Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тасымал беталыстары




Н.Ю. Зінченко

КОНСПЕКТ ЛЕКЦІЙ

ФАРМАЦЕВТИЧНА ХІМІЯ

Допоміжна

Основна

Контрольні запитання та завдання

1. Охарактеризуйте сучасну класифікацію протипухлинних препаратів за Машковським.

2. Якій механізм дії алкілюючих засобів для лікування онкологічних захворювань?

3. Які особливості антиметаболітів пуринового ряду та їх призначення?

4. Назвіть особливості хімічної будови препаратів для лікування гормон залежних пухлин.

5. Охарактеризуйте за хімічною будовою препарати для лікування онкологічних захворювань.


Рекомендована література

1. Беликов В. Г. Фармацевтическая химия. В 2 ч: Учеб. пособие. / В. Г. Беликов – М.: Медпресс-информ, 2007. – 624 с.

2. Граник В.Г. Основы медицинской химии. – М., «Вузовская книга, 2001. – 384с.

3. Логинова Н.В. Введение в фармацевтическую химию: Учеб. пособие. / Н.В.Логинова, Г.И.Полозов – Мн.: БГУ, 2003. – 250 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. / М.Д. Машковский. – М.: «Новая волна», 2005 – 1200 с.

5. Солдатенков А.Т. Основы органической химии лекарственных веществ. / А.Т.Солдатенков, Н.М. Колядина, И.В.Шендрик. – М.: «Мир», 2003. – 192 с.

6. Фармацевтична хімія / П.О. Безуглий, І.В. Українець, С.Г.Таран та ін.; За заг. ред. П.О. Безуглий. – Х.: Вид-во НФАУ; Золоті сторінки, 2002. – 448 с.

7. Фармацевтичний аналіз: Навч. посіб. для студ. вищ. фармац. навч. закл. III—IV рівнів акредитації / П.О. Безуглий, В. О. Грудько, С. Г. Леонова та ін.; За ред. П.О. Безуглого. – X.: Вид-во НФАУ; Золоті сторінки, 2001. – 260 с.

8. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2005. – 736 с.

 

 

1. Державна фармакопея України. – 1-е вид. – Х.: РІРЕГ, 2001. – 531 с.

2. Державна фармакопея України. – 1-е вид. – Доповнення 1. – Х.: РІРЕГ, 2004. – 520 с.

3. Державна фармакопея України. – 1-е вид. – Доповнення 2. – Х.: Державне підприємство «Науково-експертний фармакопейний центр», 2008. – 620 с.

4. Державна фармакопея України. – 1-е вид. – Доповнення 3. – Х.: Державне підприємство «Український науковий фармакопейний центр якості лікарських засобів», 2009. – 280 с.

5. Ластухін Ю.О. Хімія природних органічних сполук / Ю.О.Ластухін. – Львів: «Інтелект-Захід», 2005. – 560 с.

6. Туркевич М., Владзімірська О., Лесик Р. Фармацевтична хімія (стероїдні гормони, їх синтетичні замінники і гетероциклічні сполуки як лікарські засоби). Підручник. – Вінниця: Нова Книга, 2003. – 464 с.

7. Фармацевтическая химия: Учеб. пособие / Под ред. Л.П.Арзамасцева. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 с.

 

 


Навчальне видання

 

 

для студентів за напрямом підготовки 6.051401 «Біотехнологія»

денної та заочної форм навчання

 

 

  СХВАЛЕНО на засіданні кафедри органічної хімії Протокол № від 23.04.2013р

 

 

Укладачі: С.І Шульга, канд. хім. наук

Н.В. Сімурова, канд. хім. наук

І.В. Попова, канд. техн. наук

 

Видання подається в авторській рекомендації

 

ЖҚ тасымалды орындау кезінде із түсу жолын қозғалыс беталысы деп атайды. Сол немесе басқа беталысты таңдау, арналған және жөнелтілетін пунктер орналастырылған жолдық торабтын ерекшелігін, көліктік үрдістің негізгі нұсқасын ұйымдастырумен анықталады.

Жүктік тасымал беталыстарының әр қилы түрлерінің жіктелуі 2.3. суретте келтірілген.

 

Сурет 2.3. Жүктік тасымал беталыстарының жіктелуі

 

Жолаушылар тасымалының беталыстары жолаушылар ағымының бағытымен және өлшемімен анықталады. Беталыстың басын және соңын жолаушы ағымының күрт өзгеру нүктесіне орналастырады. Автобустық беталыс — бұл бастапқы және соңғы пунктер арасындағы сәйкестікпен жабдықталған және бекітілген автобустың ізге түсу жолы. Сапар — бұл бір бағытта бекітілген беталыс бойынша автобустың жүрісі, ал айналымдық сапар — тұра және қайту бағытындағы. Беталыстарды айырымдарға бөледі.

Аралық екі аялдау пунктері арасындағы автобустың ізге түсу жолы айырым деп аталады. Аялдамалық пунктердің орналасуын көліктік жеткіліктілікті және жолаушы айналымын ескерумен таңдайды. Аялдамалық пунктерді келесі топтарға бөледі:

- тұрақты — тұрақты жолаушы ағымы кезінде;

- уақытша — тәулік уақыты, апта күндері немесе мезгіл бойынша жолашы ағымының мезгілді тууы кезінде;

- талап бойынша — аз бірақ жолаушы ағымы мерзімді туатын жерлерде.

Олардың қаланың жоспарында геометриялық өлшемдеріне байланысты қалалық автобустарды келесі түрлерге ажыратады:

- диаметральдық — шет жақтарын қаланың орталығы арқылы байланыстыратын;

- радиалдық — шет жақтарын оның орталығымен байланыстыратын;

- тангенциалдық — қаланың жекелеген шеткі аудандарын оның орталығын баса отырып байланыстыратын;

- сақиналық — бір нүктеде бастапқы және соңғы пункті бар.

Диаметральдық, радиалдық және сақиналық беталыстар теңселмелік беталыстар тобына жатады.

2.4. Пайдаланушылық факторлардың автомобильдің өнімділігіне әсері

ЖҚ өнімділігін жоғарылату әдістерін анықтау үшін АКҚ өнімділігіне жекелеген пайдаланушылық көрсеткіштердің әсер дәрежесін және сипатын білу қажет. Бола тұра ЖҚ тиімді пайдаланушылығын сипаттау үшін пайдалануға болатын көрсеткіштерді санау қажет және олар үш топқа бөлінеді:

- экстенсивтік — сапардағы ЖҚ санын жоғарылатуды және оның жұмысының ұзақтығын қамтамасыз етеді (шығару коэффициенті, АКҚ нарядта болуының орташа тәуліктік ұзақтылығы);

- үздіксіздік — тасымал үрдісін (орташа тәуліктік жорту, жүк көтергіштікті және жортуды пайдалану коэффициенті, қозғалыстың пайдаланушылық және техникалық жылдамдығы) және жоспарлауды жаңғырту арқасында ЖҚ өнімділігін жоғарылату тәсілдері;

- жинақтап қорытқыш — толығымен ЖҚ пайдалану тиімділігін сипаттайды (ЖҚ 1 тонна жүк көтергіштігіне тонна – километрлік өнімділік, сағаттық өнімділік және т.с.).

АКҚ өнімділігіне әсер ететін жекелеген факторларды бағалау негізінен элиминирлеу тәсілімен орындайды, бола тұра таңдалғаннан басқа факторлардың барлығының әсерлері ескерілмейді. Әрекеттегі ретінде соңғы көрсеткішке әсер ететін әрбір фактор артынан қарастырылады. Элиминирлеу тәсілін пайдаланған кезде кейбір факторлар өзара байланысуы мүмкіндігін ескерген жөн.

2.5. Тасымалдың өзіндік құны және тарифі

Ақшалық қалыптағы тасымалды орындаудағы АКҰ шығындары пайдаланушылық шығындар болып табылады, ал бірлікке есептелген көліктік өнімдер тасымалдың өзіндік құны деп аталады және АК тг / (ткм), тг / км, тг / т деп есептелінеді немесе АКҚ жұмыс мәнін беку тәсіліне байланысты тг / сағ.

Өзіндік құнның құрылымы − бұл жалпы пайдаланушылық шығындардағы шығындардың элементтеріне шығындардың тармақтарының қатынасы және құрамы.

АК келесі тармақтар бойынша тасымалдың өзіндік құнымен есептеулерді есептеу және құру қабылданған:

- жүргізушілердің есептелген негізгі және қосымша еңбек ақысы;

- отынға жұмсаулар — отынға жұмсаулардан бөлек, сапардағы жұмыс кезінде шығарылған жұмсаулар, отынға жұмсаулар, ішкі гараждық қажеттілікке пайдаланылғанды санайды;

- майлауға және басқа да пайдаланушылық материалдарға шығындар;

- автомобильдік шиналардың тозуына және жөндеуіне шығындар;

- ЖҚ техникалық күтуге және жөндеуге шығындар;

- ЖҚ қайта қалпына келтіруге амортизациондық бөлінулер;

- АКҰ жұмыс істеуіне қосарлық шығын.

Тасымалға шығындарды жедел қарапайым жоспарлау үшін оларды тұрақты (ЖҚ жортуына тәуелді емес) және ауыспалы (ЖҚ жортуына тәуелді) құраушы түрінде көрсетуге болады.

Ауыспалыға ЖҚ жұмысына байланысты және 1 км жортуға есептелінген шығындар жатады. Ондай шығындарға пайдаланушылық материалға және отынға, техникалық күтуге және жөндеуге, амортизациялық бөлінулік шығындар, жөндеуге және шинаны алуға шығындар және т.с. жатады.

Тұрақтыға ЖҚ АКҰ келуінің күнтізбелік уақытта есептелінген шығындар жатады. Ондай шығындар АКҚ қайда орналасқандығына тәуелді емес: сапарда, паркте немесе жөндеуде. Тұрақты шығындарға АКҰ территориясын және ғимаратын қамтуға шығындар, шаруашылық шығындар, төлемдер және жиналымдар, басқару аппаратының еңбек ақыларына және т.с. шығындар жатады.

Тасымалдың өзіндік құның С тұрақты С0 және ауыспалы С ауысп құраушылар арқылы келесі формулалармен көрсетуге болады:

жүктік тасымал үшін

;

автобустық тасымал үшін

.

Көліктік тарифтер тасымалға алынатын алым бойынша бағалардың жүйесі деп аталады.

Тасымалдың өзіндік құнының төмендеуі тарифтердің төмендеуінің қажетті құралы болып табылады және артынан қосымша клиенттерді әкеледі. Өзіндік құнды төмендетудің негізгі әдістері бір жүрісте тасымалданатын жүктің санын жоғарылатудың арқасында ЖҚ өнімділігін жоғарылату, өнімсіз тұруларды және бос тұруды қысқарту, қозғалыс жылдамдығын арттыру болып табылады. Автомобильдік отынды үнемдеумен ЖҚ жаңалауын және жаңасын пайдаланумен, қосарлық шығындарды төмендетумен және АКҰ көмекші жұмыскерлерін қысқартумен шығындарды төмендетуге жетуге болады.

Жүктік тарифтер көлікте кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін өнімді тасымалдауға шығынды толтырады. Ендеше орташа тарифтік қойылымның өлшемі мыналардың ара қатынасынан анықталады:

,

мұнда С — тасымалдардың өзіндік құны; П — тасымалдаушының пайдасы.

Тарифтерді анықтау кезінде тасымалдың аралығының жоғарылауымен өзіндік құнның төмендеуін ескерген жөн. Бұл принципке тарифтердің тұрғызылуының дифференцирленген жүйесі сәйкес келеді, яғни жүктің тасымалдау аралығының жоғарылауымен тарифтің километр бойынша қойылымы экспоненциялды төмендегенде. Негізінде қойылымның төмендеуін тасымалдың рационалдық алыстығымен шектейді. Бұл аралықтың жоғарысында қойылымның мәні тұрақты болып қалады немесе жоғарылайды. Бұл тасымалдаушыға ЖҚ рационалды емес пайдаланумен байланысты шығындардың жоғарылауын өтеуге мүмкіндік береді.

Тұрақты қойылымның жүйесі жүкті тасымалдау аралығының өсуімен тарифтің өзгеруін санамайды. Бұл жағдайда басқа да факторлар (ЖҚ түрі, тасымалдың жеделдігі және т.с.) есептелінуі мүмкін.

Аккордтық жүйе тасымал үшін белгілі төлемді қарастырады.

Қазіргі кезде жүктік АК қызметіне тәуелсіз бағалар бекітілген, бұлардың деңгейі бәсекелес ортамен және тасымалдаушының фактикалық шығындарымен анықталады. АКҰ клиенттерімен есептесуді орындаудың ыңғайлылығы үшін ұйымның жұмысының арналуына, жүктерді жеткізудің нақты шарттарына, тасымал көлеміне және т.с. тәуелді өзінін тарифтік жүйесін жасайды.

АК жүктік тарифтердің қалыптасуының келесі сұлбалары кең таралым алды.

Мерзімдік тарифтер тасымалдардың сандық сипаттамаларын анықтау рационалды емес немесе мүмкін емес кезінде белгілі уақытта ЖҚ клиентке ұсыну кезінде пайдаланылады. Тарифтің қойылымы 1 сағатқа есептелінеді, ЖҚ түріне тәуелді және пайдалану уақытында ЖҚ орындаған жортуды ескеруі мүмкін. Сондай - ақ ЖҚ аз ақ уақыт пайдалану кезінде қосымша көтерілген шығындарды өтеу үшін АКҚ ұсынуға минималды төлемі бекітіледі.

Километр бойынша тарифтер жортудың мәнінен шыға отырып ЖҚ үлгісіне және түріне тәуелді төлемді қарастырады. Әдетте тарифтердің бұл сұлбасы қала аралық және тасымалды орындау кезінде немесе АКҰ (айдау, беру және қайтару, объективті себептермен бос жорту және т.с.) өзінін орынын ауыстыру кезінде пайдаланылады.

Келісімдік тарифтерді АКҚ өнімділігін жоғарылату және шығындарды төмендетудің объективтік қажеттігі осы жағдайда туатындықтан, тасымалданатын жүктің көлемін нақты есептеу мүмкіндігі болғанда пайдаланған жөн, бұл тасымалды орындау кезінде коммерциялық пайда алуға мүмкіндік береді. Келісімдік тарифтің қойылымы жүкті тасымалдау қашықтығына, жөнелту өлшеміне және жүктің класына тәуелді.

АК қызметіне бос баға шартында жүкті тасымалдау тасымалдың өзіндік құнымен және бәсекелестік деңгейімен анықталады.

1т жүкті тасымалдаудың өзіндік құның мына формула бойынша анықтауға болады:

.

Онда 1т жүкті тасымалдаудың пайдалылығы % мынаны құрайды:

,

мұнда — 1т жүкті тасымалдауға тариф.

При заданном уровне рентабельности , величина тарифа составит

.

Берілген пайдалылық деңгейі кезінде тарифтің мәні мынаны құрайды:

.

АКҰ пайдалану ыңғайлылығы және клиенттері үшін тарифтердің есептелген мәнін әдетте кесте түрінде безендіреді. АКҰ тарифтердің қалыптасу сұлбаларының қабылдануына тәуелді кестелер әртүрлі қалыпта болуы мүмкін.

Автобустық көліктегі тарифтік жүйелер жүріс күйінде есептеуге тәуелді екі топқа бөлінеді.

Біріңғай тариф кезінде жүрістің бағасы бір беталыс шегіндегі арақашықтыққа тәуелді болмайды. Біріңғай тарифтің артықшылығы — пайдалану қарапайымдылығы, сондықтан мұндай тарифті қалаларда және елді мекендерде пайдаланады, кемшілігі — нақты жолаушыны тасымалдауға төлем және шығынның арасындағы байланыстың болмауы. Жүрістің бағасы мына қатынаспен анықталады:

,

мұнда Тр — 1км жортуға есептік тариф; — жолаушының баруының орташа алыстығы.

Арақашықтық бойынша тарифтермен жүрістің ара қашықтығына байланысты төлем қарастырылған. Автобустық беталыс осы тарифтерде бірнеше айдаулардан құралған бөліктерге (белдеулерге) бөлінеді. Беталыстағы тарифтік бөліктердің ұзындығы әртүрлі немесе біріңғай болуы мүмкін. Арақашықтық бойынша тарифтерді төлеу жүйесіне сәйкес келесі түрлерге бөледі:

- ұсақ бөлімшелік (біріңғай қойылым бойынша әрбір тарифтік бөлімді төлеуді қарастырады, шағын қалаларда және қаланың шетіндегі беталыстарда қолданылады);

- жаппа бөлімшелік (бұрынғы бөлімнің соңы басталмай тұрып келесі бөлімді ертерек бастауға жібереді, беталыстағы нақты жолаушы ағымының ерекшелігін есептеуге мүмкіндік береді);

жеңілдетілген бөлімшелік (осы бөліктер бойынша тарифтердің соммасынан гөрі төмен бағамды бір уақытта бірнеше бөліктерді төлеуді қарастырады, алыс беталыстарға пайдаланылады).

Такси – автомобильіндегі жүрісті төлеу жортудың әрбір километріне, клиентте тұрудың әрбір сағатына және автомобильді беруге әсіресе жиі құрамалау тарифі бойынша жүргізіледі.

Автобустармен немесе жеңіл автомобильдермен арнаулы тасымалдарды (туристтік, тапсырыстық немесе экскурсиялық) орындау кезінде уақытша тарифтерді қолданады.

Әдебиет:

1.нег [11-29]; 2.нег [28-50].

Бақылау сұрақтары:

1. Көліктік үрдісіне және оның элементтеріне түсінік беріңіз. 2.Жылжымалы құрамның пайдалану көрсеткіштерін атаңыз, оларды есептеу жолын көрсетіңіз.3. Автомобильмен тасымалдаудың өзіндік құны дегеніміз не,оның құрылымы қандай? 4. Қандай негізгі заңнамалық актілер автомобильдік тасымалды орындау шарттарын анықтайды? 5. Автокөліктік ұйымның басқару жүйесі қандай? 6. Тасымалдарды диспетчерлік басқарудың мәні неде?

№3 Дәріс Тақырыбы «Тасымалдарды нормативтік қамтамасыз ету

3.1. Көліктік әрекетті реттеу

Әлемнің экономикасы дамыған елдеріндегі көліктің сауда жағдайындағы жұмысының ұзақ тәжірибесі келесі негізгі себептер бойынша көліктік әрекетті реттеу қажеттілігін көрсетті:

- жолдық қозғалыс қауіпсіздігі жағынан да, экономиканың жұмыс істеуіне кепілдеме үшін және апаттық жағдайлардың алдың алу үшін қоғамдық қауіпсіздікті ұстау қажеттілігі;

- көліктегі табиғи дара иеліктің деңгейінің жоғарылығы;

- автомобильдік тасымал нарығындағы қатаң бәсекелестік;

- автомобильдік тасымалдарды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның (жолдар, жолдық қызмет ұйымдары және т.с.) пайдасын қайта үлестіру қажеттілігі;

- мемлекет аралық келісім бойынша міндеттемелерді орындау;

- көліктің маңызды әлеуметтік мәні.

КСРО дағы АК басқару тарихы Жолдық көліктерді орталық басқару (Цудортранс) құрылған 12.01.1928 дегі КСРО ЦИК Совнаркомының бұйрығынан бастау алады. Кеңестік республикаларда автомобильдік көліктің халықтық комиссариаттарың құру туралы КСРО Заңы 1939 жылы қабылданды, осы заңның орындалуымен РКФСР автомобильдік көліктің Наркоматы құрылды. 1946 жылы автомобильдік көліктің Наркоматы РКФСР Автомобильдік Көлік Министрлігі деп аталды. Ірі автокөліктік бірлестіктер орындарында АК басқарудың иерархиялық құрылымы негізінде Министрлік республикадағы жалпы қолданыстағы барлық көлікті басқаруды қамтамасыз етті және басқармалық АКҰ жұмыс жағдайын айтарлықтай дәрежеде анықтады.

1991 жылдан бері Қазақстан Республикасындағы автокөліктік әрекетті орталық басқару мекемесі Көлік және Комуникация министрлігі — орындаушы билік мекемесі болып табылады, бұл мемлекеттік саясатты жүргізумен және жалпы мемлекеттік басқарумен және көліктік кешенді реттеумен қамтамасыз етеді. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және мамандарды дайындау, басқа да жол қатынастарының қызметімен байланысты жұмыстарды, автомобильдік жолдарды жөндеу және олардағы көліктік үрдістерді ұстау, құрылыспен, жобалаумен көліктік – экспедициялық әрекетті және қалалық электрлік,автомобильдік, темір жолдық, теңіздік, ішкі сулық, әуелік көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сонымен қатар көліктік үрдіспен байланысты өзге үрдісті орындайтын Қазақстанның территориясындағы тіркелгендер көліктік кешенді құрайды.

Көлік саласында министрліктің негізгі жұмыстары келесілер болып табылады:

- мемлекеттік көліктік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

- көліктік даму ұстанымын өңдеу және жалпы көліктік мақсаттық бағдарламаларды жүзеге асыру;

- жалпы нұсқау, мемлекеттік бақылау және көліктің әртүрлі түрлерінің әрекеттерін үйлестіру;

- экономикалық реформаларды жүргізуге және көліктегі құрылымдылық қайта құруларға басшылық;

- көліктік кешеннің жұмыс істеуін қалыптастыру және заңдық негізін жетілдіру;

- көліктік қызметтің халық аралық нарығында Қазақстан Республикасының көліктік кешенінің мүдделерін ұсыну.

Сондықтан, қазіргі кезде авто тасымалдаушының әрекеті бір жағынан мемлекеттік нормативтік – заңдық актілермен реттеледі, бір жағынан — берілген ұйым жұмыс істейтін бәсекелес сауда ортасымен анықталады.

Авто тасымалдаушының жұмысын реттеудің негізгі әдісі әлемдік тәжірибеде лицензирлеу болып табылады.

3.2. Тасымалдарды заңнамалық және нормативтік қамтамасыз ету

Автомобильдік көліктің жарғысы (АК Жарғысы) АК субъектілерінің әрекетін және олардың арасындағы қатынасты білгілейтін маңызды құжат болып табылады.

Тасымалдық үрдіс жақтарының арасындағы қатынасты анықтайтын АК Жарғысы негізгі құжат болып қала береді, және олардың арасындағы даулық жағдайларды шешу кезінде пайдаланылады.

Мысалы, РФ күшіндегі АК Жарғысы 10 бөлімнен және 169 тармақтан тұрады, олардың ішінен қазіргі жағдайда тасымалды ұйымдастыру кезінде келесі бөлімдері қызықтырады.

ІІ Бөлім «Жылжымалы құрам, автомобильдік жолдар, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру үшін құрылғылар және ғимараттар және жолаушыларға қызмет» келесі қағидалардан тұрады:

- бағыныштылық бойынша автомобильдік жолдардың бөлімшелері;

- автомобильдік жолдарды пайдалану ережесі;

- жүктік терминалдарды (автобекеттерді), көліктік – экспедициялық кәсіпорынның, агенттіктердің, автовокзалдардың және автобекеттердің және т.с. жұмыс істеу негізі.

ІІІ Бөлім «Жүктерді тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыру» келесі қағидалардан тұрады:

- жүктерді тасымалдауға келісімдерді толтыру және бірлік тасымалдарға өнімдерді қабылдау реті және ережесі;

- жүкті тасымалға қабылдау реті;

- тапсырыс берушіге ЖҚ ұсыну реті;

- тауарлық – көліктік қосымшаны рәсімдеу реті;

- жүктерді жөнелту қажет болған кездегі шарт;

- жүкті жөнелтушінің жүкті тасымалға дайындау бойынша міндеттері;

- ПРР ді орындау уақытын, жүктің массасын және т.с. анықтаудың реті;

- Алушыға жүкті беру бойынша АКҰ міндеттері;

- Жүкті жеткізу бойынша АКҰ міндеттері.

IV Бөлім «Жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау» жолаушыларды

тасымалдау бойынша қызмет көрсетумен АКҰ талаптарды қояды, беталысты ашу жағдайына және олардың техникалық қамтылғандығына талаптар жолаушылардың хұқын айтады.

VI Бөлім «Тасымал үшін есептемелер және тарифтер» тасымалды төлеудің алдын – ала

ретін және соңғы есеп жағдайын анықтайды. Жеткізу төлемін еңгізуден бұрын АКҰ тасымалға жүкті қабылдамауына хұқы бар.

ІХ Бөлім «Автокөліктік кәсіпорындардың және ұйымдардың, жүкті жөнелтушілердің,

жүкті алушылардың және жолаушылардың жауапкершілігі. Актілер, арыздар және шағымдар» тасымалдық үрдістің жақтары арасындағы шағымдардың шешілу ретін анықтайды.

Тасымалдаушы келесі жағдайларда айып пұл төлеу түріндегі жауапкершілікте болуы

мүмкін:

- тасымалдың, бірлік тапсырыс немесе көліктік – жөнелтудің қызметінін жоспарын орындамағанда (жеткізілмеген жүктің бағасының 20 % шегінде);

- жүктерге контейнерлерді бермегенде;

- ЖҚ уақытында келмеуі;

- қала аралық тасымал кезінде жүкті жеткізуге кешігуде (кешігудің әр бір тәулігіне жеткізу төлемінің 12 %, бірақ тасымалдың жалпы құнын 60 % аспайтындай);

- жүкті негізделмеген адресінің ауысуында.

Оны тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүктің сақтауына жауапкершілікте болады, және

келтірілген шығындарға сәйкес жүктің иесіне зардапты төлеуін талап етуіне болады.

Жүктің жоғалуы кезінде жүктің иесі оның құның толық өтеуді талап етуіне болады.

Қалалық тасымал кезінде жеткізілу мерзімінен 10 күннен кейін және қала аралықта 30

күннен кейін жүк жоғалған деп саналады.

Келесі жағдайларда жүкті жөнелтуші немесе жүкті алушы айып пұл төлеу түрінде жауапкершілікте болуы мүмкін:

- тасымалға жүкті көрсетпегенде (көрсетілмеген жүктің тасымалының құнының 20 % шегінде);

- контейнерлерді пайдаланбағанда;

- ЖҚ бекітілген межеден жоғары тұруы (тауарлық – көліктік қосымшаны немесе жолдық парақты белгілету негізінде анықталады). Бұған ПРР орындау кезінде межеден жоғары тұрулар, және де кеденде межеден жоғары тұрулар, санитарлық бақылауда және т.с. тұрулар жатады, егер олар тапсырыс берушінің жазбаса бас тарту кезінде ЖҚ гаражда тұрулары;

- контейнерлерді бөгеу;

- сапарлық құжаттарды бұрыс бекітуге немесе оларды бекітуден бас тартқанда;

- жүкті бұрыс ораудан және бекітуден ПРР орындау кезінде ЖҚ зақымдалуы. Айып пұлдарды 5 күнге дейінгі мерзімде төлеуге жатады.

3.3. Тасымалдарды құжаттық бекіту

Қатаң есептелетін (серия және есептік нөмірі бар) құжаттарға жататын құжаттар әрбір АКҚ тасымалды орындау кезінде болуы керек. Жалпы жағдайда ондай құжаттарға

мыналар жатады:

- сапарлық парақ;

- тауарлық сипаттағы (құны бар) жүктерді тасымалдау кезіндегі тауарлық – көліктік қосымша (ТКҚ).

Сапарлық парақ негізгі алғашқы құжат болып табылады, ол тасымалдағы есептемелерді

және жүргізушіге еңбек ақыны есептеу, жүргізушінің және ЖҚ жұмысын есептеу кезіндегі көрсеткіштерді анықтайды. Тауарлық тасымалдауды орындау кезінде сапарлық парақпен бірге ТКҚ пайдаланылады.

Тауарлық – көліктік қосымша екі бөліктен тұрады: тауарлық және көліктік. ТКҚ тақырыбтық бөлімінде оны тіркеуден шығару мерзімін, тасымалды, төлейтін тапсырыс берушінің аты – жөнін, АКҰ атауын, ЖҚ маркісінің және мемлекеттік нөмірін, жүргізушінің мәліметтерін, сапарлық парақтың нөмірін көрсетеді.

ТКҚ тауарлық бөлімін жүкті жөнелтушімен толтырады және жүк және жүкті жіберші тұлға жайлы мәліметтен тұрады. Тасымалданушы жүктің мұндай мәліметтерін көрсетудің орнына ТКҚ ұсынылатын және ТКҚ барлық қарастырылған реквизиттерінен тұратын тауарлық қосымшалардың нөмірі көрсетілуі мүмкін.

ПН көліктік бөлімінде жүк тиеу – жүк түсіру операциялары және ЖҚ жұмыс көрсеткіштері мағлұмат келтіріледі.

Әдебиет:

1.нег [30-51]; 2.нег [51-72].

Бақылау сұрақтары: 1.Автомобильмен тасымалдауды орындау үшін кандай заңнамалық құжаттарға негіздену керек? 2. Автомобильмен тасымалдаудың өзіндік құны дегеніміз не? Оның құрылымы. 3.Автомобильмен тасымалдау кезінде кандай жұмыстың түріне лицензия алу қажет? 4.Автомобиль көлігінде алғашқы есеп құжаттарының формасын атап беріңіз.

№4 Дәріс Тақырыбы «Тасымалдарды жоспарлау және басқару»




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1672; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.119 сек.