Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сімдіктер мен микроорганизмдер. 4 страница




4. сулық экожүйенің тереңдігі және зоопланктон;

5. сулық экожүйенің температуралық режимі және сондағы организмдердің түр құрамы.

8.Төменде келтірілген популяция санын реттеуші факторлардың қайсысы популяция тығыздығына тәуелді болады?

1. жұқпалы аурулар;

2. су тасқыны;

3. дауыл;

4. құйын;

5. жанартаудың (вулканның) атылуы.

9. Маржан рифтерінің өнімділігі мұхиттың экватор маңындағы өзге аудандарының өнімділігінен әлдеқайда жоғары, себебі олар:

1. тайыз жерлерде орналасқан;

2. биогендік элементтерді көбірек қабылдайды;

3. суды көбірек қабылдайды;

4. жылуды көбірек қабылдайды;

5. оттегін көбірек қабылдайды.

 

10. 10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі аралардың еншісіне “күн энергиясының” қанша пайызы тиеді:

1. 0,01 %;

2. 0,1 %;

3. 1 %;

4. 10 %;

5. 100 %.

11. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының (СО²) басым бөлігінің атмосфераға шығарылу көзі, ол:

1. Жанартаулардың атылуы;

2. Ормандардың өртенуі;

3. Батпатардың бетінен көтерілген метанның тотығуы;

4. Қазба отындардың барлық түрлерін жағу;

5. Тірі организмдердің тыныс алуы.

12. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметі қандай өзгерістерден білінеді:

1. күн активтілігінің өзгеруінен;

2. магнитіктік дауылдардың қарқынынан;

3. жанартаулардың активтілігің өзгеруінен;

4. атмосферадағы ауа ағындарының бағытының өзгеруінен;

5. тіршілік ортасының физикалық-химиялық жағдайларының өзгеруінен.

13. Элементтердің ғаламдық биогеохимиялық тасымалдану циклдары мыналарды байланыстырады:

1. тек гидросфера мен литосфераны байланыстырады;

2. тек литосфера мен биосфераны байланыстырады;

3. Жердің барлық геологиялық қабаттарын;

4. тек атмосфера мен гидросфераны;

5. тек атмосфера мен литосфераны.

14. Биосфераны зерттеумен негізінен экологияның қай бөлімі шұғылданады:

1.аутэкология;

2.синэкология;

3.демэкология;

4.глобальдық экология;

5.әлеуметтік экология.

15. Биосфераның тірі затының массасы Жер қыртысымен салыстырғанда мардымсыз аз шама, соған қарамастан ол ғаламдық роль атқарады. Соны В.И.Вернадский қалайша түсіндіреді:

1. Биосферада Homo sapіens пайда болуымен;

2. Ғылыми-техникалық прогреспен;

3. Космостық кеңістікті игеруімен;

4. Заттардың қарқынды айналымын қамтамасыз ететін тірі организмдердің тез көбеюімен;

5. Айдың әсерімен.

 

1. Биосфераның орнықтылығы неге тәуелді:

1. Түр әралуандылығына;

2. Планета радиусының ұзындығына;

3. Температураның маусымдық ауытқуларына;

4. Жер рельефіне;

5.Құрлық тақталарының қозғалуына.

2. Ю.Либихтың минимум ережесі мен В.Шелфордтың толеранттық заңының арасында айырмашылық бар ма?

1. жоқ, бұлар бір ғана табиғи құбылыстың әртүрлі баяндалуы;

2. иә, "минимум ережесі" организмдердің кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады;

3. иә, "минимум ережесі" экологиялық факторлардың кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады;

4. иә, себебі "минимум ережесі" "толеранттық заңының" жекелеген бір көрінісі ғана;

5. иә, себебі "толеранттық заңы" "минимум ережесінің " жекелеген бір көрінісі ғана.

3. Тропикалық орман басқа аймақтардың ормандарына қарағанда түрлерге әлдеқайда бай, себебі:

1. тропикалық ормандарда түр ішіндік бәсекелестік болмайды;

2. тропикалық ормандарда қатаң түр аралық бәсекелестік болмайды;

3. тропикалық ормандар антропогендік ықпалға ұшырамаған;

4. тропикалық ормандарда абиотикалық факторлардың мөлшері өте қолайлы үйлескен;

5. тропикалық ормандарда жыртқыштар жоқ.

4. Популяциядағы уақыт бірлігі ішінде пайда болған дара организмдер саны қалай аталады:

1. популяция саны;

2. популяция тығыздығы;

3. популяцияның туылымы;

4. популяцияның өлім-жітімі;

5. популяцияның экологиялық қуысы.

5. Бір трофикалық деңгейден келесі трофикалық деңгейге берілетін энергия, ілгерілеу тұрған деңгейдегі энергияның қанша пайызын құрайды?

1. шамамен 1%;

2. шамамен 5%;

3. шамамен 10%;

4. шамамен 15%;

5. шамамен 50%.

6.Төменде келтірілгендердің қайсысы Биосфераның жанды затына жатпайды:

1. жануарлар;

2. минералдық тау жыныстарының кені;

3. саңырауқұлақ споралары;

4. бұталар;

5. мүктер мен қыналар.

7. Құрлықтық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады:

1. өзендер мен көлдер;

2. ашық мұхит;

3. қылқанды орман (тайга);

4. жағалауға жақын шығанақтар;

5. су қоймалары.

8.Экологиялық қуыс дегеніміз - бұл:

1. азықтық ресурстар үшін бәсекелестік болмайтын аймақ;

2. организмдер өсіп-өнетін (төлдейтін) жер;

3.организмнің қоршаған орта жағдайларына қояр талаптарының жиынтығы;

4. жыл құстарының ұя басатын орны;

5. бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жері.

 

9. Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең төмен биологиялық өнімділік тән?

1. тропикалық орман;

2. тайга (қылқанды орман);

3. тундра;

4. дала;

5. төгілмелі жапырақты орман.

10. 10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі шөптесін өсімдіктердің еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді:

1. 0, 1%;

2. 100 %;

3. 5 %;

4. 10%;

5. 0,01 %.

11. Ғалымдар ескертіп отырған Жер климатының жылынуы негізінен атмосфераға қандай заттың шығарылуымен байланыстырылады:

1. Көмірқышқыл газының;

2. Фреондардың;

3. Шаңның;

4. Күкір қосындыларының;

5. Азот тотықтарының.

12. Биотоп ненің құрамдас бөлігі:

1. фитоценоздың;

2. фитопланктонның;

3. экожүйенің;

4. зоопланктонның;

5. жер магнитосферасының.

13. Ғаламдық (глобалдық) экология қандай заңдылықтарды зерттейді:

1. тірі организмдердің кеңістік бойынша таралуын;

2. тірі организмдердің уақыт бойынша таралуын;

3. тірі организмдердің сандарының реттелуін;

4. биосфераның қызмет атқаруын;

5. сулық экожүйедегі заттар айналымын.

14. Биоценоздың бір территорияда кезектесіп алмасуы қалай аталады:

1. демографиялық жарылыс;

2. экологиялық сукцессия;

3. урбандалу;

4. шөлдену;

5. экологиялық қуыс.

 

15. Биотикалық потенциал дегеніміз – бұл:

1. Популяцияның антропогендік факторлардың әсерімен өзінің туылымын арттыруға қабілеттілігі;

2. Түрдің қоршаған ортаның жағымсыз факторларына бейімделуге қабілеттілігі;

3. Репродуктивті кезеңде бір аналық бере алатын ұрпақтардың максималды мөлшері;

4. Түрдің тіршілік үшін қолайлы орындарды іздеп табуға қабілеттілігі;

5. Түрдің жаңа игерілген территориялар есебінен өз арөалын кеңейтуге қабілеттілігі.

 

1. Экология ғылымының “демэкология” деп аталатын бөлімі мынадай мәселені зерттейді:

1. популяция критерийлері мен популяциялардың негізгі сипаттамаларын;

2. қауымдастық құрамындағы организмдердің өзара қарым-қатынастарын;

3. биосфераның жанды затының функцияларын (атқаратын қызметтерін);

4. экожүйелердің түрлері (типтері) мен қызмет атқару ерекшеліктерін;

5. ластанулардың биоценоздардың түрлік құрамына әсерін.

2. Экологияның қолданбалы маңызы неден білінеді?

1. егістік дақылдар мен малдардың өнімділігі жоғары тұқымдарын шығарудан;

2. ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресудің пәрменді жаңа әдістерін табу мен қолданудан;

3. зиянды қоспалардың адам денсаулығына әсерінзерттеуден;

4. әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттарды нормалаудан;

5. экологиялық заңдылықтарды табиғат қорғаудың практикалық мәселелерін шешу үшін пайдаланудан.

3. Мұхиттың терең қабаттарына тіршіліктің таралуын абиотикалық факторлардың қайсысының шектеу ықтималылығы жоғарылау?

1. ерітілген көмірқышқыл газы мен азот;

2. судың қысымы мен тұздылығы;

3. үлкен тереңдіктегі ағыстар мен мұхит табанының бедері;

4. жарық пен оттегінің жетіспеушілігі;

5. органикалық қалдықтардың көптігі.

4. Туылым мен өлім-жітім көрсеткіштері қандай өлшем бірліктері арқылы өрнектеледі?

1. дара организмдер саны арқылы;

2. уақыт бірлігіне шаққандағы дара организмдер саны арқылы;

3. аудан бірлігіне шаққандағы дара роганизмдер саны арқылы;

4. көлем бірлігіне шаққандағы биомасса арқылы;

5. өлшем бірліктері жоқ.

5. Өсімдіктер экожүйеде қандай қызмет атқарады?

1. органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдыратады;

2. бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді;

3. ІІ трофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады;

4. ІІІ трофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады;

5. ІV тофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады.
6. Төменде келтірілгендердің қайсысы Биосфераның жанды затына жатады:

1. әктастар;

2. мұнай;

3. саңырауқұлақ споралары;

4. магмалық тау жыныстары;

5. атмосфераның ең төменгі қабаты.

7. Сулық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап ал):

1. өзендер және шөлдер;

2. ашық мұхит және тундра;

3. шөлдер және жағалауға жақын шығанақтар;

4. көлдер және ашық мұхит;

5. қылқанды орман (тайга) және дала.

8.“Жыртқыштық” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең жоғары биологиялық өнімділік тән?

1. тропикалық орман;

2. шөл;

3. биік таулық тундра;

4. тайга (қылқанды орман);

5. арктикалық тундра.

10. 10% ережесіне сәйкес далалық экожүйе қоректік тізбегіндегі қояндардың еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді:

1. 1 %;

2. 10 %;

3. 0,1 %;

4. 50 %;

5. 100 %.

11. Халықаралық Киото хаттамасы атмосфераға қандай заттын шығарылуын шектейді:

1. Фреондардың;

2. Жылыжай газдарының;

3. Ауыр металдардың;

4. Шаң-тозаңның;

5. Көмір диоксидінің.

12. Биоценоз бен биотоптың қосындысы қалай аталады:

1. галактикалық жүйе;

2. мемлекеттік жүйе;

3. саяси жүйе;

4. тазарту ғимараттарының кешені;

5. биогеоценоз.

13. Тірі организмдердің бұзылған тіршілік мекендерін қалпына келтіру қабілеті қандай заңдылықты растайды:

1. вертикаль белдемділік заңын;

2. Ле-Шателье принципін;

3. 10% ережесін;

4. Ю.Либихтың минимум ережесін;

5. В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңын.

14. Неліктен ХХ ғасырдың 60-шы жылдары экологиялық зерттеулерге көбірек назар аударылатын болды:

1. ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарының шығарылуына байланысты;

2. өнеркәсіптің қауырт дамуына байланысты;

3. ғылыми-техникалық революцияның қарқын алуына байланысты;

4. жаратылыстану ғылымдарымен шұғылдану мәнсапқа айналғандықтан;

5. экологиялық дағдарыстың белең алуына байланысты

15. Қышқыл жаңбырлардың түсу себебі:

1. Күн радиациясының деңгейінің өзгеруі;

2. Атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейінің өсуі;

3. Атмосфера мөлдірлігінің төмендеуі;

4. Өндірістің атмосфераға күкірт пен азоттың тотықтарын шығаруы;

5. Озон экранының ауданының кемуі.

 

 

1. Қауымдастық құрамындағы табиғи популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. геоэкология.

2. аутэкология;

3. демэкология;

4. синэкология;

5. глобалдық экология.

2. Экологияның міндеттерінің бірі:

1. Жердегі магниттік дауылдардың шығу төркіні жайында түсінік қалыптастыру;

2. азаматтардың экологиялық дүниетанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

3. салауатты өмір салты туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;

3. тірі ағзалардың эволюциясы туралы түсініктерді қалыптастыру;

4. Теңіз деңгейінің көтерілуі мен лықсып қайта шегінуіе Айдың әсері туралы түсініктерді қалыптастыру.

3. Келтірілген экологиялық фактолардың қайсысы тропикалық ормандағы шөптесін өсімдіктердің тіршілігін шектейді?

1. ауаның құрамы;

2. жарықтың жетіспеушілігі;

3. жауын-шашын мөлшері;

4. жел;

5. тірі организмдер қауымдастығының түр құрамы.

4. Популяцияның максималды туылымы дегеніміз, бұл:

1.бір жылғы төлдердің ішіндегі ұрпақ беру жасына жеткендерінің үлесі;

2.нақтылы сыртқы орта жағдайында бір жылда дүниге келген төлдердің саны;

3.әрбір аналықтың репродуктивтік кезең бойында берген төлдерінің орташа саны;

4.қоршаған ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында бір аналықтың беретін төлдерінің саны;

5. белгілі бір ауқыт аралығындағы популяция санының өсуі.

5. Табиғи экожүйелердің орнықтылығы неге байланысты емес:

1. өсімдіктердің өнімділігінің жоғары болуына;

2. атмосферадағы ауа ағындарының сапырылысуына

3. түр әралуандылығының жоғарлығына;

4. микроорганизмдердің белсенді қызметіне;

5. биогендік элементтердің айналымының жоғарылығына.

6. Биосфералық қорықтар құрудың мақсаты:

1. Организмдердің табиғи қауымдастықтарын және биологиялық әралуандылықты сақтап қалу;

2. Аңдар мен құстардың сирек кездесетін түрлері ұстап, қолда өсіру;

3. Бұл аймақтарды аң аулайтын алқаптар ретінде пайдалану;

4. Бұл аймақтарды түризм үшін пайдалану;

5. Бұл аймақтарды ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалану;

7. Толеранттық организмдердің қандай қасиетін білдіреді:

1. күн ұзақтығының өзгеруіне жауап қайтару қабілетін;

2. зат алмасу деңгейін арттыру қабілетін;

3. экологиялық фактор мөлшерінің белгілі бір аралықтарына на (диапозонына) төзімділігін;

4. популяция санын арттыруын;

5. өсімдік тектес азықты қорыту қабілетін.

8.“Паразитизм” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Төменде аталғандардың қайсына ең төмен биомасса өнімділігі тән:

1. Беловежская пуща қорығы;

2. Жеміс бағы;

3. Сахара шөлі;

4. Қоңыржай белдеудегі дала;

5. Жапырақты төгілмелі орман.

10. 10% ережесіне сәйкес, 5 трофикалық деңгейден тұратын далалық экожүйе қоректік тізбегіндегі қасқырдың еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді:

1. 0,01%;

2. 0,1%;

3. 1%;

4. 10%;

5. 100%.

11. Топырақ түзуші биотикалық факторлар:

1.жергілікті рельеф;

2.климат;

3.мемлекеттің жасы;

4.түпкі тау жыныстары;

12. Биосфера – дегеніміз бұл:

1. Жердің сулық экожүйелерінің жиынтығы;

2. Жердің құрлықтық экожүйелерінің жиынтығы;

3. Жердің геологиялық қабаттарының жиынтығы;

4. литосфера, гидросфера, атмосфера;

5. тіршіліктің Жердің сыртқы геосфераларындағы (литосфера, гидросфера, атмосфера) таралу аумағы.

13. Биосфераның гомеостазисы дегеніміз – бұл:

1. жылжымалы тепе-теңдік күйі;

2. тыныштық күйі;

3. экожүйелердің бұзылу процесі;

4. орта температурасының тоқтаусыз өсу процесі;

5. экологиялық дағдарыс (кризис) күйі.

14. Жер климатының глобалдық жылынуы нәтижеінде:

1. тау түзілу процестері күшейеді;

2. Әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі;

3. шөлдену процестері баяулайды;

4. Әлемдік мұхиттың деңгейі төмендейді;

5. атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның концентрациясы артады.

15. Атмосферада жылыжай (парник) газдарының жиналуына байланысты пайда болған «жылыжай эффекті»,:

1. Планетадағы орташа температураның жоғарылауына әсер етеді және климатты жақсартады;

2. Планетадағы орташа температураның төмендеуіне әсер етеді және климатты нашарлатады;

3. Атмосфераның мөлдірлігінің төмендеуіне әкеліп соғады;

4. Температураның глобальдық жоғарылауын туындатады, бұл биосферадағы қолайсыз өзгерістерге әкеліп соғады;

5. Биосферада айтарлықтай өзгеріс болмайды.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 841; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.139 сек.