Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персонализациялау технологиясы. 7 страница




Қатынасуда өзіндік бақылауды бағалайтын тест

Тестіні американың психологы М. Снайдер ойлап тапқан. Кейбір жағдайларға жауап ретінде суреттелетін он құрмаласты мұқият оқып шығыңыздар. Әр қайсысын өзіңізге сәйкестіріп дұрыс немесе дұрыс емес деп бағалауыңыз қажет.

1 Басқа адамдардың әдеттеріне еліктеу мен үшін қиын өнер тәрізді.

2 Мен қоршаған ортаның көңілін өзіме аудару үшін ақымақ көріне алар едім.

3 Менен жақсы актер шығар еді.

4 Басқа адамдарға мен бір нәрсені терең уайымдайтын сияқтымын.

5 Топ ішінде мен сирек зейіннің орталағанда боламын.

6 Әр-түрлі адамдармен түрлі жағдайларда мен қатынасты әр қилы жүргіземін.

7 Мен өзімнің шынайы көзімнің жеткен көз-қарасымды қорғай аламын.

8 Адамдармен қатынасуда және істе менен не күтілсе соны орындауға тырысамын.

9 Мен ұнатпайтын адамдарыммен достық қатынаста болуға тырысамын.

10 Мен үнемі сіз ойлаған тәрізді емеспін.

Снайдер бойынша, жоғарға коммуникативті бақылаудағы адамдар үнемі өзін бақылап, қай жерде өзін қалай ұстау керектігін жақсы біледі, өзінің эмоциясын басқара алады.Олар болжамсыз жағдайды ұнатпайды. Ұстанған позициялары: «Дәл осы сәтте қандай болсам, мен үнемі осындаймын».

Санау нәтижелері

«Дұрыс емес» сұрағына бір ұпайдан, «дұрыс» жауабына 1, 5 және 7 ұпайдан саналады.

Ұпай сандарын санаңыз. Егерде Сіз шынайы жауап берсеңіз, онда келесіні оқуға болады.

0 – 3 ұпай – Сізде төменгі коммуникативті бақылау. Мінез-құлқыңыз тұрақты және Сіз жағдайға байланысты өзгеруді қажет деп таппайсыз. Қатынасуда шынайы ашылуға қабілеттісіз. Кейбіреулері Сізбен қатынасуды қолайсыз деп ойлайды.

4 – 6 ұпай – Сізде орташа коммуникативті бақылау, сіз шынайысыз, бірақ өз эмоциональді белгілеріңізде ұстамсызсыз.

7 – 10 ұпай – Сізде жоғарғы коммуникативті бақылау. Сіз кез-келген жұмысқа еркін кіре аласыз жағдайдың өзгеруіне ыңғайлануға бейімсіз.

Коммуникативті икемділікті бағалау тестсі

«Коммуникативті икемділік немесе ептілік» түсінігі тек әңгімелесушіні ғана бағалау емес, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау және достық атмосфераны орнату, мәселені түсіну. Осы қасиеттерді тексеру үшін келесі тестіні ұсынамыз.

I НҰСҚАУ

Кез-келген, яғни досыңыз, бастығыңыз, жетекшіңіз немесе бейтаныс адаммен әңгімелесу кезінде Сізде қанағатсыздануды, ренішті және тітіркендіруді тудыратын жағдайларды көрсетіңіз.

Жағдай түрлері

1 Менің сөйлеуіме әңгімелесушім маған мүмкіндік бермейді, бірақ менің айтарым бар.

2 Әңгімелесу барысында мені қарсыласым үнемі үзе береді.

3 Әңгіме барысында әңгімелесушім менің бетіме ешқашан қарамайды, оның мені тыңдап отырғанына сенімсізбін.

4 Мұндай серіктеспен әңгімелесу уақытты бос өткізу сезімін тудырады.

5 Әңгімелесушім үнемі абыржып, менің сөздерімнің орнына қарандаш пен қағазға көңіл бөледі.

6 Әңгімелесушім ешқашан күлімсіремейді. Менде қанағатсыздық пен үрей сезімі туады.

7 Әңгімелесушім мені сұрақтарымен және түсініктерімен алаңдатады.

8 Мен не айтсамда әңгімелесушім менің екпінімді тез басады.

9 Әңгімелесушім мені теріске шығаруға тырысады.

10 Әңгімелесушім менің сөздерімнің мағынасын теріске шығарады.

11 Мен сұрақ қойғанда әңгімелесушім мені қорғануға күштейді.

12 Кейде әңгімелесушім естімеген кейіп танытып меніен қайтадан сұрайды.

13 Әңгімелесушім мені соңына дейін тыңдамай, келісім беру үшін әңгімені үзеді.

14 Әңгіме кезінде қарсыласым бөтен нәрсемен шұғылданады: шылыммен ойнайды, шыныны сүртеді және т.б., мен оның ықылассыз екендігіне толық сенімдімін.

15 Әңгімелесушім мен үшін қортынды шығарады.

16 Әңгімелесушім менің сөзіме сөзін қыстыруға тырысады.

17 Әңгімелесушім кірпік қақпай маған зейінмен қарайды.

18 Әңгімелесушім маған бағалағандай қарайды. Бұл мені толғандырады.

19 Мен бір нәрсені ұсынсам, әңгімелесушімде солай ойлағандығы жайында айтады.

20 Әңгімелесушім әңгіме кезінде тым жиі басын изеп, күрсініп, қоштағанын көрсетеді.

21 Мен ойынсыз сөйлегенде, әңгімелесушім әзіл, анекдоттарды және қызықты жағдайларды айтып қыстырылсады.

22 Әңгіме кезінде әңгімелесушім сағатына жиі қарайды.

23 Мен бөлмеге кірген кезде ол барлық жұмысын тастап, маған зейін салады.

24 Мен әңгімелесушіме кедергі жасағандай кейіп танытады.

25 Әңгімелесушім өзімен барлығы келіскедігін талап етеді. Кез-келген сөзге: «Сіз келіспейсіз ба?» деген сұрақпен аяқтайды.

Нәтижелерді қортындылау

70 – 100 % – әзірге Сіз нашар әңгімелесушісіз. Сіз өзіңізбен жұмыс істеңіз және тыңдап үйреніңіз.

40 – 70 % – Сізге кейбір кемшіліктер тән. Айтылғанға сын көзбен қарайсыз. Тез шешім қабылдаудан аулақ болыңыз, сөйлеу мәнеріне көңіліңізді көп қадамаңыз.

10 – 40 % – Сіз жақсы әңгімелесушісіз.Оған өз ойын толық айтуға мүмкіндік беріңіз.

0 – 10 % – Сіз тамаша серіктессіз.Тыңдай білесіз. Қоршаған ортаға Сіздің қатынасу стильіңіз ғибрат бола алады.


7 БӨЛІМ. ФАРМАЦИЯДАҒЫ ЖӘНЕ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР

7.1 Фармацияда науқастармен қатынасу

Науқас және дәрілік заттар. Жаңаша медицина жыл сайын жаңаратын дәрілердің арсеналымен жайғасқан. Мұндай позитивті жағдайдың негативті жағы да бар: дәрігерлер арасында бір немесе екі дәріні қолданудың орнына науқасқа бірнеше дәрі беретіндері де табылып жатады. Дәрігердің тағайындаған көп мөлшердегі дәрілік заттары науқасты қорқытып жіберуі мүмкін. Көбіне олар дәрілерді қабылдамайды немесе өзі таңдаған дәріні ғана қабылдайды. Мұндай мінез-құлық науқастардың қорқынышын айғақтап, жазылмайтын аурумен ауырамыз ба деген ойға қалдырады. Зерттеулер нәтижесінің көрсеткіштері бойынша барлық медикаменттердің 20% қолданылмай қалады, оның себебі науқас дәріні мүлдем қабылдамайды немесе дұрыс қабылдамайды. Кейбір науқастар фармакотерапияға сенбей, аса маңызды деген жағдайда ғана қолданады. Науқастардың орта есеппен 20-30% медициналық нұсқауларды орындамайды. Науқастар ақпараттың 50% ұмытып қалады, 60 % дәрігердің нұсқауын дұрыс қабылдамайды. Мұндай жағдайлар «дәрігер мен науқас» арасындағы «комплайенске» жетпегендігінен дамиды. «Комплайенс» термині ағылшын тілінде келісім деген мағынаны білдіреді, яғни медициналық режиммен және еммен келісушілікті білдіреді. Науқас келісімін алудың қажетті факторы болып, науқасты терапия жайында, дәріні қабылдау ережесі және дәрінің кері әсері жайында дұрыс ақпараттау табылады. Егде жастағы науқастардың емі қарапайымнан басталуы қажет. Науқастарға емді үйінде оқи алатындай етіп жазбаша түрде берген жөн. Дәрігердің дәріні тағайындауында ең алдымен сенімділік қажет, ол емнің тиімділігіне жақсы әсерін береді.

Тәуелділіктің құралуы. Медикаментозды терапияның қажетті психологиялық аспектісі — бұл дәрілік затқа тәуелділік мәселесі. Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы токсикоманияның дәрілік тәуелділіктен айырмашылық критерилерін ұсынды. Токсикоманияға келесі критерилер тән: затқа зардапты мұқтаждық; дәрі мөлшерін біртіндеп жоғарлату; затқа физикалық және психологиялық тәуелділік; зиянды әсерлері; тұлғаға және қоршаған ортаға әлеуметтік қатынасы. Дәрілік заттарға үйрену айырмашылықтары: жағдайын жақсарту мақсатында дәріні үнемі қабылдауға мұқтаждық; дәрі мөлшерін жоғарлату қажет болмауы мүмкін; физикалық тәуелділік болмай, психикалық тәуелділік дамуы мүмкін; тұлғаға кері әсері және қоршаған ортаға оның мінезінің әсері индивидтің өзіне байланысты. Физикалық тәуелділік деп, науқас дәрісіз өмір сүре алмайтын жағдайын айтамыз: дәрі болмаған жағдайда оларда түрлі соматовегетативті және психикалық симптомыдар дамиды, ол тек дәріні қабылдаумен шектеледі. Психотропты заттардан жиі психологиялық тәуелділік дамиды, әсіресе ұйқы келтіретін және транквилизаторлардан. Дәріге тәуелділік аурудың сипатына және ағымына байланысты болады. Тәуелділік деп,мысалы, дәрілік затты тоқтатқаннан кейін жағдайының күрт төмендеуі немесе қайталануы.

Плацебо эффектісі. Плацебо феномені ежелден белгілі. XIX ғасырдың 30-шы жылдары науқастарға дәрі әсерін бақылау мақсатында дәріге ұқсас фармакологиялық нейтральді заттарды берген. Олар «плацебо» атауын алған — ол латын тілінде «ұнайтын боламын» деген мағынаны білдіреді. Плацебо қабылдау нәтижесінде науқастарда жағдайларының өзгергендігі байқалған, сондықтан оны плацебо – эффектісі деп атайды. Тәжірибелердің көрсетуінше инъекциялар дәріні ішке қабылдағаннан гөрі тиімді болады; түссіз қораптағы дәріден гөрі ашық түсті қорап жақсы әсер етеді Боухалдың айтуынша плацебо эффектісі 35 % науқаста байқалады.

«Токсикалық плацебо»,плацебоның кері жағымсыз әсері жиі психиатрлар неврозды науқастарда кездестіреді. «Токсикалық плацебо» эффектісі алғаш рет Вольфпен жазылған: құсу, іш өту, аллергиялық реакциялар жатады. Басқа авторлардың жазуынша шырышты қабаттың құрғауы, жүректің қағуы, ісінулер жатады деп көрсетілген. Бұл реакцияларды «фармакофобия» деп атайды. Фобия қорқынышты білдіреді. Фармакофобия — бұл патологиялық қауіптену, яғни дәрі - бұл адамды улайтын у ретінде түсіндіріледі.

7.2. Стоматолог маманының науқасы. Дәрігер мен науқастың қатынасу ерекшеліктері.

Стоматологиялық тәжірибедегі дәрігер мен науқас жағдайының спецификасын айтатын болсақ, классикалық рольді мазмұннан ауытқитындығын байқаймыз. Дентальді аурулардың ағымы науқас жағдайын өзгертеді. Мұндай аурулардың тек екінші кезеңі ғана әлеуметтік міндеттерден босатады, яғни нағыз науқастың роліне енеді. Қалған уақыттарда тұлғаның тіс мәселесі күнделікті әлеуметтік міндеттермен қатар жүретін, оның жеке жұмысы болып қалады.

Индивдтің өзі жазылуына қызығушылық танытқанымен, әлуметтік жүйеде бұл сұрақ екінші орында тұрады. С. Кигилистің зерттеуі бойынша дентальді аурулар денсаулыққа өте ауыр асқынулар әкелсе де, тіс маманын қатынауға мотив бола алмайтындығын көрсетті. Көбіне стоматолог маманына бару ауырсыну сезімі немесе физиологиялық ыңғайсыздықтар шектен шықса ғана жүзеге асады. Тіс денсаулығының ролі әлеуметтік коммуникацияда едәуір белгілі. Тіс денсаулығы әлеуметтік индикатордың статусын қабылдайды. Шынайы дентальді дефектілер индивидтің әлеуметтік дискриминацияның себебі болады. Стоматологты қатынау тек қана медициналық мотивті факторлар ғана емес, ол сонымен қатар тұтынушы өнімі ретінде болады. Коммерциялық ұйымды стоматологиялық қызметтер науқастан материальді шығындарды талап етеді. Стоматологиялық науқастар қызметті сатып алушы құқығында болады. Науқас тіс маманын қатынауында біршама бөгеттермен кездеседі. Оның негізгісі емдеу үрдісіндегі ауырсыну сезімдері алдындағы қорқынышы. Науқас өзіне ыңғайлы уақытында дәрігерге жазылу және емнің сапасы жөніндегі, сонымен қатар шығындар жайындағы сұрақтары да маңызды рөл атқарады.

Стоматологиялық тәжірибеде стоматолог дәрігер маманы амбивалентті болып сипатталады. Стоматологиялық сфераның амбиваленттілігі, мысалы, «медицина - бизнес» ракурсында туындайды.Стоматологиялық тәжірибе коммерциялық шарттармен ұйымдасқан. 1878 жылы Британдық Медициналық журналында «Медицина – бұл мамандық, ал стоматология – бұл көп мөлшерде бизнес» атты мақаласы жарық көрген. Стоматолог мамандығы беделді және жоғарғы кіріспен сипатталады. Сонымен қатар, стоматолог мамандығы жоғарғы дәрежелі автономды болып келеді. Қандай да бір клиникада жұмыс істеп және өзінің кәсіптік беделін пайдалана отырып, дәрігер өзінің табыс мөлшеріне, жұмыс сағаттарына және шарттарына әсер ете алады. Науқас зардабын жеңілдете отырып, «қолмен жұмыс істеуге» (manual skill) бейімделу дәрігердің қанағаттануының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Дәрігерге байланысты стоматолог кәсібінің қажеттілігі және артықшылығы күшейеді. Стоматологиялық тәжірибедегі дәрігерлер эмоциональді жағдайларға байланысты түрлі қиындықтармен кездесіп жатады.

 


8 БӨЛІМ. МАМАНДЫҚТЫҢ КЕЙБІР ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Этика – бұл адам қызметінің әртүрлі сфераларында жиі қолданылатын түсінік. Сондықтан, этиканы философияның бөлімі ретінде шектемеуіміз қажет. Этика ғылым ретінде (грек тілінен ēthiká -дан ếthos – дәстүр, мінез, әдет-ғұрып) моральді және әдет-ғұрыпты оқытады. Термин ретінде алғаш рет Аристотель қолданған.Этика әдет-ғұрыптың тұрақтылығының заңдылықтарын, құндылықтарды, адам қоғамындағы моральдық шарттардың даму этаптарын қарастырады.Тарихи кезеңдерге байланысты тиісті, рұқсат етілген, моральді және аморальді, гуманды категориялары мағыналық метаморфоздарға ұшырады. Дәлдеп айтқанда, қоғамның талаптарына және даму жолдарында. Адамзаттың дамуының жаңаша этапында этикалық принцптер унифицирленген.

Этиканың қолданбалы мағынасы адамдар арасындағы әдет-ғұрып нормаларын, ғылыми ісденістерде, тәжірибелік қызметте қолданылады. «Кәсіптік этика» түсінігі кеңінен қолданылады. Бұл кәсіпке деген көз-қарас жүйелерінің, тәжірибенің, тұжырымның және дәстүрдің, идеяның жиынтығын айтады. Дәрігер және мейірбике этикасының және ғылыми медицинаның әтикасының түсінігі, бұл планетамыздағы медициналық қызмет тарихының әдет-ғұрыптық принцптерін қосады. Бұл жерде ерекше орынды медицина қызметкерінің кәсіптік парызы, кәсіптік компетенттілігі және деонтологиясы алады. Дәрігерлік парыз – бұл тарих бойы жиналған дәрігер мен науқасты, өзара дәрігерлердің және дәрігер мен қоғамның қарым-қатынасын реттеп отыратын нормалар мен талаптар жиынтығы. Кәсіптік парыз дәрігерлік мораль принцпінің ең басты көрінісі болып – гуманизмді көрсетеді (адамгершілік, адамсүйгіштік), ал басқаша алып қарасақ – гуманизм мен дәрігерлік парыз жиі қарама қайшылықты көрсетеді.Дәрігер кімге болса да медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға болмайды. Бұл моральдық талаптар Гиппократ антында, Женевалық деклорациясында және басқа да құжаттарда көрсетілген.

Қазіргі уақытта медицина этикасының принцптері биомедициналық этика түсінігімен тұжырымдалып көрсетіледі. Ол медицина қызметкерлер тұлғасын әлеуметтік қорғау қызметін атқарады.

Қазір «биомедициналық этика» төрт түрде немесе модельде қарастырылады:

1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенімін алады. Дәрігерлік принциптер медицинаның әкесі Гиппократпен салынған (460-377гг.), дәрігерлік этиканың бастауы қазіргі уақытта да актуальді, танымал «Антта» көрсетілген.

2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырда дамыған. Негізгі мағынасы болып, дәрігердің науқаспен эмоциональді байланысының негізінде емдік үрдістің құрылуы табылады.

3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж туындаған (авторы Петров). Негізгі принцпі болып «ғұрыптық тазалық», «парызды қадағалау» табылады. 4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңаша түрі, негізгі принцпі «адам құқығы мен құндылығын сыйлау» болып табылады.

Биоэтика философиялық білімнің маңызды нүктесі болып табылады, ол жаңаша медицинадағы технологиялық құралдардың өзгерісімен, генді инженерия ғылымының туындауымен, трансплантологияның дамуымен және тәжірибелік, теориялық білімнің ұштасуымен байланысты болады. Қазіргі уақытта түсіктің этикалық мәселелері, жасанды ұрықтану, клондау, сексология және эвтаназия сұрақтары ерекше орын алады. Барлық осы үрдістер дәрігер, науқас туыстарының және ортаңғы мед.қызметкерлерінің алдындағы моральді мәселелерді шыңдады. Науқас сенімін тудыру мақсатында абайлап сөйлеуді және «дәрігердің сабырлы, байыпты мінез-құлқын, науқасқа қамқорлы және мұқият қарауын» талап ететін деонтологиялық этикадан биоэтиканың айырмашылығы құқық шиеленістеріне негізделеді, ол «ұрықтың өмірге деген құқығы», әйелдердің түсікке құқығы және науқастардың эвтаназияға құқықтығы («қайырымды, жақсы өлім»). Бұл жерде дәрігер тұлғасына қойлатын «зиян келтірме» және «өлтіріп алма» деген кәсіптік ережесіне науқастың «қолайлы өлімге деген құқықтығы» қайшы келеді.

Дәрігердің кәсіптік этикасы ең алдымен дәрігерлік парызын орындаушы адам тұлғасына бағытталған.

8.1 Дәрігер тұлғасы және оның психологиялық сипаттамлары. Дәрігердің кәсіптік сапасына әсер ететін сипаттық ерекшеліктері

Дәрігердің тұлғасы және оның жеке даралығы – қоғамның ерекше назарында, ол қоғамның талқысыны түсіп, білім және денсаулықсақтау құрылымдарымен бақыланады. Мұндай жоғарғы қызығушылық толығымен негізделген. Медицина қызметінің жаңаша технологиялануына қарамастан, барлық назар басты орында тұрған дәрігерге және оның даралығына аударылады. Оның мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктері басты рөл атқарады. Егер кез-келген науқастан таңдауы болса, мысалы, керемет ақылды диагностикалық машинаны немесе жақсы дәрігердің қайсысын таңдар едіңіз дегенде, әрине ол адамдық қатынасуды таңдар еді.

Мінсіз дәрігердің кейпі әрбір науқасқа өзіндік ерекшелігімен болады. Көбіне дәрігер кейпі бірдей болып шығады. Қарағанды медициналық академиясының студенттері психология және коммуникативті дағдылар пәнінде бұл сұраққа көп жағдайда бірдей жауап береді. Олардың түсінігінше дәрігер – гуманды, қайрымды, риясыз, ықыласты адам, өз кәсібін жақсы меңгерген маман ретінде және дәрігер мінезін принцпті және мақсаткерлі, жаны ашуға қабілетті деп бағалайды. Бірінші курс студенттері дәрігердің ерікті қасиеттеріне көп тоқталса, жоғарғы курс студенттері дәрігердің тұлғалық когнитивті және интеллектуальді қасиеттеріне тоқталады. Беларусияның бір жоғарғы оқу орнында медико-профилактикалық факультеті студенттерінің арасында зерттеу жүргізілген. Алынған мәліметтерді сапалы түрде анализдеу арқылы «мінсіз дәрігер» түсінігіне біраз жауап алған. Болашақ дәрігерлер кәсіптік ролдің қыр-сырын және тұлғаның дара-психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын сипаттама берген. Бұл сипаттар тұлғаның психологиялық сферасына бағытталған: эмоциональді-ерікті, әрекетті-тәжірибелі, қажеттілікті-мотивациялық, тұлғааралық-әлеуметтік, экзистенциональді-тұрмысты, моральді- адамгершілікті және когнитивті - танымды.

Идеальді дәрігер сипатының тұлғааралық-әлеуметтік сферасына көбірек мән берілген (29%).

Болашақ дәрігерлер идеальді дәрігердің келесі қасиеттерін айқындап көрсетеді:

  1. психологиялық қолдау көрсету (23%);
  2. эмпатия, түсінушілік (18,2%);
  3. терапевтиялық альянсті құра білуі (13,8%);
  4. кез-келген адамға ықпал ете білуі (12,3%);
  5. қатынасудағы коммуникабельділік (8, 5%);
  6. әріптестерімен тамаша қатынаста болу және өзара көмек көрсету (7,7%);
  7. шынайылылық, ашықтық, жылы шырайлылық (5, 3%);
  8. науқастан тұлғаны көре білу (4,4%);
  9. науқасқа диагнозды және емдеу әдістерін жеткізе білуі (3,1%);
  10. қоршаған ортаның сыйлауы, беделділік (2,6%);
  11. жан және тәнді емдей білу (1,1%).

Среди качеств, относящихся к морально-нравственной сфере (21%), включающей морально-нравственные состояния, действия, поступки и свойства личности, наиболее часто студентами отмечаются такие личностные качества, как доброжелательность, интеллигентность, ответственность врача. К действенно-практической сфере (21%) относят проявления человека как деятеля, практически реализующего себя в окружающем мире, и в характеристике идеального врача эта сфера представлена профессиональными умениями. Когнитивно-познавательная сфера (12%) представляется как получение, хранение, узнавание, воспроизведение и преобразование информации, к ней следует относить когнитивно-познавательные состояния, процессы и свойства личности. В представлениях студентов эта сфера наполнена характеристиками, относящимися к профессиональным знаниям идеального врача. В содержание понятия «идеальный врач» студенты включают также профессиональное самосовершенствование, любовь к своей профессии, полную отдачу своей профессии, увлеченность своим делом, ценность и уважение к собственной жизни и здоровью, к жизни и здоровью окружающих. Эти характеристики исследователи относят к потребностно-мотивационной сфере (7,6%), которая включает различные потребности (испытываемые человеком нужды в определенных условиях жизнедеятельности и развития), мотивы (связанные с удовлетворением определенных потребностей побуждения к деятельности) и направленности. Экзистенционально-бытийная сфера (3%) проявляется в состояниях самоуглубления, переживаниях своей самости, свойствах личности, обусловленных сопричастностью своему бытию в мире. К этой сфере можно отнести следующие выделяемые студентами качества «идеального врача». Нам представляется чрезвычайно важным наблюдение наших коллег из Беларуси над этим аспектом личности врача, который выделили студенты. Несмотря на стремительный век, практичность молодежи, необходимыми чертами личности врача они считают




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1064; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.039 сек.