Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 5 страница




3. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын қорғауды арнайы (10-бап) көздейді.Заң кәсіпкердің атынан, есебінен және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын тауарларға деген сұранымды қанағаттандыру жолымен таза табыс табуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашыл қызметін кәсіпкерлік деп түсінеді. Бұл анықтамадан кәсіпкерліктің мынадай қажетті белгілермен сипатталатын көрсетіледі:

а) ол өнім шығару және оны рынокта еркін сату, қызмет көрсету, жұмыс атқару жолымен табыс табуға бағытталған;

б) ол бастамашыл болып табылады, яғни кәсіпкердің өз тілегімен және қалауымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Іс- әрекетті бұйрық бойынша немесе белгілі бір басшы органдардың немесе адамдардың тікелей нұсқауымен жүзеге асыруда кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;

в) ол кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі негізінде жүзеге асырылады. Ол әдетте кәсіпкерлік мүліктік базаның меншік иесі болып табылады және кәсіпкерлік барысында туатын мүліктік пен шығын үшін толық тәуекелді мойынына алады;

г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан өкілдік етеді.

Кәсіпкерлік қызметтің тікелей өзі немесе лайықсыз жағдайларда жүзеге асыруда мемлекеттің немесе азаматтардың мүдделерін бұзатын түрлеріне шектеу қою кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті болып табылады. Кәсіпкерлікті лицензиялаудың заңдық негізі Лицензиялау туралы заң болады. Лицензия берудің шарттары бұзылған жағдайда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, яғни кәсіпкерлік қызметтің жемісін ақылы негізде пайдаланатын сатып алушылардың, тапсырыс берушілердің, жолаушылардың және басқа адамдардың құқықтарын қорғау нарықтық қатынастардың өркениетті қызмет етуінің аса маңызды принципі болып табылады. Тұтынушылар өздерінің құқықтарын барынша толық және тиімді қорғау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын құруы мүмкін. Осы секілді ұйымдар бүкіл республика көлемінде және оның көптеген облыстарында әрекет етуде. Мұндай ұйымдар тұтынушыларға олардың құқықтарын түсіндіреді, оларды қорғауға көмектеседі, заңдық жәрдем береді, мемлекеттік органдардың алдына шығарылатын өнімдердің және орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау мәселелерін қойып отырады.

Субъективтік құқықтарды қорғау органдары. АК- ның 9-бабына сәйкес, азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік немесе аралық сот жүзеге асырады, ал заңда көзделген жағдайларда құқық берілген адамның өз әрекеттерімен (өзін-өзі қорғау) жүзеге асырылады. Заң азаматтық құқықтарды қорғау органдарына шағымдануға жол береді.

Біздің қоғамымыздың орныққан тәртіп бойынша, азаматтар мен заңды тұлғалар бұзылған құқықтарын қорғау үшін ортақ немесе арнаулы құзіретті мемлекеттік органдарға жүгінеді. Мұндай жүгінуді тартымдылығы- олар мемлекеттік баж төлеуді талап етпейді: арыз-шағымды шешудің бүкіл рәсімі оңайланады және оған жұмсалатын уақыт та азаяды. Мемлекеттік орган даулы мәселе бойынша қандай да болсын шешім шығарғаннан кейінде кез келген уақытта сотқа жүгінуге болады. Сот бұл жағдайда әкімшілік тәртіпте шешіммен байланысты болмайды.

Өзін-өзі қорғауға, яғни құқық берілген адамның бұзылған құқығын өз әрекеттерімен қорғауына заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. Қажетті қорғану және мәжбүрлік жағдайлардағы әрекеттер өзін-өзі қорғаудың жол берілетін әдістері болып табылады.

 

4- тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері.

 

Жоспар:

1. Азаматтық құқық обьектілерінің ұғымы.

2. Мүлік - азаматтық құқықтың обьектісі.

3. Заттар және оларды топтастыру.

4. Ақша және бағалы қағаздар.

5. Санаткерлік – азаматтық құқық объектісі.

 

1. Азаматтық құқықтың объектілері күрделі ауқымды құқықтық қатынастың бағытталған мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың жиынтығын құрайды. Азаматтық кодекстің 5-ші тарауында азаматтық құқықтың объектілеріне толық мағлұмат берілген. Кодекс ережесіне сәйкес азаматтық құқықтың объектілері 2 түрге бөлінеді:

1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар.

2. Мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық субьектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттындыра алатын,әдетте,ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге де құндылықтарды (энергияны,жұмысты,көрсетілген қызметті)мүліктік игіліктер дейміз.

Мүліктік игіліктерге (мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену, оларға билік ету)субьективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп аталады. Мүліктік игіліктер мен құқықтардың негізгі түрлеріне:заттар,ақша,оның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің обьектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен өзге де мүлік жатады.

Азаматтық құқық субьектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз – бұл аталған құндылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмір сүру құқығы – мүліктік емес құқықтарға жатады.

2. Мүлік –азаматтық құқықтың обьектісі. «Мүлік» ұғымы – азаматтық құқықтың маңызды ұғымдарының бірі. Азаматтық –құқықтың реттеу нысанасы – мүліктік қатынастар ұғымы онымен тығыз байланысты. АК-ның 115-бабының 2-тармағы құқық обьектісі – мүліктің заңдық ұғымына мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, және олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік дейміз. Құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүліктік игіліктер деп түсінеміз.

Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар.

3. Заттар мүліктің кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде адамға қатысты алғанда, сыртқы материалдық дүние заттарын-адам қолымен жасалған, сондай-ақ табиғаттың өзі жаратқан және табиғи қасиеттері бар нәрселерді заттар дейміз. Сондықтан да мүлік ретіндегі заттың мәні оның табиғи қасиеттерінде ғана емес, адамның қажеттерін қанағаттандыра алатын,тұтыну және айырбас құны бар, әдетте ақшалай бағасы болатын және айналымға қабілетті мүліктік игілік ретіндегі оның қоғамдық қасиеттеріде болып табылады. Зат мұндай қоғамдық қасиеттерді қоғамдық қатынастар арқылы, оның заттық нысаны ретінде, басқаша затқа айналдырылған қоғамдық қатынастар ретінде иеленеді. Зат дегеніміз мүліктің кең тараған түрі болып табылады. Заттың өзі бірнеше түрлерге жіктеледі:

А) Бөлінетің; Бөлінбейтің;

Бөлінетің зат дегеніміз оны бөлген жағдайда қасиетін жоғалпайтын затты айтамыз. Мысалы: Су.

Бөлінбейтің зат дегеніміз бөлінген жағдайда табиғи қасиетінен айырылатын заттарды айтамыз. Мысалы: Парта. Б) жай – күрделі.

Жай зат дегеніміз сыртқы пішіні және қасиеттеріне қарай 1 элементті құрайтын затты айтамыз.

Күрделі зат дегеніміз бірнеше жай заттан құралатын заттарды айтамыз.В) жылжытын – жылжымайтын.

Жылжитын зат дегеніміз азаматтық айналымда табиғи қасиетіне байланысты емін еркін қозғалатын заттарды айтамыз. Жылжымайтын зат дегеніміз табиғатына сай жермен тығыз байланысты және міндетті мемлекеттік тіркеуді қажет ететін қозғалған сәтте үлкен шығынды талап ететін заттарды айтамыз.

Азаматтық айналымдағы заттар, азаматтық айналым қабілеттігі шектелген заттар және азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар.Азаматтық айналымдағы заттар дегеніміз заң ережелері мен пайдаланыста емін еркін қолданылатын заттарды айтамыз.Азаматтық айналым қабілеттілігі шектелген заттарға қолданыста арнайы рұқсатты талап ететін заттарды айтамыз.

Азаматтық айналымнан алынып тасталған заттарға ҚР-сы аумағында қолданылуға тыйым салынған заттарды айтамыз.Жеміс жегеніміз ауыл шаруашылық саласында жие кездесетін жемістер, жануарлар арасында пайда болатын күнделікті өмірде азық түлік ретінде пайдалануға қажетті заттарды айтамыз. Зат өзінің қоғамдық қасиеттерінің арқасында ғана құқық обьектісі бола алады. Затты пайдалану құқығының субьектісі заттан оның табиғи пайдалы қасиеттерін алу жолымен оған обьект ретінде ықпал ететін болып көрінуі мүмкін. Затты пайдалана отырып, субьект оған заң жүзінде ғана емес, сонымен қатар, іс жүзінде де ықпал етеді. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

4. Ақша азаматтық құқықтардың ерекше обьектісі болып табылады. Құқық обьектісі болып табылатын ақшаға қатысты жалпы ережелердің барлығын қамтитын АК-ның 127-бабы осы обьектіге арналған. ҚР-ның ақша бірлігі теңге болып табылады. Теңге Қазақстанның бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады. Ақшаның басты мақсаты, мәні оның экономикалық қоғамдық-саяси сипатында жатыр.

Банкноттар мен тиындар түрінде ақша белгілерін шығаруды, яғни қолдағы ақшаны айналымға шығаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Банкноттар мен тиындар түріндегі ақша белгілері белгілі бір мөлшердегі ақша бірлігі-теңге түрінде Ұлттық банктің сөзсіз ақшалай міндеттемелері бейнеленген заттар болып табылады. Банкноттар мен тиындардың бағалы қағаздар мен ұқсастығы нақ осында, мұнда қағаз құқығы қағазға заттық құқыққа айналған. Бір ақша белгісі бірнеше белгімен алмастырылуы мүмкін, мұндағы негізгі бір шарт, ақша бірліктерінің мөлшері сол күйде қалуға тиіс.

Ақша белгілері атаулы құны (номиналы) және теңге түрінде бейнеленген төлемдік құны бар банкноттар мен тиындар түрінде шығарылады, ал қолма-қол емес ақша банк есеп-шоттарындағы жазбаларда теңге түрінде көрсетіледі.

Ақша негізгі екі нысанда шығарылады:ақша белгілері (қолма-қол ақша) нысанында және клиенттерінің банктегі есеп-шоттарындағы жазбалар түрінде банктердің ақшалай міндеттемелері нысанында. Қолма-қол ақша заттардың ерекше түрі болып табылады. Бұдан ақшаға заттық құқықтың пайда болу ерекшелігі туындайды. Бұл заттар нақты иесінде дараланған сәттен бастап қолма-қол ақшаға заттық құқықтар пайда болады. Ақшаның белгілі бір азаматтық немесе заңды тұлғаның иелігінен шығуы оған заттық құқықтың тоқтатылуын білдіреді. Қолма-қол емес ақша иесінің мүліктік құқығы – банкінің клиенттің есеп-шотындағы (өзге-шоттағы) ақшасын төлеу жөніндегі оның алдындағы міндеттемелерінен туындайтын талап ету құқығы бар. Демек, азаматтық құқық обьектісі ретіндегі қолма-қол емес ақша-бұл да 117-баптың 1-тармағына сәйкес мүлік ұғымы қамтитын мүліктік құқық болады. Ақша дегеніміз-кез-келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекеше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі (қолма-қол ақша),сондай-ақ міндеттемелік құқық ретіндегі (қолма-қол ақша)азаматтық құқықтар обьектісі.

Ақшалардың түрі секілді шетелдік валютаны да көрсету керек. Шетелдік валюта ерекше обьект ретінде валюталық құндылықтарға жатқызылады. Валюта-бұл мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, оның ішінде бағалы металдардан жасалған түріндегі қолма-қол және аудару нысандарындағы құндардың ресми стандарттары, сондай-ақ есеп-шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар.

Бағалы қағаз-белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарында сай келуге тиіс болатындықтан,бағалы қағаз-қатаң белгіленген жазба болып табылады. АК-тің 131-бабына сәйкес бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша белгіленеді. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздардың түрлері:

1. ұсынбалы;

2. атаулы;

3. ордерлік түрлерін ұсынады;

Ұсынбалы бағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша міндеттемені талап етуге уәкілетті,тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілікті болады.

Атаулы бағалы қағазда бағалы қағаз куәландырған міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы бар адам көрсетіледі. Атаулы бағалы қағаз куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Куәландырылған ордерлік бағалы қағазда көрсетілген адам,ал оны заңда көрсетілген тәртіппен басқаға беруде-осы қағаз берілген адам бұл қағазды куәландыратын құқықтардың субьектісі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру осы қағазға берілген жазу-индоссамент арқылы көрсетіледі. Берілген жазулар, құжаттық бағалы қағаздың сыртқы бетіне түсіріліп,белгіленген нысанда не электронды жазба түрінде арнайы парақпен бағалы қағазға қоса ұсынылады. Бұған қоса, эмиссиялық және эмиссиялық емес бағалы қағаздар болады. Бір эмиссия (шығарылым) шегінде осы эмиссия үшін бірдей жағдайларда орналастырылатын және пайдаланылатын біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар жатады.Эмиссиялық бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Оны иеленушінің облигацияның атаулы құнын немесе өзге де мүліктік баламасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация ретінде табылады.

Акция-өз ұстаушысының,акционерлік қоғамның таза табысының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына,акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады.

5. Шығармашылық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтық обьектілерінің дербес түрі болып табылады, ол обьективті өмір сүретін болса да,заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) ерекше құқығы танылады.

Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне мыналар жатады: ғылым мен өнер шығармалары, дыбыс және бейне шығармалары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер және шығармашылық интеллектуалдық қызметтің кейбір басқа нәтижелері жатады.

 

5- тақырып. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі.

 

Жоспар:

1. Азаматтардың және жеке тұлғалардың түсінігі мен азаматтық құқықтың субъективтілігі.

2. Азаматтардың аты және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері.

3. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану. Азаматты өлді деп жариялау.

4. Заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызмет саласындағы азаматтық құқықтың

субъективтілігі.

1. ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті- азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік- аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, яғни ол ҚР азаматы болсын, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын- азаматтық құқық субъектісі деп танылады.Азаматтық құқық субъектілерінің ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді. «Жеке тұлға» жалпы ұғымы ҚР АК –ның 12- бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен ҚР-ның азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ол Қазақстан азаматтары ғана емес, жеке тұлғаларды белгілеу үшін кең мағынада «азамат» терминін қолданады. Азаматтық құқық субъектілікті өз көлемі, өз мазмұны, және жеке және заңды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Азаматтық құқық субъектілігі: құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігіне бөлінеді. Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады, ал азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады.

Азаматтың құқық қабілеттілігі ол адам дүниеге келген сәттен басталып, қайтыс болғанға дейін созылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның өмір сүру барысында ұлттық заңнама мен қорғалады. Конституцияның ережесене сәйкес ешкім ешкімнің құқық қабілетілегінен айыра алмайды. Азаматтың азаматтық құқықтары мен міндеттерін атқару құқық қабілеттік болып саналады. Қылмыстық заңнамаға сүйене отырып жасалған қылмысының ауыртпалығына қарай тек қана сот шешімімен ғана құқық қабілеті шектеуге болады. Мысалы: белгі лауазымды қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе белгі аумақта емін – еркін жүріп тұруға тыйым салу. Бірақ бұл шаралардың барлығы уақытша сипатқа ие болады.

Құқық қабілеттілік - жеке тұлғаларды қоса алғанда, азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің азаматтық құқық субъектілігінің негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс-әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субъект мүлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды. Азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ болғанымен, азаматтың құқық қабілеттілігі бар адам- бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. АК азаматтардың тең құқық қабілеттілігі принципін белгілейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және кез-келген өзге де мән-жайларға тәуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінің айыруға мүлде жол берілмейді. Құқық қабілеттілікті жүзеге асыру жағдайларын жалпы және ерекше жағдайларға бөлуге болады. Құқық қабілеттілікті белгілі бір заңдарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 722; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.