Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тексттік берілгендерді кодтау




Орыс тілінің кодталуы Windows-1251 деген атпен таныс, Microsoft компаниясы енгізді. Келесі кең тараған кодтау КОИ-8 атымен белгілі (ақпараттарды алмастыру коды), бұл Шығыс Европада пайда болды.

Орыс тілінің кодталуының халықаралық стандарты ISO (Халықаралық стандарттау институты) атына ие. Бұл кодтау өмірде аз қолданылады.

Ағылшын тілі үшін АҚШ – тың стандарттау институты ASCII (American National Standard Code for Information Interchenge – АҚШ – тың стандартты ақпарат алмасу коды) кодын енгізді. ASCII жүйесінде екі кодтау кестесі орнатылған: базалық және кеңейтілген. Базалық кесте 0-ден 127-ге дейінгі, ал, кеңейтілгені 128-ден 255-ке дейінгі кодтар мәнін қамтиды.

Графикалық берілгендерді кодтау.

Түрлі-түсті графикалық бейнелерді кодтау үшін декомпозициялау принципі қолданылады. Бұл үшін үш негізгі түс пайдаланылады: қызыл, жасыл және көк. Адам көзімен көруге қабілетті кез-келген түсті осы үш түсті араластыру арқылы алуға болады деп есптелінеді. Бұндай кодтау жүйесі негізгі түстердің бас әріптерімен аталады.

24 екілік разрядты пайдаланатын графика толықтүсті деп аталады (True Сolor).

Кез-келген түсті көгілдір, қызғылт және сары құрама түстердің көмегімен түрлендіруге болады. Түстерді бұлай кодтау полиграфияға енгізілген, бірақ полиграфияда төртінші түс ретінде қара түс те пайдаланылады. Сондықтан, бұндай кодтау жүйесі төрт әріппен белгіленеді, CMYK деп төрт түстің бас әріптерімен аталады, түрлі-түсті графиканы кодтау үшін 32 – нші екілік разряд керек. Режим де толықтүсті деп аталады. 16-разрядты екілік сандармен кодталатын түсті графика High Color режимі деп аталады..

Түстерді кодтауда берілгендерді тек сегіз биттік 256 бейнемен беруге болады. Кодтаудың мұндай әдісі индекстік деп аталады.

Информатика және информация. Информацияның түрлері, өлшем бірліктері.

Информатика ғылымы

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән.

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.

Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онды оның толық болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.

Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) информация жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.

Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Информацияның өңделуі

Біріншіден, адамзат информацияны сақтайды. Әрдайым информацияны сақтау үшін адамзат тасымалдаушыларды пайдаланады: папирус, қағаз, фотопленка, кассеталар, дискілер және т.б.

Екіншіден, адамзат информацияны таратады. Информацияны тарату кезінде бір адам информацияны тарату көзі болса, екіншісі информацияны қабылдаушы болады.

Мысалы, кітап оқу арқылы Сіз информацияны қабылдаушысыз, ал кітап авторы информацияны тарату көзі болып табылады. Егер оқығаныңызды өзге адамға айтып берер болсаңыз, онда Сіз информацияны тарату көзісіз, ал тыңдаушыңыз - Сіздің қабылдаушыңыз.

Информацияны тарату – екі жақтылы процесс, мұнда әрдайым таратушы мен қабылдаушы болуы қажет.

Информацияны тарату барысындағы құралдар информацияны тарату каналдары болып табылады: теледидар, радио, компьютерлік желі, басылымдар және т.б.

Үшіншіден, адамзат қабылданған информацияны өңдейді. Қабылданған информацияны өңдеу дегеніміз: жаңадан информация алу, қабылданған информацияны қандай да бір ретке келтіру, өзіне қажетті информацияны іздеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мысалы, қандай да бір есепті шығару барысындағы сіздің әрекетіңіз:

1.Кітаптан есеп шартын оқисыз – информация аласыз;

2.Есепті шығарасыз- а информацияны өңдейсіз;

3.Нәтижені оқытушыға жеткізесіз – информацияны таратасыз.

Адамзаттың информацияны өңдеу процесі – үздіксіз процесс, тіпті ұйықтап жатса да информацияны өңдеу тоқтатылмайды.

Қорыта айтқанда, адамзат информацияны сақтайды, таратады және өңдейді. Бұл әрекеттер барысында ол қандай да бір әрекеттер жасайды, яғни ол информациялық процесстермен жұмыс істейді. Информациялық процесстер адамзаттың өзімен немесе әртүрлі құрылғалар мен құралдар көмегімен іске асады (қағаздар, магниттік ленталар, дискілер, калькулятор, компьютер).

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Егер компьютер әртүрлі мәселелерді шешуге ыңғайланған болса, онда оны көпсалалы (әмбебап) компьютер дейді.

Егер компьюетр бір адамның жұмыс істеуіне арналған болса, онда оны дербес пайдаланушыға арналған компьютер деп атайды.

Компьюетрдің негізін процессор құрайды.

Процессорды – кез келген компьютердің миы деуге болады. Ол барлық есептеулерді жүргізеді және компьютердің барлық бөліктерін басқарады.

IBM дербес компьютерi негiзгi үш құрылғыдан тұрады:

- дисплей - информацияны бейнелейтiн құрылғы;

- жүйелiк блок - компьютердiң ең негiзгi құрылғысы болғандықтан оның атқаратын қызметiнiң ауқымы өте кең. Ол компьютерге енгiзiлген информацияны сақтайды, іздейдi, құрылғыларды бiр-бiрiмен байланыстырып басқарады;

- пернетақта - информацияны енгiзуге арналған құрылғы.

Пернетақта негiзгi мынадай бөлiктерден тұрады: 1) Алфавиттi-цифрлы; 2)Функционалды; 3)Курсорды басқару; 4)Қосымша; 5)Сандық клавиатура.

Пернетақтаның құрлысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген.

Алфавиттік - цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгіуге арналған.

Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді(F1 – F12). Бұндағы әрбір перне қайда да бір функцианалдық қызмет атқарады.

Қызметтік пернелер алфавиттік – цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған:

· Enter пернесінің көмегімен команда, мәтінің азат жолын енгізеді;

· Alt және Ctrl пернелер басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;

· Tab пернесі мәтінде терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады;

· Ecc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады;

· Print Screen – ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;

· Shift - пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптарді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;

· Home – меңзерді жолдың басына алып келеді;

· End – меңзерді жолдың аяғына апарады;

· Delete – мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады;

· Page Up және Page Down – бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;

· Caps Lock - пернесі бас әріптер режімінде қосады немесе ағытады;

· Num Lock - пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Сонымен бірге компьютерге мынадай қосымша (периферия) құрылғылар жалғауға болады:

тышқан – компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін құрылғы.

принтер – мәліметтерді қағазға басып шығаратын құрылғы.

джойстик – ойын үшін пайдаланылатын құрылғы.

модем – басқа компьютерлермен телефон желісі арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

CD ROМ – компакт дискіні оқитын құрылғы

сканер – тексттік және графиктік мәліметтерді тікелей оқып, компьютерге енгізетін құрылғы.

стример – информацияны магнитті лентада сақтайтын құрылғы.

плоттер – сызбаны қағазға шығаратын құрылғы

UPS – үздіксіз ток беруші құрылғы.

аудиоплата – компьютердің дыбыс шығару, сөйлеу мүмкіндігін жүзеге асырушы құрылғы.

желілік құрылғы – басқа компьютерлермен мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1037; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.