Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Иллюстративті материал. Рис.1 Опистотонус Рис.2 Мазок из чистой культуры C.tetani




Рис.1 Опистотонус Рис.2 Мазок из чистой культуры C.tetani. окраска по Граму

Рис.3 Превотеллы Рис.4 Фузобактерии Рис.5. Бактероиды

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Анаэроб дегеніміз не?

2. Облигатты (қатаң) анаэробтарға мекендейтін табиғи орта не болып келеді?

3. Қатаң анаэробтардың негізгі топтамасы?

4. Clostridium туыстығының газды гангренаның қоздыртқышы?

Оба - өткір инфекциялық ауру, геморрагиялық септицелий жолымен ағады. Бұрынғы кездегі чумалар адамзат үшін қауіпті соққы болды. Обаның 3 түрлі пандемиясы белгілі, ол қаншама адамның өмірін қиды.

1-ші пандемия, VІғ ашылды, 531-580ж аралығында Восток Рим империясының жарты халқы 100млн.адам қайтыс болды.

Екінші пандемия, XIV ғ.табылды. ол Қытайдан бастап, және Азия мен Европаның көптеген аймақтарын таң қалдырды.

Азияда 40млн.адам, ал Европада 100млн.адамнан 25млн.адам қайтыс болды.

Бұл пандемия жайлы Н.М.Карамзин «Ресей мемлекеті тарихы» атты еңбегінде: «Бұл сілекейдің жұмсақ ойыс денесінде және адам қанында анықталды және ол екі немесе үш күнде өлді».

Үшінші пандемия: 1894 жылы басталып, 1938 жылы аяқталды, ол 13-15млн.адам өмірін алып кетті.

Чума қоздырғышын 1894 жыы Француз оқымыстысы А.Иерсени ашты, яғни бұл атауды Yersinia pestis деп атады. Yersinia тұқымдастығы enteria bacteria семействосына жатады, және он бір түрі бар, оның ішінде адам үшін қауіпті үш түрі бар: Yersinia pestis, y.pseudotuberculosis y. Enterocolitica ал қалған түрінің патогенділігі әлі айқын емес.

Y.pestis ұзындығы 1-2мкм, ені 0,3-0,7мкм.

Сорпа культурасында таяқша тізбектеліп, ала агарды культурада тәртіпсіз, ретсіз орналасады. Биполярлы болғанда және басқа да жағдайларда ол сақталады, бірақ агарды культурада бірсыпыра әлсіз чума қоздырғысы граммен болғанда болады және сілті және карболмен жақсы боялады. Спора түзбейді, талшығы болмайды.

370С-ға белок табиғатты нәзік капсула түзеді, қандай да бір дымқылды және аздап қышқылды қоректік ортада айқындалады. Y.pestis-анаэробты, кәдімгі әдеттегідей қоректік ортада жақсы өседі, оптимальді t-сы 27-280С. рН=6,9-7,1, чуманың таяқшасының ерекше өсуі сұйық және тығыз қоректік ортада: сорпада борпылдақ пленкалы көрінісі пайда болады, бір күннен кейін борпылдақ шөгеді, сорпада мөлдір тұнық қалады. Колониясының дамуы тығыз ортада үш стадиядан өтеді:

10-12сағат микроскоп түрі түссіз табақша болады.

18-24сағат кружевных палточек, микроскоп қасында түсті дөңгелек зона түзеді. Орта бөлімнен ілгері қарай орналасады. Сарғыштау немесе аздап бураватый бояумен боялады. Через 40-48с кейін ересек стадия стадиясы басталады.

y.pseudotuberculosis y. Еnt «битого стелка» стадиясы болмайды, қанды ортада түйіршік колониясы перифериялық зонада әлсіздеу болады.

Чумная палочкада оксидаза болмаса, индол және Н2S түзбейді және глюкоза, мальтоза, гомактоза, маннитты кескінді қышқылдарда без газа ферменттейді.

 

Антиген құрамы: Y.pestis, Y.pseudotuberculosis және Y.enterocolitica түрлерінде 18-ге дейін ұқсас соматикалық антигендер табылды.Y.pestis-ке капсулалық антиген, T, V-W антигендері, плазмокоагулаза ақуыздары, фибринолизин, сыртқы мембрана ақуыздары мен pH 6 антигені болуы тән. Y.pseudotuberculosis пен Y.enterocolitica-ға қарағанда Y.pestis антигенді құрамы бойынша біртекті; бұл түрдің серологиялық жіктелуі жоқ.

Патогенділік факторлары. Бактериялар ішінде Y. Pestis патогенді және агрессивті болып табылады, сондыққан да қауіпті және қауіпті ауруларды туғызады. Оған сезімтал барлық жануарлар мен адам ағзаларында фагоцитарлы жүйесінің қорғаныс қызметін оба қоздырғышы төмендетеді. Ол фагоциттерге еніп, «тотығу жарылысын» басып, ешбір бөгетсіз көбейеді. Фагоциттер Y.pestis-ке қатысты өзінің киллерлі қызметін атқара алмағандығы - обаға сезімталдығының негізгі себебі болып табылады. Жоғары инвазивтілік, агрессивтілік, токсинділік, токсикалылық, аллергенділік және фагоциттердің қызметін төмендету қабілеті Y.pestisтегі көптеген патогендік факторларына байланысты болып келеді.Олар:

1. Жасушалардың бояулар мен геминді сорбирлеуге қабілеттілігі.Ол темір тасымалдау жүйесімен байланысты және Y.pestis-тіѕ ағза жасушаларында көбеюге мүмкіндік береді.

2. Орталық 370С және Са2+ иондарының болуына өсудің тәуелділігі.

3. V-W антигендерінің синтезі W антигені сыртқы мембранада, ал V-цитоплазмада орналасқан. Бұл антигендер Y.pestis-тің макрофагтар ішінде көбеюін қамтамасыз етеді.

4. ''Тышқан'' токсинінің синтезі. Сезімтал жануарлардың бүйрек пен бауыр митохондрияларында тромбоциттер мен тамырларды зақымдайды.

5. Капсула синтезі. Капсула макрофагтардың активтілігін тежейді.

6. Пестицин синтезі. Y.pestis-ң түрлік белгісі.

7. Фибринолизин синтезі

8. Плазмокоагулаза синтезі. Осы екі белок сыртқы мембранада орналасқан және Y.pestis-ң жоғары инвазивтілігін қамтамасыз етеді.

9. Эндогенді пуриндердің синтезі.

10. Сыртқы мембрананың термоиндуцибелді ақуыздарының синтезі-Yop-ақуыздары. Yop A, Yop D, Yop E, Yop H, Yop K, Yop

M, Yop N-фагоциттердің активтілігін төмендетеді.

11. Нейраминидаза синтезі. Адгезияға қатысады.

12. Аденилатциклаза синтезі. Макрофагтардың киллерлі әсерін тежейді.

13. Адгезия пилшілерінің синтезі.Фагоцитозды тежеп, Y.pestis-тіѕ жасушаішілік паразит сияқты макрофагқа енуін қамтамасыз етеді.

14. Кең әсер ететін аминопептидазалар синтезі.

15. Эндотоксин және жасуша қабырғасының басқа компоненттері токсигенді және аллергенді әсерлерге ие болуы.

16. рH6 антигені 370С және төмен pH-та синтезделінеді, фагоцитозды тежейді және макрофагтарға цитотоксикалық әсер көрсетеді.

Y.pestis-ѕ патогенді факторларының көп бөлігі гендермен реттеледі,олардың тасымалдаушылары болып плазмидалардың

3 класы болып табылады:

1. pУР (9,5 т.п.н) - патогенділік плазмидасы 3 гені бар.

pst – пестицин синтезін кодтайды.

pim – пестицинге иммунитетін анықтайды.

pla – фибринолитикалық және плазмокоагулазды активтілігін анықтайды.

2. pYT (65 МД) – токсигенділік плазмидасы. «Тышқан» токсині синтезінің генін тасымалдайды және капсуланың ауызды және липопротеинді компоненттерін бақылайтын гендерін тасымалдайды.Оның 3-компонентін хромосома гені бақылайды.

3. pYV (110 бютюр) – вируленттілік плазмидасы.Y.pestis-ѕ 370С өсуін және ортада Ca иондарының болуына қажеттілігін бақылайды. Сонымен қоса V және W антигендерінің және термоиндуцирлеуші ақуыздардың синтезі гендерін кодтайды. Yop ақуыздары Y.pestis-ѕ вируленттілігін анықтайды. Yop E-ақуызы антифагоцитарлы және цитотоксикалық әсерге ие. Yop D, Yop E-ң нысана жасушаға енуін қамтамасыз етеді; Yop H антифигоцитарлы және протеин-тирозин-фосфотазды активтілікке ие; Yop N белогы кальций сенсорлы қасиетіне ие; Yop M – адам қанының альфа-тромбинімен қосылады.

Эпидемиология. Оба қоздырушының тасымалдаушылары жер шарында кең таралған, оларға сүтқоректілердің 200-ден астам түрі мен 8 отряды кіреді. Обаның негізгі шығу көзі кемірушілер мен қоян тәрізділер болып табылады.

Оба микробы бүргенің ас қорыту түтігінде көбейеді. Оның алдыңғы бөлігінде «Оба блогы» деп аталатын, микробтардың көп мөлшері шоғырланған тығын түзіледі. Сүтқоректілердің қанымен қоректен кезде қанның қайта ағынымен микробтардың біраз мөлшері тістелген жерге еніп, ағзаны зақымдайды.

Y.pestis-ѕ әр түрлі классификациялары белгілі ерекшеліктерімен байланысты – биохимиялық ерекшеліктері (глицерин – позитифті және глицерин негативті нұсқалары), негізгі тасымалдаушыларына байланысты (егеуқұйрықты және суырмен тасымалдайтындары). 1951 жылы француз ғалымы Р.Девиньемен ұсынылған ең көп таралған классификациясы бойынша Y.pestis-ті географиялық таралуына және биохимиялық ерекшеліктеріне байланысты түрішілік үш формаға (биоварға) бөлінеді.

Кеңес ғалымдарының классификациясы бойынша (Cаратов,1985) Y.pestis 5 түрастыға бөлінеді: Y.pestis subsp.pestis(негізгі түрасты; Р.Девиньенің 3 биовары кіреді), Y.pestis supsp.altaica(Алтайлық түрасты), Y.pestis supsp.hissarica (гиссарлы түрасты), Y.pestis ulegeica және Y.pestis caucasica (кавказды түрасты).

Адамның зақымдалуы бүрге тістеуі арқылы, зақымдалған материалымен тікелей контакты кезінде, ауа-тамшылы және сирек алиментарлы жолдармен жүреді. 1998-99 жж әлемде обамен 30534 адам ауырып, 2234 адам қайтыс болған.

Патогенез және клиникасы. Зақымдалу түріне байланысты обаның бубонды, өкпелік, ішектік түрлерін ажыратады: сирек-сепсистік және терілік (бүргенің тістеген орнында іріңді көпіршіктің болуы). Оба кезінде инкубационды кезеңі бірнеше сағаттан 9 тәулікке дейін өтеді. Қоздырғыш терінің ұсақ зақымдалулары, кейде шырышты қабаттар арқылы немесе ауа-тамшылы жолмен еніп, аймақты лимфалық түйіндерге жетіп тез көбейеді. Ауру кенеттен басталады: қатты бас ауырғанда, дене температурасының көтерілуі және қалтырау, беті гиперемиялы, кейін ол қараяды, көз астында қарайғаны байқалады (қара өлім). Екінші күнінде бубон (үлкейген қабынған лимфалық түйін) пайда болады. Кейде аурудың жылдам дамуына байланысты бубонның шығуына дейін науқас өліп қалуы мүмкін. Өкпелік оба ерекше ауыр түрде өтуі мүмкін. Ол бубонды обаның асқынуынан да, ауа-тамшылы жолмен зақымдауынан да пайда болады. Бұл ауру да тез дамиды: қалтырау, жоғары температура және бірінші сағаттарда кеуде қуысында ауырсыну сезімі қосылады, жөтел, бірінші кезде құрғақ болып, кейіннен қанды қақырық бөліне бастайды; сандырақ, цианоз, коллапс пайда болып, өлімге әкеледі. Өкпелік обамен ауыратын науқас қоршаған ортаға қауіп төндіреді, себебі қақырықпен бірге қоздырғыштарды бөледі. Аурудың дамуында негізгі рөлді фагоциттердің активтілігін тежеу болып табылады. Қан арқылы қоздырғыштың бүкіл ағзаға таралуы мен көбеюі иммунды жүйені толығымен тежейді де науқастың өліміне алып келеді. Постинфекциядан қалыптасатын иммунитет мықты және өмір бойы сақталады. Қайталанып ауру өте сирек кездеседі. Иммунитеттің табиғаты - жасушалық. Бірақ антиденелер пайда болып, иммунитеттің пайда болуында белгілі бір қызмет атқарады. Көбінесе Т-лимфоциттер мен макрофагтар қатысады. Обамен ауырған немесе вакцина жасалған адамдарда фагоциті аяқталған болып келеді де, жүре пайда болған иммунитетті қамтамасыз етеді.

Лабораториялық диагностикасы. Бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық және биологиялық әдістер, сонымен қоса пестинмен жасалынатын аллергиялық сынама қолданылады. Зерттеу материалы ретінде бубоннан алынған пунктат, қақырық, қан, ішектік түрі кезінде нәжіс алынады. Y.pestis идентификациясы морфологиялық, дақылдық, биохимиялық қасиеттері негізінде жүргізіледі.

Оба таяқшасының анықтауда қарапайым және сенімді әдісі ТГАР болып табылады. Әсіресе эритроцитарлы диагностикумды, капсулалы антигенге сенсибилизирленген моноклональды антигендерді және ИФЈ-ны қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдістер науқас сарысуындағы антиденелерді табуда қолданады.

Диагностиканың биологиялық әдісі теңіз шошқасын тері үстілік, тері астылық немесе сирек құрсақ ішілік зерттеу материалымен зақымдау арқылы жүргізіледі. Оба қоздырғышы бар материалмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жоғары дайындығы бар қызметшілер ғана зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек.

Профилактикасы. Обаның табиғи ошақтарына бақылау жүргізу және мемлекетте адамдардың обамен зақымдалуын алдын алу үшін обаға қарсы маманданған ұйымдар құрылды. Оның құрамына бес обаға қарсы институт және ондаған станциялар мен бөлімшелер кіреді. Маманданған профилактика үшін ЕV штаммынан алынған тірі әлсіреген вакцина қолданылады. Вакцинадан кейінгі иммунитет 5-6 күн ішінде пайда болып, 11-12 ай бойы сақталынады. Оны бағалаумен обаның ретро спективті диагностикасы үшін пестинмен жүргізілетін тері ішілік аллергиялық сынама ұсынылды. Егер пестин енгізілген жерде 24-48 сағаттан кейін диаметрі 10мм кем тығыздалған қызыл жер пайда болса реакция оң деп саналады. Постинфекционды иммунитеті бар адамдарда да реакция оң болып келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 791; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.