Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Леуметтік сала 7 страница




Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорға-сынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен.

Павлодар, Екібастүз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялык ауытқуларға және уытты заттармен ластануға үшыраған.

Семей өңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы I жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т I улы зат коршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қор- 1 ғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ | никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық карулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында - 4207,5; Атырау -1635,3; Шығыс Қазақсган -11,1; Жамбыл - 2576,1; Жезқазған -4900; Батыс Қазақстан - 1558,8; Орталық Қазақстан - 1,9,6; Маңғыстау - 21,4; Павлодар - 717,0; Оңтүстік Қазақстан — 8,1; Семей - 941,2 мын га

Топырақтын ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар

бойынша көрсеткіші

Аймак немесе елді мекен Ластағыш затттар РЗШ Себептері
Ортатык немесе Батыс Қазакстан фтор, бром, темір, корғасын, нитрат, пестицид   ендіріс орындарының химиялық заттармен ластануы
Теміртау каласы сынап 8-14 өндіріс орындарының калдыктарымен ластануы
Екібастүз темір, хром, никель, корғасын   өндіріс орындарының калдыктарымен ластануы
Тараз корғасын, фтор   өндіріс орындарының калдыктарымен ластануы
Актөбе хром, никель, канадии 100-50 өндіріс орындарының химиялық заттарымен ластануы
Шымкент қорғасын, мырыш, темір   өндіріс орындарының химиялык заттарымен ластануы
Жезказған қорғасын, мырыш, темір   өндіріс орындарының химиялык заттарымен ластануы
Семей цезий, кобальт, европия, стронций   ядролық жарылыс нәтижесі

жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бүрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақ-станның шүрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз етті.

Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядро лық қару сыналған, олар Мавдыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда -4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр поли-гоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр қүмдарында радиактивті элементтер: кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғасын - 80 және нитрат - 8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.

Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырак пен есімдік және жан-жануарлар дүниесіне бүрын соңды болмаған залалдар келді.

Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының "Тайсойған", Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" және "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бүл жерлерде топырақ беті өте кауіпті гептил жанармайы мен және ракета "коқыстарымен" ластанған.

Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сиякты ракета, космос корабльдерінің үшуы "кышқыл жауындар" жаудырып коршаған ортаның тірі комплексінің 3-50 % биомассасын жойып жіберді. Мәселен, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында ғана 24000 ракета барлығы 30 мың тонна жанармай жаққан. 1994 ж. 5 шілде мен 27 казанда апатқа үшыраған "Протон" ракета тасығышы Қарағанды облысынын жеріне гептилен уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигон-дарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жинакталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының -190 га, Жезқазған облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының - 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі тавда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.

Қазақстанның қүрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, үзак сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялык ауруларға үшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте түр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, тубуркулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде.

Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстаннын қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде Қазақтьщ үлан-ғайыр аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып болашақ үрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап, өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.

5.3-кесте

Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары

Аймактың қауіптіліп дозасы, бэр Облыс, аудан, елді мекендер
1. Төтенше кауш-катерлі аймак   Шығыс Қазакстан облысы: Абай, Бесқарағай, Жаңасемей
2. Қауіп-катерлі аймак 35-100 Шығыс Қазакстан облысы: Бескарағай, Жаңасемей, Абай, Абралы аудандары. Павлодар облысы, Май ауданы.
3. Орташа кауш-қатерлі аймак 7-100 Шығыс Қазакстан облысы: Семей, Курчатов каласы, Шүбартау, Аякез ауданы, Бородуллихин, Новошульба. Қарағанды облысы: Егіндібүлак ауданы. Павлодар облысы: Май ауданы. Шығыс-Қазақстан облысы: Өскемен, Лениногор, Глубокин,

 

Дәріс №13.

Тақырыбы:Тұрақты даму

1. Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

2. Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері

3. Қазақстан және тұрақты даму проблемасы

4. Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

Жалпы теориялық табиғат қорғау пәндерінің блогына: биосфера жайлы ілім, биосфера және географиялық жүйе, қоршаған ортаны қорғау теориясы, жүйелі талдау, табиғат корғау және геоэкология негіздері пәндері жатады. Ресурстық табиғатты пайдалану блогы құрамына: топырақ және жер ресурстар экологиясы, аквальдық жүйе экологиясы, ландшафтар геофизикасы мен геохимиясы, атмосфералык ауаны қорғау, т.б. пәндер кіреді. Аумақтық табиғатты пайдалану блогы жүйесіне әлемдік табиғатты пайдалану географиясы, Қазақстан экологиясы, Қазақстанның экологиялық тұрақсыздық қалпындағы геожүйелері және т.б. пәндер енеді.

Айрықша орынды қолданбалы табиғатты пайдалану блогынын зерттеу пәндері: медициналык география, геоэкологиялык аудандастыру, урбаэкология, геоэкологиялық болжау, табиғатты пайдалану экономикасы т.б. алады. Табиғатты пайдалануды басқару блогының құрамына геоэкологиялық экспертиза, геоэкологиялык картография, геоэкологиялық мониторинг т.б. пәндер кіреді. Енді осы геоэкологиялық білім беру құрылымын жинақтаушы блокқа конструктивті табиғатта пайдалану пәндер: мәдени ландшафтар, табиғи техникалық жүйелерді жобалау, табиғатты пайдалануды оңтайландыру, геожүйелерді экологиялық тұрақтандыру, конструкциялы геоэкология және т.б. жатады.

XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше дамыды. Оның себебі, географиялык ортаның антропогендік өзгерістерге ұшырауынан. Бұл өзгерістердің ауқымдылығы адамдардың өздерінің тікелей және жанама әсерін тигізуінен болып отыр. Әсіресе қазба байлықтарды өндіруде, жердің беткі қабаттарына түсетін әсердің сол жердің табиғи кешендерін күрт өзгеретінін есептемеді. Мысал ретінде, Қоңырат кешенінің үлкен көлемді алып жатқан қазан шұңқырын айтуға болады. Сол сияқты адамның әрекетінен пайда болған, жоспарсыз есептелінбей жасалынған жер бетіндегі ірі қопарылыстар, жарылыстар, каналдарды айтуға болады. Академик А. Л. Янщин айтқандай екінші дүние жүзілік соғыстың өзі қоғамға орасан шығын мен қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соқты. Осының салдарынан экологиялық жағдай түбірімен өзгерді, табиғат деградацияға ұшырады. Халық санының күрт артуы және қазба байлықтарды өндіру, кең алаңдарының көбеюі өсімдік пен жануарлар түрінің, олардың тіршілік ареалының барынша азаюына әкеліп соқты. Сонымен қатар өндірістің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жедел дамуы табиғи ортаның күрт өзгеру салдарынан экологиялық нашар аудандарды қалыптастырды.

2. Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы - экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан "табиғат қорғау" ұғымының мәні зор. "Табиғат қорғау" ұғымына жақын "қоршаған ортаны қорғау" ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану - табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлык өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:

Табиғат міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

Дәріс №14.

Тақыорыбы: Қазақстан және тұрақты даму проблемасы

1. Қазақстанның адами дамуы.

2. Қазақстан адами даму тұжырымдамасын таратудағы БҰҰ Даму бағдарламасының рөлі. Қазақстандағы адами дамуы жөніндегі Ұлттыық есептерді даярлау.

3. Адами даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер және олардың Қазақстандағы динамикасы.

Адам даму мен орнықты даму арасындағы байланыстылық. 1987 жылы БҰҰ – ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылы өз баяндамасында қаратуғам шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әуелетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жариялаған баяндаманың жобасы түрінде К.Гриффин дайындаған еді. Кейін К.Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылады.

Адам әуелетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобел сыйлығының лауреаты Амартьи сеннің теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материялдық немесе экономикалық әл ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмікіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктерді, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, қөп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын тағылар ретінде қарады. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының рөлі

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі, алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылы адамның дамуы туралы баяндамада жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индекісін өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Қазақстандағы адами даму жөніндегі ұлыттық есептерді даярлау

Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік туғызатын стртегиялық көрсеткіштердің кең және тармақтанған жүйесін алдын ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін:

1.Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер.

2. Адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер.

3. Адам дамуының өзгеде аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер.

Адами даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер және олардың қазастандағы динамикасы Адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне көп жасау, білімділік жәен тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.Т ұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтилы. Мәселен, көп жасау ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, қоғам өміріне қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адам дамуының осы үш копонементі үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынады. Бұл ретте базалық көрсеткштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады.

Туу кезінде күтілетінөмір сүру ұзақтығы ұрпақтың бүкіл өміріңнің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамыныңалда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны.

Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс де, еркек пен әйел үшін жеке жеке де есептеледі.

Тұрғындардың қайыршылық индекісін есептеу кезінде пайдаланатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың бес жасқа дейінгі өлім жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін ананың өлім жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Адам дамуының индекісі

Адам даму мен орнықты даму арасындағы байланыстылық

Адам дамуының индекісі басқа үш индекістің: туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу және жан басына табыс деңгеиінің орташа арифметикалык шамасы ретінде есептелінеді. Білім алу деңгеиінің индекісі сауаттылық деңгейінің және білім алудың қол жетімділік индекістерін негізінде есептеледі.

АДИ ды пайдалану оны кішірейту арқылы жақсаруы мүмкін.елдің жалпы индекісі адамдар әртүрлі топтары елдің ішінде, мейлі айырмашылық өңірлерге, жынысқа немесе жердің тұрпатына байланысты болсын адам дамуының әртүрлі деңгейіне ие бола алатын сол фактіні жасыра алады.

Орнықты даму адамдардың жалпы тұрмыс тіршілігіне қатысты. Олардың өмір сүруіне жағдай жасайдыікөп жасау ұзақ өмі сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білімдерді, қоғам өміріне қатысуды, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына байланысты.

1.Қазақстанның табиғат қорғау заңдары.

Тірек сөздер: биосфера тұрақтылығын сақтау, экологиялық ағарту, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат

Экологиялық білім берудін қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту.

Экологиялық білім берудің нормалыкреттеуші құжаттары "Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда" (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сактау концепциясында" (1997), "Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасында" (1999) қарастырылған.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады.

 

Дәріс № 15.

Тақырыбы:Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы

1. Қазақстан Республикасының экология саласындағы мемлекеттік саясатты

2. Қазақстан Республикасының экология саласындағы бағдарламалары

Осы қүжаттың ережелерін іске асыру республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен үтымды табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік қолдау және реттеу шараларын әзірлеуді және іске асыруды көздейді.

Осы қүжаттың ережелерін қоғам мен мемлекет қызметінің жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу ерекшеліктеріне катысты нақтылау Қазақстан Республикасынын мемлекеттік өңірлік және салалық бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірінші кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны корғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асыры-латын қоршаған ортаны қорғау, экологиялык сақтандыру, өндіріс және түтыну қалдьщтары, экологиялық аудит туралы мәселерді реттеуге бағытталған заң актілері әзірленетін, қоршаған орта мен табиғи ресурс-тар мониторингінің бірыңғай жүйесі қүрылатын болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1050; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.063 сек.