Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 28 страница




Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық құқықтағы мерзімдердін үғымы.

2.Мерзім түрлері. Азаматтық қүқықтар жүзеге асырудың мерзімі.

3.Талап мерзімінің өтуі.

4.Азаматтық қүқықты қорғау мерзімі.

5.Талап кою мерзімінің ұғымы және мағынасы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

8. ҚР Азаматтық кодексі

9. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

10. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

11. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

12. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

13. С.А. Ынтымақов «Азаматтық құқық» практикум А., 2000ж.

14. E-mail: book @ zakon. Kz.

10-тақырып. Меншік құқығының ұғымы

11-тақырып. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы (9 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант – Сервитут тақырыбына есеп шығару.

2вариант – кеис:Экономика санаты ретінде меншік құқығы.

3вариант Меншік құқығының пайда болу және тоқтатылуы реттірін анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Меншік құқығының ерекше институты ретінде сирвитут жер пайдалану ерекшелігінде жиі кездеседі. Сервитут институтын Жер кодексіне сүйене отырып реттеуге болады. сервитут – бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы; Бұл сұрақ бойынша есептерді практикум мазмұнынан тауып алып, А-4 Форматына шығару қажет.

2. Кейс – дегеніміз көрсетілген мәселе бойынша барлық құжаттар жинағын жинау. Меншік құқығы барлық дамыған мемлекеттердің экономикасының даму негізін құра отырып, оның құқықтық қатынасының дұрыс дамуын талап етеді. Сондықтан меншік құқығы институтының Қазақстан Республикасында қалыптасқан ережелерін біліп, сараптама жасау үшін студент бұл сұрақ бойынша барлық құқыртық нормаларды білуі қажет. Меншік құқығы кейсі құрамына ҚР Меншік нысандарының реттелу тәртіптеріне арналған нормативтік құжаттар және практика жүзінде қолданылатын мәліметтер болуы қажет. Кейс бір папкаға А-4 Форматына жазылып жинақталуы қажет.

3. Меншік құқығының пайда болуның бастапқы және туынды тәсілдерін, меншік құқығының ерікті және еріксіз тоқтатылу реттерін, сонымен қатар иелену құқығы, пайдалану құқығы және билік ету құқықтарын зерттеп, сараптама жасай отырып студенттердің бір тобы мәнжазба жазып, келесі тобы кемшіліктерді зерттей отырып қарсы пікір білдіру. Мәнжазба А-4 Форматына 12-15 бет мөлшерінде жазылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Меншік экономикалық категория ретінде. Меншік құқығының ұғымы.

2.Жеке меншік құқығы.

3.Мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру.

4.Меншік кұқығының колданылатын шегі. Меншік иесінің уақыттануы. Сервитуттар

5.Мерзімсіз меншік құқығы.

6.Әртүрлі азаматтык қққық субъектілеріндегі меншік құқығының ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Азаматтық кодексі
  2. ҚР Жер кодексі
  3. С.А. Ынтымақов «Азаматтық құқық» практикум А., 2000ж.
  4. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.
  5. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.
  6. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко
  7. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.
  8. E-mail: book @ zakon. Kz.

12-тақырып. Ортак меншік

13-тақырып. Өзге де заттық құқықтар (10 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант заңнамаға комментарии: Кондоминиумді реттеуші заңнаманы анықтап сараптама жасау

2вариант – Ситуациялық есеп құрастыру: заттық құқық пен меншік құқықтарының айырмашылығын анықтау.

3вариант – салыстырмалы таблица құру Шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтарына байланысты мәнжазбаға қарсылық білдіру.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Кондоминиум жылжымайтын мүлікті реттеуде жиі кездесетін объект сондықтан бұл объектілерді реттеудегі нормативтік актілер жеткілікті. Студент нормативтік актілердің тізімін құрып, негізгі нормаларға сараптама жасауы қажет.

2. Азаматтық құқықтық қатынастағы ортақ меншіктің қалыптасыуын білу үшін практикум есеп жинағынан іс жүзінде осы сұрақ көлемінде қадай істер болуы мүмкіндігін білуге болады. Сондықтан практикум мазмұнына заттық құқық және меншікке қатысты есептерді қарап олардың жаубын А-4 Форматына жазу қажет

3. Бұл сұрақ бойынша да студенттерді екі топқа бөліп біріншісіне шаруашылық жүргізу құқығының ерекшелігін және екінші топ жедел басқару құқығына байланысты сұрақтарға жауап іздестіреді. Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Азаматтық Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады. Мәнжазба 12 – 15 бетке А-4 Форматына жазылуы қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Ортақ меншіктің ұғымы мен түрлері.

2.Ортақ үлесті меншік кұқығы.

3.Ортақ бірлескен меншік. Ортақ бірлескен меншіктің әр түрлілігі.

4.Кондоминиум - ортақ меншіктің арнайы формасы.

5.Өзге де заттық құқықтардың ұғымы.

6.Шаруашылык жүргізу құкығы.

7. Оралымды басқарылуы құқығы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

3. ҚР Азаматтық кодексі

4. С.А. Ынтымақов «Азаматық құқық». Практикум А., 2000ж.

6. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

7. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

8. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

9. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

10. E-mail: book @ zakon. Kz.

14-тақырып. Меншік кұкығын қорғау (11 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант Азаматтық құқықтардың бұзылу мысалы ретінде бұқаралық ақпатараттар көзінен материалдар жинақтап өз пікірін білдіру

2вариант Сот тәжірбиесіне шолу жасай отырып талап арыз негаторлық және видикациондық құру.

3вриант Міндеттемелік құқықтық қорғау тәсіліне тәжірбиелік жоба құру

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Меншік құқығының нормативтік актілермен Конститутциямен қорғалу маңыздылығын білу үшін өз бетімен тақырыпты зерттей отырып теория және практика мәселелерін көтере отырып ағымды бұқаралық ақпараттарды зерттеп нақты тақырыпқа байланысты мақаланы тауып алып, мақалаға өз көзқарасын жазу керек. Жұмыста мақала және студенттің пікірі болуы қажет

2. ҚР АК 260-бабына сәйкес Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы. 264-бабына сәйкес Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы. Талап арыздар жинағына сүйене отырып нақты бір сот практикасындағы азаматтық іс бойынша кездесетін негаторлық немесе виндикациялық талап арыз құру. Талап арыз А Форматына құрылады.

3. Берілген тапсырма бойынша Азаматтық құқық пәнінен практикумнан есеп анықтап алып оның ситуациялық маңызын белгілеу қажет. Есеп нақты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына бағытталып, осы нормативтік актімен шешілу керек. Студент жазбаша нысанда есептің берілгенін жазып, жауабын кодекске сілтеме жасай отырып тапсыруы қажет.

Бақылау сұрақтары:

1 Меншік құқығын қорғаудың маңызы. Меншік құқығын қорғаудың әдістері. Меншік құқығын тану. Басқа адамның заңсыз иеленуіндегі мүлікті талап ету. Заңсыз иеленудегі мүлікті қайтарғандағы есеп.

2.Мемлекеттік басқарушы органдардың меншік иесінің меншік құқығын заңсыз шектеуінен корғау.

3.Меншік құқығын азаматтық-құқыктык корғаудың баска да тәсілдері.

4.Заттық құқықтарды қорғау.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

7. ҚР Азаматтық кодексі

8. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

9. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

10. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

11. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

12. E-mail: book @ zakon. Kz.

15-тақырып. Міндеттеменін түсінігі және міндеттемедегі тараптары

16-тақырып. Міндеттемені орындау (12 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант– Эссе құру Азаматтық құқықтағы міндеттеме институты

2вариант – талаптарға сараптама міндеттеменің орындалуына қойылатын талаптарды білу

3вариант Міндеттемеге қатысушылардың ерекшелігіне байланысты түрлерін ажыратын әр қайсысына анықтама беру

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Эссе – Міндеттемелік құқықтық қатынастардың мәселелеріне арналған пікірталас құру үшін мәліметтер жинап, актуалдығын дәлелдеу. Мәліметтер бұқаралық ақпараттар көздерінен немесе әдебиеттерден жинақтауға мүмкіншілік беріледі. Эссе 12-15 бет көлемінде жазылып тапсырылу керек.

2. Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс деп бекітілген заңнама нормаларына сүйене отырып студент өзге де нормаларды жинақтар сараптама жасау қажет. Жұмыс жазбаша нысанда тапсырылу керек.

3. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн. Жоғарыда аталған нормаларды негізге ала отырып міндеттеменің тараптарының маңызы мен міндеттерін анықтау. Сараптама жазбаша нысанда тапсырылу керек.

Бақылау сұрақтар:

1.Міндеттеменің ұғымы мен оның жүйесі.

2.Міндеттеменің ұғымы, оның заттық құқықтық қатынастан ерекшелігі.

3.Міндеттеменің туындауының негізі.

4.Міндеттеменің субъектісі. Міндеттемедегі тараптардың көптігі. Іскерлік және субсидиялық міндеттемелер. Үшінші тараптың қатысуымен болатын міндеттеме. Кері міндеттеме. Үшінші тарапқа тиімді міндеттеме.

5.Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

7. ҚР Азаматтық кодексі

8. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

9. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

10. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

11. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

12. E-mail: book @ zakon. Kz.

17-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамассыз ету (13 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант– баяндама дайындау Міндеттеменің орындалуын қамтамассыз ету

2вариант – міндеттеменің орындалуын қамтамассыз ету тәсілінің біреуін таңдап алып, есеп шығару

3вариант Кепілді реттеуші нормативтік құқық актілер тізімін құру

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi: мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi. Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi. Жоғарыда аталған мағлұматтарды негізге ала отырып, студент жазбаша нысанда 10-12 бет көлемінде тапсырылуы керек.

2. Айып төлеу, Кепіл, Кепілдік және кепіл болушылық, Ұстап қалу, Кепілпұл міндеттеменің орындалуын қамтамассыз ету әдістерінің біреуін таңдап алып, студент азаматтық құқық пәнінен практикумнан есепті нормативтік актілерге сүйене отырып шығару керек.

3. Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады. Жоғарыда аталған мағлұматтарды негізге ала отырып заңнамаға комментарии жазбаша нысанда тапсырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі.

2.Тұрақсыздық, оның кемшілігіне қатысты түрлері.

3.Кепіл пұл, оның аванстан ерекшелігі. Оның тәсілі және бұзылуының нәтижесі.

4.Кепіл. Оның түрлілігі. Кепіл пәні. Кепіл формасы және оның бұзылуының нәтижесі.

5.Кепіл тараптары, олардың құқықтары мен міндеттері. Кепілді бұзғаны үшін жауаптылық нәтижесі.

6.Кепіл етудің заңнамада көзделген реті. Банктік кепілдің ерекшелігі. Айналымдағы тауар кепілдері.

7.Кепілдік және кепіл болушылық міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде. Кепілдік және кепіл болушының міндеттері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

8. ҚР Азаматтық кодексі

9. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

10. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

11. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

12. С.А. Ынтымақов «Азаматтық құқық» практикум. А., 2000ж.

13. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

14. E-mail: book @ zakon. Kz.

18-тақырып. Міндеттемені бұзгандыгы үшін жауапкершілік

19-тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы (14 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант – азаматтық құқықтық жауапкершіліктің туындауы сәйкес қашетті мағлұматтар дайындау.

2вариант Міндеттеменің тоқтатылуына байланысты ситуациялық есеп құрып оны шешу

3вариант Міндеттеменің тоқтатылуына байланысты мақалалар жинақтау

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Міндеттемелік құқықтық қатынастардың нәтижесі ретінде азаматтық құқықтық жауапкершілігі мәселелеріне арналған пікірталас құру үшін мәліметтер жинап, актуалдығын дәлелдеу. Мәліметтер бұқаралық ақпараттар көздерінен немесе әдебиеттерден жиенақтауға мүмкіншілік беріледі. Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi. Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi. Мағлұматтар жазбаша нысанда тапсырылады.
  2. Міндеттеменің орындалу барысында туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершілік тақырыбынан есептер жинағынан есеп шығару.
  3. Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi. Мәліметтер бұқаралық ақпараттар көздерінен немесе әдебиеттерден жинақтауға мүмкіншілік беріледі. Міндеттеменің тоқтатылуына арналған мақалар А-4 форматына жинақтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық-құқыктық жауаптылықтың түсінігі.

2.Азаматтық-құқық жауаптылықтың түрлері.

3.Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың шарты.

4.Міндеттемені тоқтатудың кейбір тәсілдері.

5.Міндеттемені тоқтатудың шарттары.

6.Борышкер мен жанға алушының бір тұлға болуы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

8. ҚР Азаматтық кодексі

9. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

10. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

11. С.А. Ынтымақов «Азаматтық құқық» практикум А., 2000ж.

12. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

13. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

14. E-mail: book @ zakon. Kz.

20-тақырып. Шарттың ұғымы және жағдайлары

21-тақырып. Шарт жасасу, өзгерту және шартты бұзу (15 апта)

СӨЖ нысаны:

1вариант– объектісі мүлікті меншік құқығына беру болып табылатын шарт жобасын құру

2вариант – объектісі жұмыс болып табылатын шарт жобасын құру

3вариант Объектісі қызмет болып табылатын шарт жобасын құру

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Азаматтық құқықтық қатынастардағы шарттар бағытталған объектілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Тапсырмада көрсетілгендей мүлікті меншік құқығына беруге байланысты шартты анықтап алып шарттар жобасы жинағынан шарт таңдап алып жазбаша нысанда тапсыру қажет. Студент жоба құру барысында шартқа қатысушы тараптарды, оның мазмұнын, шарт бойынша жауаптылық, шарт мерзімі және өзге де шарттың елеулі ережелеріне көңіл бөлуі қажет.

2. Бұл тапсырманы орындау барысында студент шарт объектісі жұмыс болатын шартты анықтап алуы керек. Жұмыс ұғымын біліп шарттар жобасы жинағынан алып, жазбаша нысанда жоба жазылып тапсырылады.

3. Азаматтық заңнама мазмұнынан қызмет көрсетуге бағытталған шарттың жекелеген түрін анықтап алып, шарттар жобасы жинағынан жазбаша нысанда шарттың елеулі ережелерін ескере отырып жоба құру керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық-құқыктық шарттардың ұғымы және белгілері. ҚР-да нарык катынастардың қалыптасуындағы шарттың алатын орны.

2.«Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының ара - қатынасы. Заң актілері және шарттар.

3.Шартты саралау. Оралымды және оралымсыз шарттар. Бір жақты және екі жақты шарттар. Алдын - ала шарт жасасу. Үшінші тарапқа тиімді шарт.

4.Шарт жасасудың шарты және түрлері.

5.Шартты талқылау.

1.Шарт жасасудың нысаны. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарттың мазмүны және формасы. Шарттың жай және маңызды түрі. Шарт жасасу орны.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 575; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.