Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глассарий 3 страница




Зақымдану белгілері
  Зақымдану белгілерінің жоқ болуы
  Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10% -лоқсу және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай шаршау
  Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 3 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде -зақымданудың әлсіз белгілері – бі рінші дәрежелі сәулелену ауруы
  Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп жағдайда жазылып кетеді.
400-700 Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы, температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш өту, ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу, қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған жағдайда сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім қаупі 100% жетеді.
700 көп Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы
1000 көп Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар жұмысқа қабілегтілігін бірден жоғалтады және сәулеленуді, алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап біртіндеп өле бастайды.

 

 

Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері. Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байла­нысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:

· жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;

· құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;

· ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;

· радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;

· судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;

· метрологиялық бақылау;

· радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

· дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;

· радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;

· күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді бар­лау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.

Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, ра­диациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.

Дозиметриялық бақылау. Дозиметриялық бақылауды ІҚ құрылымның жеке құрамы радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде сәулелену мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу мақсатында жүргізеді. Алынған ақпарат бо­йынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады. Дозиметриялық бақы­лау топтық және жеке болып бөлінеді.

Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа қаб-леттілік деңгейін бағалау мен анықтау үшін және орташа сәулелену дозасы туралы мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Бұл үшін құрылым ИД-1 сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А ДП-24, ДП-22В жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.

Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне алғашқы кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза туралы мәліметті алуы мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсат ушін ІҚ құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.

Радиоактивті ластанудың деңгейі техниканың, көліктің, киімдердің, саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің және т.б. дәрежесі бойынша анықталады. Аталған жұмыс құрылымға қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, құтқарушылардың ластанған аудандардан шығуы кезінде, арнайы өңдеулерді толық жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді жүргізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі бақылап бөліп тұратын күзет орны арқылы өтеді, мұнда құрылымның ластан­ған дәрежесін белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын жерде ал келесісі арнайы өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің ластанған жұмыс орны анықталады; қажет болған жағ­дайда оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.

Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы

Атаулары Сипаттамалар және өлшеуіштің мөлшері Тағайындалуы
Далалық радиометр- рентгенометр ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В) Гамма-сәулелену бойынша 50мкР/с-200Р/с Гамма-сәулелену мөлшерінің күштілігін өлшеу және гамма, бета-сәулелену бойынша жергілікті жердің ластануы
Дозиметр ДРГ-01Т 10мкР/с-10Р/с Ішкі гамма-сәулеленудің экспозиционды дозасы қуатын өлшеу (ЭМК)
ДП-22В дозиметр жинағы 2-50 Р/с Сәулелену дозасын өлшеу
ДП-24 (аналог ДП-22В) 2-50 Р/с Сәулелену дозасын өлшеу
ИД-1 дозиметр жинағы 20-500 рад Гамма- нейтронды сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеу
Жеке мөлшерді өлшейтін ИД-11 ИУ құрылғысының өлшеуішімен     50-80О Р Радиациялық зақымданулын бастапқы диагностикалау мақсатындағы сәулеленуді жеке қадағалау  
ДП-70 (ДП-70М) 10-1500 рад 10-1500 рад 50-800 Р
химиялық дозиметрлері ДКП-50-А қосымша беріледі 50-800 Р медициналық зақымдану дәрежесі диагностикасына арналған өлшеу
ДК-0,2 дозиметр жинағы 10-200мР Гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін зертханалық жағдайда өлшеу

 

Радиациялық қорғау. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта жұмысты жүргізу, жұмысшылардың сыртқы және ішкі сәулеленуінің төмендетуге және таза қалалар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануды апармауға бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар кешені мыналарды қамтиды:

· радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау;

· радиоактивті ластану жағдайында жұмысқа жұмылдырылған бар­лық тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;

· радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;

· радиациялық жағдайымен оның өзгерістеріне жүйелік бақылау, соның негізінде нақты участкелердегі жұмыстың ұзақтығын анықтау;

· жеке дозиметриялық бақылау және ластанған жергілікті жердегі бар­лық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;

· ластануды жою;

· барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру;

· жұмыс жасап жатқан участкелердегі ластанудың таралуына жол бермейтін санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру;

· санитарлық өңдеуді және жүйелі түрде қатерсіздендіруді, қажет болған жағдайда жұмысшылар пайдаланатын арнайы киімдерді, арнайы аяқ – киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.

Радиациялық авария жағдайында ЖҚҚ қолдану қажеттілігін анықтайтын негізі зиянды әсерлер, адам организміне және тері жамылғысына түскен радиоактивті, әртүрлі объектілер мен ауа қабатының ластануы, жергілікті жердің радиоактивті ластануының негізі болып табылады. Сондықтан жеке қорғанысты ұйымдастыру бойынша кешенді шараларды авариялық жағдайларда жүргізудің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:

· адам ағзасына радионуклидттердің түсуін, сонымен қатар тері жамылғысының радиоактивті ластануын нормативті құжаттармен бекітілген, рұқсат етілген мөлшерден азайту немесе болдырмау;

· авария аймағында ластанған киімнен, аяқ – киімнен, қорғаныс құралдарынан және т.б. радиоактивті ластанудың таралуының алдын алу.

ЖҚҚ қолданумен адамды ішкі гамма – сәулеленуден қорғауды қамтамасыз ету мүмкін емес екенін есте сақтау қажет. Бұл міндет тек инженерлік қорғаныс ғимараттары мен құралдарын (баспана және қорғаныс экрандары), жұмысты дистанциялық жүргізуге арналған механизімдерді қолдануымен және жоғары деңгейдегі гамма – сәулеленуі бар жергілікті жерде адамдардың болу уақытын қатал шектеумен ғана шешіледі. ЖҚҚ қолдану міндетті түрде радиациялық қауіпсіздік шараларының басқа да кешенімен, соның ішінде йодттық алдын алу және басқа дәрі – дәрмектерді қолданылуымен (дәрігерлік қорғаныс құралдары) жүргізілуі тиіс.

Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:

· негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);

· тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);

· оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);

· қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);

· көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және

т.б.);

· қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жа­тады.

Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.

Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюм­дер және т.б.) талап етіледі.

Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.

Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:

· жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;

· жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;

· ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) неме­се пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:

· ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;

· жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.

ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар.

2. Радиациялық қорғау шаралары

3. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.

4. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

 

 

№ 6 дәріс. Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар

Жалпы сұрақтар

1. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары

2. Ядролық зақымдану ошағының зонасы

3. Қарапайым зақымдау құралдары

ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:

I. Соққы толқыны, түрлері: ауа соққы толқыны; су соққы толкыны; сейсмо толқындар (грунттағы). 1 сурет - Ядролық жарылыс түрлері

Ауа соққы толқыны - жарылыс орталығынан жан-жақка дыбыстан тез жылдамдықпен тарайтын күшті сығылған ауа аймағы. Ауа соққы толқынының қуат көзі - жарылыс орталығындағы миллиард атмосфераға дейін жететін жоғарғы қысым. Ядролық жарылыстың жанған өнімдері тез таралып, төңірегіндегі ауа қабаттарындағы қысым туғызады. Тығыздалған ауа массасы одан әрі ұлғаяды да, қысым келесі қабаттарға өтеді. Осылайша қысым тез бір қабаттан екінші қабатқа өтіп ауа соққы бөлігі ауа соққы толкынының аймағы деп аталады. Сығылған ауа массаның ұлғаю есебінен оның кабатының қалыңдығы өсе түседі де өзінің жолындагы құрылыстар мен басқа да объектілерді қиратып, ашық жердегі адамдарды зақымдайды. Ауа соққы толқынының қирату күші мен әсер ету радиусы жарылыстың түрі мен қуатына, жер бедеріне, ауа райы жағдайларына байланысты болады. Ауа соққы толқынының зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіштері:

• артық қысым;

• ауа ағынының жылдамдыгы (жоғарғы ауа екпіні);

• артық қысымының әсер ету уақыты.

Ауа соққы толқыны әсер еткен кезде, сондай-ақ оның қосалқы зақымының үйлер мен ағаштардың және басқадай заттардың ішкі органдары зақымдануы, контузия және әртүрлі зардапты жарақаттар артық қысым 20-40 кПа (0,2-0,4 кг/см2) болғанда, мұнда адам мертігеді, естуі нашарлап, контузия алады (жеңіл жарақат). Артық қысымның мелшері 40-60 кПа болған кезде адам орташа жарақат алады: ол ауыр контузия алады, есту мүшелері зақымданады, мұрын мен құлақтан қан кетеді, аяқ пен қол буыны шығады. Ауыр жарақаттану артық қысым мелшері 60-100 кПа болған кезде байқалады. Ол ауыр контузия алумен, аяқ-қолдардың сыныуымен, құлақ пен мұрыннан күшті қан кетуімен сипатталады. Өте ауыр жаракат артық кысым 100 кПа-ден жоғары болған кезде байқалады. Өте ауыр жарақат адамның өліміне келдіреді.

Соққы толкынының әсерінен қорғанудың негізгі құралдары: паналау ғимараттары, радиациядан қорғану орындары, адамдардың паналауына ыңғайлап жасалынған метрополитендер мен шахталар, қарапайым паналау орындары (ор, жыра).

Үйлер мен ғимараттарды қирату дәрежесіне қарай ядролық зақымдау ошагын мынадай төрт аймаққа: толық, күшті, орташа және әлсіз қирау аймақтары деп бөлу қабылданған.

II. Сәуле жарқылы - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден түрады.

Сәуле жарқылы пайда болғаннан кейін секундтың алғашқы үлесінде температура миллиондаған градусқа жетеді және ультракүлгін сәулелер басым болады, ал отгы шардың суыну дәрежесіне қарай көрінетін және инфрақызыл сәулелер басым болады.

Жарықтың сәуле шығару көзі - жарылыстың жарық шығару бөлігі, бұл бөлік жарылыстың 8000-10000°С температураға дейін қызып, балқыған газ түріндегі өнімдерінен түрады.

Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін күйдіріп (I - IV дәрежелі күйік туындайды), көзді зақымдайды, өнеркәсіп нысандарда, елді мекендерде және ормандарда өрт тудырып, түрлі материалдарды тұтандырады.

Түрлі заттардың көлеңкелері сондай-ақ паналау ғимараттары мен паналау орындары қорғаныш бола алады.

III. Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын гамма-сәулелер мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі - ядролық реакциялар. Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.

Өткіш радиацияның зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіші: иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Ол төмендегіше бөлінеді:

Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті адамдардың сәулеленуін тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма-сәулелер мен нейтрондар жасушаның молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады.

Үсті жабылған жаралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін күрт әлсіретеді.

Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни, гамма-сәуле жарқылының жиілігін екі есе әлсірете алатындай материал қабатының қалындығы пайдаланылады.

IV. Жердің радиоактивтік ластануы - ядролық жарылыс бұлтынан жауған радиоактивті заттар жерге түсіп жерді ластайды.

Радиоактивті заттардың көздері:

• ядролық зарядтың ыдырау өнімдері, сәуле шығаратын альфа-бета бөлшектері мен гамма-сәулелері;

• ядролық зарядтың реакцияға қатыспаған бөлшектері (уран, плутоний);

• бетабөлшектері мен гамма-сәулелері сәулелендірген топырақтағы нейтрондардың әсерінен пайда болған радиактивті заттар (топырақтағы радиоактивтілік).

Радиоактивтілік - бірқатар химиялық элементтердің (уран, радий, фторий және т.б) өзінен-өзі ыдырауы және көзге көрінбейтін сәулелер (альфа және бета бөлшектер, гамма-сәулелер) шығару қабілеті.

Бұл радиоактивті элементтер жартылай ыдырау кезеңімен, яғни барлық атомдардың жартысы ыдырайтын уақытпен өлшенетін қатаң белгілі бір жылдамдықпен ыдырайды. Түрлі радиоактивті заттар үшін жартылай ыдырау кезеңі секундтың бірнеше белігінен миллиардтаған жылдарға дейінгі кең шектің аралығында болады (цезий - 33 жыл, стронций - 28-30 жыл, плутоний - 24 мың жыл).

Ағзада жайылуына қарай барлық радиоактивті изотоптар 4 топқа бөлінеді:

- сүйекте жиналатын (стронций, радий, кальций, уран).

- бауырда жиналатын (церий, плутоний);

- бірдей бірнеше мүшелерде (бауырда, бүйректе, бұлшық етте және т.б.) жиналатын (тритий, цезий).

- тек бір мүшеде (йод - қалқанша безде, цинк - ұйқы безде).

Радиация деңгейі — бұл радиоактивті сәулелердің қарқындығы, зақымданған жерде белгілі уақыт ішінде адамның сәуленуы мүмкін доза қуаты. Жердің радиоактивті заттармен ластануы Р/сағ өлшенеді. Радиацияның деңгейі 0,5 Р/сағ және одан да жоғары болған кезде жер зақымданған деп есептеледі.

Негізгі өзгешілігі: радиация дәрежесі "7-10" принцип бойынша бәсендей береді, яғни 7 мәрте уакыт өткен сайын радиация деңгейі кез келген нүктеде шамамен 10 есе төмендейді.

Киімге және теріге қонған радиоактивті заттар, сондай-ақ гамма-сәулелерімен сәулеленуы адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады.

Радиоактивті зақымнан қорғанудың негізгі әдістері - қорганыс құрылыстарына (паналау ғимараттарына, радиациядан қорғайтын паналау орындарына, қарапайым паналау орындарына) адамдарды паналату және жеке құраддарын пайдалану.

V. Электромагниттік импульс. Ядролық жарылыс кезінде электрлі және магнитті өрістер пайда болады, өте қысқа мерзімде ғана болғандықтан оларды электромагниттік импульс деп атайды.

Электромагниттік импульс байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілірге қосылған электр қондырғыларының жұмысын істен шығарады. Адамға әсері жоқ.

РАДИОАКТИВТІК ЛАСТАНУ АЙМАҒЫ

Түзілген радиоактивтік бұлт желдің екпінімен қозғалады. Одан жауған радиоактивтік заттар жерде көзге көрінбейтін радиоактивтік тозаң іздерін құрайды. Радиоактивтік заттар жауған аудандарда жер бірдей ластанбайды. Ең күшті ластану жарылысқа таяу манда болады, ал одан алыстаған сайын азая береді. Жазық жерде радиоактивтік бұлт ізі эллипс формаға йе болады.

Радиоактивтік ластану 4 аймаққа бөлінеді:

• А аймағы (баяу радиоактивтік ластану аймағы);

• Б аймағы (күшті радиоактивті ластану аймағы);

• В аймағы (қауіпті радиоактивті ластану аймағы);

• Г аймағы (төтенше қауіпті радиоактивті ластану аймағы) (2 сур.).

Аймақ радиация деңгейімен (Р1) және экспозициялық доза (Д) мөлшерімен өлшенеді.

 

 

2 сурет - Радиоактивтік ластану аймағы

 

ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫ

ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ.

Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.

Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін ядролық зақым ошағын 4 аймаққа бөледі:

• толық қирау аймағы;

• күшті қирау аймағы;

• орташа қирау аймағы;

• әлсіз қирау аймағы (3 сур.).

 

 

3 сурет - Ядролық зақым ошағы

 

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары

2. Радиоактивтік ластану аймағы

3. Ядролық зақым ошағы

 

Дәріс №7. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

Жалпы сұрақтар

1. Әсері күшті улы заттарға мінездеме.

2. Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.

 

Әсері күшті улы заттарға мінездеме. Мұндай нысандарға, бірінші кезекте, қорғаныстық, химиялық, мұнай өндейтін, целлюлозза – қағаз өңдіретін кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және басқа бірқатар салалар жатады.

Қатты әсер ететін химиялық заттар деп шаруашылық мақсатында қолданлатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың шығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.

Өздерінің зақымдау құрамдарына қарай ҚӘУЗ (қатты әсер ететін улы заттар) бір текті емес.

Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:

· ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);

· ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылы және т.б);

· тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит және т.б.);

· нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалық қоспасы);

· тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин және т.б.);

· метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.)

Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның зақымдаушы факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:

· бір жердің шеңберінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;

· жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген учаскесін қамтиды;

· аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді ауданды алады

ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.

Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігіне қарай ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – дің көп мөлшері оларды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындарда болады. Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат, аралық, жанама және соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және өңдеу құралы болып табылады. Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак жатады. Өндірістің көлемі мен концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп төндіреді.

Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі токсинді заттардың төгілуі алып келеді. Авария салдарының ықтималды көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері мен сақтау мерзіміне, авария с ипатына, ауа райы және т.б. байланысты болып келеді. Мұңдай авария кезіндегі басты зақымдаушы фактор болып химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану мүмкіңдігі болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар және өрттермен қатар жүруі мүмкін.

Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп келеді. Бүгінгі таңда сұйытылған хлордың, тұзды және күкіртті қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.

Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы тудырып отыр. Ағатын канализация суының төгілуі үлкен қауіп тудырады. Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағанда анағұрлым төмен, өздерінің көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.

Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен мұнай өнімдері төндіреді. Төгілген мұнай өнімдерінің жұқа қабаты одан ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат көп мөлшерде болса, онда оның астындағы бүкіл тіршілік өлімге душар болады. Сондықтан зақымданған аумақты залалсыздандыру жұмыстарын кешіктірмей жүргізу талап етіледі.

Табиғаттағы экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуын алып келетін өндірістік қалдықтар және басқа да улы заттармен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.

Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.

Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.

Химиялық қауіпті нысандағы авариялар. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.

Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химия­лық қауіпті болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай хи­миялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.

ҚӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен орналасады немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір топта немесе үлкен жеке қоймаларда периметрі бойынша бекітулі опырылымдар немесе оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар төгілетін ҚӘУЗ – ді жергілікті шағын участкеде ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни булану алаңын қысқартады.

ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында ҚӘУЗ - ді уақытша сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта орналасқан тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. ҚӘУ3 – ді темір жол қоймаларында сақтау, ереже бойынша, арнайы цистерналарда жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай қоймаларда сақталған ҚӘУЗ – дің рұқсат етліген мөлшері белгіленбейді, ол уақытша қойма ретінде пайдаланылатын темір жол станциясындағы цистернаға бақылаусыз, ретсіз жинала береді.

Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып табыла­ды. Сонымен қатар, 40т – дан – 60т дейінгі сиымдылықтағы ҚӘУЗ тасымалдау үшін әр түрлі 0,1 -0,8м3 дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер және 0,016-0, І5м3 сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.

ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс бо­лып табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана қашықтықта (цех пен қойма арасында) қолданылады.

Автомобильді көлікпен ҚӘУЗ 2 – 6т жүк көтергіш цистерналармен тасымалданады.

Аварияның нәтижесінен қоймалардың, цистерналардың, технологиялық сиымдылықтардың және құбыр өткізгішзердің зақымдануы және қирауы ҚӘУЗ – дің ауаға тарауына, содан кейін сол аймақтың зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты он шақты километр тереңдікке дейін зақымданған аймаққа орныға отырып, ол қорғанбаған адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің зақымдану қаупін тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы әсері байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі дегеніміз – зақымдалған аймақ көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы.

ҚӘУЗ төгілуімен байланысты авариялардың жалпы ерекшелігі -құрылымның жоғары жылдамдығы және ҚӘУЗ бұлтының зақымдаушы әрекеті, ол адамдарды қорғау және зақымдау көзін жою бойынша кешіктірмей шара қабылдауды талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі тек қана алдымен өзі қамтитын аймақтың тереңдігі мен аумағын кіргізетін зақымдану аймағының масштабы көрсеткішінің дер кезінде және анық болжамының нәтижесінен табылады.

 

Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу

 

Топ



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 840; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.139 сек.