Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Файл спецификациясы




Каталогтар

Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды.

Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.

Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін.

Барлық каталогтар арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог Y каталогта тіркелген болса, онда X - подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог.

Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі.

Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады.

Әрбір каталог келесілерден тұрады:

o тек файлдардан

o тек подкаталогтар

o файлдар мен подкаталогтар

o бос

Түпкі каталогтың аты пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:,... бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады.

Жол – бұл "\" символмен бөлінген каталог атауы немесе ".." символының жиынтығы. Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол "\" символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан.

Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді):

[дисковод:] [жол\]файл-атауы

яғни файл сақталған каталогқа жол және "\" символымен бөлінген файл аттарынан тұрады.

 

Файлдардың толық аттарына мысал:

С:\DOS\RAB\PROG1.exe - prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған
D:\DOKUMENT\tablica.txt - tablica.txt файлы қатты дискіде (D: бөлігі) DOKUMENT каталогында сақталған
A:\file1.txt - file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда орналасқан дискеттің түпкі каталогында



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 621; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.