Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Файлдар




7= 111,110000

11100.

1010

11.

1010

101110.

1010

Кесте

Эквиваленттер кестесі

Санау жүйелері
№ п п P=2 Q=8 h = 16
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
      A
      B
      C
      D
      E
      F
       

 

Бақылау сұрақтары:

1. Санау жүйесі дегеміз не?

2. Қандай санау жүйесі позициялық деп аталады?

3. Позициялық санау жүйесінің негізі дегеніміз не?

4. Есептеу техникасында қандай санау жүйелері пайдаланылады?

5. Сандарды бір санаужүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстырудың қандай әдістерін білесіздер?

6. Қандай жағдайда сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне эквиваленттер кестесінің көмегімен ауыстыруға болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [18], [19] – қосымша.

 

Өзіндік жұмыс № 2

Сандарды бүтін (бөлішек) бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне q¹pk жағдайында ауыстыру. (4 сағат).

 

Жұмыстың мақсаты: Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне q¹pk болғанда ауыстыруды үйрену.

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Сандардың бүтін бөлігін q¹pk болғанда ауыстыру ережесі

q=pk шарты орындалмаған жағдайда, жаңа санау жүйесінің q негізіне бүтін бөлігін бөлуге және бөлшек бөлігін көбейтуге негізделген ауыстыру әдісі пайдалнылады.

Санның бүтін бөлігін бір санау жүйесінен екіні санау жүйесіне ауыстыру үшін санның бүтін бөлігін және бөлуден алынған бөлінділерді келесі бөлінді q- ден кіші болмағанша жаңа санау жүйесінің q негізіне бөлініп отырады.

Бөлігінде жаңа санау жүйесінің негізі (бөлігін) берілген санау жүйесіне жазылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Санның бүтін бөлігін бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру үшін не істеу қажет?

2. Жаңа санау жүйесінің негізі (бөлігін) бөлінгенде қайсы санау жүйесіне жазылады?

3. 8-ші санау жүйесін, 10-шы санау жүйесіне ауыстыр:

· 17

· 202

· 377

· 33

· 25

· 77

· 54

4. 16-лық санау жүйесін, 10-шы санау жүйесіне ауыстыр:

· 21

· 255

· 15

· 45

· 35

· 21

5. 2-лік санау жүйесін, 10-шы санау жүйесіне ауыстыр:

· 10100

· 100110

· 111010

· 11111

· 000111

· 11001100

· 11110001

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [18], [19] – қосымша.

 

 

Өзіндік жұмыс № 3

Статья II. Санның бөлшек бөлігін бір санау жүйесіне екінші санау жүйесіне ауыстыру (4 сағат)

Жұмыстың мақсаты: q¹pk болғанда санның бөлшек бөлігін бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды үйрену.

 

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Санның бөлшек бөлігін ауыстыру ережесі.

Санның бөлшек бөлігін q¹pk болғанда бір санау жүйесінен ауыстыру үшін санның бөлшек бөлігін жаңа санау жүйесінің негізі q –ға көбейту керек. Алынған көбейтіндінің жаңа санау жүйесінде жазылған бүтін бөлігі алыну реті бойынша санның бөлшек бөлігін береді.

Көбейту әрекеті нәтиженің разрядтарының қажетті саны алынғанша жалғасады, не келесі нөлдік бөлшек бөлігі алынғанда тоқталады.

Көбейту барысында жаңа санау жүйесінің негізі берілген санау жүйесінде жазып алынады.

Мысалдар:

а) 0.101110 2 = 0,61710

* 0.101110

* 1011100

6=* 110,001100

* 00011000

1= * 1,111000

* 1110000

Бақылау сұрақтары:

1. Санның бөлшек бөлігін бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру үшін не істеу қажет?

2. Бөлшек бөлікті жаңа санау жүйесінің негізіне көбейту әрекеті қай кезге дейін жалғасады?

3. Көбейту барысында жаңа санау жүйесінің негізі қай санау жүйесінде жазып алынады?

4. Ауыстырудың дұрыстығы қалай тексеріледі?

5. 2-лік санау жүйесін саның бөлшек бөлігі, 10-шы санау жүйесіне ауыстыр:

· 0.1111111

· 0.110101

· 0.001010

· 0.010111

· 0.111001

· 0.110011

· 0.010101

· 0.000011

6. 5-ші пунктің ауыстыру санының тәсілін тексер

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [18], [19] – қосымша.

Өзіндік жұмыс № 4

Ондық сандарды кодпен жазу. (4 сағат)

Жұмыстың мақсаты: Ондық сандарды өлшеген және өлшенбеген кодтар көмегімен кодпен жазуды үйрену.

 

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Ондық сандарды кодпен жазу.

Ондық сандарды ЭЕМ-де пайдалану адамға ыңғайлы болу үшін қолданылады.

ЭЕМ-де ондық сандар кодпен жазу екілік алфавиттің (0,1) әріптері арқылы жүргізіледі – екілік-ондық кодтар көмегімен.

Егер ондық сандар тек ақпаратты енгізу және шығаруда қолданылатын болса, онда ондық сандарды кодпенжазу жүйесіне қойылатынын ең маңызды талаптары – ақпараттың анық көрсетілуі және сандарды ондық санау жүйесіне екілік санау жүйесіне және керісінше ауыстырудың қарапайымдылығы болып табылады.

Егер де сандарға қолданылатын амалдар ондық санау жүйесінде орындалатын болса, онда ондық сандарды кодпен жазу әдісін оларға қолданылатын арифметикалық амалдрдың орындалуын ескере отырып таңдауға тура келеді.

Ондық сандарды екілік алфавиттің әріптері арқылы кодпен жазу жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыру керек:

- код сөзінде қатар жазылған ондық сандардың кодтары арасындағы шекара оңай анықталуы тиіс;

- әр санға екілік алфавит әріптерінің жалғыз ғана комбинациясы сәйкес келуі керек;

Екілік кодтармен М әр түрлі сандарды көрсету мүмкін болуы үшін, код ұзындығы мына теңсіздікте көрсетілген:

K=>log 2 m (K=]log 2 m[)

Қанағаттандыратын оң бүтін санға тең болуы керек.

Онда M=10, K=4, яғни ондық цифрларды кодпен жазу үшін 4 екілік разряд қажет.

Әрбір m I (10)= a4 a3 a2 a1, мұндағы aj – екілік цифр.

Ондық цифрды кодпен жазу үшін 4 екілік разрядты пайдаланған кезде 16 екілік жиын бар болады.

Ондық цифрды кодпен жазу үшін 10 жиын керек.

16 екілік жиыннан әр түрлі 10 жиынды таңдау әр түрлі екілік-ондық кодтар өлшенген және өлшенбеген болып бөлінеді.

Өлшенген кодтарда ондық цифрды көрсететін a4 a3 a2 a1 екілік жиынның 4 разрядының әр қайсысына, һі анықталған салмақ, яғни

m I (10)= a4 һ4 + a3 һ3 + a2 һ2 + a1һ1

жазылады.

Өлшенбеген кодтарда бұл сәйкестік жоқ. Неғұрлым кең таралған ондық сандарды кодпен жазу үшін қолданылатын өлшенген және өлшенбеген кодтар 10 кестеде келтірілген:

 

2 кесте

  Сандар Ондық сандар  
өлшенген код өлшенбеген код  
8421. 2421. 7421. 8421.+3 8421.+6  
0. 0000. 0000. 0000. 0011. 0110.
1. 0001. 0001. 0001. 0100. 0111.
2. 0010. 0010. 0010. 0101. 1000.
3. 0011. 0011. 0011. 0110. 1001.
4. 0100. 1010. 0100. 0111. 1010.
5. 0101. 1011. 0101. 1000. 1011.
6. 0110. 1100. 0110. 1001. 1100.
7. 0111. 1101. 1000. 1010. 1101.
8. 1000. 1110. 1001. 1011. 1110.
9. 1001. 1111. 1010. 1100. 1111.

Ондық санау жүйесінен екілік-ондық санау жүйесіне өту кесте бойынша жүзеге асады.

Мысалы:

72510 кодта 8421 тең 0111 0010 0101

кодта 2421 тең 1101 0010 1011

кодта 7421 тең 1000 0010 0101

кодта 8421 (+3) тең 1010 0101 1000

10 – ға тең емес Р негізі бар санау жүйесінен сандарды екілік-ондық жүйеге және керісінше ауыстыру ондық санау жүйесіне аралық өтумен жүзеге асады.

Қазіргі ЦЕМ-дерде негіздері 2, 8, 16 болатын позициялық санау жүйелері, сандарды кодпен жазудың екілік-ондық жүйесі, симметриялық базалы санау жүйесі және мәліметтерді көрсетудің арнаулы әдістерінің бүтін бір қатары (қалдық кластары, символдар және т.б.) қолданыс табады.

 

Бақылау сұрақтары:

ЭЕМ-дегі ондық цифрларды кодпен жазу қалай жүреді?

1. Ондық сандарды кодпен жазу жүйесіне қойылатын негізгі талаптар қандай?

2. Ондық цифрларды екілік алфавит әріптері арқылы кодпен жазу жүйесі қандай шарттарды қанағаттандыруы керек?

3. Қандай екілік-ондық кодтар қолданылады?

4. Өлшенген және өлшенбеген екілік-ондық кодтар өзара қалай ерекшеленеді?

5. Келесі ондық сандарды екілік-ондық сандық жүйесіне өткіз:

· 345

· 567

· 777

· 589

· 234

· 4523

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [18], [19] – қосымша.

 

Өзіндік жұмыс № 5

Ақпараттарды ЭЕМ-де бейнелеу. (4 сағат)

Жүмыстың мақсаты: Сандарды кәдімгі және қалыпты түрде кодпен жазуды үйрену.

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Цифрлық және символдық ақпараттардың бейнеленуі.

ЭЕМ басқарушы ақпаратпен және мәліметтермен амалдар орындайды.

ЦЕМ-де сандық мәліметтерді жазу үшін сандарды жазудың кәдімгі және қалыпты түрлері қолданылады.

Кәдімгі түрінде сан мына турде: 995, 21, 34, 0.0387 және т.б жазылады.

Машинаның разрядтық торында сандарды өңдеу ыңғайлы болуы үшін үтір әрқашан қатаң бекілген және бекітілген үтірлі (нүктелі) сандар бейнесі деп аталады.

Бүтін бөлігінде к разряд және бөлшек бөлігінде m разрядтары бар x аралас екілік сан n- разрядты торда орналастырған кезде бекілген үтірдің ең кіші мәні (белгіні ескермегенде):

 

I x min I =2 =2-m

Ал ең үлкен сан

I x max I = =2k + 2-m

 

ЭЕМ-де нүкте (үтір) не үлкен разрядтың сол жағынан беукітіледі (<1 бөлшек сан көрсетіледі), не кіші разрядтың оң жағынан (бүтін сан) бекітіледі.

Үтір оң жағынана қойылғандағы сандар бейнеленуінің (диапазоны) аралығы:

1<=|x|<=2n-j (m=0, k=n)

Үтір үлкен разрядтың (бөлшек сан) сол жағынан қойылғандар санжар бейнеленуінің диапазоны:

 

2-n<=|x|<=1-2-n (k=0, m=n)

1-2-ші ұрпақтың ЭЕМ-де сандар бөлшек түрінде, ал 3-ші ұрпақтан бастап бүтін сандар түрінде бейнеленеді. Сандардың бейнеленуі бекітілген нүктелі форматтағы бейнеленуі деп аталады.

ЭЕМ-де бекітілген нүктелі сан мына түрде жазылады:

x 1x 2.............x n = 0, x 1 x 2.............x n,

немесе

 

 

x 1x 2.............x n = x 1 x 2.............x n

 


Қалыпты түрде сан мына түрде жазылады:

1995=1.995*101=19.95*102=1.995*103=0.1995*104

21.34=02134*102

0.0387=0.387*10-1

жалпы жағдайда бұл жазулар мына формуламен берілуі мүмкін:

x=Mx*qpx,

мұндағы МХ – сан мантиссасы,

рх – сан реті,

q – мантиссаның санау жүйесінің негізімен сәйкес келетін бейнеленуінің параметрі.

Қазіргі ЭЕМ-де q=2, яғни тұрақты болғандықтан,разрядты торда ол жазылмайды.

Х саны ЭЕМ-де шартты бейнеленеді:

x = M x P x,

мұндағы q-1 <=| M x |<1

Мұндай мантисса қалыпты деп аталады, ал сан қалыпты түрге келтірілген деп аталады. Санның бұл түрінде үтір (нүкте) санда қатаң бекітілмегендіктен, бұл түр санның ағымдық нүктесі бейнесі деп аталады.

q =2 M x=1 x 2x 3x 4... x n

q= 8 M x= x 1 ` x 2 ` x 3 `... x n ` 0 < x 1 <= 7;

0 < = x i <=7;

i=2, 3,... n.

q= 16 M x= x 1’’ x 2 ’’ x 3’’... x n’’ 0< x 1<=F;

0< x i <=F;

i=2, 3,... n.

 

Осымен Р х мәндері цифр үтірдің нақты қалыбынан оңға (Px>0) немесе солға (Px<0) қаншалықты жылжитынын көрсетеді.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Сандарды жазу түрлері бар?

2. Сандарды жазудың кәдімгі түрінде сандық мәліметтер қалай жазылады?

3. Бекітілген нүктелі (үтір) сандар қашан пайдаланылады?

4. Келесі сандарды дұрыс формада жаз?

·0.567

· 0.00123

· 0.000134

· 45.123

· 5.345

· 978.4

· 0.345

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [18], [19] – қосымша.

 

Өзіндік жұмыс. №6

 

MS DOS-тың принциптері және құрылымың жұмысы. (4 сағат)

Жүмыстың мақсаты: MS DOS-тың принциптерін және құрылымын жұмысын үйрену.

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік нұсқаулық:

Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл қолданбалы компьютермен қарым – қатынас жасау үшін пайдаланушыға арналған арнайы қолданбалы программа. ОЖ пайдаланушы мен диалог жүргізуді, ресурстарды мен компьютерді басқаруды және программаларды жүктеуді жасайды. IBM PC персональды компьютерлері және сонымен үйлескен компьютерлер MS DOS, PC DOS, DR DOS, WINDOWS’95 және т.б.с.с. ОЖ-лердың басқарылуымен жұмыс істейді.

MS DOS – бұл дискілі операциялық жүйе. Ол компьютер іске қосылғанда автоматты түрде дискіден оқылып ЭЕМ жадына жүктеледі.

MS DOS –тың негізгі бөліктері:

- Енгізу – шығарудың базалық жүйесі (BIOS).

Ақпаратты енгізу және шығаруды басқарады (жадтың жұмысын және комьютердің құрылғыларын іске қосылғанда тексереді), операциялық жүйе жүктеушісінің шақыру программасын қамтиды.

- Операциялық жүйенің жүктеушісі.

Операциялық жүйеден әрбір дискетадағы бірінші секторда орналасқан ОЖ-ның екі модулін (дискілік файлдарды) опертивтік жадқа енгізеді.

- IO.SYS

IO.SYS файлы BIOS енгізу–шығару базалық жүйесінің кеңейтілуін қамтиды және компьютер аппаратурасы мен BIOS–тың өзара әрекеті үшін операциялық жүйе арасындағы интерфейс болып табылады.

- MSDOS.SYS

MSDOS.SYS файлы DOS-тың жоғарғы деңгейлі қызметтерін қамтамасыз етеді. Бұл операциялық жүйенің ядросы.

- Command.com

COMMAND.COM файлы – командалық процессор. Ол қолданушының компьютермен диалогын ұйымдастыруға арналған.

- CONFIG.SYS

CONFIG.SYS файлы MS DOS-тың конфигурациясын анықтауға, сондай-ақ драйверлер мен резидентті программаларды жүктеуге арналған текстік файл.

- AUTOEXEC.BAT

Бастапқы іске қосылған кезде және жүйе инициализацияланғанда, CONFIG.SYS өңдеу соңынан, операциялық жүйе жүйелік дискідегі түбір каталогтан AUTOEXEC.BAT файлын іздеуге тырысады және оның өңдеуін қолданушы тарапынан ешқандай қозғаусыз автоматты түрде бастайды. AUTOEXEC.BAT файлында жүйенің барлық қажетті күйге келтірілуін жүзеге асыратын әртүрлі командаларды кіргізу ыңғайлы.

- Драйверлер.

Драйверлер - әр қилы аппаратураларға қызмет етуші программалар. Сонымен қатар дискіде мәліметтерді динамикалық тығыздаудың жүйесі немесе кеңейтілген жадты басқару жүйесі сияқты MS DOS-тың әртүрлі кеңейтулерін драйверлер түрінде берілуі мүмкін.

Операциялық жүйенің жүктелу процессі

Компьютер тоққа қосылғаннан кейін басқару BIOS енгізу–шығару базалық жүйесіне беріледі. BIOS енгізу–шығару базалық жүйесі компьютер аппаратурасын, үзу векторлары кестесінің бастапқы бөлігін қалыптастырады, құрылғыларды инициализациялайды да операциялық жүйенің жүктелуін бастайды.

Жүктелу BIOS-тің А дискжетегіне орнатылған дискеттің бірінші секторын оқудан бастайды (жүйелік дискетте бұл секторда операциялық жүйенің жүктегіші орналасады). Егер дискжетекке жүйелік дискета қойылған болса, онда оның бірінші секторынан жүктегіш оқылады. Егер дискета жүйелік болмаса, онда жүктегіш жазба болмайды да ол дискжетекті ауыстыруды сұрайды.

Егер де А дискжетегінде дискета мүлдем болмаса, онда BIOS негізгі жүктегішті С дискжетегінің басында орналасқан жазбадан (Master Boot Record) оқиды. Бұл дискідегі бірінші сектор. Одан кейінгі басқару осы дискіде орналасқан жүктегішке беріледі. Жүктегіш бөлімдер кестесіне (ол да осы бірінші секторда орналасады) талдау жүргізеді де, ондағы белсенді секторды тауып оның жүктегішін оқиды. Белсенді жазбаның жүктегіш жазбасы (Boot Record), бірінші секторда орналасқан жүйелік дискеттің жүктегіш жазбаға ұқсас болады.

Белсенді жазбаның жүктегіш жазбасы дискіден IO.SYS, MSDOS.SYS (осы тәртіппен) файлдарды оқиды. MS DOS-қа тұрғызылған драйверлер жүктеледі. Одан кейін CONFIG.SYS файлы талданып ондағы драйверлер жүктеледі. Бірінші кезекте Device операторымен сипатталған драйверлер, екінші кезекте резидентті Install операторымен берілген программалар жүктеледі. Бұдан кейін COMMAND.COM командалық процессоры оқылып оған басқару беріледі.

Командалық процессор өз жұмысын аяқтағаннан кейін және AUTOEXEC.BAT файлында берілген бастапқы процедуралар орындалып болғаннан кейін жүйе жұмысы аяқталады.

MS DOS операциялық жүйесі, жұмысының құрамы және жалпы схемасы.

MS DOS-тың әр қайсысы әр түрлі қызмет атқаратын бірнеше жүйелерге бөлінеді. Әдетте келесі жүйелер бөлінеді:

§ файлдық;

§ жадты басқару;

§ программаларды басқару;

§ құрылғылар драйверлерімен байланыстар;

§ қателерді өңдеу;

§ уақыт қызметі;

§ енгізу – шығару;

Бұл жүйелер аппаратурамен BIOS, драйверлер үзілістері немесе тікелей қатынаста болады. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету MS DOS жүйесін BIOS-пен немесе тікелей аппаратурамен жұмыс істеуге шақыру мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары

 

1 MS DOS-тың негізгі құрама бөліктерін ата?

2 Операциялық жүйенің жүктелу процесін түсіндіріңіз?

3 MS DOS қандай жүйелерден тұрады

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] – негізгі, [20], [21] – қосымша.

 

Өзіндік жұмыс № 7

MS Файлдық құрылымы (4 сағат).

Жүмыстың мақсаты: MS - DOSфайлдыққұрылымын үйрену.

 

СӨЖ- ді орындау үшін әдістемелік ңұсқаулық:

Файл дегеніміз дискідегі программа мәтіні, құжаттар, сандық мәліметтер және т.б. сақталатын аты бар облыс.

Файл 2 бөліктен – атынан және кеңейтілуінен турады. Файл атында 1-ден 8-ге дейін символдар болады. Кеңейтілуі файлдан нүктемен бөлініп тұрады және 3-тен артық емес символдан тұрады. Файл аты мен кеңейтуі жазба және баспа әріптерінен, цифрлардан және символдардан:

 

-, _, $, #, &, @,!, %, (), {}, ‘, ~, ^.

 

Файл кеңейтулері міндетті емес. Бірақ ол файлдың мазмұнын көрсететін болғандықтан оны қолдану файлдарды оңай табыға мүмкіндік береді.

Кейбір символдардың құрамын қолдануға болмайды, өйткені оны DOS өзінің құрылғыларды белгілеулерінде қолданады. Мысалы: PRN (принтер), LPT1 - LPT4 (паралельді порттар), COM1- COM4 (тізбектелген енгізу –шығару порттары), CON (клавиатурадан енгізу порты), NUL (жоқ құрылғы). Бұл атарға басқа кеңейтулер беріп те өқолдансаңыз бәрібір DOS оны қабылдамайды.

Мысалы: файлдың келесі аттарын қолдануға болады:

 

command.com myfile.doc xonix.exe

kat.txt start.bat p23.pas

 

Файл аттарының келесі жалпыға бірдей кеңейтулері қолданылады:

 

*.exe, *.com – орындлатын файлдар;

*.bat - командалықфайлдар;

*.txt, *.doc - мәтіндік файлдар;

*.bak - резервтегі файл көшірмелері;

*.pas, *.asm - программалықфайлдар.

Файлдармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын шаблондар: көптеген файлдардың аттарында * және? символдары бірден бірнеше файлды немесе файл аттарын қысқартып алу үшін қоданылады.

* символы файл атындағы немесе кеңейтудегі кез – келген символды ауыстырады, ал? символы еркінше алынған бір ғана символды ауыстырады.

Мысалы:

*.exe – EXE кеңейтуімен берілген барлық файлдар;

*.* - ағымдағы каталогтың барлық файлдары;

???.bas – BAS кеңейтуіндегі атында үш символдан артық символы болмай керек барлық файлдар;

a?. * - А символымен басталатын оның соңында бір немесе екі символ болатын барлық файлдар;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1123; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.145 сек.