КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Саймандар панелінен Редактор формулнемесебатырмасына шертіледі. 1 страница
Кестеларды құру және форматтау. Word программасында тексті кестелар түрінде жазудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Мұның ең қарапайым жолы табуляция позицияларын пайдалану болып есептеледі .. Word программасында кестеларды құру және форматтау жолдары: § Шағын кестеларды саймандар панеліндегі Добавить таблицу батырмасын пайдаланып жасауға болады; § Текстік құжатқа бағандары мен жолдарының санын алдын-ала көрсетілген кестені жоғарғы мәзірдің Таблицы -> Вставитьтаблицу командалары арқылы қояды. Бағандар мен жолдар санын Вставка таблицы диалогтық терезесіндегі счетчик-есептеуіштер көмегімен береді; § Таблицы и границы батырмасы, сондай-ақ Кесте -> Нарисовать таблицу командалары құжатқа қойылатын кестені қолданушының өзі сызып шығуына мүмкіндік береді; § Кесте -> Объединить ячейки (Разбить ячейки) командалары алдын ала белгіленіп алынған бірнеше ұяшықтарды біріктіруді немесе жекелеген ұяшықтарды бөлуді жүзеге асырады; § Кестелердегі ұяшықтарды бөліп тұрған сызықтарды алып тастауға немесе көрсетіп қоюға болады. Ол үшін Таблицы и границы саймандар панелінің Нарисовать таблицу и Ластик батырмалары пайдаланылады; § Кесте -> Автоформат командасы көмегімен кестелар құруға арналған стандарт форматтағы дайын шаблондарды пайдалануға болады; Кестелердегі есептеулер. Word текстік процессорында кесте бағандары мен жолдарында орналасқан сандармен жүргізілетін есептеулерді сәйкесінше басқа ұяшыққа Кесте ->Формулы командасының көмегімен есептеп шығаруға болады.
Ұяшықтар блогына сілтеме жасайтын қызметші сөздер: § LEFT -формула жазылған ұяшықтың сол жағындағы ұяшықтар; § RIGHT - формула жазылған ұяшықтың оң жағындағы ұяшықтар; § ABOVE - формула жазылған ұяшықтың жоғарысында орналасқан жағындағы ұяшықтар; § BELOW - формула жазылған ұяшықтың төменінде орналасқан жағындағы ұяшықтар. Word программасындағы қолданушының функциялары: § AVERAGE () – ұяшықтар диапазонының орташа мәнін есептеу; § COUNT () – ұяшықтар диапазонындағы мәндердің санын есептеу; § MAX () – максималь мәнді табу; § MIN () – минималь мәнді табу; § SUM () – мәндердің немесе сандардың қосындысын табу. Жаттығу жұмыстары. 1-жаттығу: Төменде берілген өрнектерді текстік құжатқа Редактора формул формулалар редакторын пайдаланып жазыңыз: 1) , 2) . 1. Жоғарыда айтылған тәсілдердің бірін пайдаланып Редактор формул іске қосыңыз; 2. Пернелік тақтадан s = символдарын теріңіз; 3. Редактора формул саймандар панелінен бөлшектің (знак дроби) белгісіне шертіңіз;
4. Бөлшектің алымына 2 жазыңыз, содан кейін суммы , батырмасына шертіп қажет белгіні таңдаңыз; 5. Пернелерден х символынтеріп, әрі қарай индекс , батырмасына шертіліп қажет төменгі индекс таңдалынады да пернелерден i теріледі;. 6. Формуладағы бөлшектің бөлімі тұрған обылысқа сырт еткізгеннен кейін пернелік тақтадан 3+ х өрнегін тереді; 7. И ндекс , батырмасына шертіліп жоғарғыиндекс алынады да пернеден 2 саны теріледі;. 8. 2) формуланы да осы әдіспен орындайды (өз бетінше). 2 - жаттығу. Төменде келтірілген формуласы бар тексті теріңіз. Текст:
Модель Солоу с непрерывным временем. Предположим теперь, что время, измеряемое в начале с дискретностью в один год, будет измеряться с дискретностью ∆t (например, полугодие, квартал, месяц, декада, день). При дискретности в один день время можно считать практически непрерывным. При дискретности ∆t модель Солоу будет выглядеть следующим образом: (1.1.2) 3-жаттығу. Берілген схеманы сызып, формулаларды Редактор формул формулалар редакторын пайдаланып жазыңыз. Барлық графиктік объектілерді біріктіріп тұтас схема жасаңыз. Структурная схема модели Солоу 1. Схема сызуда Рисования панелі саймандарын пайдаланыңыз. 2. Графиктік объектілерге формулаларды Надпись батырмасының немесе объектінің контекстік мәзіріндег і Добавить текст командасының көмегімен қоюға болады. 4-жаттығу. Төменде көрсетілгендей кесте жасап есептеулер жүргізіңіз:
1. Жоғарыда аталған тәсілдердің бірін пайдаланып кесте құрыңыз; 2. Белгіленген ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте -> Объединить ячейки командасын пайдаланасыз; 3. Ұяшықты бөлу үшін Кесте -> Разбить ячейки командасын пайдаланасыз; 4. Кестені көркемдеу Формат ->Границы и Заливка арқылы жасалады; 5. Бәрі жолында қосындыны есептеу формуласын жазыңыз: курсорды Тамак бағанына қойыңыз да, Кесте->Формула командасын орындаңыз; 6. Терезеде пайда болған формула: =SUM(ABOVE), формула орналасқан ұяшықтың жоғарысындағы ұяшықтардағы сандардың қосындысын табады; 7. Қалған бағандарда солай есептеледі; 8. Барлығы бағанына формуланы өзіңіз жазыңыз. Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген 5-кестедан алынады) 1. Редактор формул формулалар редакторын пайдаланып … өрнектерді жазыңыз /1-тапсырма/. 2.... тақырыбындағы кесте құрып, кестеге мәліметтер енгізіңіз және формулаларды қолданып есептеулер жүргізіңіз /2-тапсырма/:
5-кесте
Бақылау сұрақтары: 1. Текстке формула қалай қойылады? 2. Кесте құру тәсілдерін атаңыз? 3. Кестеларда есептеулер қалай жүргізіледі? 4. Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі? 5. Кестедағы сызықтар мен бояулар қалай жасалады? ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №5 Тақырыбы: «Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының негізгі элементтерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Негізгі түсініктер: Мәліметтерді компьютерде кестелар түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар немесе қосымшалар кестелық процессорлар немесе электрондық кестелар деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы- мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т. б. Ехсеl программасында құжат болып .хls кеңеймесі бар файл есептеледі. Бұл файлды Ехсеl-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден (лист1 немесе Sheet 1) тұрады. Бір құжат көлеміндегі беттер саны - 255 болуы мүмкін. Жұмытық беттің 4 түрі кездеседі: 1. Жұмыстық бет. Онда кәдімгі кестелар болады. 2. Модульдің беті VBA программалау тіліндегі программа тексті жазылады (VBA-Visual Basic for Application). 3. Диалогтық терезенің беті. Мұнда диалогтық терезелер құрылады. (ОК, Отмена батырмалары бар терезе) 4. Диаграммалар тұрғызылатын бет. Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да, онда 65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536 дейінгі бүтін сандармен, ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45, т.б.).
Ұяшықтарға жазылатын мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізуге болады. Әдетте (по умолчанию) ұяшықтағы сандық мәліметтер оңға қарай, ал тексттік мәліметтер солға қарай тураланады. Енгізілген мәлімет ені бойынша ұшыққа сыймаған кезде оң жақтағы бос емес ұяшық, алдыңғысын жауып тастайды. Кестедағы қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты обылысты диапазон деп атау келісілген. Диапазонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменіндегі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1: С6). MS Excel программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оның екі түрлі әдісі бар: Бірінші әдіс: 1. Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады; 2. мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді; 3. Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті «қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркер і деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз. Екінші әдіс: 1. Бір ұяшыққа прогрессияның бастапқы бірінші мүшесі жазылады; 2. Мәлімет жазылған ұяшық белгіленеді; 3. Правка →Заполнить→ Прогрессия Командасы орындалады; 4. Пайда болған терезеден тип расположение бөлімінен по столбцу белгіленеді, шаг тұсына прогрессияның қадамыжазылады, предельное значение тұсына прогрессияның соңғы мүшесінің мәні жазылады. Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер: 1. Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі немесе сол ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады; ж ұмыстық бетті жою: Правка→Удалить лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады; 2. Беттің орынын ауыстыру немесе көшіру: Правка→ Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить / скопировать лист терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек; 3. Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Добавить командасы орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады. Ұяшықтардың адрестері. Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп, <F4> пернесін басу тәсілі де қолданылады. Аралас адресті деп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолютадрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2). Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді. Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде «тең болады» (“ =”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді. Формулалар жазудың мысалдары: = 2*5^ 3+4 немесе =A1+Cos(5,282) Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады. Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “ =” белгісіне сырт еткізіледі.Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады. Ұяшықтағы мәліметтердің форматтарын тағайындау. Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзірінен Формат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейки командаларының бірі орындалады.Нәтижесінде Формат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады. Жаттығу жұмыстары. 1 -жаттығу. Салық түрлерін, премияны және т. б. ескере отырып айлық жалақыны есептеу. MS EXCEL программасын іске қосыңыз. Жаңа құжат немесе жұмыс кітабын ашыңыз, құжатыңызды Лабораторные работы.xls деген атпен өз бумаңызға сақтаңыз. 1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) на Тапсырма1 деп өзгертіңіз. 2. Төменде берілген /1-сурет/ мәліметтерді кестеге енгізіңіз. 3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз. 4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, батырмасы шертіледі немесе Формат ->Ячейки командасы қолданылады.
5. Ұяшықтағы текст бағдарын өзгерту үшін: § Ұяшықты белгілейді, контекстік мәзірдегі Формат ячеек командасы орындалғаннан кейін шығатын диалогтық терезедегі Выравнивание жапсырмасының Ориентация бөліміне көшесіз; § Қызыл түсті ромбикке () шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ромбикті 90о –қа апарасыз. 6. Кестедағы (1-сурет) «Проф.взносы 5%» бағанындағы тұрақты окладтың 5 % есептеу үшін: § D5 ұяшығы белгіленеді де, оған =С5*5% жазылады; § Қалғандары да осы тәрізді есептеледі. 7. Н5 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз. 8. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін: § H 5: H1 2 диапазоны белгіленеді; § Стандартная саймандар панелінен Автосумма батырмасы шертіледі. 2 - жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы теңгемен және доллармен есептеңіз.
1. Өз құжатыңыздағы келесі бетті (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз; § Кестені мәліметтермен толтырыңыз /2-сурет/; § Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз. 1. Е6 ұяшыққа келесі =С6*D6 формуланы енгізіңіз; 2. F6 ұяшыққа келесі =Е6*В3 формуланы енгізіңіз. В3 ұяшығының адресін абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз, сонда адрес $В$3 болып өзгереді. 3 - жаттығу: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеңіз. 1. Құжатыңыздағы үшінші бетті (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз. 2. 3-суреттегідей арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептейтін кесте құрыңыз. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы: an=a1+d(n-l) жәнеарифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы: Sn=(a1+an)*n/2, мұндағы a1 – прогрессияның бастапқы мүшесі, aл d — арифметикалық прогрессияның айырмасы. 3. Қажет болған жағдайда ұяшықтардың абсолют адрестерін қолданасыз. 4. a1 = -2, d= 0,725 деп алып есептеңіз. Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген 7-кестедан алынады) 7-кесте
Бақылау сұрақтары:
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 652; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |