Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сыныбы: 8 сынып. №4-інші сабақ тақырыбы: Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы




Күні:

№4-інші сабақ тақырыбы: Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы

Оқыту мақсаты:: Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, алу жолдарын қорытындылау және олардың жалпы химиялық қасиеттері жайлы меңгерген білімдерін жүйелеу.

Реактивтер мен құралдар: Темір, алюминий, мырыш, мыс түйірлері, мыс оксиді,күкірт немесе тұз қышқылы, натрий карбонаты,сынауық,лабораториялық тұрғы,спирт шамы,сіріңке.

Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

Көрнекі тәжірибелер: Индикаторларға әсері,металдарға қатысы,негіздік оксидпен әрекеттесуі,натрий карбонатымен әрекеттесуі,бейтараптану реакциясы. Тірек-сызба.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру: Үй тапсырмасын және бұрын алған білімді дамыту мақсатында тексеру жұмыстарының үлгісін ұсынамыз. Тақтаға үш оқушы шақырылады.

1. Негіздік оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.

2. Қышқылдық оксидтерге тән қандай химиялық қасиеттерді білесің? Әрбір қасиетін дәлелдей- тін реакция теңдеулеріне мысал келтіріп жаз.

3. Ақ түсті ұнтақ – оксид берілген. Іс жүзінде оның қышқылдық немесе негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады? Тиісті теңдеулерін жаз.

Сыныпта отырған оқушыларға жалпылама тапсырма беріледі:

1-нұсқа. 1. Мына қосылыстардың:калий, көміртек(IV), кальций, күкірт(VI)оксидтерінің сумен әрекеттесу реакция теңдеулері жаз.

2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:

K2SO3

S → SO2 → H2SO3

2-нұсқа. 1. Күкірт(IV)оксидінің натрий гидроксидімен, фосфор(V)оксидінің кальций гидроксидімен реакция теңдеулері жаз.

2. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:

KNO3 → K2O → KOH

Жаңа сабақ: Оқушылардың тақтада жауаптарын талдаймыз,содан кейін тақырыпты жазып, әңгіме жүргіземіз:

1. Көміртек(IV),күкірт(VI),фосфор(V) оксидтеріне қандай қышқылдар сәйкес келеді?

2. Қышқылдар құрамында қандай ұқсастық бар?

3. Тұз қышқылы мен азот қышқылының құрамындағы айырмашылық қандай?

4.Қышқылдардың негіздігі қалай анықталады?

5.Қышқылдарды қандай белгілеріне қарап топтауға болады?

Оқушылар қышқылдарды жіктеу сызба-нұсқасын өзбеттерімен толтырады.

 
 


бір негізді екі негізді үш негізді

           
     





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 799; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.