Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 18 страница




АК- ның 282-бабының 3- тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің төлемдерін индексациялауға жол беріледі. Міндеттемені орындау тәсілі, бұл- міндеттеменің орындалуы үшін жасалынуы тиіс әрекеттердің сипаты, борышкердің міндеттемеі орындау жөніндегі әрекеттердің жасалу тәртібі. Орындау тәсілі, әдетте, нақты шарттың жағдайларымен немесе шарттардың кейбір түрлерін реттейтін заңнамамен анықталады.

Бірақ, орындау тәсіліне қатысты кейбір жалпы ережелер де бар.Жалпы ереже бойынша орындау толық жүргізіледі, сондықтан орындауды бөлшектеп қабылдау несие берушінің міндеті емес, құқығы. Мысалы, жеткізу шарты ұзақ уақытқа жасалынады, ал оны орындау бөлшектеп жүргізіледі. Бөлшектеп орындаудың нақты мерзімдері заңнамада немесе шарттың өзінде көзделеді. Кейбір реттерде бөлшектеп орындау міндеттеменің мәнінен туындайды.

Бөлшектеп орындалғанды қабылдауға келісім тікелей арыз арқылы ғана емес, ондай ниетті білдіретін белгілі бір әрекеттер жасау арқылы да көрініс табады. Борышкер, әдетте, міндеттемені тікелей несие берушіге орындайды. Бірақ, кейбір реттерде олай жасау мүмкін емес. Ақшалай міндеттеме бойынша немесе басқадай міндеттеме бойынша бағалы қағаздарды борышкердің ақшаны депозитке, ал бағалы қағаздарды – нотариус атына сақтауға, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда- сот атына енгізуіне рұқсат етіледі. Мұндай құқық борышкерде болады, егер міндеттеме мына жағдайларда орындалмай қалса:

- несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілеттік берген адамның міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмауынан;

- несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкімінің болмауынан;

- міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөніндегі несие беруші мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында анық айқындық болмауынан;

- несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруынан немесе оның кінәсінен өзге мерзімді өткізіп алудан.

АК-ның 291- бабында анықталған тізбе толық болып табылады, сондықтан ол заңнамада немесе шартта ұлғаймайды. Ақшаны немесе бағалы қағаздарды нотариустың немесе соттың атына депозитке салу міндеттеменің орындалғаны болып саналады. Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариус немесе сот туралы несие берушілерге хабарлайды.

Орындау мерзімі. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған және орындалу мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер міндеттеменің орындалу күнін немесе ол орындалуға тиіс уақыт кезеңін көздейді немесе оларды анықтауға мүмкіндік береді.Орындалу мерзімі тікелей анықталмаған, бірақ орындау мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін міндеттемелердің мысалы ретінде теңіз чартерін атауға болады, себебі теңіз тасымалданушысы жүкті жеткізгенде белгілі бір жылдамдықпен жүруге және бағытынан қажетсіз ауытқымауға тиіс. Ұзақ мерзімге есептелген кәсіпкерлік шарттарда, көбіне, орындаудың жалпы мерзімі және орындаудың жеке мерзімі болады. Мұнымен қатар, кейбір кешендер мен құрылыстарды өткізудің мерзімдері белгіленеді. Бұл ретте орындаудың жеке де, жалпы да мерзімдері сақталуға тиіс.

3. Орындалу мерзімі анықталмаған міндеттемелерде бұрындары міндеттемені несие берушінің талабы бойынша тез орындау белгіленген болатын. Борышкерге 7 күнде орындау жеңілдігі берілген еді. Бұл ереже әртүрлі шарттардың ерекшелігін ескермеді.

Борышкер аралығында міндеттемені орындауы тиіс 7 күндік мерзім АК-ның 277- бабында сақталған. Бірақ, бұл жерде ең бастысы- сол мерзімнің қай кезден бастап саналатындығын анықтау. Егер орындау мерзімі талап етілетін көзбен анықталса, онда мәселе туындамайды. Бұл мерзім өткеннен кейін тапсырыс беруші міндеттеменің орындалуын талап етуге құқылы, және одан кейін 7 күндік мерзім өткен соң міндеттеменің орындалмағаны үшін санкция қолдана алады. Әрине, ақылға қонымды мерзім деген нақтылық бермейді, сондықтан, егер оны тараптар дәл анықтай алмаса, онда сот белгілейді. Бұл ереже қолданылмайды, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен туындаса. Мысалы, банктің клиентке банктік салымды тез, бірінші талап бойынша беру міндеті егер ол мерзімсіз деп ресімделген болса, заңнамадан туындайды. Күшінде болу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауды аяқталып біткен кезге дейін күшінде болады деп танылады. Орындалуы ұзақ мерзімге есептелген міндеттемелер, егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе не міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан туындамаса, бірқалыпты,міндеттеменің осы түрі үшін ақылға қонымды мезгілдерде орындалуға тиіс.

Жалпы ереже бойынша мерзімінен бұрын орындау борышкер үшін тиімді, сондықтан оған ондай құқық берілген. Бірақ, міндеттемелердің барлығын бірдей мерзімнен бұрын орындау несие беруші үшін қолайлы емес. Мысалы, автобусты немесе пойызды ерте жөнелту, белгілі бір уақыт сақтау міндеттемесін ерте орындау пойызды ерте жөнелту, белгілі бір уақыт сақтау міндеттемесін ерте орындау және т.б. ақылға қонымсыз әрекеттер. Сондықтан АК-ның 279- бабында «егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнінен туындамаса» деп көрсетілген.Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелер үшін АК-ның 279- бабында кері ереже белгіленген:жалпы ереже несие берушінің келісімінсіз мерзімнен бұрын орындауға жол берілмейді борышкер міндеттемені мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана мерзімнен бұрын орындай алады.

Орындау орны. Орындау орнын дәл анықтаудың атап айтқанда, орындауды жеткізуге шыққан шығындарды тараптар арасында бөлу үшін практикалық маңызы бар, жалпы ереже бойынша орындау орнына дейінгі шығындар, егер заңнамада немесе шартта өзгедей көзделмесе борышкерге жүктеледі. Әдетте, орындау орнын заңнама, шарт анықтайды, не міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан туындайды. Егер орындау орны анықталмаған болса, онда АК-ның 281- бабына сәйкес орындау былайша жүргізіледі: жылжымайтын мүлікті беру міндеттемесі бойынша- мүліктің тұрған жерінде. 117- бапқа сәйкес жылжымайтын мүлік деп жермен берік байланыстағы мүлікті түсінеміз. АК- да бұл мәселенің тікелей шешімі берілмеген. Тасымалдауды пайдаланып тауарды немесе өзге мүлікті апарып беру міндеттемесі бойынша мүлікті несие иесіне жеткізуі үшін оны бірінші тасымалдаушыға өткізу орнында.

Кәсіпкердің тауар мен басқа мүлікті апарып беру жөніндегі басқадай міндеттемелері бойынша- мүлікті даярлау немесе сақтау орнында, егер бұл орын несие берушіге міндеттеме туындаған кезде белгілі болса. Ақшалай міндеттеме бойынша- міндеттеме туындаған кезде несие берушінің тұрғылықты орнында, ал несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме туындаған кезде оның тұрған жерінде.16-бапқа сәйкес азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады. Несие берушінің – заңды тұлғаның тұрған орны тұрақты әрекет ететін заңды тұлға органының тұрақты орны ретінде АК-ның 39- бабына сәйкес анықталады.

 

17- тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

Жоспар:

  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы, тәсілдері.
  2. Тұрақсыздық айыбы.
  3. Кепіл пұл.
  4. Кепіл
  5. Кепілдік және кепіл болушылық
  6. Қамтамасыз етудің заңнамада көзделген өзге тәсілдері.

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері. Міндеттеме бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің ырқына ғана емес, борышкердің де еркіне байланысты. Сонымен қатар несие беруші, міндеттемелік қатынастар бойынша борышкердің міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыруға құқылы. Кез келген міндеттемені орындау, жалпы ереже бойынша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (міндеттеменің орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде) міндеттеменің орындалуына септігін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер деп аталады.

Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүлікті сипаттағы арнаулы шаралар жатады.Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:

- борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату -бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады;

- борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту -бұл шараларға, атап айтқанда,кепілдік және кепілдік беру жатады;

- несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру -бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;

- борышкер міндеттемені орындаудан бастартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы-бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;

- борышкердің қарсы, әдетте,ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің заттар немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру-бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Айта кететін бір жағдай- міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялар болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де(мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану),заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсідерінің акцессорық сипат. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері,жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады,яғни оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған,бұл банк кепілдігін беруді кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану. Несие берушінің борышкердің міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық - құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі себебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды.Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттелуі керек. Бұл ретте,міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да,тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат,тұрақсыздық айыппұл,мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері-тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) біржағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуы (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды.Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу,кепілдік және т,б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедуралармен және қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

2. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде тұрақсыздық айыбын міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шартты ретінде түсінеміз. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын-ала анықталған ақша сомасын білдіреді,бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.

Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді,мысалы,орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу),өнімнің сапасы,ассортименті буып-түйілуі туралы шартта көзделген талаптардың бұзылуы,т.б.тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да,мысалы заңнамада басқаның ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген,кез-келген міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де,мысалы,жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін,көзделуі мүмкін.

Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің тараптары қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша тараптар болып табылады. Негізгі қамтамасыз етілген міндеттемеден борышкер әрқашанда тұрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша міндетті адам деп саналады. Борышкер міндеттемені орындамағанда қандай да бір соманы төлеу міндетін үшінші жақ өзіне алған жағдайлар кепіл болушылыққа жатқанымен, тұрақсыздық айыбына жатпайды. Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбы, не нақты сомада көрсетіледі,мысвалы, клиенттің төлемдік құжатын жоғалтқаны үшін банк әрбір жоғалған құжатқа мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, не орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасын пайызға шағып,мысалы, банк клиентінің есепшотына ақша қаражатын уақтылы аудармағаны үшін төлем сомасының жарты пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсім) төлеуге міндетті,немесе, мысалы, несие алу шартында оны өз мақсатында пайдаланбағаны үшін қарыз алушының несие сомасының жиырма беспайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу жөнінде міндеті көрсетілуі мүмкін.

Тұрақсыздық айыбының түрлері. Тұрақсыздық айыбы, негізінен, оның туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте-заңмен немесе тұрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді. Егер ол соманың мөлшері заң актісімен анықталса, ол- заңды немесе нормативтік, ал шартпен анықталса-ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы деп аталады.

Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Өсім орындау мерзімі сақталмаған әрбір нақты кезең үшін міндеттеме сомасына пайызбен шағып есептеледі, мысалы, несие шартында ақша қаражатын қайтару мерзімі өткеннен кейін төленетін соманың 0,5%-ы мөлшерінде әрбір күнге айыпақы белгіленуі мүмкін.

Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады. Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты деп екіге бөледі.Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Шартты айып төлеу әржақтың келісімімен айқындалады. Ал,"айыппұл" ұғымы, әдетте, нақты сомадағы тұрақсыздық айыбы немесе міндеттеме сомасына белгілі бір пайыздық мөлшерде белгіленген тұрақсыздық айыбы ретінде түсініледі,мысалы, тауардың жинақтылығы, сапасы және ассортименті туралы шарттың талаптарын бұзғандық үшін 1000 теңге немесе әрбір бұзғандық үшін міндеттеме сомасының 1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл)көзделуі мүмкін. Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар қарастырылуы мүмкін; залалды емес, тек тұрақсыздық айыбы ғана өндіруге болады; залалды тұрақсыздық айыбынан бөлек толық мөлшерде өндіртіп алуға болады; несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өндіріледі. Ерекше, айыптық және балама тұрақсыздық айыбының айырмашылықтары, міне, осында; ерекше тұрақсыздық айыбында тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды өндіртіп алуға жол берілмейді; айыптықта-залал тұрақсыздық айыбынан тыс өндіріледі; баламалыда -несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өндіріледі.

Тұрақсыздық айыбын өндірудің негіздері. Тұрақсыздық айыбы міндеттемені бұзған жағдайда борышкерге ақша беру міндетін жүктеу арқылы оның орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі болғандықтан, несие берушінің тұрақсыздық айыбын төлеу жөніндегі талабы туындау үшін борышкердің қамтамасыз етілетін міндеттемені бұзуы жеткілікті және бұл талап несие берушіге залалдың келуімен немесе келуін дәлелдеумен байланысты емес. Бірақ, тұрақсыздық айыбын өндіру үшін борышкерді міндеттемені бұзғандығына байланысты жауапқа тартатындай себептердің туындауы түрінде негіздер болуы тиіс. Тұрақсыздық айыбының функциясы. Тұрақсыздық айыбының негізгі функциясы, әрине, борышкердің міндеттемені орындауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар тұрақсыздық айыбы,кепілпұл сияқты,санкция функциясы атқарады-тұрақсыздық сомасын төлеу түріндегі қосымша қиындық ретінде борышкерге жауапкершілік шарасы қолданылады.

Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы. Заң талабы бойынша тұрақсыздық туралы келісім тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген міндеттеме туындайтын мәміленің формасына тәуелсіз жазбаша түрде болады. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімен жазбаша формасы ауызша мәміледен туындайтын міндеттеме тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген жағдайда керек. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жазбаша формада болмауы оны заңсыз деп тануға әкеп соғады. Шарттыққа қарағанда заңды тұрақсыздық айыбы, шарта көзделген көзделмегеніне қарамастан,қандайда бір рәсімдеуді керек етпейді. Заңнамада анықталған тұрақсыздық айыбы тараптардың еркіне бағынбайды, оны қолдану -несие берушінің құқығы. Несие берушінің заңды тұрақсыздық айыбын өндіртіп алу құқығы тараптардың келісімімен шектелуге жатпайды, ондай келісім, тұрақсыздық айыбы заңның диспозитивтік нормасымен анықталғанан басқа реттерде заңсыз деп саналады.

3. Кепілпұл дегеніміз-шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға міндеттемеден туындайтын белгілі бір әркеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі.Кепілпұл-борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қандай да бір ақша сомасының бөлігі.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда,ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады.Шартты орындамау оның орынлалуына жауапыты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандайда бір ақша сомасын төлеу жөніндегі негізгі міндетемесі бойынша міндетердің орындаудың қамтамасыз етуге бағыталған, мысалы сатып алушының сатылатын бағанын төлеу міндеті,жалгердін жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б,ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудаң бастартқан жағдайда сол кепілпұлдаң айырылып қалу қаупы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар,кепілпұл алған адамның шартты орындамауда оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптар алып келуі мүмкін.

Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері.АК-ның кепілпұл туралы жаңа ережелері кепілпұлмен қамтамасыз етілуі мүмкін шарттық міндеттемелердің аясын кеңейтті.

Кепілпұл туралы келісімнің формасы.Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс.Егер негізгі міндеттеменің нотариус куәландыруы тиіс болса,кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті(АК-ның 337-бабының 2-тармағы).

Кепілпұл туралы келісім. Кепілпұл айырықша келісім бойынша төленеді,ол шарттан бөлек болады және шарттағы міндеттермен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кепілпұл туралы келісім шартқа қосымша болып келеді, ол міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. Кепілпұл туралы келісімнің ол үшін заңнама қажетті деп тапқан елеулі белгілері, ол-кепілпұлдың мөлшері, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілпұл төленетін негізгі міндеттемені анықтау. Кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы негізгі шарттың заңдылығына байланысты. Негізгі шарттың заңдылығын бұл жерде кең түсіну керек. Негізгі шарттың заңдылығы оның заңға сәйкестігін, сондай-ақ оның күшіне енуін, кепілпұл туралы келісім күшінде болған кезде негізгі шарттың күшінде болуын білдіреді. Кепілпұл туралы келісім тараптардың кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша жағдайларын, құқықтары мен міндеттерін өзгертпейді.Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптарының міндеттерін күрделендіреді, себебі олар бөлек келісім бойынша өздеріне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Кепілпұл алған адамдар құқығы азаймайды, қайта міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді. Және де ол кепілпұлмен қанағаттану керек пе, осыны біреуінің таңдауы тиіс, егер міндеттеме кепілпұлмен қамтамасыз етілмесе, онда ол талап етуге құқылы болады. Кепілпұл берген адамда да қосымша міндеттемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанына дейін қандайда бір құқық туындамайды. Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты. Кепілпұл, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі бола тұрып барлық басқа қамтамасыз ететін міндеттемелерден өзін ерекшелейтін белгілерге ие.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 616; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.