Студопедия

КАТЕГОРИИ:

Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эпидемия. 5 страница

Алгашкы көмек Таңғыш қалақ салу, сынықты таңып тастау. Таңғыш қалақты сау жауырыннан бастап саусағына дейін салу керек. Қолды шынтақ буынында тік бұрыш қылып бүгу. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну. Жамбастың шығуы апат кезіңдегі қатты күш әсер еткенде, зардап шегуші авто көліктен тыс болған жағдайда немесе биіктен құлаған кезде оралады. Ұршық буыныңда қатты ауру пайда болады, толығымен қозғалмай, аяқ көтеруге жарамай қалады. Тізе сау аяққа қарай ішке шамалы бұрылған, сау аяқтан сыртқары бұрылу жиі болмайды. Зардап шегуші арқасымен немесе сау қырымен жатады.

Алғашқы көмек. Зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызу керек. Аяқты астына жастық пен киім төсеу арқылы таңып тастау, бірақ аяқтың қалыбын бұзбау керек.

Бұл жағдайда әдеттегі таңғыш қалақтарды пайдалану мүмкін емес. Аяғын күшпен түзеу немесе бұрау жамбас мойнының сынуына алып келеді. Ауруды басатын дәрілерді егу ұсынылады.

Жамбастың сынуы. Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін; жастарда автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады. Осылар жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.

Алгашқы көмек Ауруды басатын дәрі егу керек. Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану керек: ұзынын – қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.

Тізе сүйегінің зақымдануы. Зақымданудың себебі – сирақтың тік тұрып, кенеттен бұрылуы. Зардап шегушінің аяғы тізе тұсында 120-130° бұрышпен бүгілген, тізені бүтуге немесе жазуға талпынған кезде серіппе тәрізді кедергі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні арқасымен жатқызып, тізе буынының астына жұмсақ жастықша қою керек.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету

2. Адам жарақаттанғанда өзіне өзі көмек көрсету ережелері

3. Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі.

4. Жаралаушы кұралдың түріне және тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың түрлері

5. Жара кезіндегі асқыну

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен унгиверситеттің барлық мамандықтарына арналған тест тапсырмалары (1 кредит)

Құрастырған: «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Бакирова Л.С.

  № Тараудың тақырыбы Тарау бойынша сұрақ саны Таңдалған сұрақтардың саны салм
  Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету      
  Төтенше жағдайларды топтастыру.      
  Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар      
  Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар      
  Радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар      
  Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайдағы адамдардың тіршілік қауіпсіздігі негіздері      
  Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ да халықты қорғаудың негізгі қағидалары мен тәсілдері      
  Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету      
  Эпидемия. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация      
  Экстремальды жағдайлар кезіндегі халықтың іс әрекеті      
  Барлығы      

@@@ Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

$$$ 1

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының зерттейтін мәселелері.

A) адамның ТЖ кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногенді ТЖ ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы;

B) тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;

C) шаруашылық объектілерінің ТЖ жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу мәселелерін;

D) өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялылығын арттыру жөніндегі шаралар;

Е) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлар.

$$$ 2

ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы қай жылы шықты?

A) 7 мамырда 1997ж;

B) 7 мамырда 1998ж;

C) 7 мамырда 1999ж;

D) 7 мамырда 2000ж;

Е) 7 мамырда 2001ж;

$$$ 3

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

A) 1996 жыл 5 шілде;

B) 1997 жыл 10 сәуір;

C) 1995 жыл 30 қыркүйек;

D) 7 мамырда 2000ж;

Е) 7 мамырда 2001ж;

$$$ 4

ЖОО АҚ бастығы?

A) ректор;

B) проректор;

C) декан;

D) қафедра меңгерушісі;

Е) оқытушы.

$$$ 5

Төтенше жағдай дегеніміз не?

А) адамдардың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, едәуір шығынға әкеп соғатын, тіршілік жағдайын бұзатын авария, апат немесе зілзіала салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

B) бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай;

C) тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары;

D) экологиялық төтенше жағдайлар;

Е) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар.

$$$ 6

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

A) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.тіршілік ортасының жәй – күйі мен жағымсыз факторлары;

B) дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;

C) адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген апаттар;

D) халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Е) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар.

$$$ 7

Техногендік сипаттағытөтенше жағдайлар

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.

$$$ 8

Антропогендік ТЖ –

A) бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар;

B) қызуды төмендететін дәрілік құралдар;

C) залалсыздандырушы заттар;

D) тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы;

Е) адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат

$$$ 9

Төтенше жағдайлардын алдын алу -

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау.

$$$ 10

Төтенше жағдайды жою -

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау

$$$ 11

Төтенше жағдай аумағы –

A) төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар;

B) адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар;

C) төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ;

D) мүлікті, жабдықтарды сақтау, қауіптіліктің экономикалық есебі, қауіптіліктен қорғану шаралары, қауіптілікті тани білу;

Е) індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы

$$$ 12

Табиги сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі ұғымдары

A) жағымсыз факторлар, тіршілік әрекетінің бұзылуы, технологиялық процестің бұзылуы;

B) геофизикалық қауіпті құбылыстар, жанжалды сипаттағы төтенше жағдайлар;

C) техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, экологиялық апаттар, экономикалық және экологиялық апаттар;

D) жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны, табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы.

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.

$$$ 13

Табиғаттағы тосын жағдай дегеніміз не?

А) материалдық жағдайға және климаттық-географиялық жағдайлар;

B) адамның қоршаған ортамен қарым қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай;

C) тоғандардың бұзылу нәтижесінде елді мекендер мен тұтас аудандардың су астында қалуы;

D) химиялық және радиациялық қауіпті объектілердегі төтенше жағдай;

Е) табиғи өрттер, эпидемиялар және эпизоотиялар.

$$$ 14

Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар

А) температура, ауаның ылғалдығы, жауын шашын, жел, дауыл;;

B) авриялық жабдықтар, су мен тамақ қорының жоқтығы;

C) суық, ыстық, аштық, шөлдеу,шаршау, экоулану;

D) сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

Е) табиғи өрттер, эпидемиялар және эпизоотиялар.

$$$ 15

Төтенше жағдай аймағы деген не?

A) ТЖ жарияланған белгілі бір аймақ;

B) көшіру аймағы;

C) санитарлық аймақ;

D) эпидемиологиялық аймақ;

Е) химиялық зақымдану аймағы.

@@@ Төтенше жағдайларды топтастыру.

$$$ 16

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар –

А) әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі;

В) адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар;

C) тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай-ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын су басу;

Д) тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болатын гидрологиялық құбылыстар;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 17

Қауіпті метерологиялық құбылыстар –

А) әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі;.

В) адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар;

C) тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай-ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын су басу;

Д) тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болатын гидрологиялық құбылыстар;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 18

Дүлей зілзала деген не?

A) тіршілік ортасының жәй – күйі мен жағымсыз факторлары;

B) халықтың үлкен тобының тіршілік әрекетінің бұзылуы;

C) адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

D) технологиялық процестің бұзылуы;

Е) экологиялық төтенше жағдайлар.

$$$ 19

Апат дегеніміз не?

A) геофизикалық қауіпті құбылыстар;

B) жанжалды сипаттағы төтенше жағдайлар;

C) техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;

D) тұтқиылдан пайда болған, адамның тіршілік әрекеттері бұзылуымен, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономикалық және экологиялық шығынмен сипатталатын зілзала;

Е) технологиялық процестің бұзылуы;

$$$ 20

Авария дегеніміз не?

A) технологиялық процестердің бұзылуы, механизмдер, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

B) экологиялық апаттар;

C) экономикалық және экологиялық апаттар;

D) табиғи және әлеуметтік зілзала;

Е) технологиялық процестің бұзылуы;

$$$ 21

Апаттар көлемі бойынша:

А) табиғи және жасанды;

B) кіші, орта, үлкен;

C) космостық және метерологиялық;

D) тектоникалық және гидрологиялық;

Е) экологиялық.

$$$ 22

Апаттар түрі бойынша:

A) кіші, орта және үлкен;

B) табиғи, техногенді, жанжалды;

C) табиғи және жасанды;

D) дүлей зілзала және антропогендік;

Е) экономикалық, экологиялық

$$$ 23

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

А) метрологиялық, тектоникалық, космостық, гидрологиялық;

B) көліктік, өндірістік, әлеуметтік, космостық және метерологиялық;

C) табиғи өрттер, эпидемиялар және эпизоотиялар;

D) геологиялық, гидрологиялық, метрологиялық қауіпті құбылыстар, табиғи өрттер, эпидемиялар және эпизоотиялар;

Е) экономикалык сипаттағы төтенше жағдайлар.

$$$ 24

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

А) метрологиялық, тектоникалық, космостық, гидрологиялық;

B) көліктік, өндірістік, әлеуметтік;

C) космостық және метерологиялық;

D) тектоникалық және гидрологиялық;

Е) экологиялық

$$$ 25

ТЖ пайда болу себебіне қарай қалай бөлеміз?

A) табиғи;

B) техногендік;

C) табиғи және техногендік;

D) өндірістік;

Е) нысандық.

$$$ 26

Қандай табиғи сипаттағы төтенше жағдай геологиялық болып табылады?

A) сел;

B) сырғыма;

C) құйын;

D) опырылу;

Е) су басу.

$$$ 27

Қандай табиғи сипаттағы төтенше жағдай гидрологиялық болып табылады?

A) цунами;

B) жерсілкінісі;

C) құйын;

D) өрт;

Е) дауыл.

$$$ 28

Қандай табиғи сипаттағы төтенше жағдай метерологиялық болып табылады?

A) цунами;

B) жерсілкінісі;

C) құйын;

D) жерсілкінісі;

Е) сел.

@@@ Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

$$$ 29

Жер сілкінісі бұл...

А) өрт, геологиялық ортаның экологиясының бұзылуы;

В) инженерлік желілер мен ғимараттардың, коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы;

C) жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде едәуір қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі немесе қозғалысы;

D) халық денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі жағдай;

Е) технологиялық процестердің бұзылуы.

$$$ 30

Жер сілкінісінің қарқындылығы дегеніміз?

A) белгілі бір орындағы жерсілкінісінен болған шығындардың дәрежесі;

B) 12 баллды шкаласы;

C) жерсілкінісінің эпицентрі;

D) жер сілкінісінің магнитудасы;

Е) жерсілкінісі болған уақыт.

$$$ 31

Жерсілкінісі кезінде үстел немесе партаның астына тығылуға болады ма?

A) болмайды;

B) жоқ;

C) иә;

D) міндетті емес;

Е) бәрібір.

$$$ 32

Жерсілкінісі кезінде бөлмедігі қауіпсіз орын?

A) терезенің қасында;

B) балкон;

C) қабырға бұрышы, есік жақтауының асты;

D) шкафтың қасында;

Е) лифт.

$$$ 33

Жер сілкінісі қарқындылығы қандай шкала бойынша өлшенеді:

A) 12- баллды Рихтер шкаласы;

B) 12- баллды Меркалли шкаласы;

C) 12- баллды МSК-64 халықаралық шкаласы;

D) Росси-Форреля шкаласы;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

$$$ 34

Жерслкінісі неше баллмен өлшенеді?

A) 10;

B) 12;

C) 7;

D) 9;

E) 4.

$$$ 35

Сел бұл...

А) өрт, геологиялық ортаның экологиясының бұзылуы;

В) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы;

C)жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігіндегі қозғалыс пен жарылыс нәтижесі;

D) тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай-ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны;

Е) таудың опырылып құлауы.

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 905; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!

Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет

studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление

Генерация страницы за: 0.208 сек.