Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сімдіктер мен микроорганизмдер. 1 страница




Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

Вариант

1. «Рим клубының» негізін салған қайраткер:

1. А. Печчеи

2. В.И.Вернадский

3. В. Шелфорд

4. А. Тенсли

5. Ю. Либих

2. Экожүйелердің құрылысын, қызметі мен дамуын зерттейтін сала:

1. синэкология;

2. геология;

3. аутэкология;

4. демэкология;

5. геоэкология

3. Адаптация дегеніміз, бұл:

1. қоршаған орта жағдайлары өзгерген кездерде организмнің функционалдық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретін реакциялардың жиынтығы;

2. экологиялық факторлардың әсеріне организм төзімділігінің шегі;

3. организмнің өсіп-өркендеуі үшін қажетті экологиялық факторлардың жиынтығы;

4. қоршаған ортаның белгілі бір ресурстарына деген организмнің мұқтаждығы;

5. организмнің тәулік мезгілін анықтау қасиеті.

4. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер қандай топқа жатады:

1. автотрофтарға;

2. гетеротрофтарға;

3. фототрофтарға;

4. продуценттерге;

5. хемотрофтарға.

5. Жабысқақ балық акуланың денесіне жабысып алып акуламен бірге жүзіп жүреді және оның олжасының қалдықтарымен қоректенеді. Дегенмен акулаға бұдан келер зиян жоқ. Түр аралық қатынастың осындай түрі қалай деп аталады?

1. бәсекелестік;

2. комменсализм;

3. протокооперация (ынтымақтастық);

4. жыртқыштық;

5. паразитизм.

6. Сандар пирамидасы ережесіне сәйкес, қоректік тізбектерге қатысатын дара организмдердің саны бір буыннан келесі буынға өткен сайын:

1. артып отырады;

2. кеміп отырады;

3. артуы мен кемуінде периодтылық байқалмайды;

4. өзгермейді;

5. синусоидты график бойынша (циклды түрде) өзгереді.

7. Төменде аталғандардың қайсысы табиғи биоценоз болып табылады?

1. астықты алқап;

2. саяжай танабы (дача);

3. бақ;

4. аралас орман;

5. саябақ (парк).

8. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады?

1. мұхиттың биологиялық ресурстары;

2. атмосфераның жекелеген компоненттері (оттегі, азот);

3. жер ресурстары;

4. күн радиациясы;

5. құрлықтың биологиялық ресурстары.

9.Популяция анықтамасы үшін маңызды критерий болып табылады?

1. тіршілік әрекеттерін түнде атқаруы;

2. организмдер арасындағы қарым-қатынастардың типі (түрі);

3. абиотикалық факторлар кешені (комплексі);

4. панмиксияға (еркін шағылысуға) қабілеттілігі;

5. биотикалық факторлар кешені (комплексі).

10.Бактериялар мен саңырауқұлақтар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?

1. консументтерге;

2. редуценттерге;

3. продуценттерге;

4. жыртқыштарға;

5. фототрофтарға.

11. Төменде келтірілгендердің қайсысы продуцент:

1. шөптесін өсімдік;

2. саңырауқұлақ;

3. жыртқыш балықтар;

4. шөпқоректі жануарлар;

5. паразит құрттар.

12. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза болып есептеледі?

1. жылу электр станциялары;

2. су электр станциялары;

3. атом электр станциялары;

4. жел энергиясын пайдалану;

5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.

13. Қоректік тізбектер экожүйеде ненің тасымалдануын сипаттайды:

1. генетикалық информацияның;

2. қоректік заттар мен энергияның;

3. тұқым қуалаушылық информациясының;

4. фенотиптік белгілердің;

5. адаптациялық белгілердің.

14. Демографиялық жарылыстың нәтижесі мынадай болуы мүмкін емес:

1. табиғи ортаның ластануының күшеюі;

2. табиғи ресурстардың азаюы;

3. күн активтілігінің артуы;

4. биологиялық әралуандылықтың азаюы;

5. егістік жерлердің азаюы;

15. Биосфераға түсетін күн энергиясы ақырында энергияның қандай түріне айналады:

1.электр энергиясына;

2.механикалық энергияға;

3.химиялық энергияға;

4.жылу энергиясына;

5.дыбыс энергиясына.


 

1. «Рим клубы» деп аталатын Халықаралық зерттеу орталығының бірінші баяндамасы қалай аталады:

1. Өсу шектері;

2. Ғаламдық тепетеңдік;

3. Биосфера-2;

4. Биосфера-3;

5. Адамзат және қоршаған орта.

2. Экологияның қай бөлімі экожүйелердің өнімділігін зерттеумен айналысады?

1. аутэкология;

2. демэкология;

3. синэкология;

4. экотоксикология;

5. әлеуметтік экология.

3. Автотрофты организмдер сулық экожүйелерде қандай систематикалық топ түрінде кездеседі:

1. моллюскалар;

2. шаян тәрізділер;

3. су құстары;

4. су балдырлары;

5. зоопланктон.

4. Өсімідік жапырақтарында күн сәулесінің әсерімен қандай процесс жүреді:

1. органиқалық заттардың ыдырауы;

2. тыныс алу;

3. фотосинтез;

4. ақуыздардың синтезі;

5. мутациялар.

5. Екі түр үшін де тиімді түр аралық қарым-қатынас формасы қалай аталады:

1. Паразитизм;

2. Мутуализм;

3. Бәсекелестік;

4. Жыртқыштық;

5. Нейтрализм.

6. Нәтижесінде биотикалық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепетеңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы қалай аталады?

1. конвергенция;

2. климакс;

3. сукцессия;

4. эволюция;

5. морфологиялық адаптация.

7. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады?

1. мұхиттың биологиялық ресурстары;

2. атмосфераның жекелеген компоненттері (оттегі, азот);

3. жер ресурстары;

4. атмосфералық жауын-шашындар;

5. құрлықтың биологиялық ресурстары.

8.Климаттық факторлардың біреуінің ғана болса да сандық көрсеткіштері белгілі бір түрге жататын организмдердің төзімділік шектерінен шығып кетсе, онда:

1. түр осы факторға бірден бейімделеді;

2. организмдердің 100% тірі қалады;

3. организмдердің 90% тірі қалады;

4. организмдердің 80%тірі қалады;

5. түрдің сақталуы мүмкін емес.

9.Жануарлар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?

1. консументтерге;

2. редуценттерге;

3. продуценттерге;

4. автотрофтарға;

5. фототрофтарға.

10.Төменде келтірілгендердің қайсысы редуценттерге жатады:

1. жыртқыш балықтар;

2. шөпқоректі жануарлар;

3. ағаштар;

4. шөптесін өсімдіктер;

5. бактериялар.

11. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең қауіпсіз болып есептеледі?

1. тұрмыстық жылыту қазандықтары;

2. гидроэлектростанциялар;

3. теңіз толқындарының энергиясы;

4. атом электр станциялары;

5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.

12. Жер бетінде пайда болған алғашқы организмдер, мыналар болатын:

1. эукариоттар;

2. жоғарғы сатыдағы өсімдіктер;

3. сүтқоректілер;

4. прокориоттар;

5. тұяқтылар.

13. Тіршіліктің атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралуын мынадай факторлар шектейді:

1. радиация деңгейінің жоғарылығы және оттегінің парциалдық қысымының төмен болуы;

2. метанның және басқа да көмірсутектерінің концентрациясының жоғары болуы;

3. аргонның және басқа да инертті газдардың концентрациясының жоғары болуы;

4. мұз кристалдарының болуы және су буының жоқтығы;

5. көміртегі тотығының (СО) концентрациясының жоғарылығы.

14. Жер халқының тоқтаусыз өсуінің себебі:

1. дамушы мемлекетердегі халықтықтың еш шектеусіз туылымы;

2. әлемдегі көптген жанұялардың материялдық жағдайларының жақсаруы;

3. барлық мемлекеттерде дерлік өлім-жітімнің төмендеуі;

4. барлық мемлекеттерде өлім-жітім мөлшерінің жоғары болуы;

5. Батыс Европа мемлекеттеріндегі депопуляция (халқының сиректеп кетуі) процесі.

15. Төменде келтірілгендердің ішінде биосферада ең көп таралған биогендік элемент:

1.плутоний;

2.стронций;

3.цезий;

4.уран;

5.оттегі;

 

1. 1992 жылғы Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық конференция қай жерде өтті:

1. Рио-де-Жанейрода;

2. Римде;

3. Нью-Йоркте;

4. Парижде;

5. Москвада.

2. Экология ғылымының қай бөлімі экожүйелердің трофикалық құрылымын зерттеумен шұғылданады?

1. аутэкология;

2. демэкология;

3. синэкология;

4. экотоксикология;

5. әлеуметтік экология.

3. Төменде келтірілгендердің қайсысы автотрофты организмдерге жатады:

1. саңырауқұлақтар;

2. буылтық денелілер (жәндіктер);

3. құстар;

4. адам;

5. жасыл өсімдіктер.

4. Ішкі дене температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұра алмайтын, сондықтан дене температурасы қоршаған орта температурасына қарай өзгеріп отыратын, организмдер қай топқа жатады:

1. гомойотермдік (жылы қанды);

2. эврибионттық;

3. пойкилотермдік (суық қанды);

4. суыққа төзімді;

5. стенобионттық.

5. Берілген организмдер жұптарының қайсына паразиттік қарым-қатынас тән:

1. тиін - сусар;

2. бұқпа шаян - актиния;

3. қоян - түлкі;

4. акула - жабысқақ балық;

5. аскарида - адам.

6. Экожүйенің дамуының кемеліне жеткен және біршама тұрақты сатысы қалай деп аталады:

1. сукцессия;

2. флуктуация;

3. климакс;

4. пирамида;

5. эволюция.

7. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылатын (таусылатын) ресурстар қатарына жатады?

1. атмосфералық жауын-шашындар;

2. Жердің су ресурстары;

3. ғарыштық радиация;

4. жердің өсімдік ресурстары;

5. жел.

8. Төменде келтірілгендердің қайсысы популяцияның статикалық көрсеткіштеріне жатады?

1. популяцияның құрамы мен құрылымы;

2. популяция санының өсуі;

3. туылымы;

4. өлім-жітімі;

5. тірі қалу мөлшері.

9.Биоценоздарда өсімдіктер қандай қызмет атқарады:

1. 1-ші кезектегі консументтер қызметін;

2. редуценттер қызметін;

3. продуценттер қызметін;

4. 2-ші кезектегі консументтер қызметін;

5. детритофагтар қызметін.

10. 1-ші кезектегі консументтер қандай организмдер:

1. жыртқыштар;

2. шөпқорекі жануарлар;

3. өлексемен қоректенуші жануарлар;

4. жасыл балдырлар;

5. гүлді өсімдіктер.

11. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпті болып есептеледі?

1. жылу электр станциялары;

2. теңіз толқындарының энергиясы;

3. жел қуаты;

4. күн радиациясы;

5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.

12. Алғашқы тірі организмдер тек сулы ортада пайда бола алатын еді, себебі атмосферада мына зат болмаған:

1. СО2;

2. инетррі газдар;

3. озон;

4. метан;

5. су буы.

13. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде жердің географиялық қабықшасында пайда болған маңызды өзгеріс:

1. Алғашқы мұхит суларының және атмосфераның химиялық құрамы өзгерді;

2. күн энергиясының ағыны күшейді;

3. жанартаулардың саны көбейді;

4. жердің экватариальдық радиусы кішірейді;

5. Әлемдік Мұхиттың ауданы өсті.

14. Соңғы есептеулер бойынша жер шарындағы халықтың саны қанша:

1. 1 млрд;

2. 10 млрд;

3. 15 млрд;

4. 6 млрд;

5. 500 млрд.

15. Биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор:

1.биологиялық алуантүрлілік;

2.Әлемдік Мұхит көлемі;

3.атмосфераның химиялық құрамы;

4.литосфераның химиялық құрамы;

5.судың химиялық құрамы.

 

1. Бүкіл планетадағы экологиялық жағдай бойынша тұрақты бақылаулар жүргізу және мағлұмат жинау қалай аталады:

1. Глобалдық мониторинг;

2. Химиялық мониторинг;

3. Физикалық мониторинг;

4. Биологиялық мониторинг

5. Әлеуметтік мониторинг.

2. Экология ғылымының қай бөлімі экологиялық сукцессияларды зерттеумен шұғылданады?

1. аутэкология;

2. демэкология;

3. инженерлік экология;

4. әлеуметтік экология.

5. синэкология;

3. Автотрофтылар деп мынадай қасиеттері бар организмдер аталады:

1.бейорганикалық қосындылардан өздері органикалық заттар синтездей алатын;

2.тіршілік процесі барысында дайын органикалық заттарды пайдаланатын;

3. өлі органикалық заттарды ыдырататын;

4. өсімдік тектес азықпен қоректенетін;

5. жануар тектес азықпен қоректенетін.

4. Толеранттық заңына сәйкес:

1. негізгі экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің минималды мөлшеріне тең болған жағдайда организм тіршілік ете алмайды;

2. негізгі экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің минималды мөлшеріне тең болған жағдайда организм өсіп-өркендейді;

3. барлық экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің оптималды мөлшеріне тең болған жағдайда ғана организмдер тіршілік ете алады;

4. барлық экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің максималды мөлшеріне тең болған жағдайда ғана организмдер тіршілік ете алады;

5. организмдер, әсер етуші экологиялық факторлар мөлшерінің белгілі бір аралықтарында ғана тіршілік ете алады.

5. Берілген организмдер жұптарының қайсына "жыртқыш-жемтік"қарым-қатынасы тән:

1. тиін - бұлан;

2. ханқызы қоңызы – шөпшіркей;

3. акула – жабысқақ балық;

4. бұқпа шаян - актиния;

5. бұршақ тұқымдас өсімдіктер – азотфиксациялаушы бактериялар.

6. В.И.Вернадский Жердің қандай аймағын Биосфера деп түсінген?

1. Жердің қазіргі кездегі тіршілік таралған аймағын;

2. планетаның қазіргі кезде тіршілік жоқ аймақтарын;

3. Жер планетасының қазіргі кезеңде тіршіліктің негізгі биомассасы шоғырланған аймағын;

4. Жер планетасының өткен дәуірлерде тіршілік таралған және тіршіліктің ықпалында болған аймақтарын;

5. Жер планетасының өткен дәуірлерде және қазіргі кезде тіршілік таралған және тіршіліктің ықпалында болған аймақтарын.

7. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылатын (таусылатын) ресурстар қатарына жатады?

1. күн радиациясы;

2. жел энергиясы;

3. топырақ ресурстары.

4. теңіз толқындарының қуаты;

5. жер қойнауының қызуы;

8.Төменде келтірілгендердің қайсы популяцияның динамикалық көрсеткіштеріне жатады?

1. туылымы;

2. саны;

3. тығыздығы;

4. жастық құрамы;

5. популяцияның кеңістіктік құрылымы.

9.Сулық экожүйеде продуценттер қызметін қандай организмдер атқарады:

1. фитопланктон;

2. зоопланктон;

3. жыртқыш балықтар;

4. моллюскалар;

5. су құстары.

10. Продуценттердің экожүйедегі ролі қандай:

1. фотосинтез барысында күн энергиясын фиксациялау;

2. өлі органикалық заттарды ыдырату;

3. энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау;

4. минералдық заттар қорын түзу;

5. шайынды суларды тазарту.

11. Мемлекеттік қорық дегеніміз:

1. жылдың белгілі бір маусымдарында аң аулауға рұқсат етілетін табиғи территория;

2. ауыл шаруашылық дақылдары егілетін, қорылатын территория;

3. табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында шаруашылық әрекеттерден шығарылып тасталған ерекше қорылатын табиғи территория;

4. мал бағуға ғана рұқсат етілетін табиғи территория;

5. су құстарының ұясын қорғау үшін бөлінген территория.

12. Жыртқыш-жемтік қарым-қатынасы нені реттейді:

1. биоценоз өнімділігін;

2. популяция санын;

3. популяцияның жастық құрылымын;

4. популяцияның жыныстық құрылымын;

5. экожүйенің энергетикалық балансын.

13. Табиғаттағы мына құбылыстар биосфераның тірі затының қызметімен байланысты:

1. тау түзу процестері;

2. заттардың экожүйедегі толассыз айналымы;

3. Жердегі жанартаулардың активтілігі;

4. цуниамилер;

5. күн активтілігінің артуы.

14. Қазіргі кездегі көптеген мамандардың тұжырымы бойынша тірі организмдер қашан пайда болған:

1. 20 млрд. жыл бұрын;

2. 3,5 млрд. жыл бұрын;

3. 10 млрд жыл бұрын;

4. 1 млрд. жыл бұрын;

5. 2 мың жыл бұрын.

15. Биосферадағы продуценттер фиксациялаған күн энергиясының консументтерге қандай прценті келіп жетеді:

1.100%,

2.50%;

3.10%;

4.90%;

5.75%.

 

 

1. Қоршаған ортаның әлеуметтік компонентіне нелер, жатады:

1. Қоғам, қоғамдық қарымқатынастар, мәдениет;

2. Қоғам, биосфера, мәдениет;

3. Қоғам, өсімдік жамылғысы,экожүйе;

4. Қоғам, қоғамдық қарымқатынастар, биогеоценоз.

5. Ауа бассейнінің, ауыз судың, жолдардың сапасы.

2. Табиғи популяциялардың кеңістіктік орналасуын зерттейтін экологияның бөлімі қалай аталаны:

1. экотоксикология;

2. демэкология;

3. синэкология;

4. радиоэкология;

5. экогенетика.

3. Төменде келтірілгендердің қайсысы гетеротрофты организмдерге жатады:

1. хемосинтездеуші бактериялар;

2. шаян тәрізділер;

3. көп жасушалы балдырлар;

4. қылқанды ағаштар;

5. бір жасушалы балдырлар.

4. Популяция дегеніз, бұл:

1. бір түрге жататын, белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, өзара еркін шағылыса алатын және биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын организмдердің тобы;

2. бөтен түрлерге жататын, белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын организмдердің тобы;

3. белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір табынға жататын организмдердің тобы;

4. белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір үйірге жататын организмдердің тобы;

5. белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір ұяға жататын организмдердің тобы;

5. Берілген организмдер жұптарының қайсына бәсекелестік қарым-қатынас тән:

1. түлкі - қасқыр;

2. тиін-бұлан;

3. бұқпа шаян - актиния;

4. талшықты инфузориялар – термиттер;

5. бұршақ тұқымдас өсімдіктер – азотфиксациялаушы бактериялар.

6. Төменде аталғандардың қайсысы биосфераның негізгі ұйымдастырылу бірлігі болып табылады?

1. экожүйе;

2. популяция;

3. фитоценоз;

4. аудан бірлігі - га;

5. биотоп.

7. «Канцерогендер» деп қандай заттарды атайды?

1. қатерлі ісік ауруларын тудыратын заттар;

2. аллергиялық аурулар тудыратын заттар;

3. эмбриотоксиндік әсері бар заттар;

4. жұқпалы аурулар тудыратын заттар;

5. созылмалы және қауырт улану тудыратын заттар.

8.Төменде келтірілгендердің қайсысы популяцияның динамикалық сипаттамалары қатарына жатады?

1. кеңістіктік құрылымы;

2. жастық құрамы;

3. тығыздығы;

4. тіршілік ету сипаты;

5. өлім-жітім мөлшері.

9.Сулық экожүйеде консументтер қызметін қандай организмдер атқарады:

1. бір жасушалы балдырлар;

2. жыртқыш балықтар;

3. жіпше балдырлар;

4. бактериялар;

5. гүлді өсімдіктер.

10. Тундралық экожүйеде бірінші қоректік деңгейді қандай организмдер құрайды:

1. полярлық жапалақтар;

2. бұғылар;

3. бұталар;

4. қояндар;

5. лемминг тышқандары.

11. Қазақстан Республикасының территориясында қанша мемлекеттік қорық орналасқан:

1. ерекше қорылатын территориялар жоқ;

2. 1;

3. 10;

4. 50;

5. 100.

12. Экологиялық сукцессия – нелердің алмасуы:

1. суландыру режимінің;

2. топырақ типтерінің;

3. биоценоздардың;

4. климаттың;

5. жер бедерінің (рельефтің).

13. Биосфераның тірі затының шоғырландыру (концентрациялау) қызметінің мәні мынада:

1. минералды таукен жыныстарын ыдыратуы;

2. табиғаттағы шашыраңқы элементтерді организмдердің денесінде жинақтауы;

3. жарық энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдыруы;

4. қоректік заттарды организмдер тізбегі арқылы тасымалдауы;

5. энергияны организмдер тізбегі арқылы тасымалдауы.

14. Жер бетіндегі ең алғаш пайда болған тірі организмдер:

1. жабықтұқымды өсімдіктер;

2. өзекті өсімдіктер;

3. омыртқасыздар;

4. бактериялар;

5. сүтқоректілер.

15. Өсімдіктердің жер шарындағы ролі қандай:

1.өлі органикалық затты ыдырату (деструкциялау);

2.күн энергиясының бастапқы аккумулияторы (жинақтаушылар);




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1096; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.235 сек.