Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 7 страница




Коммерциялық емес ұйымдардың құқық қабілеттілігін арнайы құқық қабілеттілік ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардың белгілі бір-басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т.с.с. мақсаттар үшін құрылатынын айқын көздейді.Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің жарғыларында көзделген қызмет тұрлерімен ғана айналыса алады. Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған барлық заңды тұлғаларға қолдануға болатын құқық қабілеттіліктін жалпы шекарасынан басқа, заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере отырып,құқық қабілеттілігін шектейді. Мұндай шектеу белгілі бір заңды тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рұқсат беру арқылы жүргізіледі немесе,керісінше,заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге асырылыды. Мысалы, банктер және банк қызметі туралы жарлықтын 1-бабының 3-тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк деп атауға және банк қызметімен айналасуға тыйым салынады. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін. АК-ның 10-бабының 4- тармағында баянды етілгеніндей, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірімен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтің тізбесі, мемлекеттік лицензияларды беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен қосымшалар қамтылған Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген. Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау қажеттігі заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің пайда болу және тоқтатылу уақытын, сондай-ақ олардың шекарасын анықтауды қажет етеді.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып,оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.Алайда лицензиялауды талап еттетін әрекеттерді жасау құқығы мұндай құқық қабілеттіліктін мазмұнына кірмейді.

3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.

Заңды тұлғалардың пайда болуы оларды міндетті түрде тіркеуге алуды талап етеді. мемлекеттік тіркеуден өтпеген заңды тұлға құқық қабілеттілі болып саналмайды. Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі олардың түрлеріне негізделеді.

Лецензия алу көлемінде заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі реттелінеді.

Қатысушы дегеніміз заңды тұлғаның құрылу процесінде өз үлесін қосқан және өз үлесі көлемінде, жауап беретін тұлғаларды айтамыз. Заңды тұлға пайда болу кезінде олардың міндетті түрде құрылтай құжаттары болады. 3 тұлға 1 тұлғамен құрылатын болса құрылтай шартының қажеттілігі жоқ.

Мемлекеттік кәсіпорындарды құру қатысушылар есебінде уәкілетті органдардың қадағалауын талап етеді. Мысалы: республикалық, мемлекеттік кәсіпорынды құру үшін мемлекеттік уәкілетті органның ұсынысы қажет.

Заңды тұлғаның пайда болуы ретінде олардың түрлеріне байланысты құрылтай жарғылары болуға тиісті. Мысалы: шаруашылық серіктестік құрылтай жарғысы 25 айлық есеп көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін әділет министрлігімен бекітілген қажетті құжаттар тізбесі бар. Оларға мемлекеттік тіркеу үшін алым квитанциясы және 2 дана мемлекеттік және орыс тілде жазылған парақтары номірленген құрылтай құжаттары қажет. Мемлекеттік тіркеу біріншіден заңды тұлғаның пайда болу фактісін тіркейді;

Екіншіден барлық заңды тұлғаларға қатысты жариялылықты реттейді, яғни заңды тұлға коммерциялық құпия және жеке құпиядан өзге міліметтерді әділет министрлігінің органдарына беріп отыруға тиісті.

2) Заңды тұлға ерікті және мәжбүрлі түрде қайта құрылады.

Ерікті түрде заңды тұлғаның қайта құруы:

1. қосу.

2. бөлу.

3. бөліп шығару.

4. өзгерту негізінде жүзеге асыралады.

Заңды тұлғаларды қосу дегеніміз 2 немесе одан да көп заңды тұлғалардың құқық қабілеттіктері тоқтатылып 1 заңды тұлғаға қосылуын айтамыз.

3 тұлғаның бөлінуі 1 заңды тұлға құрамынан бірнеше заңды тұлға құрылуын айтамыз.

Бөліп шығару дегеніміз 1 заңды тұлғаның құрамынан 2-ші заңды тұлғаны бөліп шығаруды айтамыз.

Заңды тұлғаны өзгерту оның жарлық қорының өзгеруіне немесе қатысушылар санының өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.

Қосу процесінде пайда болағн жаңа заңды тұлғалар құқық мирасқорлыққа ие болады. Бұл заңды тұлғалардың құқық мирасқорлығы өткізу актісімен реттелінеді.

Өткізу актісі дегеніміз тараптылған заңды тұлғаның борыштары құқықтары мен міндеттері белгіленген актіні айтамыз.

Заңды тұлғаның қайта құрылуы бөлу және бөліп шығару арқылы реттелетін болса, бұл қатынастар құқық мирасқорлықпен бөлу актісі ретінде бөлу балансымен реттелінеді.

Мәжбүрлі түрде заңды тұлғаны қайта құру тек қана сот шешімімен ғана реттелінеді.

3) Заңды тұлғаның тоқтатылуы 2 нысанда жүзеге асырылады:

1. ықтирсыз.

2. ерікті түрде.

Қазақстан Республикасының АК-ның 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипаттабұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Талап қою өтініштерін беру мерзімі заңды тұлғаны тарату туралы мәлімет жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Бұл мерзім өткен соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, несие берушілер қойған талаптардың тізбесі және оларды қараудың нәтижелері көрсетіледі. Аралық тарату баланысын мүліктің меншік иесі немесе оны тарату жөнінде шешім қабылдаған орган бекітеді. Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда оны таратудың біраз өзгеше тәртібі қолданылады. Банкроттық- борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі (АК-тің 52- бабы). Заңды тұлғалардың банкроттығын жүзеге асыру процесі 1997 ж. 27 қаңтардағы Банкроттық туралы заңда толық баяндалған. Алайда заңды тұлғалардың барлық түрлері бірдей банкрот процесіне ұшыратуға жатпайды. Атап айтқанда, қазыналық кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге банкроттық институты қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақшасы жетіспейтін жағдайларда мүліктің меншік иесі ортақ жауапты болады. Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары, АК-ның 51-бабында көзделгеніндей, мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:

1) бірнеше кезекте- таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте- несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып, қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте- еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырылысу жүргізіледі;

4) төртінші кезекте- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте-заң құжаттарына сәйкес басқада несие берушілермен есеп айырылысада.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылады деп есептеледі. Ол Азаматтық Кодекстің 50-бабының 10- тармағымен қарастырылған.

4. Заңды тұлғалардың түрлері.

Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.

Заңдарда көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдық – құқықтық нысандағы коммерциялық емес заңды тұлғаны құруға рұқсат етіледі, мысалы, қор биржасы, зейнетақы қоры акционерлік қоғам ретінде құрылуы мүмкін. Сондықтан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымды ажыратудың өлшемі заңда және құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Коммерциялық емес ұйым дегеніміз- бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін және алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару, әлеуметтік –мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға. Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, қауымдастықтар, (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады. Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін белгілі бір нысан көзделеді. Мәселен, заңның талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-1-тармағы).

Заң қауымдастықтар және одақтар (АК-ның 110-бабы) нысанында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бірлестіктерін құруға жол береді(АК-ның 110-бабы). Қауымдастық(одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау үшін құрылады. Қауымдастықтың құрамына кірген заңды тұлғалар өздерінің дербестігін сақтайды..

Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртұтас мүлік ретінде толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды (кәсіпорындарды және мекемелерді)ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек. Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 102-бабымен қарастырылған.

Заңды тұлғаға мемлекеттік бюджеттен белгілі бір қаражат, ақша бөлінеді. Ақша дегеніміз- бұл мүлік түрлерінің бірі (АК-ның 115-бабы). Сондықтан мемлекеттік заңды тұлғаны құрылтайшысы уәкілетті орган түрінде мемлекет болатын және мүлкі бірден-бір меншік иесі-мемлекетке жататын заңды тұлға ретінде анықтауға болады. Заңды тұлғалардың келесі түрлері ретінде еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды атауға болады. Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде)негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым деп танылады(АК-ның 94-бабының 1-тармағы).

Басқа мемлекеттік кәсіпорынөзінің мүлкі есебінен құрған заңды тұлға еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-бабы). Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді заңды тұлға болып табылады (АК-ның 95-бабы). Еншілес және тәуелді тұлғалар құқықтың дербес субъектілері болып саналады, азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді және өз міндеттемелері бойынша дербес жауапты болады, бірақ негізгі заңды тұлғалар арнайы құқықтық тетіктер арқылы еншілес және тәуелді заңды тұлғалардың олардың қызмет сипатына ықпал ететін шешімдер қабылдануына түрткі бола алады (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптарын қараңыз). Тәуелді және еншілес заңды тұлғалар ережелерінің ерекшеліктері шаруашылық серіктестіктер туралы заң құжаттарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен және бәсекені дамыту туралы және монополиялық қызметті шектеу туралы заңмен айқындалады.

Шаруашылық серіктестік. Шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады (АК-ның 58-бабының 1-тармағы). Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның 2-бөлігінде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмасада, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді.

Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда-қатысушылар деп атайды. Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құру мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін (ЖШС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы). Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс.Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс (АК-ның 71-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-4 тармақтары, 76-бабының 1-тармағы; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы).

Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады (АК-ның 58-бабының 3-тармағы). Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшеліктері болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары – құрылтай шарты және жарғы.Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде әрекет етеді. Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады. Шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс. Заңды тұлғаларға арналған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдардың мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы,сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс.

Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі құрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүліктік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түрінде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен ақшамен бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікті қайта тіркеуде оның қатысушысының ақшалай салымын серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытынды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді.

Салым ретінде мүліктік құқық, мысалы, мүлікті пайдалану құқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материялдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол бермейді. Алайда құрылтайшылар құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы. Жарғылық капиталды өзгерту- іскерлік тәжірибеде жиі кездесетін әдеттегі іс және ол әрбір серіктестікте дерлік байқалады. Жарғылық капиталды арттыру коммерциялық ұйымның қызметіндегі игі сәт болып табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықтан оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажеттсіз шара болып саналады, ол ең алдымен серіктестіктің несие берушілерінің мүдделеріне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелердің орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы.

Серіптестікті басқаруды жоғары және атрарушы орган жүзеге асырады. Құрылтайшылар атқарушы органдарды, олардың түрлерін, құзіреті мен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды.

Жоғары орган міндетті түрде құрылады,оның мәртебесі заң актілермен белгіленген. Шаруашылық серіктестіктерді қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғарғы органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіптестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады. Шаруашылық серіптестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына (өкілдер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке – дара) құрылады. Басқару органдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктестіктің алқалы органдары ретінде басқарма және бақылау кенесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқада алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестік органдарының құзыреті, оларды сайлау тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі АК-ға, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленеді.

Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана істей алады.Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер үшін көзделуі мүмкін (ЖШС туралы заңның 60-бабы). Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы құзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жекізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделері мен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады. Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі заңдармен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен белгіленеді (АК-ның 60-бабының 4-тармағы). Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 554; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.