

· шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдар;

· халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану;

· байырғы ластануларды жою жөніндегі;

· өнеркәсіп және түрмыстық қалдыктарды басқаруды жетілдіру

· жөніндегі;

· әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондары аумағының экологиялык жай-күйінің мониторингі жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жоспарлануда.

Мүның бәрі бірінші кезенде қоршаған ортаға төгінділер мен шыға-рындыларды түрақты деңгейде сақтауға және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинақтауға мүмкіндік береді.

Екінші кезенде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудьщ 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жолымен түрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін және қоршаған ортаның жай-күйін сапалы жақсартудың үшінші кезеңінің басталуын қамта-масыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың жүйесін күру процесі толық аяқталуы тиіс.

Үшінші кезенде (2011-2015 жылдар) барлық белгіленген бағдар-ламаларды аяқтау нәтижесінде қоршаған орта объектілері сапасының нормативтік көрсеткіштері және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізілуі, коршаған ортаға әсерді азайту қамтамасыз етілуі, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесінің қалыптастырылуы тиіс.

Табиғат пайдаланудың теориялық мәселелерi. Қоғамньң дамуындағы табиғи жағдай мен ресурстардың теориялык және практикалық маңызы. Табиғатты өндiрiстің материалдық іс-әрекеті ретiнде карастыру. Табиғат ресурстарының түрлерi және олардың нарық қатынастары жағдайындағы рөлi. Табиғат ресурстарының шығу тегi және пайдалану сипатына карай қарастыру.

Табиғат ресурстарын пайдаланудың қазiргi тенденциясы Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық потенциалы. Экология мәселелерi. Табиғат және қоршаған ортаны қорғау. Отын-энергетикалық және минералдық шикiзат ресурстары. ҚР отын энергетика және минералдык -шикiзат ресурстарының жалпы сипаттамасы. ҚР жер, су, биологиялық ресурстарыньң жалпы сипаттамасы.

Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмi. Табиғат ресурстарымен оларды пайдаланудан алынатын өнiмдерге баға. Табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың түрлерi. Табиғат ресурстарын бағалауға алынатын критерийлер. Табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдiстерi. Табиғат ресурстарын пайдалануға белгiленетiн төлем түрлерi. Табиғат ресурстарын пайдалану үшiн салық, төлемдердi белгiлеу әдiстерi. ҚР табиғат ресурстарының негiзгi түрлерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi.

Табиғат пайдалану экономикасы. Аумақтық-өндiрiстiк кешен мен табиғи ресурстың потенциал тиiмдiлiгi тұрғысынан аймақтың табиғи ресурстар тұғырын бағалау әдiстерi. ҚР жер, орман, су ресурстарын экономикалық тұрғыдан тиiмдi пайдаланудың жалпы сипаттамасы. ҚР минералдық-шикiзат ресурстарын экономикалық тұрғыдан тиiмдi пайдалаудың жалпы сипаттамасы. Табиғат пайдалануды басқару негiздерi.

Орография – жер бедері және жер бетінің әртектілігіне ықпал ететін факторлар: гравитациялық, су, жел, тектоникалық, инсоляциялық, биогендік, антропогендік факторлар. Топырақ–жер бетінің әртектілігінің топырақ-географиялық және геохимиялық заңдылықтары. Өсімдіктер–ландшафттардың әртектілігінің геоботаникалық заңдылықтары: типологиялық қатарлар (фитоценомералар)–ассоциациялар, эпиассоциациялар, формациялар, өсімдіктер типтері – экологиялық қатарлар.

Жер беті экожүйелері. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, геожүйе, ТТК. Қоршаған орта, географиялық қабықша, экожүйе, геожүйе, ТТК түсініктерінің арақатынасы.

Ландшафт туралы түсінік. Геомера және геохора. Экологиядағы және ландшафттанудағы типологиялық және хорологиядық классификациялар.

Биота мен ландшафт сферасының ұйымдық деңгейлері. Құрылықтың хорологиялық бірліктерінің иерархиясы. Карталар, масштабтар.

Ландшафт және оның компонентері. Ландшафттардың негізгі қасиеттері. Табиғи және жартылай табиғи антропогендік ландшафттар. Адамзаттың ландшафт компоненттеріне әсерінің сипаты. Ландшафт нормасы. Антропогендік қысымды нормалау. Ландшафт байланыстары, функциялары, потенциалы.

Инвариант және эпифация. Ландшафттың динамикалық категориялары. Тұрақтылық деңгейлері мен бағалау параметрлері. Ландшафттың табиғи және антропогендік туындылары. Техногенездің экологиялық проблемалары. Табиғат пайдалануды жобалау және жоспарлау. Геожүйелер динамикасы мен тұрақтылығын болжау және оның мониторингі.

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер корымыздың келемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дүрыс пайдаланбау салдарынан топырақ дегра-дацияға үшырап, қүнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.

Жоғарыда аталған 235 млн. га қүнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге үшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га түздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттар-мен ластанған.

Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30 % жоғалтты.

Батыс Қазақстан аймағында мүнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырактың техногенді бүлінуі 2 5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1,4 млн. га жер бүйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін су басады деп болжам жасалуда.

Экологиялык қиын жағдай Орталык Қазақстан жерлерін де камтып отыр. Мүнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдыктарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы түракты жағдайға айналған.

Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химилық улы заттармен және радионуклидпеи ластануы жылдам жүруде.

Балқаш - Алакөл және Шу - Мойынқүм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың күрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле - Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит түмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сүлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шүрайлы жайы- • лымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жеРДе Іле суының 10-15 процентін Қытай халық республикасының алуы бүл өңірдің табиғатын түл етері анык.

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді альщ жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі қазақстанның шел, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың кұнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жұруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, кар токтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің каулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдык және 33,2 млн. т органикалық тыңайткыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға кыскарған. Топы-рақтану институтынын мәліметі бойынша Қазақстанның қүнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мүның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс -өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 объектіде радиактивті қалдықтар сакталған. Өнер-кәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн. т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпак дала, Балқаш өңірі, Мүғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасық фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 733; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.